Фармацевтикалық қызметінде тәртіптік жауапкершілік




Презентация қосу
Фармацевтикалық қызметінде
тәртіптік жауапкершілік.

Орындаған: Карбекова А.
Тобы:502 фк- Б
Қабылдаған: Абуова А.
ЖОСПАРЫ:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және
түрлері
2. Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Құқық бұзушылықтың себептері, мазмұны және
түрлері
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып,
тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды,
яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ
жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық
тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан
келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық
бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір
сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты
құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын
құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым
салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті,
қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге
нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне
зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады.
Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау
нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға
кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады,
адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу
зандылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде
көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады,
олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір
әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен занды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы
құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Құқық бұзушылық — биологиялық, физиологиялық,
технологиялық ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің
әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы
бағытталған мінез — құлық. Демек, құқықты бұзған ат-
үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір
құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам,
белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық
нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән
оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық
бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай
тәсілдері белгілі:

1. Заңдылықты бұзудың объектісі
адамдардың өміріне, денсаулығына,
қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян
келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын,
орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және
осы іске тиісті материалды, фактілерді
жинастыру, толық мінездеме беру.
Құқық бұзушылықтың түрлері:

Барлық құқық бұзушылық
қоғамға қауіптілігінің сипаты
мен деңгейіне байланысты екі
топқа бөлінеді
1) Қылмыс.
2) Теріс қылық.
Кылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның
қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық
жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктің
және басқа да құқықтары. Қылмыстың занды сипаты —
оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау
шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда
көрсетілген, қылмыстың барлық нысандык белгілерін
иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне
байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып
саналмайды.
Теріс қылық дегеніміз - қылмыспен салыстырғанда
қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы
құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші
құқық бұзушылық.
Теріс қылық қоғамға зиян келтіргендіктен,
әлеуметтік қауіпті болып табылады. Теріс
қылық қоғам өмірінің қай саласында
жасалуы, келтірген зиянының сипаты және
тиісті құқықтық санкциясының
ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік,
тәртіптік, азаматтық құқық бұзушылықтарға
жіктелінеді.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік басқару
саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін
әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының
нормаларымен реттелетін, әлеуметтік қауіпті әрекет-
әрекетсіздік.
2. Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас
саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын,
әлеуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің
қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың
алдында түрған шаруашылық, әлеуметтік-мәдени, басқару
және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі
болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы
мүмкін: ескеру, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан
шығару және т.б.
3. Азаматтық құқық бұзушылық —
азаматтық құқық нормаларымен
реттелетін мүліктік және онымен
байланысты жекелеген қатынастарға
зиян келтіретін, әлеуметтік қауіпті
әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық және
шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты —
азаматтық құқықтың шартқа қатысушы
субъектілерінің әрекетінен туындаса,
шартсыз — азаматтық құқықтың
нормаларының талаптарын сақтамау
және орындамаумен байланысты болады.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы
күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған
ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық
нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және
биологиялық жағдайлар әсер ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар — отбасы, мектеп, қызмет істейтін
ұжым, жалпы қоғам өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға
әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда
тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге
уайымсыз, тоқтықта өскендер де занды бұзуы мүмкін. Бұл
жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. «Жаманнан
жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар,
бір ауыз сөзге алғысыз» деген мақал айғағы болса керек.
Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі —
бұл, мемлекеттік идеологияға, адами
құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-
қайшы құқықтық сананьщ төмен деңгейлігі.
Ал объективтік себебі — өмірдегі,
экономикалық және әлеуметтік қатынас
саласындағы нақтылы кайшылықтар. Құқық
бұзушылықты тудырушы объективтік
жағдайға — оның субъективтік және
объективтік себептерінің орнын алуына жол
беретін, ұйымдастырушылық және техникалық
тәртіптің жеткіліксіздігін айтуға болады.
Занды жауапкершіліктің түсінігі,
оның түрлері
Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам,
мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол
болып табылады. Ол құқықтық нормалардың
бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға
мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен
сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің
белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың
санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық
бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің
іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне
сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке
тартылмайды.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам
бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды
міндет атқарады. Кең мағынада
жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен
мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны
орындауы болып табылады. Tap мағынада —
мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа
қарсы жауабы болып саналады.
Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең
алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде,
яғни құқық нормаларының талаптарын орындау
үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді.
Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік
қашанда екеуі байланысты болады. Заңды
жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында
түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық,
шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені
ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Занды жауапкершілік — тек ғана құқықтық
нормалар бұзылған кезде пайда болып
қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да
орындалады. Басқаша айтқанда құқық
бұзушының заңды жауапкершілікті
орындауы құқықтық нормалар бойынша
бекітілген белгілі бір процедуралық — іс
жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін
болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің
белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге
асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге
міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың
негізінде пайда болады.
Занды жауапкершіліктің
функциялары:
1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның
басқа да мүшелеріне, келешекте құқық
бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.
2.Бұзылған құқықты қалпына келтіру —
азаматтық құқық пен реттелетін
қоғамдық қатынастарға сәйкес,
бұзылған құкықты қалпына келтіреді.
З.Тәрбиелік азаматтық занды сақтап,
өзгелердің құқықтары мен занды
мүдделерін құрметтеуге баулаиды.
Қорытынды

Құқық бұзушылықты болдырмаудың бірден-бір шарты
құқықтық және қоғамдық тәртібінің сақталуына келіп
тірелмек. Қоғам құқықтық тәртібіне негізделіп, арқа
сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады деген сөз. Өйткені
қоғамдағы толып жатқан қарым-қатынастың басым
көпшілігі құқық арқылы басқарылып, құқыктық іс-әрекет
арқылы реттеліп отырады. Яғни, әрбір азамат өз
мүддесін, мақсатын, тәртіпке сәйкес дамытады. Сол
арқылы іске асыруға тырысады. Осы шарт орындалғанда
ғана қоғамда құқықтық тәртіп қалыптасып, нығаяды.
Толығымен құқықтық тәртіп орнайды:
Назарларыңызғ
а рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылық белгілері
Кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің өзгешелігі мынада
ТӘРТІПТІК ЖАУАПТЫЛЫҚ
Экологиялық құқық бұзушылық және оның түрлері
Құқық бұзушылық түрлері
Қылмыстық жауапкершілік
Еңбек қорғау заңнамасын бұзған жағдайдағы жауапкершілік
Құқықтық норма
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ ТҮСІНІГІ
Пәндер