Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесі НАНДЫ, НАН-ТОҚАШ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІН, АШЫТҚЫНЫ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ


Slide 1

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесі НАНДЫ, НАН-ТОҚАШ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІН, АШЫТҚЫНЫ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ

Slide 2

Сертификаттау (куәландыру) - азаматтардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және айналадағы ортаға өнімнің қауіпсіз болуы талаптарына сай келуін тексеру. Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар жүргізеді. Сертификаттау деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де атайды.

Slide 3

Сәйкестікті бағалау - өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу, тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы болып табылады. Сәйкестікті бағалауға үш жақ қатысады. Қатысушы жақтар дайындаушының (бірінші жақ), сатып алушылардың (екінші жақ) мүддесін қорғайды. Үшінші жақ - алғашқы екі жаққа да тәуелді емес тұлға немесе орган.

Сәйкесті растау нәтижесі - объектінің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті бағалау рәсімі.

Slide 4

Сәйкестікті растау нысаны - нәтижелері өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы. Сәйкестікті растаудың екі түрі бар:

1. Сәйкестікті ерікті растау - дайындаушының (орындаушының) немесе сатушының бастамасы бойынша жүргізіліп, өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің стандартқа, өзге де құжатқа немесе өтінім берушінің арнайы талаптарына сәйкестігін растауды жүзеге асыратын рәсім.

2. Сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім.

Slide 5

Сәйкестікті растау саласындағы құжат - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген «Сәйкестік сертификаты» немесе «Сәйкестік туралы декларация».

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат. Өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі деп аталады.

Сәйкестікті растау сызбасы - объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау ж. б. ) сипаттай отырып айңындау тәсілдері.

Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын мемлекетті анықтау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аттестатталған маман.

Сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкестігіне сынақ жүргізетін зертхана, соның ішінде мемлекеттік органдар зертханасы.

Slide 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесі

НАНДЫ, НАН-ТОҚАШ, МАКАРОН ӨНІМДЕРІН, АШЫТҚЫНЫ СЕРТИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ТӘРТІБІ

ҚР СТ 3. 38-2003

ҚР СТ 3. 38-2009 орнына 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілді

Slide 7

1 Қолдану аясы

Осы стандарт нанды, нан-тоқаш, макарон өнімдерінің, ашытқының ерекшеліктерін және сынау тәсілдерін ескере отырып, міндетті сертификациялау тәртібін белгілейді.

Осы стандарт «Тамақ өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін сертификациялау тәртібі» ҚР СТ 3. 27 негізінде және осы саланы дамыту үшін әзірленді және онымен бірге қолданылады.

Осы стандарттың талаптары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесіне қатысатын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

Осы стандарттың талаптары А қосымшасында келтірілген өнім тобына тарайды.

Slide 8

2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылады:

ҚР СТ 1. 1-2000 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Стандартизациялау және қызметтің аралас түрлері. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 3. 0-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Негізгі ережелері.

ҚР СТ 3. 1-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Сәйкестілік белгісі. Техникалық талаптар.

ҚР СТ 3. 4-94 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Өнімнің сәйкестілігін растауды өткізу тәртібі. Жалпы талаптар.

ҚР СТ 3. 9-97 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Импортталатын өнімді сертификациялау. Жалпы ережелері.

ҚР СТ 3. 10-97 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Апелляцияларды қарау тәртібі.

ҚР СТ3. 15. 2-98 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Сапа мен өндіріс жүйесін сертификациялау. Сапа жүйесін сертификациялауды өткізу тәртібі.

Slide 9

ҚР СТ3. 15. 3-98 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Сапа мен өндіріс жүйесін сертификациялау. Өндірісті сертификациялауды өткізу тәртібі.

ҚР СТ3. 25-2001 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Өнімді және қызметті сәйкестендіру тәртібі.

ҚР СТ3. 27-2002 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Тамақ өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін сертификациялау жүйесі. Тамақ өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін сертификациялау тәртібі.

ҚР СТ 50. 3. 01-2000 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Өнім мен қызметтерді сертификациялау жөніндегі жұмысқа төлем.

ҚР ПР 50. 3. 19-96 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Міндетті сертификациялау кезінде қолданылатын үлгілермен әрекет ету тәртібі.

ҚР ПР 50. 3. 25-97 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификациялау жүйесі. Тамақ өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін сертификациялау жүйесі. Тамақ өнеркәсібінің және ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдерін сәйкестендіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.

Slide 10

МемСт 5667-65 Нан және нан-тоқаш өнімдері. Үлгілерді қабылдау ережесі, іріктеу амалы, органикалық көрсеткіштерді және өнім массасын анықтау тәсілі.

МемСт 8227-56 Нан және нан-тоқаш өнімдері. Жинастыру, сақтау және тасымалдау.

МемСт 14849-89 Макарон өнімдері. Қабыладу тәртібі және сапасын анықтау тәсілі.

МемСт 16814-88 Наубайхана өндірісі. Терминдер мен анықтамалары.

ПМГ 36-2001 тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттерде сәйкес келу сертификаттарын тану тәртібі.

Slide 11

3 Анықтамалары

Осы стандартта ҚР СТ 1. 1, ҚР СТ 3. 0, ҚР СТ 3. 27, ҚР ПК 50. 3. 25, МемСт 16814. сәйкес терминдер және олардың анықтамалары қолданылды.

Оларға қосымша ретінде терминдер мен тиісті анықтамалары қолданылды:

3. 1 Тез бұзылатын өнім - кепілді жарамдылық мерзімімен және бір айға дейінгі сақталу мерзімімен өнім.

3. 2 Ұзақ мерзімді сақталатын өнім - 30 тәуліктен астам уақыт кепілді сақталу мерзімімен.

Slide 12

4 Жалпы ережелері

4. 1 Міндетті сертификациялауға жататын нан, нан-тоқаш өнімдері, макарон, ашытқы өнімдері адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін, олардың қоршаған ортаға, мүлікке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттардың (бұдан әрі - НҚ) міндетті талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4. 2 Нанды, нан-тоқаш өнімдерін, макарон, ашықты өнімдерін міндетті сертификациялауды және сынау көрсеткіштері мен тәсілдерін белгілейтін НҚ растауға жататын көрсеткіштердің тізбесі Б қосымшасында көрсетілген. Нанды, нан-тоқаш өнімдерін, макарон, ашытқы өнімдерін сертификациялау кезінде қолданылатын нормативтік құжаттардың тізбесі В қосымшасында көрсетілген.

4. 3 Импортталатын нан-тоқаш, макарон, ашытқы өнімдерін сертификациялау отандық өнім сұлбалары мен ережелері бойынша ПМГ - 36, ҚР СТ 3. 9 және осы стандарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Алғаш рет енгізілген өнім міндетті санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жатады. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органымен берілген гигиеналық қорытынды сертификациялық сынақ жүргізу барысында сертификациялау органымен (бұдан әрі - СО) ескеріледі.

Slide 13

4. 4 Өндірілетін өнімнің қауіпсіздігі туралы мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының гигиеналық қорытындысы жаңа технологиялық үрдістердің көмегімен немесе жаңа технологиялық жабдықтарды қолдану арқылы алынатын өнімді сертификациялау кезінде міндетті.

4. 5 Сертификацияланған өнімді инспекциялық бақылау өнімнің және өндірістік факторлардың сертификаттың қолдану мерзімінде белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігін растау мақсатында ҚР СТ 3. 4 белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

4. 6 Инспекциялық бақылаудың өнімді сертификациялау нәтижелері бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, өтініш берушінің бір ай мерзім ішінде ҚР СТ 3. 10 белгіленген тәртіпке сәйкес апелляция беруге құқығы бар.

Slide 14

5 Сертификациялауды өткізудің тәртібі

Өнімнің ҚР СТ 3. 4 сәйкес келетіндігін сертификациялау барысында келесідей жұмыс жүргізіледі:

5. 1 Өтінім беру және оны қарау

5. 1. 1 Сертификациялау, дайындаушы (сатушы) (бұдан әрі - өтініш беруші) өтінімінің негізінде жүргізіледі. ҚР СТ 3. 4 Б қосымшасының нысаны бойынша сертификациялауға өтінім оның аккредитациялау саласын ескеру арқылы жолданады.

5. 1. 2 СО мамандары өтінімді қарайды және өтініш берушіге Г қосымшасындағы ҚР СТ 3. 4 нысаны бойынша шешім қабылданғандығы туралы хабарлайды.

Өтінім бойынша шешімде сертификациялаудың негізгі шарттары көрсетіледі, атап айтқанда: ұсынылатын сертификациялау сұлбасы, аккредиттелген сынау зертханасы, сертификацияланатын өнімді бақылау талабы.

5. 1. 3 Өнімді сертификациялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау кезінде ҚР СТ 50. 3. 01 сәйкес сертификация бойынша жұмыстың құны анықталады және осы жұмыстарды жүргізуге шарт жасалады.

5. 1. 4 Өтінім бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда, ұсынылған өнімді сертификациялаудан дәйектелген бас тарту көрсетіледі.

Slide 15

5. 2 Сертификациялау сұлбасын таңдау

5. 2. 1 Нан, нан-тоқаш өнімін, макарон, ашытқы өнімдерін сертификациялау сұлбасы өтініш берушімен СО бірлесіп кепілденген сақталу (өткізу) мерзіміне қарай таңдалады. Өнімнің сақталу мерзімі Г қосымшасында көрсетілген.

5. 2. 2 тез бұзылатын өнімді сертификациялау 3, 5, 10-шы сұлбалар бойынша жүзеге асырылады.

5. 2. 3 Ұзақ мерзімді сақталатын өнімді сертификациялау 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10-шы сұлбалар бойынша жүргізіледі.

5. 2. 4 Нақтылы өнімді сертификациялау үшін сұлбаны таңдау барысында В қосымшасындағы ҚР СТ 3. 4 ережелері басшылыққа алынады.

5. 3 Үлгілерді таңдауды жүргізу (сынаманы)

5. 3. 1 Нан, нан-тоқаш өнімдерінің, макорон өнімдерінің, ашытқының сынамасын іріктеу, орау және таңбалау өтініш берушінің қатысуымен МемСт 171, МемСт 5667, МемСт 14849, МемСт 26668, МемСт 28483 талаптарына сәйкес ҚР СТ 3. 4, ҚР ПР 50. 3. 16 ережелерін ескере отырып жүргізіледі.

Іріктеу барысында нанды, нан-тоқаш өнімдерін, МемСт 8227 талаптарына, макарон өнімдерінің МемСт 875, ашытқының МемСт 171 талаптарына сәйкестілігі тексеріледі.

5. 3. 2 Нан, нан-тоқаш өнімдері, макарон өнімдері, ашытқы сынамаларының сертификациялық сынауға арналған массасы СО-мен нормативтік құжаттармен сынау амалдарына қарай және сертификациялау барысындағы барлық расталатын көрсеткіштерді ескере отырып анықталады.

Slide 16

5. 3. 3 Сынамаларды іріктеу Д қосымшасындағы ҚР СТ 3. 4 нысаны бойынша актімен ресімделеді, ол сертификациялау жөніндегі органның өкілімен және өтініш берушімен қол қойылады.

5. 4 Нанды, нан-тоқаш, макарон өнімдерін, ашытқыны сәйкестендіру.

5. 4. 1 Үлгілерді іріктеу кезінде СО ұсынылған өнімнің, тауардың жолдама құжаттарын талдау, үлгілерді, олардың буып-түйілуін, белгіленуінің нақтылы өнім түрінің нормативтік құжаттарға сәйкестілігін көзбен қарау жолымен сәйкестілігін анықтайды. Нанды, нан-тоқаш, макарон өнімдерін, ашытқыны қала ішілік тасымалдау кезінде өнімнің белгіленуі жолдама құжатта көрсетіледі.

Өнімнің сәйкестілігі үшін ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, өнімнің нормативтік құжатымен қарастырылған физикалық-химиялық және органикалық көрсеткіштері бойынша сынақ жүргізіледі.

5. 4. 2 Өтініш білдірілген өнімнің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, сертификациялау мәмілесі тоқтатылады. Өтініш берушіге сәйкестілік сертификатын беруден бас тарту жөнінде шешім беріледі. Өнімнің жаңа атауы бойынша өнімді сертификациялау өтінішті қайта ресімдегеннен кейін мүмкін болады.

Slide 17

5. 5 Сынақтарды жүргізу

5. 5. 1 Өнім сынамаларына сынақ өтініш берушімен келісіліп, сынақтардың тәсілдеріне арналған нормативтік құжаттармен қарастырылған мерзімде тамақ өнімдеріне сертификациялық сынақ жүргізу құқығына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификациялау жүйесінде аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.

5. 5. 2 Іріктелген, дұрыс сәйкестендірілген сынамалар іріктеу актісімен қоса ОС белгіленген сынақ зертханасына (орталыққа) жіберіледі.

5. 5. 3 Сынақ зертханасына (орталыққа) келіп түскен сынамалар журналда тіркеледі. Сынақтар барысындағы сынамалармен жүргізілетін жұмыс, оларды сақтау және жою тәртібі ҚР ПР 50. 3. 19 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

5. 5. 4 Сынақ зертханасы (орталық) нан, нан-тоқаш өнімін, макарон өнімін, ашытқы сынамасын МемСт 14849, МемСт 26929 талаптарына және өнімнің нақтылы түріне нормативтік құжаттарға сәйкес сынақ жүргізуге дайындайды.

5. 5. 5 2, 3, 4, 5-ші сұлбалар бойынша өнімді сертификациялау кезінде өнімнің біртектес түрінің құрамына жататын өнімнің бір түріне жүргізілген сынақ нәтижелері өтініш берушімен шығарылатын біртектес өнім тобының қалғандарына да тарайды.

5. 5. 6 Өнімді сынау хаттамалары өтініш берушіге және сертификациялау жөніндегі органға жолданады.

Сертификацияланған өнім хаттамасының ұсынылатын нысаны Д қосымшасында келтірілген.

Сертификациялық сынақтардың теріс нәтижесі алынған жағдайда СО өтініш берушіге К қосымшасындағы ҚР СТ 3. 4 нысаны бойынша сәйкестілік сертификатын беруден бас тарту жөніндегі шешім жолданады.

Slide 18

5. 6 Сертификациялау сұлбасымен қарастырылған өзге де жұмыстарды жүргізу.

5. 6. 1 2 - 4 және 10-шы сұлбалар бойынша өнімді сертификациялау барысында ҚР СТ 3. 27 ұсынымын ескере отырып, сертификацияланған өнімді өндірудің ахуалына талдау жүргізіледі. Ол үшін белгіленген тәртіппен тіркелген нормативтік құжаттардың болуы, технологиялық регламенттің және технологиялық тәртіптің сақталуы; шикізат пен материалдардың кіріс бақылау жүйесінің тиімділігі, дайын өнімнің сапасын бақылау; өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі. Өндірістің санитарлық жағдайының белгіленген талаптарға [1, 2, 3] сәйкестілігі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының құжатымен расталуы тиіс.

Өндіріс ахуалына талдаудың нәтижелері бойынша кәсіпорында өндірілетін өнім сапасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалғандығы туралы қорытындысымен акт ресімделеді (Г қосымшасы ҚР СТ 3. 27) .


Ұқсас жұмыстар
НАН ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қамырды дайындау
Бидай және қара бидай қоспасынан жасалынған нан пісірудің технологиялық режимдерінің өнімдерінің және рецептурасының сипаттамасы
Сұйық ашытқы дайындау технологиясы
Нан сапасын бағалау
Макаронды кептіру процесі
Нан аурулары
Нан сапасы
Нан пісіру өндірісінде биотехнологияны қолданудың қазіргі заманғы тенденциялары
Кептірілген нан, печенье және өзге де нан пісіру өнімдері цехын құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz