Адам эмбриогенезі. Дамудың қауіпті кезеңдері
Презентация қосу
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПАТАЛОГИЯЛЫҚ АНАТО
МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КАФЕ
СӨЖ:
Адам эмбриогенезі. Дамудың
қауіпті кезеңдері.
Орындаған:
Қабылдаған:
Топ: ЖМ102А
ШЫМКЕНТ 2018
ЖОСПАР :
o І.КІРІСПЕ
o ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
o АДАМ ЭМБРИОГЕНЕЗІНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢДЕРІН БІЛУ
o ЭМБРИОГОНЕЗ САТЫЛАРЫ
o ДЕТЕРМИНАЦИЯ ЖӘНЕ ДИФФЕРЕНЦИРОВКА
o ҰРЫҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢДЕР
o ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
o ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
ЭМБРИОГЕНЕЗ (АҒЫЛШ. EMBRYOGENESIS, ГР. EMBRYON —
ҰРЫҚ, GENESIS — ШЫҒУ ТЕГІ) — ҰРЫҚТАНҒАННАН БАСТАП
ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАРЫП ШЫҚҚАНҒА НЕМЕСЕ ДЕНЕСІ ҚҰРСАҒЫНАН
ТУҒАНҒА ДЕЙІНГІ ҰРЫҚТЫҢ (ЭМБРИОННЫҢ) ДАМУ МЕРЗІМІ.
ЭМБРИОГЕНЕЗ — ЖАНУАРЛАР МЕН АДАМ ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ ЖЕКЕ
ДАМУ ПРОЦЕСІНІҢ (ОНТОГЕНЕЗІНІҢ) БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ.
ЭМБРИОГЕНЕЗДЕ ҰРЫҚ: ҰРЫҚТАНУ, БӨЛШЕКТЕНУ, ГАСТРУЛАНУ,
НЕЙРУЛАНУ, ГИСТОГЕНЕЗ, ОРГАНОГЕНЕЗ, СИСТЕМОГЕНЕЗ
КЕЗЕҢДЕРІНЕН ӨТЕДІ. ҰРЫҚТАНУ — АТАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ
ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫНАН БІРКЛЕТКАЛЫ
ОРГАНИЗМНІҢ (ЗИГОТАНЫҢ) ТҮЗІЛУ ПРОЦЕСІ. БІРЖАСУШАЛЫ
ҰРЫҚТЫҢ БӨЛІНУ АРҚЫЛЫ КӨПЖАСУШАЛЫ ҰРЫҚҚА (БЛАСТУЛАҒА)
АЙНАЛУ КЕЗЕҢІН БӨЛШЕКТЕНУ ДЕП АТАЙДЫ.
ОНТОГЕНЕЗ
ПАЙДА БОЛУЫНАН БАСТАП , ӨМІРІНІҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ӘРБІР
ОРГАНИЗМДЕ ӨТЕТІН БІР ІЗДІЛІ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ,
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖИНАҒЫ
ОНТОГЕНЕЗ (ГР «ONTOS» – МАҚҰЛЫҚ, ТІРІ ЖӘНДІК , «GENESIS» –
ПАЙДА БОЛУ ) ЯҒНИ ЖЕКЕ ДАМУ ДЕП АТАЛАДЫ .
ОНТОГЕНЕЗ
• ЭМБРИОНДЫҚ КЕЗЕҢ- АНАЛЫҚ
ЖАСУШАСЫНЫҢ ҰРЫҚТАНҒАНЫНАН
БАСТАЛЫП ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНГЕ
ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДІ АЙТАМЫЗ.
• ПОСТЭМБРИОНДЫҚ КЕЗЕҢ-
ТУЫЛҒАННАН КЕЙІН ЖАЛҒАСЫП
ОРГАНИЗМНІҢ ТАБИҒИ ӨЛІМІМЕН
АЯҚТАЛАТЫН КЕЗЕҢ.
ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ
• СПЕРМАТОГЕНЕЗ (ГРЕК, SPERMA — ШӘУЕТ, GENESIS — ШЫҒУ
ТЕК) — АТАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖАСУШАСЫ ҰЗЫНДЫҒЫ 70 МКМ.
ПІШІНІ ЖІП ТӘРІЗДІ.
БАСЫ МЕН ҚҰЙРЫҚ БӨЛІМІ АЖЫРАТЫЛАДЫ.
БАС БӨЛІМІНДЕ ЯДРОСЫ МЕН АКРОСОМАСЫ БАР.
ҚҰЙРЫҚ БӨЛІМІ 4 БӨЛІККЕ АЖЫРАТЫЛАДЫ:БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ,
АРАЛЫҚ, НЕГІЗГІ,СОҢЫ.
БҰЛ ПРОЦЕСС КЕЗЕГІМЕН ӨТЕТІН ТӨРТ КЕЗЕҢНЕН: КӨБЕЮ, ӨСУ,
ЖЕТІЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ТҰРАДЫ.
ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫСЫ
• ОВОГЕНЕЗ (OVOGENESIS, ЛАТ. OVUM — ЖҰМЫРТҚА, GENESIS —
ШЫҒУ ТЕГІ) — ЖҰМЫРТҚА ЖАСУШАСЫНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ.
ОВОГЕНЕЗ КӨБЕЮ, ӨСУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛУ КЕЗЕҢДЕРІНЕН ТҰРАДЫ.
КӨБЕЮ
КЕЗЕҢІНДЕ САРЫУЫЗ ҚАПШЫҒЫ ЭНТОДЕРМАСЫНАН АНАЛЫҚ
ЖЫНЫС БЕЗІ БАСТАМАСЫНА ҚАН АРҚЫЛЫ КЕЛІП ОРНАЛАСҚАН
АЛҒАШҚЫ ЖАС ЖЫНЫС ЖАСУШАЛАРЫ — ГОНОЦИТТЕР МИТОЗ
АРҚЫЛЫ КӨБЕЙІП, ОВОГОНИЯЛАРҒА АЙНАЛАДЫ.
ЭМБРИОГЕНЕЗ САТЫЛАРЫ
ҰРЫҚТАНУ — АТАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ
ЖЫНЫС КЛЕТКАЛАРЫНЫҢ ҚОСЫЛУЫНАН
ЗИГОТАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. АЛ БҰЛ ЖАҢА ОРГАНИЗМНІҢ БАСТАМАСЫ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
БӨЛШЕКТЕНУ- КӨПЖАСУШАЛЫ БІРҚАБАТТЫ ҰРЫҚ БЛАСТУЛА
ҚАЛЫПТАСУЫМЕН АЯҚТАЛАТЫН, ЗИГОТАНЫҢ ЖӘНЕ ОДАН ПАЙДА
БОЛҒАН БЛАСТОМЕРЛЕРДІҢ БІР ІЗДІ МИТОЗДЫҚ БӨЛІНУЛЕР .
ГАСТРУЛЯЦИЯ — ГАСТРУЛАНУ, ҰРЫҚТЫҢ ІШТЕГІ ДАМУЫ
БАРЫСЫНДА БЛАСТУЛА ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ОДАН ӘРІ КӨБЕЮІМЕН,
ӨСУІМЕН, ЖЕТІЛІП БАҒЫТТЫ ОРЫН АУЫСТЫРУЫМЕН ЖӘНЕ САПАЛЫ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖҮРУІМЕН СИПАТТАЛАТЫН
КҮРДЕЛІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОГЕНЕТИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС
ГИСТОГЕНЕЗ ЖӘНЕ ОРГАНОГЕНЕЗ ЖАПЫРАҚШАЛАР МЕН ТІНДЕР
БАСТАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Ұрықтану
• ГАСТРУЛЯЦИЯ — ГАСТРУЛАНУ, ҰРЫҚТЫҢ ІШТЕГІ ДАМУЫ
БАРЫСЫНДА БЛАСТУЛА ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ОДАН ӘРІ КӨБЕЮІМЕН,
ӨСУІМЕН, ЖЕТІЛІП БАҒЫТТЫ ОРЫН АУЫСТЫРУЫМЕН ЖӘНЕ САПАЛЫ
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖҮРУІМЕН
СИПАТТАЛАТЫН КҮРДЕЛІ БИОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МОРФОГЕНЕТИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС.
• ЭМБРИОГЕНЕЗДІҢ ГАСТРУЛЯЦИЯ КЕЗЕҢІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕРІНДЕ
БЛАСТУЛАНЫҢ БІРҚАБАТ ЖАСУШАЛАРЫНАН ТҰРАТЫН
БЛАСТОДЕРМАДАН ЕКІ ҚАБАТ ҰРЫҚ ЖАПЫРАҚШАЛАРЫНАН
ҚҰРАЛҒАН ҰРЫҚ — ГАСТРУЛА ДАМИДЫ. ОНЫҢ СЫРТҚЫ ҰРЫҚ
ЖАПЫРАҚШАСЫ — ЭКТОДЕРМА (ГРЕК, EKTOS — СЫРТҚЫ; DERMA —
ҚАБЫҚ, ТЕРІ), ІШКІ ҰРЫҚ ЖАПЫРАҚШАСЫ
- ЭНТОДЕРМА (ГРЕК,ENDON - ІШКІ ЖӘНЕ ҚАБЫҚ). ГАС
ТРУЛЯЦИЯНЫҢ СОҢҒЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЭКТОДЕРМА МЕН
ЭНТОДЕРМАНЫҢ АРАЛЫҒЫНДА ХОРДОМЕЗОДЕРМАЛЫҚ ӨСКІН
ЖЕТІЛІП, КЕЙІНІРЕК ОДАН ХОРДА ЖӘНЕ МЕЗОДЕРМА (ГРЕК, MESOS
— АРАЛЫҚ, ОРТАҢҒЫ ЖӘНЕ ҚАБЫҚ) ДАМЫП ЖЕТІЛЕДІ.
• ГАСТРУЛАНЫҢ ДАМЫП ЖЕТІЛУІ БЛАСТУЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ. СОНДЫҚТАН, ӘРТҮРЛІ ЖАНУАРЛАРДА ГАСТРУЛЯЦИЯ
ПРОЦЕСІ ТҮРЛІШЕ ЖҮРЕДІ. ГАСТРУЛЯЦИЯНЫҢ ТӨРТ ТҮРІ
АЖЫРАТЫЛАДЫ: ИНВАГИНАЦИЯ — ҚЫНАПТАНУ, ЭПИБОЛИЯ —
ҚАПТАП ӨСУ, ИММИГРАЦИЯ — ІШКЕ КӨШУ, ДЕЛАМИНАЦИЯ —
ЖАСУШАЛАР ҚАБАТТАРЫНА ЖАРЫЛЫП АЖЫРАУ
Гаструляция
1-бластула; 2-гаструла
Адам эмбрионгенезінің ағашқы апталары
ҰРЫҚТЫҚ ДАМУДАҒЫ ҚАУІПТІ
КЕЗЕҢДЕР
• Дамудың қатерлі кезеңдері
• Онтогенездің даму барысында, әсіресе эмбриогенезде дамушы жыныс жасушалары мен
ұрықтың жоғарғы сезімтал кезеңдері байқалады. Оған ең алғаш назар аударған
австриялық дәрігер Норман Грегг (1944). Орыс эмбриологы П.Г Светлов (1960) дамудың
қатерлі кезеңдері теориясын ұсынып, оны эксперименталды түрде тексерген. Ұрықтық
дамудың кезеңінде және олардың мүшелерінің қалыптасуында күрделі сапалық қайта
құрулар жүреді. Жасушалардың детерминация, пролиферация және дифференцировка
процестері кезінде ұрық зиянды әсерлерге өте сезімтал келеді. Ұрықтың дамуына
зиянды әсер ететін факторлар тератогендік (лат. teras – ақаулар) факторлар деп
аталады.
• Қатерлі кезеңдер туралы түсінік. Қатерлі кезеңдер деп әр түрлі зақымдағыш
факторлардың әсеріне ұрық дамуының ең сезімтал кезеңдерін айтады. Басқаша айтсақ,
бұл сыртқы орта факторларының әсеріне ұрық резистенттігінің (төзімділігінің) ең төмен
кезеңдері. Қатерлі кезеңдерде зақымдаушы экзогендік факторлар химиялық заттар,
дәрі-дәрмектер, рентген сәулелері, гипоксия, наркотиктер, никотин, вирустар және т.б.
болуы мүмкін. Бірақ, ұрық кез-келген кезеңдерде барлық зақымдаушы факторларға
бірдей сезімтал емес. Бір кезеңде ол температуралық әсерлерге сезімтал болса,
басқасында химиялық әсерлерге сезімтал болады. Дамушы мүшелер мен жүйелердің
арасында бас миының алатын орны бөлек. Плаценталық барьер арқылы өтетін
химиялық заттар мен дәрі - дәрмектер жүктіліктің алғашқы айында ұрық үшін өте
қауіпті. Себебі олар метаболизденбейді және тіндер мен мүшелерде жоғары
концентрациялы күйде жинақталады. Наркотиктік заттар жүйке жүйесінің дамуын
бұзады. Вирустар дамудың ауытқуларын тудырады, тіпті құрсақ ішілік өлімге алып
келеді. Ауытқулар мен кемтарлықтың алдын алу үшін бұл заңдылықтар жүкті әйелдер
мен дәрігерлердің назарларынан тыс қалмауы тиіс.
• Ауытқулар мен кемтарлықтың себебі – детерминация процестерінің
бұзылуы. Қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды, тыныс
алуы күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған белоктар синтезделеді. Сонымен бірге,
ұрықтың өсуі қарқынды баяулайды, бірақ сапалы қайта құрылу ұлғаяды. Осы мәліметтерді
талдап көрсек, қатерлі кезеңдер жеке мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің
детерминациясы, морфологиялық дифференциялану кезеңдері басталуына сәйкес келеді.
• Адам ұрығы дамуының қатерлі кезеңдері. Әйгілі орыс эмбриологы П.Г.Светлов
адамның эмбриондық дамуында үш қатерлі кезеңді көрсетеді:имплантация (ұрықтанудан
кейін 6-7 тәулік), плацентация (жүктіліктің екінші аптасының соңы) және перинаталдық
(ананың босануы, нәрестенің дүниеге келу уақыты) кезең. Ұрықтың сезімталдығы тіршілік
ету жағдайларының өзгеруіне байланысты және организмдегі барлық мүшелер жүйесіндегі
(қан айналу, тыныс алу, қоректену және т.б.) қайта құрылуларға сәйкес келеді.
Имплантацияда ұрық жатыр қабырғасына еніп, шұңқыр пайда болады. Ол аналық тіннің
бұзылған өнімдерімен толтырылады. Жүктіліктің алғашқы екі аптасында ұрық осы
шұңқырдағы қоректік материалды (гистиотрофтық қоректену типін) пайдаланады.
Плацентацияда ұрық пен ана арасында тығыз байланыс қалыптасады, ұрықтың қоректенуі,
тыныс алуы анасының қаны арқылы (гематотрофтық қоректену типі) жүреді. Перинаталдық
туылу кезеңінде нәресте анасының жатырынан сыртқы ортаға шығады, өздігінен тыныс
алады, қоректенеді, зәр шығарады және т.б. автономдық тіршілік ету процестері басталады.
• Жалпы қарастырғанда адам онтогенезінің бірнеше қатерлі кезеңдері атап кетуге болады: 1)
жыныс жасушаларының дамуы - овогенез және сперматогенез; 2) ұрықтану; 3)
(имплантация ұрықтанудан кейін 6-7 тәулік), 4) мүшелердің білік бастамаларының дамуы
және плацентаның қалыптасуы (дамудың 3-8-ші аптасы); 5) бас миының қарқынды өсу
стадиясы (15-20-шы апта); 6) организмнің негізгі функциялық жүйелерінің қалыптасуы
және жыныстық аппараттың дифференциялануы (20-24-ші апта); 7) нәрестенің дүниеге
келуі; 8) нәрестелік (1 жасқа дейін); 9) жыныстық жетілуі (11-16 жас).
• Гистогенез және органогенез
• Ұрықтық жапырақшалар мен мезенхиманың түрленуі 2-ші
аптаның соңында, 3 - ші аптаның басында басталады.
Жасушалардың бір бөлігі ұрықтың тіні мен мүшелерінің
бастамасына, ал басқасы ұрықтан тыс мүшеге айналады. (1
сызба).
• Тіндік және мүшелік бастамалардың пайда болуына әкелетін
ұрықтық жапырақшалар мен мезенхиманың дифференциялануы
бірдей болмайды. Тіндік бастаманың қалыптасуы детерминация
мен коммиттациялану процестеріне негізделген.
• Детерминация – жасушалар мен тіндердің дамуының
генетикалық бағдарланған ? жолы. Оның негізіне аРНҚ мен
белоктардың синтезінің ерекшелігін анықтайтын гендердің
репрессиялық және депрессиялық тұрақты өзгерістері жатады.
Детерминациялану эмбриогенезде бірден пайда болмайды.
• Коммитациялану – жасушалардың даму жолдарының шектелуі.
Ол бір ізділікпен орындалады: алдымен геномның үлкен алаңы,
ал кейіннен неғұрлым жеке қасиеттері өзгереді.
Адамның жатарішілік дамуы екі кезеңнең тұрады: эмбрионалды және феталды.
1. Эмбрионалды кезең. Ұрықтанудан бастап 2-айдың соңына дейін
созылады. Осы кезеңде нерв, қан тамыр, жүрек-қан тамыр, асқорыту, бөліп
шығару, эндокрин жүйелері және денесі, бас, бет бейнелері, аяқтары пайда
болады. Ұрық осы кезеңде зиянды факторлардың әсеріне сезімтал ұрықтың
тұңғыш "қауіпті" кезеңі имгілантациямен сәйкес келеді, 2-3-7 апталық және 9-12
апталық жүктілікте.
2. Феталды кезең. 3-айдың басынан босанғанға дейін созылады. Бұл кезеңце
ұрықтез өсіп, жүйелері мен мүшелері дамып жетіледі. Ұрықтың дамуы ана
органнзмімен тығыз байланысты.
Жүйке жүйесі өте ерте жетіледі, жатырішілік кезеңнің 1-аптасында.
Эндокриндік жүйе. Гипофиз, аналық без, бүйрек үсті безі, қалқанша безі,
ұйқыбез жатырішілік кезеңнің I-II-ші айларында пайда болады. Жүктіліктің I
жартысында (АКТГ) түзіледі. Жүктіліктің 4-айында иодтың көптігі байқалады,
ұрықтың өсіп дамуына маңызы зор. Сонымен қатар, жүктіліктің I жартысында
жыныс бездері дамып жетіледі. Олардың дамып, өсуіне эстроген
гормондарының әсері көп, ол ана организмінен ұрық қанына өтеді.
Үрық қаны. Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден, түңғыш рет сарғылт
куықта, 5-6 апталық жүктілікте бауырда пайда болады. Жүктіліктің үш айының соңында
сүйек миында, жүктіліктің 4 айында көк бауырда қан қорыту функциясы басталады.
Құрықтың өсіп-дамуымен бірге қанның гемоглобині, қызыл, ақ түйіршіктері жоғарылайды.
Жүктіліктің II жартысынан бастап қанның үю жүйесі қалыптаса бастайды.
Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық жатыр қуысына еніп (имплантация), ананың
тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі аркылы оттегімен коректенеді.
Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері: сарғаю, аллантоидты, плацентарлы кезеңдер.
1. Сарғаю өте қыска кезең, ұрықтың екі жұмалығына дейін ғана созылады.
2. Аллантоидты қан айналым жүйесі ұрықтың екі айынан басталады, ұзақтығы сегіз жұма.
Осы кезеңде ұрықта оттегі, қоректену заттары ұлғаяды.
3. Плацентарлы қан айналым жүйесі ұрықтың үш тәрт айынан басталады, жұктіліктің
соңыңда толық дамиды
Нәресте құрсақ ішінде өсуінде суда болып, сырткы демалысы болмайды. О2 онын
ұлпасы мен клеткаларына О2 көп ана қанымен келеді. Газ алмасу тек плацентарлық
қанайналысымы арқылы болады. Плацента нәрестеге «өкпе» ретінде кызмет аткарады. Ана
құрсақ ішіндегі балаға сыртқы орта болады физиологиялық ағыстағы жүктілікте дені сау
әйелдің организмінде нәрестенің газ айналысына қолайлы жағдай жасалынады. Нәресте
өскен сайын жалпы зат алмасу, оның ішінде плацента арқылы газ алмасу ана мен бала
арасында өседі.
• Бала организміне негізгі бір заңдылықпен ұдайы жүріп
отыратын, өсу және даму құбылысы тән болып келеді.
Бала туылғаннан кейін жасына байланысты тиісті
кезеңдерден өтеді.
• Күнделікті жұмыста қолдану үшін, барлық балалық шақ
төмендегідей болып бөлінетін, Н.П. Гундобин ұсынған
жоба ыңғайлы болып келеді.
Құрсақ ішінде (жатыр ішінде) даму кезеңі 2 сатыдан
тұрады:
• Эмбриондық даму сатысы (алғашқы 2-3 ай).
• Плацентарлық даму сатысы (3 айдан туғанға дейін).
Эмбриондық даму кезіндегі өзгешеліктер
• Имплантация кезеңі. Ұзақтығы 40 сағат, демек 2 тәулікке созылады.
Кейде бұл екі кезең қосылып кетеді, өйткені бұлардың медико-
биологиялық маңызы өте зор. Бұл уақытта ұрықтанған клеткалардың
50-70 % дамымай қалады, ал тератогенді факторлар, әсіресе
күштілер тобына жататындар, ұрықтың өміріне қатар туғызатын
пaтологияға душар етеді (аплазия және гипплазия), немесе
хромосомдық абберациясына, ия гендер мутациясына байланысты
ауыр кемістіктер (ақаулар) пайда болуына әкеліп соқтырады.
• Эмбрионалды (ұрықтық) кезең – ұзақтығы 5-6 аптаға созылады. Бұл
кезеңнің негізгі ерекшелігі болашақ баланың барлық ішкі
мүшелерінің пайда болуы және олардың дамуы (органогенез) болып
табылады. Сондықтан тератогендік факторлардың (ішкі және
сыртқы) әсері ауыр және диспластикалық (кері даму) кемістіктердің
пайда болуына әкеліп соқтырады. Құрсақ ішінде дамудың 3-7 апта
арлығындағы мерзім ең қауіпті кезең болып табылады. Баланың
ерекшеліктерін зерттеу және оны қорғауға бағытталған жұмыстарды
осы кезеңнен бастау керек.
• Неофеталды немесе эмбриофеталды кезен. Ұзақтығы 2
аптаға созылады. Бұл кезеңде плацента (баланың жолдасы
– баланың орны) құрылады да, көптеген мүшелердің
(орталық жүйке жүйесінен басқасының) толық құралып
болуымен сай келеді. Бұл кезең өте маңызды мезгіл болып
келеді, өйткені плацентаның дұрыс құрылуы, демек
плацентарлық қан айналымның дұрыс болуы, болашақ
іштегі нәрестенің, сайып келгенде болашақ баланың,
қарқынды өсуіне тікелей әсерін тигізеді.
• Фетальді кезең. Ұзақтылығы 9 аптадан туғанға дейін
есептелінеді. Бұл кезең 2 кезеңшеге бөлінеді:
Ерте фетальді кезеңше (9 аптадан 28 аптаның соңына
дейін),
• Кеш неонатальды (нәрестелі) кезең - өмірінің 8-ші күнінен
бастап 28 күнге (1 айға) созылады.
• Жаңа туған кезеңде балада өкпемен тыныс пайда болып, құрсақ
іші гемодинамикалық жолдарының жабылуына (артериялық
өзектің және сопақша тесіктің) және өкпе тамырларында қан
айналымының артуына және энергия алмасуымен
терморегуляцияның өзгеруіне байланысты кішкентай қан айналу
шеңбері жұмыс жасай бастайды. Бұл кезеңге барлық жүйелер
мен мүшелердің, әсіресе орталық жүйке жүйесінің, толық
жетіспеушілігі сай болып келеді. Бұл кезеңнің ерекшелігіне,
шекаралық жағдай деп аталатын, патологиямен шектесіп,
көптеген әрекеттік өзгерістер жатады. Жаңа туған нәрестеде
кейбір жүйелермен мүшелердің ақаулары, туылу құбылысының,
құрсақ ішінде тұншығу (асфиксия) әсерлерінің белгілері, миға
қан құйылу, сал (паралич) және салдану (парез), нәрестенің
гемолитикалық ауруы, токсоплазмоз, ұшпа, грипп; жас
нәрестелер қарсы күресе алмайтын, кіндік қалдығының
қабынуына, сепсис ауруына жиі шалдығуына ықпалын тигізеді.
Әр түрлі факторлардың әсерінен сезімтал онтогенездің
кезеңдерін- қауіпті, ал зиян келтіретін факторларды-
теротегенді факторлар да.
Адам эмбриогенезі 3 қауіпті кезеңдерге ажыратылады:
1. имплантация- эмбрионның жатырдың кілегей қабатына
енуі(ұрықтанғаннан кейін 6-7 тәул.)
2. плацентация-плацентаның түзілуі(ұрықтанганнан кейін 14-
15тәул.)
3. туылуы(39-40апта).
Тератогенді факторлардың әсері дамудың бірінші қауіпті
кезеңін имплантацияның кеш өтуіне, ұрықтың ерте өліміне
әкеледі.
Екінші қауіпті кезеңдегі зиянды әсерлер туа біткен кемтарлықтарға әкеледі.
Гаметопатия – бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы потологиялық өзгерістер. Бұл
өзгерістерге спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.
Бластопатиялар – ұрықтанудан кейінгі алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның
зақымдалуы. Осы кезеңде зақымдану факторының әсеріне ұрықтың жауап беру
«барлығы немесе ештеңе» принцпімен, яғни ұрық тіршілігін жояды немесе
репаративтік қабілеті жоғары болса әсер еткен факторларды «сезбей» ары қарай
дамиды. Бір қатар жағдайларда осы кезеңдегі ұрықтарда бластопатиялар деп
аталатын потологиялық өзгерістер кездеседі:
-симетриялық не ассимметриялық егіздер ақаулығы(толық не толық емес ажырыған
егіздер)
-сиреномиелия және циклопия
-жатырдан тыс жүктілік
Жүктіліктің алғашқы 15-тәул.ұрықтың шетінеу жиілігі өте жоғары болады же
барлық ұрықтанған жұмыртқаның 35-50% құрайды.
Қорытынды
• Жүктілік физиологиясы Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі
өзгерістер. Қауіп факторларын анықтау. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес
қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету.
• Жүктілік кезіндегі тексеру әдістері. Жүктілікті ерте және кеш
мерзімінде диагностикалау. Жүкті әйелді сыртқы және ішкі
акушериялық тексеру. Акушериядағы тексерудің заманауи қосымша
әдістері. Ұрық жағдайын антенатальды бағалаудың негізгі әдістері.
• Жүктілік патологиясы. Жүктілерде перинатальды және ана өлімі қауіп
факторларын бағалау. Жүктіліктің типті асқынулары (жүктілік
кезіндегі қан кетулер, жүктілікке байланысты гипертензиялар). Ерте
токсикоздар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялар. Жүктілікке
байланысты гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі туралы
заманауи көзқарастар. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың
жіктемесі. Жүктілікпен байланысты гипертензиялардың ауырлық
дәрежесін бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер
• Гисталогия ,Цитология и Эмбриология.
О.В.Волкова,Ю,К Елецкий. М,
Медицина,1996г
• Эмбриология негіздері Т.Ж. Умбетов, Т.Ж
Бірімов, Ақтобе,1996 ж
• Основы гисталогии полости рта и зубов
Р.И.Юй Алматы 1996г
• Основы частной гисталогии О.Д.Мяделяц.
Москва 2002г
• Атлас по гистологии и эмбриологии
.И.В.Алмазов,Л.С Сутулов Москва 1978 г .
Изд Медицина
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz