Химия – фармацевтикалық өнеркәсіпте қолданылатын шикізаттар мен аппараттарға қойылатын техникалық талаптар




Презентация қосу
Дәрілер технологиясы кафедрасы

Тақырыбы: Химия –фармацевтикалық
өнеркәсіпте қолданылатын шикізаттар мен
аппараттарға қойылатын техникалық
талаптар.

Орындаған:Карбекова А.
Тобы:502 «б» фк
Қабылдаған:мед.ғ.м. Сейтова Ж.
Жоспары:

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
Аппараттарды дайындауға қолданылатын материалдардың
жіктелуі мен сипаттамасы
Коррозия түрлері.Коррозиядан қорғау
Қауіпсіздік теориясы мен өндірістік санитария талаптары
Материалдар мен аппараттарға қойылатын
эксплуатациялық,экономикалық және конструктивті талаптар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Технологиялық қондырғы – ол көптеген химия және
фармацевтика өндірісін жобалаудағы негізгі элементтерінің
бірі. Оларды 5 түрлі топқа жіктеуге болады:
1. машиналық қондырғылар (насостар, компрессорлар, ауа
үрлеушілер, суыту машиналары және т..б.)
2. химилық процестер жүретін аппараттар – реакторлар
3. массаалмасу процестері жүретін аппараттар –
колонналар
4. ыдыстар
5. жылуалмастырғыштар
Аппараттар жасалынатың материалалдар.

Химия-фармацевтикалық өнеркәсібінің аппараттарын жасау
үшін әртүрлі металдар,метал емес материалдар және
пластикалық массалар колданылады. Металдардан болат,
шойын, мыс, латунь, аллюминий, бронза және т.б.
қолданылады. Егер орта агрессивті немесе жоғары
температуралы болса, онда болаттардың тот баспайтын,
қышқылға төзгіш және қызуға төзгіш арнаулы түрлері
қолданылады. Жоғары коррозиялық төзімділігіне және
жылуөткізгіштігіне байланысты мыс жылуалмастырғыш,
ректификациялық және т.б. аппараттарды жасауда
колданылады. Химия өнеркәсібінде мыстың қоспалары бронза
және латунь қолданылады. Пластикалық массалардан:
винипласт, фаолит, полиэтилен, фторопласт, текстолит және
асбовинил кеңінен қолданылады. Винипласт жақсы пісіріледі
және желімденеді. Ол барлық минерал қышқылдарға төзімді.
Фаолит құбыр, жылуалмастырғыштың элементтерін, насос,
арматура жасауда қолданылады.
АППАРАТТАР МЕН МАШИНАЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮШІН
ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР.

Конструкциялық материалдардың түрлері.
Химия өнеркәсібінде қолданылатын конструкциялық
материалдар шартты түрде төрт класқа жіктеледі:
— болаттар;
— шойындар;
— түсті металдар және балқымалар;
— металл емес материалдар.
Болаттар.

Болат – темір мен көміртегінің балқымасынан
тұратын материал және ондағы көміртегінің мөлшері
1—2%. Одан басқа да болаттың құрамына кремний,
марганец, күкірт және фосфор қосындылары енуі
мүмкін. Химиялық құрамы бойынша болаттарды
келесі түрлерге жіктейді:
— көміртекті, әдеттегі сапалы;
— көміртекті, конструкциялық;
— легирленген конструкциялық және т.б.
Легирленген түрлері кеңінен тараған:
— хром (X) — қаттылығын арттырады, беріктігін, химиялық
және кор¬розияға төзімділігін, жылуға төзімділігін арттырады;
— вольфрам (В) — болаттың беріктігін арттырады, оның
өздігінен қаттылық қасиетін арттыруға мүмкіндік береді;
— молибден (М) — беріктігін арттырады, тұтқырлығын,
балқуға икемдігін арттырады;
— марганец (Г) — беріктігін арттырады, коррозияға
төзімділігін арттырады, жылу өткізгіштігін төмендетеді;
— кремний (С) — беріктігін арттырады, қышқылға төзімділігін
арттырады;
— ванадий (Ф) — беріктігін арттырады, сутекті коррозияға
төзімділігін жоғарылатады;
— титан (Т) — беріктігін арттырады, жоғары
температуралардағы (> 800 °С) коррозияға беріктігін арттырады.
Шойындар.

Шойындар темірдің, көміртегінің және басқа да
металлургиялық қоспалардың (кремний, марганец,
фосфор, күкірт) қосындысынан тұратын балқыма болып
табылады. Шойындардағы көміртегінің мөлшері 2,8 ден
3,7% дейін ауытқиды. Микроқұрылымы бойынша
шойынның келесі түрлері болады:
— сұр шойын;
— ақ шойын;
— ағартылған;
— жартылай шойын
Түсті металдар және олардың құймалары. Оларға төмендегі
элементтер жатады:
Алюминий.
Мыс.
Қорғасын
Никель
Никельхром құрамды ыстыққа төзімді құймалар
Титан и тантал. Титан химиялық ортада өте төзімді, азот
қышқылы және сілтілік ортасына да өте төзімді элемент.
Металл емес конструкциялық материалдар.Мұндай
конструкциялық материалдарды пайдалану қымбат тұратын
металдарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде
фторопласты келтіруге болады.
Коррозия түрлері
Коррозия – металлдардың және оның құймаларының қоршаған орта әсерінен
бұзылуы. Жемiргiш орталардың түрлері бойынша:
-газдық коррозия
-атмосферлық коррозия
-литолардағы коррозия
-электролиттегі коррозия
-жерасты коррозиясы
-Биокоррозия
Металдардың және олардың құймаларының
қоршаған орта әсерінен жемірілу механизміне
қарай химиялық және электрохимиялық деп екіге
бөлінеді.
Химиялық жемірілу - электр тогын өткізбейтін
ортаның әсерінен пайда болады. (бензин, керосин
т.б) Ол металдардың әртүрлі бейэлектролиттермен,
газдармен, сұйықтармен әрекеттесуінен жүреді.
Бұған газ құбырларының, зымыран
қондырғыларының түрлі тетіктері ұшырайды.
Металдарды жоғары температурада өңдегенде,
химиялық жемірілу жүруі мүмкін
Электрохимиялық жемірілу - металдардың су
немесе электролит ерітіндісі қатысында басқа
металдармен жанасуы кезінде бүлінуі.
Электрохимиялық жемірілудің жүруінің басты
себебі- электролит ерітінділерінің болуы. Өзен
мен теңіз суларындағы кеме корпустары мен
гидроқондырғылардың болатты арматураларын
тот басуы, қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен
жанасатын химиялық өнеркәсіптің
қондырғылары және жер астындағы
құбырлардың бүлінуі мысал бола алады.
Электрохимиялық жемірілу кезінде
электрондарды беру процесі жүріп қоймайды,
бір жерден екінші жерге электрондардың
ауысуы жүреді, яғни электр тогы пайда болады.
КОРРОЗИЯМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.
Бүкіл әлемде ғылым мен техниканың қазіргідей дамыған кезінде және адамның белсенді
іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ластануы жоғары деңгейге жетіп отыр.
Осыған орай, металдар мен құймалардың жемірілуі де күшейіп келеді. Қазір ғылым мен
практика жемірілу процесін азайтудың, тіпті мүлдем болдырмаудың көптеген әдіс-
тәсілдерін ұсынады. Аппараттардың жұмыс бетін коррозиядан сақтау үшін эмаль,
керамикалық қышқылға төзгіш плиталар, эпоксидті шайырлар ЭД-5, ЭД-6, бакелитті және
полихлорвинилді лактар, т.б. қорғаныс каптамалар қолданылады.Жемірілумен күресудің
бірнеше бағыттары бар.
Жемірілуден қорғау:
1.Металдарды жаңа конструкциялық материалдармен алмастыру

2.Корроияға тұрақты құймалар алу

3.Электрохимиялық қорғау әдістері

4.Қоршаған ортаның құрамын өзгерту

5.Қорғаныш қабаттармен қорғау.
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ МЕН ӨНДІРІСТІК
САНИТАРИЯ ТАЛАПТАРЫ
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың
қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық -
гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар
жүйесі. Санитарлық - гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны
тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдыра қана қоймай, сонымен қатар
өндірістегі жарақаттанудың бірден бір себебі болуы да мүмкін. Цехтарда
жоғары температураның болуы бірден барлық жұмысшылардың
жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу және ұйқышылдық пайда
болады.
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен және газдармен ластануы,
сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды. Санитарлық -
гигиеналық талаптың жобалануы үшін, сондай - ақ кәсіпорындарды
санитарлық - эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіріліп ескеріледі
«СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж.
бұйрығында). Кәсіпорын аумағы. Жаңа кәсіпорындар салынатын
аймақтарда табиғи жарықпен және желдетумен тиісті қамтамасыз ету
қажет.
Өндіріс ғимараттарына қойылатын
санитарлық гигиеналық талаптар
Өндірістік ғимараттар стандарт бойынша қойылған талаптарға сай болу
керек.
Өндірісте қанша адамның жұмыс істеу санына байланысты өндірістік
нормалар бекітіледі, және де, ер адамдар қанша әйелдер саны қанша соған
байланысты күнделікті тұрмысқа қажетті –гардероб, дәретхана, демалыс
бөлмелері, асхана т.б.бөлімшелер тұрғызылады.
Құрылыс бөлімшелерінің көлемі 15 м3-тан көп болмау керек. Әр
жұмысшыға 4,5 м2 бөлмелердің биіктігі 4,8 – ден өте биік болмау керек,
қоймалардың биіктігі 3 м-ден кем болмау керек. Еденмен негізгі салмақ көтергіш
элементтердің арақашықтығы 2,1 м. Еденмен инженерлік жүйелердің
арақашықтығы (газопроводные) 1,9 м кем болмау керек. Сонымен қатар бөлме
ішіндегі қысым ылғалдылығының, ауаның тазалығы, гигиеналық талаптарға сай
болу керек.
Аппараттарға қойылатын
талаптар.
Аппараттар пайдалану (эксплуатациялық),
конструкциялык, эстетикалык, экономикалық және қауіпсіздік
техникалық талаптарға жауап берулері қажет.
Аппарат өзінін негізгі қызметіне - процесті тиімді
өткізу шарттарына сәйкес болуы керек. Бұл шарттар процестің
түріне, процеске қатынасатын заттардың агрегаттық күйіне,
химиялык және физикалық қасиеттері мен құрамдарына
байланысты анықталады. Аппаратқа процестердің өтуінің
қажетті технологиялык шарттарын (қысым, ағындардың
жылдамдығы мен турбуленттік дәрежесі; механикалық жылу,
электр және магнитті әсер ету және т.б.) қанағаттандыратын
пішін берілуі керек.
Аппараттың өнімділігін мерзімді әрекетті процестерді үздіксіз
әрекетті процестермен алмастыру арқылы, жоғары температуралы,
қысымды, терең вакуумды, ультрадыбысты және т.б. жаңа
технологиялық процестерді пайдалану арқылы көбейтуге болады.
Аппарат жасалынатын материал коррозияға төзімді болуы қажет.
Аппараттың конструкциясы оны тазалауға, жөндеуге ыңгайлы
болуы керек және осы операциялар тез жасалынуы қажет.
Алынатын өнім бірлігіне немесе өңделетін шикізат бірлігіне
шығындалған энергия мөлшері мүмкіндігінше аз жұмсалуы, яғни
аппараттың энергия сыйымдылығы аз болуы керек.
Конструкциялық талаптарға төмендегілер жатады:
аппараттың стандарттылығы және бөлшектерінің
алмастырылғыштығы;
аппаратты жинауда ең аз еңбектің шығындалуы;
тасымалдау, жөндеу ыңғайлығы;
аппараттың және оның бөлшектерінің массасының
ең аз болуы.
Аппараттарға қойылатын ең негізгі
талаптардың бірі - олардың, қаупсіз жұмыс істеуі.
Сондықтан, аппараттарды сақтандырғыш
құрылғылармен жабдықтайды және қозғалмалы
бөлігін қоршайды
Пайдаланылған
әдебиеттер

Шоқыбаев Ж.А.,Габриелян О.С.Химия.Жалпы білім
беретін оқу орындарына арналған
оқулық.Алматы,2009
Фельдман Р.Г.,Рудзитис Г.Е.,Химия 1990
https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%BE
%D1%80%D1%80%D0%BE
%D0%B7%D0%B8%D1%8F&espv=2&biw=1920&bih=9
79&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0CAYQ_AUoA
WoVChMIv4DD3JaVyQIV5adyCh3R1wDI#imgrc=_
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%BE
%D0%B8%D0%B7%D0%B2%D0%BE
%D0%B4%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD
%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D1%81%D0%B0%D0%BD
%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%8F
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қызметкерлерге қойылатын GMP талаптары
Дәрілер технологиясының міндеттері
Химиялық талдау
Өндірістік бөлім жетекшісінің міндеттері
Сапалық талдау әдістері
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Дәрілік өнімнің сапасын басқару, терминдер мен - Дәрілік түрлер технологиясының міндеттері
GMP негізгі талаптары
Жалпы талаптар
Пәндер