ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯДАҒЫ ЛАТЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗЫ. ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР ЖҮЙЕСІ. ДЕФИНИЦИЯЛАР



Фармацевтикалық терминологиядағы латын тілінің маңызы. Түсініктер мен терминдер жүйесі. Дефинициялар

Жоспар
Фармацевтикалық терминологияға анықтама
Термин туралы жалпы түсінік
Дефиницияға анықтама
Басты фармацевтикалық терминдер
Фармацевтикалық терминологиядағы дәрілік заттың тривиалды атауы
Латын тілі
Латын тілінің тарихи дамуы
Фармацевтикалық терминологиядағы латын тілінің маңызы

Фармацевтикалық терминологияға анықтама
Фармация (грек. pharmakeіa - дәрі, дәріні қолдану) - денсаулық сақтау ісінің халыққа дәрімен көмек көрсетуді іске асыратын бір саласы. Фармацияның теориялық негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады.
Фармацияның аса маңызды негізін құраушы - фармацевтикалық терминология. Фармацевтикалық деген сөз гректің “pharmacon” (дәрі) сөзінен шыққан.
Терминология - белгілі бір өндіріс, қызмет немесе білім саласында қолданылатын терминдердің жиынтығы.
Фармацевтикалық терминология (гр. pharmakeia - дәрі-дәрмектің жасалуы және колданылуы) - медицина терминологиясының негізгі бір саласы болып есептелінеді.
Ол “фармация” жалпы атауымен біріктірілген бірқатар арнайы пәндердің терминдер жиынтығынан тұратын кешен.

Термин туралы жалпы түсінік
Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Жалпы термин, термин сөздер жөнінде нақты мыналарды айтуға болады:
Терминдер негізінен сөз немесе сөз тіркестері болады.
Терминдер негізінен тілдік бірліктер.
Термин - белгілі бір терминологияның мүшесі.
Термин деген ұғым аты.
Терминнің міндетті түрде дефинициясы болады.
Терминдер атауыштық қызмет атқарып, негізінен ғылым тілінде, белгілі бір арнаулы сала шеңберінде қолданылады.

Дефиницияға анықтама
Дефиниция - ұғымның немесе заттың нақты белгілерін және басқадай ерекшеліктерін мазмұнын логикалық нақты анықтау. Мынадай дефинициялар болады:
номиналдық (ол создің мәнін түсіңдіріп, оның қолдану аясын көрсетеді) ;
нақты (анықталатын нәрсенің мәнін сипаттайды) ;
дескрипциялық (нәрсені көрнекі түрде және мұмкіндігінше жан-жақты суреттейді) ;
генетикалық (нәрсенің шығу тегін және оның құрылу әдісін көрсетеді) ;
нақтылы (анықталатын нәрсені оның қарама-қайшылығымен, мүмкіндіндігінше диалектикалық қарама-қайшылығымен салыстырады) және т. б

Басты фармацевтикалық терминдер
Дәрі(medicamentum) - аурудың алдын алу, оны емдеу немесе анықтау үшін қолданылатын табиғи немесе синтетикалық зат.
Дәрілік зат- бір химиялық қосындыдан немесе химиялық элементтен тұратын дәрі.
Дәрілік өсімдік шикізаты- медицинаның пайдалануға рұқсат етілген өсімдік шикізаты.
Дәрінің түрі - өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затқа айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, экстракт, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля, ұнтақ т. б. ) .
Дәрілік препарат- нақтылы бір дәрілік түр күйінде дайындалған дәрі.
Әсер ететін зат- терапевтік, профилактикалық және диагностикалық әсер беретін дәрілердің компоненттері.
Біріктірілген дәрілер- бір дәрілік қалыпқа екі немесе одан да көп әсер етуші заттар кіретін дәрілердің үлкен тобы.
Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, адам тіндерінен, минералдан және синтез әдісімен алынған зат.
Дəрілік заттар пішіні - дəрілік затқа қолдануға ыңғайлы болу үшін берілетін пішін. Олар төмендегідей болып бөлінеді: Сұйық (ерітінділер, тұнбалар, қайнатпалар, сұйық экстрактілер, суспензиялар, микстуралар, эмульсиялар . . . ) Жұмсақ (сүртпе майлар, линименттер, пасталар, суппозиторилер, таяқшалар, пластырлер. . ) Қатты (ұнтақтар, капсулалар, таблеткалар, жиынтық дəрілік заттар, пилюлдер, болюстер, брикеттер . . . )

Фармацевтикалық терминологиядағы дәрілік заттың тривиалды атауы
Көптеген дәрілік заттар ретінде қолданылатын химиялық қосындылар өзінің қызметінде оларға химиялық номенклатурада берілген атауларын да сақтайды. Мысалы мырыш оксиді, салицил қышқылы және т. б. Бірақ көп жағдайда дәрілік заттар номенклатурасында химиялық қосындылар ғылыми, жүйелік атаулармен емес, тривиалдық атаулармен көрсетілген. Тривиалдық атаулар қысқа, қолайлы, тек кәсіби емес, жай қатынаста да ыңғайлы. Мысалы, анальгин - analginum, дибазол - dibasolum, димедрол - dimedrolum және тағы сондай.

Латын тілі
Латын тілі(Lingua Latina) өзінің атын Грекияда 3000 жылдар бұрын өмір сүрген латын тайпасының атынан алған. Латын тілі (лат. lingua latīna) - Латиум және Ежелгі Римде Италикалық Латиндер сөйлеген антикалық Италик тілі. [1] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz