ЫДЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ГИГИЕНАЛЫҚ ТАЛАПТАР


Slide 1

«Ыдыстарға қойылатын гигиеналық талаптар» Орындаған: Токмухамедова Б. 415-ҚДС Қабылдаған: Бейсембаева З. И.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Гигиена -2 кафедрасы

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

А) Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар

Б) Турайтын тақталар мен пышақтар өңделетін азық-түлікке сай белгілер

В) асханалық ыдыстарды жуу тәртібі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Құрал-жабдықтарға, керекті мүліктерге, ыдыстарға және тамақты қаптап-ораушы заттарға қойылатын талаптар

Қоғамдық тамақтандыру объектілерде қолданыстағы стандарттың талаптарына сәйкес материалды-техникалық жабдықтау заттарымен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Технологиялық құрал-жабдықтар, керекті мүліктерге, ыдыстар және өнім салынатын ыдыстар белгіленген тәртіпте мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен рұқсат етілген материалдардан жасалады.

Slide 4 Slide 5

Асхана ыдыстары таттанбайтын болаттан, алюминийден, темірден, шойыннан, цинктелген темірден дайындалады. Цинктелген ыдыстар құрғақ, сусымалы тағамдарды және суды сақтау үшін қолданылады. Эмальденген ыдыстар қатты соққыға шыдамайтындықтан қоғамдық тамақтану орындарында қолданылмайды. Ыдыстардың ішкі жағы тегіс, дақтар, сызылғандар болмау керек. Асхана ыдыстары таңбаланады. Сүт және балық тағамдарына жеке маркировкаланған ыдыстар қолданылу керек. Асхана ыдыстарын жерге қоюға болмайды, сондыұтан ол жерде табуреткалар болу керек.

Slide 6

Технологиялық жабдықтарды ластануына қарай және жұмыс аяқталғаннан кейін жуады. Өндірістік үстелдерді жұмыстың аяғында жуғыш және зарарсыздандырғыш заттармен жуып, ыстық сумен шайып, сүртеді.

Жұмысқа керекті өңдеу мүліктері әр цехқа бөлініп беріледі де, арнайы белгілермен белгіленеді.

Slide 7

Турайтын тақталар мен пышақтар өңделетін азық-түлікке сай белгіленеді:

Белгіленуі

Толық атауы

"ШЕ"

"ШБ"

"ШК"

шикі ет

шикі балық

шикі көкөністер,

"ПЕ"

"ПБ"

"ПК"

піскен ет

піскен балық

піскен көкөністер

"ЕГ"

"Көктер"

"АК"

"Майшабақтар"

"Н"

"БГ"

ет гастрономиясы

ашытылған көкөністер

нан

балық гастрономиясы

Slide 8

­р технологиялық операциялардан кейін турайтын мүліктерді механикалық жолмен тазалайды, ыстық суға жуғыш заттарды қосып жуады, ыстық ағынды сумен шаяды. Керек-жарақ мүліктерін арнайы бөлінген орындарда сақтайды.

Ет шабуға арналған діңгекті айқастырмаға немесе арнайы тұғырыққа орналастырады, күнделікті жұмыс аяқталғаннан кейін үсті пышақпен тазаланып, оған тұз себіледі. Діңгектің үстін уақтылы аралап және сүргілеп отыруы тиіс.

Slide 9 Slide 10

Піскен тамақты дайындау және сақтау үшін таттанбайтын болаттан жасалған ыдыстар қолданылуы тиіс. Алюминийден және дюралюминийден жасалған ыдыстарды тек тамақ дайындағанда және тамақты аз уақытқа (бір сағаттан аспауы тиіс) сақтау үшін қолданады. Жарықшағы бар, шеті ұрылған, қалпы бұзылған, эмалі зақымдалған ыдыстарды қолдануға болмайды.

Ыдыстарды қолмен жуу үшін асханалық ыдысқа арналған үш секциялы, ал шыны ыдыстар мен асханалық құралдар үшін екі секциялы ванналар болуы тиіс.

Slide 11

Асханалық ыдыстарды келесі тәртіпте жуу тиіс:

Slide 12 Slide 13

Шыны ыдыстар мен асханалық құралдарды екі секциялық ванналарда келесі тәртіппен жуу тиіс:

Slide 14 Slide 15

Ас бөлмелік ыдыстарды екі секциялық ванналарда мынандай тәртіпте жуу тиіс: тамақтың қалдықтарын механикалық жолмен тазалау; температурасы 40 о С-ден төмен емес суға жуғыш заттарды қосып шөткемен жуу; температурасы 65 о С-ден төмен емес ағын сумен шаю; еденнен 0, 5 м биіктікте тұрған тор көзді сөрелерде немесе стеллаждарда төңкерілген күйде кептіріледі.

Slide 16 Slide 17

Жұмыс күнінің аяғында барлық асханалық, шайға арналған ыдыстарды, құралдарды, және де кружкаларды, стакандарды, бокалдарды белгіленген тәртіпте рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Таза асханалық ыдыстарды шкафтарда немесе тор көздердің үстінде сақтайды. Таза асханалық құралдарды залдағы арнайы жәшік-кассеталарда, сабын жоғары қаратып сақтайды. Оларды подноста, шашылған күйінде сақтауға болмайды. Асханалық құралдарға арналған кассеталарды күнде жуып және кептіріп отыру тиіс.

Slide 18 Slide 19

Келушілерге арналған подностар әрбір пайдаланғаннан кейін сүртіліп отырылуы тиіс. Ластанған және зақымдалған ыдыс тасығыштарды қолдануға болмайды.

Ыдыстарды жууға арналған шөткелерді жұмыс аяқталғаннан кейін тазалайды да температурасы 45 о С-дегі жуғыш заттарды қосылған ыстық суға батырып қойып, зарарсыздандырады да, ағын сумен шаяды, содан соң кептіріп, арнайы бөлінген орында сақтайды.

Slide 20 Slide 21

Жуатын бөлімшелерде ыдыстарды және керек-жарақ жиһаздарды тазалау барысында қолданылатын жуатын және зарарсыздандырғыш заттардың көлемі мен қанықпасының мөлшері белгіленген жуу ережелері туралы нұсқау ілінеді.

Дайындайтын объектілер мен мамандандырылған цехтардың айналыстағы ыдыстарын, ванналармен немесе жуғыш заттарды қолдана отырып жуатын жуғыш машиналармен жабдықталған арнайы үй-жайларда жуады.

Slide 22 Slide 23 Slide 24

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) Сералиева М. Ш. Илақбаева Ү. С. «Тағам гигиенасы» Шымкент 2009 ж

2) "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 569 бұйрығы. Қазақстан Республикасының ­ділет министрлігінде 2003 жылғы 17 қазанда тіркелген. Тіркеу N 2526. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 тамыздағы N 656 Бұйрығымен.

3) ғаламтор көздері

Slide 25

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Ойыншықтардың құрылысына қойылатын гигиеналық талаптар
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
ИФТ жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Ет сапасына қойылатын талаптар. Шұжық бұйымдарының сапасын сараптау
Ойыншықтардың қауіпсіздігіне санитарлық бақылау
Балалар кітаптарына, оқулықтарына қойылатын талаптар
Балалардың жасына байланысты ойыншықтар
Микробиология, вирусология жне иммунология кафедрасы
Жаппай жұмысты уйымдастыру
Бақылау сабақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz