Трихоцефалез және трихинеллез



Трихоцефалез және трихинеллез
Орындаған: Айбекетова Н, Есімханқызы Д. ВМ-504
Тексерген: Турганбаева Г. Е.

Трихоцефаллез
Трихоцефалез - қой, ешкі ірі қара, шошқа және кейбір күйіс қайыратындардың ішқұрт ауруы. Оның қоздырғышы Trichocephalus туысына жататын, тоқ ішек пен бүйенді мекендейтін нематодалар.

Тек тармағы : Trichocephalata
Тұқымдасы: Trichocephalidae
Туысы: Trichocephalus (влагослав, шаш тәрізді басы бар құрт)

ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Құрттың бас жағы өте жіңішке (құйрық жағынан шамамен 2, 5 есе ұзын болады), ал денесінің соңы жуан келеді.
Т. ovis еркегінің тұрқы - 6, 0-8, 0 см, ұрғашының 6, 3-8, 0 см;
T. skrjabini еркегінің тұрқы - 4, 5-6, 5 см, ұрғашының 6, 0-7, 5 см;
T. suis еркегінің тұрқы 2-5 см, ұрғашысы 3, 9-5, 3 см
Жұмыртқаларының көлемі 0, 052-0, 061*0, 027-0, 030 мм. Олардың тұрпаты бөшке тәрізді сыртқы қабығы нық және тегіс, шошайған екі жақтарында тығыншақтар бар, түстері сарғыш немесе қоңыр болып келеді.


Құрттардың тұрқы 2-2, 5 см ге дейін жееді. Ұрғашылары ірілеу болып келеді. Тоғышардың бас жағы өте жіңішке, шаш тәріздес, құйрық жағы жуан келеді. Ауыз қуысы болмайды. Ересек аталық жынысты құрттың құйрығы бір жағына бұралып қалған, жалғыз кішкене спикуласы бар. Спикула сырты тікеншелермен қапталған, қынаптың ішінде орналасұан. Ұрғашылардың бәтегі құрт денесінің жіңішке және жуан жағынан қиылысқан тұсынан ашылады.

Тоғышар тік ішек пен бүйенде мекендейді.

ДАМУ АЙНАЛЫМЫ
Геогельминттер, даму айналымы тікелей өтеді, аралық иесі жоқ. Жынысы мүшесі толық жетілген, аналық құрттар ішек қуысына ұрықттың дамуы әлі толық аяқталмаған жұмыртқалар туады. Мал қиымен сыртқы ортаға шықаннан кейін 2-3 аптада жұмыртқа ішінде құрт ұрықтары өсіп жетіледі, жұмыртқа залалдандырғыыш сатысына айналады. Ұрықтардың дамуы ауа райының құбылмалығына тығыз айналады. Ұрықтардың дамуы ауа райының құбылмалығына тығыз байланысты. Сыртқы орта температурасы 25-30 с та ұрықтар 16-25 күнде дамиды. 13-15 с та бұл мерзім 118 күнге дейін жетеді. 10 с тан төмен болса ұрық пайда болу процессі тоқтайды.


Індеттанулық деректер
Қазақстанның барлық жерінде тараған, әсіресе ылғалды жерлерде бағылған малда көп кездеседі. Ауру қоздырғыштарымен залдануы малдың жасна байланысты болғанымен, төлдің трихоефлезге шалдығуы өте күшті болады. Ауру малға көктем және күз айларының жаңбырлы мезгілдерінде көп жұғады. Жаздың ыстық айларында құрт жұмыртқалқ далалық, шөлейт және шөлді аймақтарды өліп қалады.

Малдың клиникалық белгілері
Мал бірте -бірте арықтайды көзге шалынатын кілегей қабықшалары бозғылт тартады. Құрсағын, бүйірін басса ауырсынады, іші қатып қалады немесе өтеді. Нәжісі қан аралас болып келеді.

Лабораториялық зерттеулер
Мал нәжісін Фюллеборн, Калантярян немесе Дарлинг әдісемен зерттеп жұмыртқаларды іздестіреді. Жұмыртқалары бөшке тәрізді, қоңыр түсті, сыртқы қабығы тегіс, екі шегінде тығыншықтары бар, ішіндегі ұрығы шар тәрізді болады.

Өлекседегі өзгерістер
Тоқ ішектің бүйеннің кілегей қабаты ісінеді, қаңталайды, көптеген ішектің кілегей қабаттарына енген трихоцефала құрттар көрінеді.

Емі:
Шошқаларда тиімді дәрілердің бірі бубулин қолданылады. Оны 0, 075 мл/кг есебінде мойын маңындағы бұлшықетке бір тәулік аралата екі рет егеді.
Күйіс малдарында. Проминитик дәрісін 0, 23мл/кг мөлшердетері астына егеді. Немесе минтик дәрісін1, 25 мл/кг көлемде ішкізеді.

Жануарлар мен адамның трихинеллезы
Бұл жіті немесе созылмалы түрде өтетін антропозоонозды жұмырқұрттар қоздыратын, бұлшықеттердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы. Бұл құрт сүт қоректілердің 100 ден астам түрінен табылған. Өте ұсақ паразиттер. Аналықтары тірі туатындар.


Қазіргі уақытта келесі түрлері анықталған:
Trichinella spiralis (шошқа трихинеллалары),

Trichinella pseudospiralis (Дагестандағы енот-полоскуннан) .
Trichinella nativa (Евразия жыртқыштарының трихинеллалары),
Толық жынысты трихинеллалар ішектің жіңішке бөлімінде, ал личинкалары бұлшық етте мекендейді. -. Трихинеллез аурумен үйдегі және жабайы шошқалар, иттер, мысықтар, аюлар, қасқырлар, түлкілер, тышқандар және адамдар аурады

Трихинеллез кезінде бір жануар немесе адам біріншіден дефинитивті ие (ішеқ трихинеллары), содан кейін аралық (бүлшықетт трихинеллары) ие болады. Сондықтан аурудың екі түрі болады: ішекті және бұлшықетті. Личинкалардың жақсы көретін жерлері - диафрагма аяқтарының бұлшықеті, тіл, өңеш және басқа бұлшық еттер. 17 күннен кейін олар инвазиялық сатысына жетеді. Бұлшықеттегі трихинеллалар көп уақыт сақталады, ал адамдарда 25 жылға дейін сақталады. Адамдар мен жануарлар зақымдалған етті жеп аурады. Трихинеллез - табиғи - ошақты гельминтоз. Аурудың негізгі көзі - жабайы жануарлар. Трихинеллалардың личинкалары сыртқы ортада өте тұрақты

Клиникалық белгілері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz