Емдік - профилактикалық және диеталық тамақтану


Slide 1

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Гигиена-2 кафедрасы

Емдік-профилактикалық және диеталық тамақтану

Орындаған: Тойшиева А

Тобы : 413-ҚДС

Қабылдаған:Тойгулова А

Slide 2

Емдік тағам (Лечебное питание) - науқасқа басқа да емдік шаралар кешенімен бірге белгіленетін тағам. Емдік тағамдар белгілеудің негізгі принциптері: тағам рационы, тамақ ішу режимі, тамақты кулинарлық өңдеу тәсілдері және т. б. Емдік тамақтану дәрігерлердің кеңесімен және бақылауымен жүргізіледі

Slide 3 Slide 4

Қант диабеті кезінде емдік тамақтану

Қант ауруы (қант диабеті) - қандаглюкоза құрамы бірден көтеріліп кетеді, соның бәрі кіші дәретпен байланысты.

Организмнің бір қалыпты жағдайында қандағы қанттың құрамы мына дәрежеде болады: 80-нен 120% дейін.

Қант ауруы кезіндегі қандағы қанттық құрамы 200-300% дейін көтеріледі.

Дені сау адамдардың организмінен ешқашан қант шықпайды.

Диабет кезінде зәрдегі қанттың жеңіл ауруында 1-2% дейін, ал орта және жоғары мөлшерде ауырғандарда 3-5%-тен 10%-ке дейін жетеді.

Қант ауруымен ауыратындар кіші дәретке күніне 3л-ге дейін, ал қатты ауыратындар 5-л-ге дейін жібереді. Онымен қоса тәулік бойына 500г дейін қант шығуы мүмкін.

Slide 5 Slide 6

Диетотерапия

Емдік (диеталық) тамақтану - емдік-профилактикалық мекемелерде түрлі ауруларды кешенді түрде емдеудің, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру іс-шараларының ажырағысыз бөлігі.

«Жансая» санаторийінде емдік тамақтану мәселесіне өте үлкен маңыздылық береді. Тиісті диетаны сақтау науқастардың ахуалын жақсартып, аурудың қайталану мүмкіндігін азайтып, санаторий-курорттық емдеудің тиімділігін арттырады.

Slide 7 Slide 8

Кейбір асқазан-ішек жолы ауруларында емдік тамақтану жалпы емдік кешен ішінде жетекшісі болып, басқа емдеу әдістеріне қарағанда едәуір емдік әсер етеді. Емдік тамақтануды ұйымдастыруда ең негізгісі ол оның режимі. Асқазаны, ішегі, бауыры және өт жолдары ауыратын науқастар үшін бұл ерекше маңызды болып келеді.

Slide 9 Slide 10

Курорт санаторийлерінде тамақтану тағамға алдын ала тапсырыс беру жүйесі бойынша ұйымдастырылған: ауру адам өзіне белгіленген диета шеңберінде (меню бланктерінде көрсетілген) қандай да бір тағамға сол күні тапсырыс бере алады. 4 және 5 мезгіл тамақтануға қоса науқастарға ұйықтар алдында айран беріледі. 6 мезгіл тамақтану, «бөліктерге бөлінген» тамақтану, (8. 30, 11. 30, 13. 30, 16. 00, 18. 30, 21. 00) кезінде науқастарға сондай-ақ айран беріледі.

Slide 11

Емдік тамақтану міндеттерінің бірі науқасты бірте-бірте жалпы рационды тамақтануға өткізуге дайындау. Емдеу барысында түрлі аурулар бойынша «жеңілдік» күндерді ендіру жақсы нәтиже береді. Алма, қант, сүт, жемісті-сүзбелі және басқа да күндер, әдетте аптасына бір рет (күн) .

Санаториялық емделу курсы аяқталып науқасты шығарған кезде емдеуші дәрігер үйде тиісті диетаны, тамақтану режимін ұстануға кеңес береді. Үй шарттарында дәрігер белгілеген тамақтану және диета режимін сақтау курортық емделу нәтижесін ұзақ уақытқа дейін бекітуді қамтамасыз етеді.

Slide 12 Slide 13

Курорттарда санаторлық-курорттық ұйымдар - курорттардың, емдік-сауықтыру орындарының территорияларында да, олардан тыс жерлерде де орналасуы мүмкін, емдік және сауықтыру жұмыстарын табиғи емдік факторларды пайдалану арқылы жүргізетін әр түрлі меншік және ведомстволық қатыстылық формасындағы кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлар - санаторийлар, емдеу пансионаттары, курорттық емханалар, емдік жағажайлар, минерал сулардың галереялары мен бюветтері, ванналық ғимараттар, радонмен емдеу орындары, балшықпен емдеу орындары, солярийлер, аэрарийлер және емдік жүзуге арналған бассейндер. Климаттық емдеу курорттарында сауықтыру демалысына арналған демалыс үйлері, пансионаттар, СПА-отельдер мен турбазалар бар. Оларда ағзаның функционалдық жағдайын түзету, жұмысқа қабілеттілігін жылдам қалпына келтіру және шынықтыру үшін климаттың әр түрлі элементтерін қолданады.

Slide 14 Slide 15

Барлық санаторлық-курорттық мекемелердің емдік-профилактикалық жұмыстарын ұйымдық-әдістемілік тұрғыдан қамтамасыз етуді, олардың меншік формасына қарамастан, санаторлық-курорттық көмек көрсету құқығына лицензия беретін Мемлекеттік денсаулық бақылау жүзеге асырады.

Курорттағы емдік-профилактикалық мекемелердің негізгі типі - санаторий (лат. sanare - «айықтыру, сауықтыру») - табиғи емдік физикалық факторларды жасанды факторлармен, емдік дене шынықтырумен, емдік тамақтанумен және басқа жолдармен үйлестіре отырып қолдану арқылы арнайы ұйымдастырылған режим жағдайында емдеуге, алдын алуға және медициналық сауықтыруға арналған емдік-профилактикалық мекеме. Аурулар асқынып кеткен кезде, сондай-ақ физикалық факторлардың әсерін күшейту және науқастарға контрасттық табиғи зонаға көшудің әсер етуінің алдын алу үшін санаторийдегі дәрі-дәрмекпен емдеу және төсекте жату режимі қолданылуы мүмкін.

Slide 16 Slide 17

Табиғи физикалық факторлардың болуына, оларды емдік қолдану жағдайларына және кадрлардың біліктілігіне қарай әрбір санаторий белгілі бір аурумен ауыратын, осы санаторийге жолдама алған науқастарға медициналық бейімделген. Санаторийлердің көпшілігі мынадай аурулармен ауыратын сырқаттарды емдеуге мамандандырылған:

қан айналымы жүйесі;

тыныс алу органдары (соның ішінде туберкулез емес сипаттағы) ;

ас қорыту және зат алмасу органдары;

жүйке жүйесі;

сүйек-бұлшық ет жүйесі;

несеп-жыныстық органдар;

әйелдердің жыныстық органдары;

тері және қан.

Slide 18 Slide 19

Курорт (нем. die Kuhr - «емдеу», der Оrt - «орын») - емдік-профилактикалық мақсатта игерілген және пайдаланылатын, табиғи емдік ресурстары және оларды пайдалануға қажетті ғимараттары мен жайлары бар, инфрақұрылым нысаналарын қоса алғанда, ерекше күзетілетін табиғи территория.

Курортта ауруларды емдеу және алдын алу үшін табиғи ресурстар пайдаланылады - емдік климат, минерал су, емдік балшық, көлдер мен көлтабандарының рапулары (тұзды сулары), сондай-ақ басқа да емдік қасиеттері ғылыми зерттеулер және көпжылдық тәжірибе негізінде анықталған табиғи нысаналар мен жағдайлар. Курорттық орынның географиялық орналасқан жеріне және климаттық жағдайының сипаттамасына қарай онда бір немесе бірнеше табиғи емдік факторлар болуы мүмкін. Мынадай курорттар атап көрсетіледі:

Slide 20 Slide 21

климаттық емдеу, олардың негізгі емдік факторлары - климаттың әр түрлі құрамдас бөліктері. Бұл аэротерапияны, гелиотерапияны, талассотерапияны және басқа физиотерапиялық әдістерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді; табиғи-климаттық зоналарға сәйкес, мұндай курорттар жазықтықты, далалы, шөл далалы, таулы, теңіз жанындағы және басқаларға бөлінеді;

бальнеоемдеу, олардың емдік факторлары - сыртқа (ванна, суару) және ішке (ішу, ішекті жуу) пайдалануға арналған әр түрлі типті минерал сулар;

балшықпен емдеу, олардың негізгі емдік факторлары - әр түрлі типті балшықтар (су асты балшығы, шымтезек, жалғанвулкандық балшық) ;

аралас емдеу, онда табиғи емдік факторлардың кешені қолданылады (климаттық-бальнеемдеу, климаттық-бальнео-балшықпен емдеу, климаттық-балшықпен емдеу, бальнео-балшықпен емдеу) .

Slide 22 Slide 23

Санаторийдің емдеу жұмыстарын ұйымдастыру принциптері:

Ауруханада немесе емханада жасалған бұрынғы еммен тығыз байланыс.

Медициналық сауықтырудың барынша тиімді және қорытынды сатысы.

Науқастар құрамының санаторийдің медициналық бейінімен қатаң шектелуі.

Алдын ала тексеру арқылы пациенттердің нақты диагнозын анықтау диагностикалық жұмыстан босатады немесе оны едәуір жеңілдетеді және курорттық терапияны барынша ертерек бастауды мүмкіндік береді.

Науқастардың санаторийде қатаң белгіленген мерзім ішінде болуы.

Санаторийдің медициналық бейініне сәйкес келетін қажетті емдік-диагностикалық базаның, мамандардың және емдік іс-шаралар кешенінің болуы.

Санаторлық-курорттық емнің профилактикалық бағыты.

Slide 24 Slide 25

Үнемі медициналық бақылауда болуды қажет етпейтін науқастар үшін курорттық емханаларда және емдеу пансионаттарында амбулаториялық-курстық емдеу жүргізіледі. Белгіленген емдеуді климаттық емдеу павильондарында, бальнеобалшық шинажайларында, ішетін минерал сулар бюветтерінде, ингалаторияларда және басқа санаторийлердің базасында да, курорт территорияларында да орналасатын курорттық мекемелерде жүргізеді.

Slide 26 Slide 27

Біз неге емдәмдерді қолданамыз?


Ұқсас жұмыстар
Диеталық және балалар тағамының құрғақ өнімдері
Бөлшектенген тамақтану диетасы
Бүйрек аурулары
Ауырсыну синдромы
Науқастың тамақтануын ұйымдастыру
Созылмалы аурулары бар науқастар диспансеризациясы
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы туралы
Хирургиялық бөлімдегі науқастардың тамақтануы
Науқастарды тамақтандыру қағидалары
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz