Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері ) туралы



Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицна академиясы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері(типтері)
Орындаған:
Тобы: 102 «А» ЖМ
Қабылдаған:.
Шымкент-2018
ҚАЛЫПТЫ АНАТОМИЯ КАФЕДРАСЫ

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Анатомияның негізгі зерттеу әдістері
б) Дене бітімінің түрлері
д) Антропометрия
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер

Тірі кезінде зерттеу әдісі
Өлгеннен кейінгі зерттеу әдісі
Микроскопиялық зерттеу әдісі
Эксперименттік зерттеу әдісі
АНАТОМИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:

АДАМНЫҢ ТІРІ КЕЗІНДЕГІ АНАТОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:
Антропометрия - дененің бөліктерін өлшеу, бойы, салмағы.
Рентгеноанатомия (рентгенография, томография, электроренгенография) - рентген сәулесімен пленкаға түсірілген ағзалар суреттері.
Эхолокация (УЗИ) - ультра дыбыстық зерттеу әдістері. -
Компьютерлік томография (КТ) - мүшенің пішіні, орналасуы және орналасуының өзгеруі анықталады.
Магнитно-резонанстық томография (МРТ) - ағзалардың ішкі құрылысын әртүрлі жазықтықта арнайы магниттік қондырғылармен терең зерттеу.
Эндоскопия - ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал - эндоскоппен тексеру.
Соматоскопия - тірі адамдар денесіндегі анатомиялық құрылымдарды көзбен анықтау және басып сипап табу.
Функционалдық әдістер - тірі адамда пальпация (басып сипау, түрткілеу), перкуссия (саусақпен соғу), аускультация (тыңдау) .

АДАМНЫҢ ӨЛГЕННЕН КЕЙІНГІ АНАТОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Препараттау -мүрдені кесу және жару арқылы ішкі ағзаларды, тамырлар мен нервтерді айналасындағы ұлпалардан бөліп алу.
Сипаттау - мүрдені препараттау кезінде ағзалардың түсін, пішінін, бөліктерін және топографиялық құрылысын сипаттау.
Мүрдені немесе жеке ағзаларды арнайы сұйықтықтармен қатыру (бальзамдау, фиксациялау) - формалинмен, спиртпен.
Төменгі температурада қатырылған дененің немесе ағзалардың кесіндісін Пирогов әдісімен дайындау.
Инъекция әдісі- тамырларға, өзектерге, қуысты мүшелерге әр түрлі сұйықтық заттарды енгізу.
Коррозия әдісі -мүшелердің ұлпаларын еріту үшін әр түрлі қышқыл және сілтілермен әсер ету.
Полимерлік бальзамдау немесе пластинация - медициналық полимерлік заттармен (Силикон) мүрдені және ағзаларды қанықтырып сіңдіру.
Кептірілген анатомиялық препаратттар - мүрдені және ағзаларды желдетілген ыстық ауамен кептіру (Грубер және Шор әдісімен) .

МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Бояу (гистологиялық) әдісі - әр түрлі құрылымдардың (нерв, бұлшықет ұлпаларының) бояуларға боялу қасиетінде негізделген (күміс тұздары, анилин бояуы, фуксин, метилен көк т. б) .
Гистотопография - дененің бөліктерінің немесе ішкі ағзалардың кесіндісі жасалынады, бояалады және полимерге немесе қататын массаға салып бекітіледі.
Жарық және электрондық микроскопия.
Контакты микроскопия.

ЭКСПЕРИМЕНТТІК (ТӘЖІРИБЕЛІК) ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Жәндіктерге (егеуқұйрық, ит, мысық т. б. ) тәжірибе жүргізу арқылы ақзалардың құрылысы, топографиясы және қызметі зерттеледі;
әртүрлі аурулар немесе улану кезіндегі ағзалардың өзгерістері анықталады;
әртүрі дәрілердің ағзаларға әсері зерттеледі.


Антропометрия.
Бұл саладағы зерттеу әдістері тек арнайы құрал саймандар арқылы жүргізіліп, сантиметр, миллиметр өлшемдерімен анықталады. Адамның бой биіктігі, қол мен аяқ ұзындықтары, дене пропорциялары, бас пен бет бөлімдерінің көптеген өлшемдері арнайы өлшем құралы (циркуль) арқылы анықталады. Негізінде барлық антропометриялық өлшемдер адамның табиғи морфологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға бейімделіп, шартты түрде қабылданған антропологиялық нүктелер бойынша алынады. Онда әрбір нүктелердің атаулары латын әрпімен белгіленген. Бас пен бет бөлімдерінің жалпы өлшеу саны мен оның көрсеткіштерін қосқанда 20-дан артық атаудан тұрады.

Антропометриялық зерттеулерде бас пен бет формаларының ерекшеліктерін дұрыс сипаттау үшін мамандар арнайы қабылданған анатомиялық қағидаларға сүйенеді. Солардың біріне басты табиғи нормада, яғни франкфурт (неміс) горизонталында ұстау болып саналады. Бұл қағида бас пен бет формаларын табиғи нормада алдынан, жанынан т. б. түрлер бойынша дұрыс қарауға мүмкіндік туғызады. Ғылыми әдебиеттерде көп тараған бас анықтамасының біріне бас көрсеткіші жатады. Осы көрсеткіштің принциптеріне орай барлық бас формасы үш түрге бөлінеді: долихокефалия, яғни сопақ бас (көрсеткіші төменнен 75, 9-ға дейін), мезокефалия, яғни орта жалпақ бас (көрсеткіші 76, 0-ден 80, 9-ға дейін) және брахикефалия, яғни жалпақ (жұмыр) бас (көрсеткіші 81, 0-ден жоғары) . Осы сияқты көрсеткіштерді бет пен мұрын формаларын сипаттау үшін де кең пайдаланады.

Дене бітімі (конституция) . Жоғарыда айтындалған организм деген жалпы ұғым нақты организм немесе индивидум туралы ұғыммен байланысты мазмұнды тұтас бере алмайды, ал анатомияны зерттегенде, сондай-ақ дәрігер науқасты емдегенде организмді жете білуге тура келеді. Дене бітімі деп әдетте белгілі бір әлеуметтік табиғи жағдайларда қалыптасатын және организмнің түрлі (соның ішінде потологиялық та) әсерге реакциясынан көрінетін, нақтылы адамға қатысты дара физиологиялық және морфологиялық ерекшеліктер жиынтығын айтамыз. Бұл жиынтықтың негізгі өзегі деп бұрынғы ұрықтардан алынған бірқатар тұқым қуалайтын қасиеттер есептеледі. Сондықтан әрбір индивидум оның дене құрылысынан көрінетін (тұқым қуалайтын) және сыртқы (сөздің мағынасындағы қоршаған орта) факторлардың бірлігі болып табылады.
Ересек адамдар (20-60 жас) дененің орташа ұзындығы ерлерде 165 см, әйелдерде 154см. Дененің ұзына бойы өсуі ер адамдарда 18-19, әйелдерде 16-17 жаста тоқтайды. Дененің пропорциясы жас пен жынысқа байланысты. Құрсақтағы нәрестенің дамуы процесінде алдымен оның денесінің жоғарғы бөлімдері тезірек өседі. Ал туғаннан кейін төменгі бөлімдері жылдам өседі. Міне сондықтан туғаннан кейін бастың биіктігі тек 2 есе, ал тұлғаның ұзындығы 3 есе, қолдыкі 4есе, аяқтікі 5 есе өседі.

Денесінің сыртқы құрылысына белгілі бір ішкі құрылысы сәйкес келеді.
Осындай корреляцияның арқасында дененің сыртқы құрылысына қарап ішкі құрылысының ерекшеліктерін елестетуге болады. Дәл диагноз қою үшін сол нақты адамның денеқұрылыс типін ескеру маңызды. Денеқұрылыстың үш типін бөліп көрсетеді.
1. Долихоморфты -биік немесе ортадан биіктеу бойлы, тұлғасы біршама қысқылау, көкірек шеңбері тарлау, орта немесе қушық иықты, аяқтары ұзын, жамбасының көлбеу бұрышы кішкене.
2. Брахиморфты - орта немесе ортадан аласалау бойлы, тұлғасы біршама ұзындау, көкірек шеңбері үлкен, біршщама кең иықты, аяқтары қысқа, жамбасының көлбеу бұрышы үлкен.
3. Мезоморфты - орта, аралық денеқұрылыс типі.

Норма және аномалиялар. Адам организмі қалыптасу процесінде өзін қоршаған ортаға бейімдеді. Соның нәтижесінде организм мен сыртқы дүниенің нақтылы жағдайлары арасында белгілі бір тепе теңдік орнайды.

Организмнің белгілі бір морфологиялық және функциональдық ерекшеліктері арқасында орныққан бұл тепе теңдік норма деп белгіленеді де, ал соған сейкесті дене құрылысы қалыпты (нормальды) деп есептеледі. Организмге сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі факторлары әсер ететіндіктен, оның және жекелеген мүшелері мен жүйелерінің құрылысы варианттанады, бірақ нормадағы бұл варианттанушылық ортамен арадағы қалыптасқан тепе теңдікті бұза алмайды. Осылайша, норма дегеніміз, метафизика есептегендей, қатып қалған, өзгермейтін нәрсе емес, ол алуан түрлі және жиынтығында организмнің тұқымқуалаушылығына да, және де сыртқы орта факторларына да байланысты дара өзгергіштігін құрайтын көптеген құрылыс варианттарынан тұрады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz