ӘЛЕМДІК МҰХИТТАР


Slide 1

Әлемдік мұхиттар

Нұрланова раушан

ЖГА-811

Slide 2

Мұхит (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бөлігі. Мұхит, Дүниежүзілік мұхит (гр. okeanos - мұхит, Жерді қоршап жатқан ұлы өзен) . Жер шарында 4 мұхитбар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі.

Slide 3 Slide 4

Тынық мұхиты

Алғаш болып Тынық мұхиты көрген испандық Васко Нуньес де Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағын кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер архипелагынан Филиппин аралдарына дейін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады. Тынық мұхитындағы теңіз, бұғаз және шығанақтар ауданы 31, 64 млн км² құрайды. Теңіздердің басым бөлігі батысында, Еуразиямен шекарасында: Беринг теңізі, Охот, Жапон, Ішкі Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин. Оңтүстік-Шығыс Азия аралдары арасындағы теңіздер: Оңтүстік-Қытай, Ява, Сұлу, Сулавеси, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк; Аустралия жағалауында: Жаңа-Гвинея, Сүлейман, Коралл, Фиджи, Тасман; Антарктидадағы теңіздер (кейбір кезде бұларды Оңтүстік мұхитқа жатқызады) : Росса, Амундсена, Беллинсгаузен. Оңтүстік Америка жағалауында теңіздер жоқ, бірақ үлкен шығанақтар кездеседі: Аляска, Калифорния, Панама

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған.

Микронезия, Меланезия және Полинезия

Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея (829, 3 мың км²) және Калимантан (735, 7 мың км²) . Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары - Азияда: Командор аралдары, Сахалин, Курил аралдары, Жапон аралдары (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку, Рюкю аралдары), Тайвань, Хайнань, Филиппин аралдары (Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба) ; Океанияда: Молукка аралдары (Серам, Хальмахера), Жаңа Гвинея, Бисмарк архипилагы (Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Жаңа гебридтер, Жаңа Каледония, Луайоте аралдары, Фиджи аралдары (Вити-Леву, Вануа-Леву), Мариана аралдары, Тувалу, Тонга, Туамоту, Маршалл аралдары, Гавай аралдары (Гавайи), Жаңа Зеландия (Солтүстік және Оңтүстік аралдары) Солтүстік Америкада: Әулие Лаврентия, Алеут аралдары, Александр архипелагы, Шарлотта патшайым аралы, Ванкувер; Оңтүстік Америкада: Галапагос аралдары, Чили архипелагы (Чилоэ), Отты Жер (Отты Жер) ; Антарктидада: Палмер архипелагы, Оңтүстік Шетланд аралдары

Slide 8

Атлант мұхиты

Атлант мұхиты - Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Солтүстігінде Дейвис, Дат бұғаздарымен және Солтүстік Мұзды мұхитпен, оңтүстік-шығысында Африка мен Антарктида аралығында Үнді мұхитымен, оңтүстік-батысында Дрейк бұғазы арқылы Тынық мұхитпен жалғасады. Мұхит солтүстіктен оңтүстікке қарай 15 мың км шамасында екі жарты шарға созыла орналасқан. Ені басқа бөліктеріне қарағанда экватор маңында 2830 км-ге дейін тарылады. Теңіздері (Балтық, Солтүстік, Жерорта, Кариб, т. б. ) мен ірі шығанақтары (Бискай, Гвинея, т. б. ) түгелдей дерлік осы бөлікте. Оңтүстік жарты шардағы жағалауы аз тілімделген (Антарктида маңындағы Уэдделл т. ) . Атлант мұхитында басқа мұхиттармен салыстырғанда аралдар аз. Iрі аралдары (Ұлыбритания, Ирландия, Ньюфаундленд, Υлкен Антиль, Кіші Антиль, Канар, Жасыл Мүйіс, Фолкленд аралдары) мұхиттың жағалауларына таяу орналасқан. Орталық бөлігіндегі аралдар (Азор, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья, т. б. ) ұсақ және олар жанартау әрекетінен пайда болған. Мұхиттың түбі Орта Атлант су асты жотасымен бөлінген. Оның жекелеген шыңдары (Буве, Тристан-да-Кунья, Көкке ұшу, Сан-Паулу, Азор) жанартау аралдары түрінде су бетіне шығып тұр. Мұхиттың шығысында Батыс Еуропа, Канар, Жасыл Мүйіс, Гвинея, Ангола, Кап, Агульяс, батысында Солтүстік Америка, Гвиана, Бразилия, Аргентина, оңтүстігінде Африка-Антарктида қазан-шұңқырлары бар. Олардың тереңдігі 3000 метрден 7300 метрге жетеді

Slide 9

Үнді мұхиты


Ұқсас жұмыстар
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БАСЫМДЫҒЫ
Адамзаттың жаhандық мәселелерінің рухани адамгершілік сипаты туралы ақпарат
Ауыспалы климат жағдайында су балансының өзгеруі
Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ - ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері
Күнделікті өнеркәсіпте тұрмыста
Әлемдік мұхит 2500 жыл Көпжылдық тоң 10000 жыл аймақтарындағы жер асты мұздары
Гидрологиялық зерттеулердің әдістері
ЕУРАЗИЯ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ МҰХИТТАР МЕН ТЕҢІЗДЕР
Еуразия материгі
Мұхиттану немесе мұхиттар гидрологиясы - дүниежүз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz