ФОСФОР ӨНДІРІСІ


Slide 1

ФОСФОР ӨНДІРІСІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ "ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫ

Орындаған Акназар. У

Қабылдаған Сатылганова Б

Slide 2

Жаңа Жамбыл фосфор зауыты

Тарихы

Филиалдар туралы

Өнімдері

Slide 3

Тарихы

«Қазфосфат» ЖШС Жамбыл филиалы (ЖЖФЗ) ‒ Жаңа Жамбыл фосфор зауыты ‒ бұл сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнімдер: термиялық ортофосфор қышқылын, натрий үшполифосфатын, натрий гексаметафосфатын, феррофосфор, түйіршіктелген қож шығаратын химиялық зауыт. Зауыт Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан.

Жаңа Жамбыл фосфор зауытын 1971-1975 жылдары салу белгіленген болатын. Зауыт соғатын құрылыс алаңы 1970 жылдың қыркүйек-тамыз айларында анықталған еді.

Зауыт жобасын негізгі химиялық өнеркәсіптің (ЛенНИИГипрохим) Ленинград ғылыми-зерттеу және жобалау институты жасады.

Зауытты жобалау жұмыстарына сондай-ақ келесі жобалау ұйымдары да атсалысты: «», «Ленстройпромпроект», «Гипрогазоочистка», «ВНИИгаздобыча», «ВНИИЭТО», қазақстандық «ПромтрансНИИпроект», "Водоканалпроект"және т. б.

Slide 4

1971 жылы өнеркәсіп құрылысы мен оған апаратын автомобиль жолдарын салудың алғашқы сызбалары түсе бастады. 1972 жылдың басында өнеркәсіп алаңдарында дайындық жұмыстарын жүргізу қолға алынды, ал 1973 жылы зауыттың өнеркәсіп нысандарын соғу басталып кетті.

Суретте: ЖЖФЗ соғылатын алаңдарды белгілеп, бөлуші алғашқы геодезистер. 1972 ж.

Суретте: пеш цехы соғылатын алаңды үстінен аршып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. 1972 ж.

1974 жылы алғашқы кезекте салынатын барлық негізгі цехтардың іргетастары қаланып бітті.

974 жылы алғашқы кезекте салынатын барлық негізгі цехтардың іргетастары қаланып бітті.

Slide 5

1977 жылы зауытымыз бұрынғы Кеңес Одағының ірі химиялық құрылысына айналды.

Суретте: «Қазпромтехмонтаж» тресінің М. М. Шерстюков бастаған бригадасы агломерация цехында (№ 2 цех)

тіке желілі салқындатқышты монтаждау жұмыстарын жүргізуде.

1978 жылы 27 желтоқсанда Мемлекеттік қабылдау комиссиясы мүшелері зауыттың бірінші кезектегі кешенін іске қосу актісіне қол қойғаннан кейінгі кез.

1 кезектік кешен құрамына кірген өндірістер:

- фосфорит ұнтағынан жылына 1000 мың т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс (1-агломашинасы) ;

- жылына 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (1-2 пештер) ;

- 550 мың т/ жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

- 16 мың т/жыл өнімділікпен фосфорлы шламдардан фосфор қышқылын алатын өндіріс.

Жаһандық тәжірибеде бірінші рет ЖЖФЗ-ның РКЗ-80Ф термиялық пештеріне агломерат ұнтағынан сары фосфор алу технологиясы енгізілді. Бұрын үйіндіге төгілетін фосфорит ұнтағын 312 шаршы метр аумақ өнімін қамти алатын АКМ-312М іспетті агломерация машиналарында осы озық технологияның агломерациялау әдісімен кіріктіріп, фосфорит кесектеріне айналдыру арқылы қайта пайдалануға болатын болды.

Slide 6

Кейінгі 1979 - 1986 жылдары қалған өзге өндірістер де іске қосылды:

29. 12. 79ж. - фосфор ұнтағынан 1000 мың т/жыл өнімділікпен агломерат алатын өндіріс ( 2-агломашинасы) ;

29. 12. 79ж. - 55 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (3-4 пештер) ;

29. 12. 79ж. - 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

31. 03. 82ж. - 28 мың т/жыл өнімділікпен шламнан фосфор қышқылын алатын өндіріс;

30. 04. 82ж. - 1000 мың т/жыл өнімділікпен фосфорит ұнтағынан агломерат алатын өндіріс (3-агломашинасы) ;

30. 11. 82ж. - 60 мың т/ж өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (5-6 пештер) ;

30. 11. 82ж. - 600 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

30. 11. 82ж. - 30 мың м3/сағ. өнімділікпен азот шығаратын өндіріс;

30. 12. 82ж. - 60 мың т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;

30. 12. 83ж. - 60 мың т/жыл өнімділікпен сары фосфор алатын өндіріс (7-8 пештер) ;

30. 12. 83ж. - 550 мың т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген қож алатын өндіріс;

29. 03. 84ж. - 60 мың. т/ жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (1-кезектік кешен) ;

31. 10. 84ж. - 60 мың. т/жыл өнімділікпен термиялық фосфор қышқылын алатын өндіріс;

05. 01. 85ж. - 60 мың. т/жыл өнімділікпен натрий үшполифосфатын алатын өндіріс (2-кезектік кешен) ;

25. 02. 86ж. - 3, 5 мың. т/жыл өнімділікпен калий үшполифосфатын алатын өндіріс;

25. 02. 86ж. - 2, 1 мың. т/жыл өнімділікпен калий-натрий үшполифосфатын алатын өндіріс ;

Соңғы жылдары зауытта жаңа өндірістер іске қосылды:

15. 03. 2011ж. - 50 мың. т/жыл өнімділікпен тазартылған фосфор қышқылын алатын өндіріс;

01. 10. 2011ж. - 20 мың. т/жыл өнімділікпен түйіршіктелген натрий үшролифосфатын алатын өндіріс;

01. 06. 2012ж. - 5 мың. т/жыл өнімділікпен натрий гексаметафосфатын алатын өндіріс.

Зауытта сондай-ақ ірі табиғат қорғау нысандары да іске қосылды:

01. 08. 2010ж. - № 5 пештің пеш газын өңдеп, пайдалану жүйесі;

13. 04. 2012ж. - № 6 пештің пеш газын өңдеп, пайлану жүйесі;

01. 10. 2012ж. - ФС пештерін қолданғаннан кейін қолқапты сүзгілерді түтінді газдардан тазалау жүйесі.

Суретте: фосфорит ұнтақтарын кіріктіретін агломерат алу процесі бейнеленген. .

Slide 7

Шламжинағыштарды ондағы фосфорлы шламды өңдеп, бейтараптандыру арқылы тазарту. Бүгінгі күні 4 шламжинағыштың біреуі тазартылған, екеуінде тазарту жұмыстары жүргізілуде.

7, 8 пештерде пеш газын өңдеу жүйесін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Құрғатқыш барабандардан өтетін түтінді газды тазалайтын қолқапты сүзгілерді монтаждау жұмыстарын жүргізу көзделген.

1991 жылы Жаңа Жамбыл фосфор зауытының (ЖЖФЗ) атауы «НОДФОС» ӨБ болып өзгертілді.

1992 жылы 5 тамызда «НОДФОС» ӨБ Жамбыл мемлекет мүлкін басқару комитетінің шешімімен "НОДФОС" АҚ - ашық Акционерлік қоғам іспеттес болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы10 маусымдағы № 725 "Жамбыл облысының фосфор саласында істейтін кәсіпорындарын, «НОДФОС» АҚ дағдарыстан алып шығудың кезек күттірмес шаралары туралы» деген қаулысына орай «НОДФОС» АҚ сырттай басқарылу үшін "IBE TRADE CORP" фирмасына берілді.

«Нодфос», «Суперфосфат зауыты», «Қаратау», «Промтранс», «Фосфор» акционерлік қоғамдары акционерлерінің жалпы жиналыстары шығарған шешімдерге сәйкес және Республиканың фосфор саласындағы кәсіпорындарын өндірістік-қаражаттық дағдарыстан алып шығуға жағдай туғызу мақсатында Мемлекет мүлкі мен ҚР қаржы министрлігінің активтерін басқару Депеартаментінің 1997 жылғы 23 қыркүйектегі қаулысымен "Қазфосфор" Ашық Акционерлік Қоғамы құрылды.

«Қазфосфор» ААҚ Басқармасы шығарған шешім негізінде (01. 10. 1997 жылғы № 2 хаттама), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес 1997 жылдың 29 қыркүйегінде «Таразфосфор» филиалы құрылды.

1998 жылы 3 тамызда «Қазфосфор» ААҚ-ның филиалы "ТАРАЗФОСФОР" базасында «ЖЖФЗ» Өндірістік кооперативі («ЖЖФЗ» ӨК құрылтай жиналысының 1998 жылғы 3 тамыздағы №1 хаттамасы) құрылды.

1999 жылы 21 қазанда ҚР Үкіметінің №1580 «Қазақстан Республикасы фосфор өнеркәсібіне көрсеті-лер қолдаудың жекелеген шаралары туралы» қаулысына орай «Қазфосфат» ЖШС құрылды. Ол 2000 жылдың 3 мамырында өткен сауда талқысында «Жаңа Жамбыл фосфор зауытының» мүлік кешенін иемденді.

Slide 8

Филиалдар

ЖЖФЗ сары фосфор және құрамында фосфоры бар өнімдер шығаратын химиялық зауыт болып табылады, Тараз қаласының шекарасынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым қашық-тықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің терістік етегіне орналасқан. Зауыттың жалпы аумағы 644, 75 гектар. Кәсіпорын құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:

үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;

құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі;

екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқылы өндірісі;

төрт технологиялық желісі бар техникалық натрий үшполифосфаты өндірісі;

бір технологиялық желісі бар техникалық натрий гексаметафосфаты өндірісі;

түйіршіктелген термофосфор қожын шығару;

феррофосфор шығару;

техникалық түйіршіктелген натрий үшполифосфатын шығару;

тағамдық ортофосфор қышқылын шығару;

тағамдық натрий үшполифосфатын шығару;

Slide 9

Кәсіпорында жаһандық тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфорит шикі-затының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген. Филиал баяу гидрат-талатын НҮПФ шығаруды игерді. Сары фосфорды өндіру кезінде пеште пайда болатын балқыған өнімдерден - қож бен феррофосфор алынады. Түйіршіктелген қож жол салу құрылысы мен цемент шығару өндірісінде қолданылады. Зауыт шығаратын феррофосфордың 4 түрі отандық металлургияда кең қолданы-лады және өзге елдерге экспортталынады.

Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен құрышқа қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа отқа қарсы төзімділік беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын, көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфорорганикалық қосылыстар (тиофос, кар-бофос, т. б. ) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие.

ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін беделді халықаралық жүлделермен марапатталды:

«Еуропалық Арка» ‒ Испанияның кәсіпшілері мен бизнесмендері Ассоциациясынан;

«Гауһар Жұлдыз» ‒ Мексикадан.

«Алтын глобус» ‒ Копенгаген, Дания.

«Химия-2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен «Пластмасс индустриясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде натрий үшполифосфатының сапасы үшін алған Алтын медаль.

«Химия-2009» 15-Халықаралық көрмесі шеңберінде өткен «Пластмасс индустри-ясы» атты 10-Халықаралық арнаулы көрмеде термиялық ортофосфор сапасы үшін алған Қола медаль.

Slide 10

Өнімдері

Техникалық сары фосфор;

Техникалық сары фосфор (тазартылған) ;

Техникалық натрий үшполифосфаты;

Тағамдық натрий үшполифосфаты;

Натрий гексаметафосфаты;

Термиялық ортофосфор қышқылы;

Электротермиялық феррофосфор;

Түйіршіктелген электротермофосфорлы қож;

Slide 11

Техникалық сары фосфор

Химиялық формуласы: Р4

Сыртқы түр-түсі:Ашық-сарыдан сұр-жасыл түске дейін түрленетін парафин тәрізді зат.

Қолданылуы: Қызыл фосфор, ортофосфор және полифосфор қышқылдары, сульфидтер мен басқа фосфор қосылыстары өндірісінде пайдаланылады.

Буып-түю: Қорғағыш қаптамасы бар арнайы теміржол цистерналары, танк контейнерлер немесе БҰҰ стандартына сай болат бөшкелер.

Таңбалау: Манипуляциялық және қауіптілік белгілерімен таңбаланады.

Тасымалдау: Арнайы теміржол цистерналарымен, танк контейнерлермен, әмбебаб 20 футтық контейнерлермен тасымалданады.

Сақтау: Бөшкелерде немесе жылытылатын жабық сыйымдылықтарда су қабатының астында сақталады, сақтау мерзіміне шек қойылмайды.



Slide 12

Натрий үшполифосфаты (техникалық)

Химиялық формуласы: Na5Р3O10

Сыртқы түр-түсі: Ақ түсті үгілгіш ұнтақ.


Ұқсас жұмыстар
МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЗАУЫТЫ
ҚЫЗЫЛ ФОСФОР
Фосфор тыңайтқыштары
Шойын өндірісі
ХИМИЯЛЫҚ ШИКІЗАТ ӨНДІРІСІ
Қазақстанның бейметалл кендері
Минералды тыңайтқыштар өндірісі
Периодтық жүйедегі орны және оның қасиеттері
Тыңайтқыштардың жіктелуі
Гранулометриялық анализ және қатты затты шикізатты флотациялау. Бейметалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz