Рентгенді талдау
Презентация қосу
Рентгенді талдау
Рентген сәулелерін 1895 жылы В . Рентген
ашқан. Жылдам электрондар кенеттен
тежелгенде пайда болатын толқынұзындығы
өте қысқа (10−12÷ 10−9м) электромагниттік
сәулелер рентген сәулелері болып табылады.
Рентген сәуле шығаруын классикалық
электромагниттік теорияның аясында
түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша үдей
қозғалатын зарядталған бөлшек міндетті
түрде сәулеленуі тиіс. Қарастырылып
отырған жағдайда электронантикатодқа
соғылып тежеледі де, теріс үдеу алады,
сондықтан ол сәулеленеді.
Сәулеленудің қуаты электрон зарядының квадратына
және оның үдеуінің квадратына пропорционал, яғни р
~ е2а2. Электрон тежелгенде классикалық теория
бойынша нөлден шексіздікке дейінгі барлық
интервалдағы толқын ұзындықтары бар сәулелер
шығу керек. Сәулелену қуатының максимумына
сәйкес келетін толқын ұзындығы электрондардың
жылдамдығы артқан сайын азаюы тиіс, яғни ол
үдетуші U кернеуді арттырғанда қысқа толқындар
жағына жылжуы керек.
Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында
кеңінен қолданылып отыр. Солардың бірнешеуін атап
өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің
денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны
пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып
алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады.
Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері
ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Рентген сәулесі — гамма- және
ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды
қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2
ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде
қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі
жұмсақРентген сәулесі деп аталады. Рентген сәулесін
1895 ж. неміс физигі В.К. Рентген ашқан. Ол 1895 —
97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып,
алғашқы рентген түтігін жасады. Рентген сәулесінің
түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ
ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң, оны
медицинада кеңінен қолдана бастады. 1912 ж.
Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып,
кристалдардың құрылымы периодты болатыны
дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік
спектрлер материалдарға элементтік талдау
жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик.
құрылымын зерттеуге қолданыла бастады.
Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты
үздіксіз және сызықтық болады. Үздіксіз Рентген
сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің
(мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар)нысана
атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен
әсерлесуі нәтижесінде, ал сызықтық Рентген
сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі
нәтижесінде пайда болады. Рентген сәулесінің
затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі
жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект
құбылысы байқалады. Заттың белгілі қабаты
арқылы өткен Рентген сәулесінің бастапқы
қарқындылығы І=Іoe x (Мұндағы — әлсіреу
коэфф., х — заттың қалыңдығы). Әлсіреу заттың
Рентген сәулесін жұтуынан не шашыратуынан
болады. Спектрдің ұзын толқын аймағында Рентген
сәулесінің жұтылуы, қысқа толқын аймағында —
шашырауы басымырақ болады. Рентген сәулесінің
Рентген сәулесінің тірі организмдерге әсері оның
тіндерін (ұлпаларын) иондау дәрежесіне қарай
пайдалы немесе зиянды болуы мүмкін. Рентген
сәулесінің жұтылуы -ға байланысты болғандықтан,
оның қарқындылығы Рентген сәулесінің биол.
әсерінің өлшемі бола алмайды. Рентген сәулесінің
затқа тигізетін әсерінің сандық шамасын
есептеумен рентгенометрия айналысады, оның
өлшем бірлігі Р (рентген). Рентген сәулесі
рентгендік терапия мақсаттары үшін кеңінен
қолданылады. Техниканың көптеген салаларында
рентгендік дефектоскопия әр түрлі ақауларды,
жарықтарды, қуыстарды, пісіру жіктерін, т.б.
анықтауға мүмкіндік береді. Рентген құрылымдық
талдау кристалл торындағы минерал атомдарының
анорган. және органик. қосылыстарының
кеңістіктік орналасуын анықтайды.
Рентген сәулесін қатты денелердің қасиеттерін
зерттеуге қолданумен материалдар
рентгенографиясы айналысады. Рентгендік
спектроскопия заттардағы электрондардың күйлер
тығыздығының энергия шамасы бойынша
таралуын, хим. байланыстың табиғатын зерттейді,
қатты денелер мен молекулалардағы иондардың
эффекттік зарядын табады. Ғарыштан келетін
Рентген сәулесінің көмегімен ғарыштық денелердің
хим. құрамы мен ғарышта өтіп жатқан физ.
процестер туралы деректер алынады (қ. Рентгендік
астрономия). Рентген сәулесі, сондай-ақ тамақ
өнеркәсібінде, криминалистикада, археологияда
т.б. жерлерде қолданылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz