Титриметрлік талдау


Slide 1

Титриметрлік талдау

Slide 2

Титриметриялық анализ - химиялық реакцияға қатысқан анықталынатын зат пен реагент ерітіндісінің (титрант) көлемін (массасын) дәл өлшеу арқылы зат мөлшерін анықтауға негізделген сандық анализдің әдісі.

Slide 3 Slide 4 Slide 5 Slide 6

Титриметрияда химиялық реакцияларға қойылатын шарттар:

реакция жоғары жылдамдықпен жүруі керек;

реакция іс жүзінде соңына дейін жүруі керек;

анықталынатын зат пен реагент (титрант) арасындағы реакция

қатаң стехиометриялы (эквивалентті) болу керек;

титрлеу процесі кезінде қосымша реакция жүрмеуі

керек;

ерітіндідегі қосымша заттар реакцияға кедергі жасамау керек;

эквиваленттік нүктені белгiлеу (анықтау) әдiсi болу керек;

эквиваленттік нүктені анықтау үшін арнайы индикатор болу

керек.

Slide 7

Титриметриялық анализдің жетістіктері:

анализ нәтижесінің дәлдігі жоғары (анықтау қателігі 0, 1%) ;

анализдің орындалуы жылдам, әрі қарапайым;

титрлеу процесін автоматтандыру мүмкіншілігі;

бір ерітіндіден бірдей уақытта бірнеше затты анықтауға болады

Slide 8 Slide 9

Бірінші топқа қышқыл-негіз және тұндыру арқылы тирлеу әдістері, екінші топқа тотығу-тотықсыздану титрлеуі, үшінші топқа комплексометрия титрлеуі жатады.

1. Қышқыл-негіз титрлеу әдісі (бейтараптау) қышқыл мен негіз әрекеттесуіне, яғни бейтараптау реакциясына негізделген:

NaOH + HCI = NaCI + H2O

OH- + H+ = H2O

Бұл әдіс арқылы ерітіндідегі қышқыл мен негіз мөлшерін ғана емес, суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздар мөлшерін де анықтауға болады.

Егер анықтау кезінде титрант ретінде қышқыл ерітінділері пайдаланылып, негіздердің не тұздардың мөлшері анықталатын болса ацидиметрия деп аталады. Ал егер анализ кезінде қышқыл не тұз мөлшері анықталып, титрант ретінде сілті қолданылса, алкалиметрия деп аталады.

Қышқыл-негіз титрлеуі кезінде эквивалент нүктесі индикаторлар (лакмус, метил күлгін, метил қызыл, фенолфталеин) көмегімен табылады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12 Slide 13

Аз еритін қосылыстардың тұндыру реакцияларына негізделген тұндыру әдісі.

Ag+ + CI-  AgCI

Ba2+ + SO42-  BaSO4

Тұнбаға түскен қосылыс ерітінді ортасын өзгертеді. Соған орай бұл жағдайда әр түрлі индикаторлар қолдануға болады.

Титрант атына сәйкес тұндыру әдістерін де аргентометрия (титрант күміс нитраты

AgNO3), тиоцианометрия (титрант аммоний тиоцианаты NH4SCN) деп атайды.

Slide 14

Комплексометрлік титрлеу әдісінде анықтайтын затпен титранттың арасында жүретін комплекстік қосылыс түзілу реакциясы пайдаланылады. Бұл әдісте металл иондарын анықтау үшін титрант ретінде әр түрлі лигандтар қолданылады. Комплексометрлік әдісте пайдаланылатын реакциялар титриметрлік анализдегі реакцияларға қойылатын шарттарға толық жауап берулері керек, олардың ішінде бұл әдіс үшін ең маңыздысы - реакцияның нәтижесінде белгілі стехиометриялық құрамы бар қосылыстың түзілуі.

Комплексометрлік титрлеу әдісі

Slide 15 Slide 16

Титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісі тотығу-тотықсыздану реакцияларын пайдалануға негізделген. Тотығу-тотықсыздану әдісінде стандартты титрленген ерітінділер ретінде әртүрлі тотықтырғыштардың және ерітінділері қолданылады. Белгілі он мыңдаған тотығу-тотықсыздану реакцияларының ішінде титримериялық әдісте тек жылдам, аяғына шейін, қосымша реакцияға қатыспай, белгілі стехиометриялық жолмен жүретін және құрамы белгілі қосылыстар түзетін реакциялар ғана пайдаланылады.

Тотығу-тотықсыздану әдісі

Slide 17 Slide 18 Slide 19

Бюреткалар.

Бюреткалар керекті көлемді дәл өлшейді және құйғанда

асықпау қажет. Бюреткалар әртүрлі көлемде және әртүрлі құрылысты

болады. Лабораторияларда қолданылатын макробюреткалар градуирленген

цилиндрлі төменгі жағы жіңішкерген және краны немесе резеңке тҥтігі

болады, резеңке түтіктің ұшында әйнек түтік орналасады. Бюретканың 0-

дік бөлімі жоғары жағында орналасады.

Жұмыстың алдында бюреткаларды жуғыш ерітінділермен жақсылап

жуу керек және суды құйғанда қабырғаларын жақсылап бірде-бір тамшы

қалдырмай шайып өтуі керек. Лабораториялық жұмысты орындау алдында

қолданылатын ерітіндімен бюретканы 3 рет қайталап жуу керек, себебі

жуғанда судың тамшылары бюретканың қабырғаларында қалып қоюы

мүмкін, ол тамшылар ерітіндінің концентрациясын өзгертіп жібереді.

Бюреткаларды шайғаннан кейін штативке тігінен мықтап орналастырады

және сүзгіштің көмегімен 0 деңгейіне дейін толтырады.

Slide 20

Ерітінді барлық

бюретка көлемін қамту керек, әсіресе тҥтікшесін. Бюреткада ауа

көпіршіктері мүлдем болмауы керек. Түтікте ауа көпіршіктері қалмау үшін

кранды ашып қатты ағыспен ауаны ығыстырып шығарады. Төменгі жағы

резеңке түтікті болса қысқышын ағытып, ауа ығысқанша ұстайды. Содан

кейін 0 деңгейінен жоғары етіп ерітіндімен толтырып, сосын 0 деңгейімен

жайлап теңестіреді. Егер дұрыстап 0 деңгейіне келтірмесек есептеу дұрыс

шықпайды. Бюретканың сызығын дұрыс көру үшін артына ақ

қағаз немесе ақ қатты қағаз (5, 5 см) бекіткен жөн.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯДА
Химиялық талдау
Титрлеу түрлері
Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеу
ЕРІТІНДІНІ АРАЛАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ
ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Экономикалық талдау әдістері
Қаржылық талдау мақсаты және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz