Тері




Презентация қосу
Тері
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат-
міндеттері
Ақпараттық құзіреттілік- студенттерге тері, оның
құрылысы және атқаратын қызметтері туралы, сонымен
қатар тері аурулары туралы білім беру.
Коммуникативті құзіреттілік- әңгімелесу, электрондық
оқулық, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып сабаты
түсіндіру.
Проблеманы шешу- тері тақырыбы төңірегінде
туындайтын және тері ауруларына байланысты
туындайтын проблемаларды өз беттерімен шешуге
тәрбиелеу
І. Қ
ұры
лы змет і
сы ІІ. Қ ы

Тері ІІІ.
а р ы Гиг
ІV. Аурул ие нас
VІ ы
ер і .Ш
рл ын
ат тү ық
ар ақ ты
V. Ж ру
Тері
қабаттары

Терінің
қосалқы
түзінділері
Сыртқы қабат –
эпидермис

Нағыз тері –
дерма қабаты

Шел қабаты
Тері – дененің сыртқы жабыны. Тері
негізгі үш қабаттан тұрады. Сыртқы
қабат, нағыз тері қабаты және шел
қабаты.

1. Сыртқы қабат – эпидермис
көпқабатты эпителий ұлпасынан түзілді.
Оның терең қабатында пигмент
болады, терінің түсі осыған байланысты Эпидермистің
қалыңдығы барлық жерде бірдей болмайды.
Ол қысым көп түсетін және көп үйкелетін
жерлерде (алақанда, табанда ) қалыңдау
болады.Ол үнемі түлеп, тереңірек орналасқан
жасушалардың есебінен жаңарып отырады.
Эпидермис өлі, мүйізденген жасушалардан
тұрады. Балалардың тері эпидермисі өте жұқа
болады.
2. Ортаңғықабаты – дерма
немесе нағыз тері орналасқан.
Онда жүйке талшықтарының ұштары мен
қан тамырларының жиі торы орналасқан.
Балалар мен жасөспірімдерде нағыз
тері қабаты 16 жасқа дейін өседі.
Бұнда көптеген рецепторлар, май
және тер бездері, түк түбірі орналасады.
3. Шел қабаты – терінің ең терең қабаты.
Ол жұмсақ дәнекер ұлпасынан және
жасушалардың шоғырынан тұрады. Ол
“төсеніш” қызметін атқарады. Қоректік
заттардың және энергияның “қоймасы”
болып есептеледі.
Май бездері – нағыз теріде түк түбірлерінің
маңында орналасады. Алақан мен табанда
мүлдем болмайды. Адам тәулігіне 20 гр
дейін май бөледі. Ол теріні құрғап кетуден,
жарылудан сақтандырып, шаш-түкті жұмсар-
тып оған жылтыр рең береді.

Тері бездері - нағыз терінің терең қабатын-
да және шел қабатында болады. Олар
шумаққа оралған түтікшелер болып табы-
лады. Тері бездерінде терінің бетіне бөлініп
шығатын тер түзіледі. Олар табанда, ала-
қанда көп болады. Әдетте тер аздаған
мөлшерде бөлініп отырады да , сол сәтте
терінің бетінен буланып отырады. Қоршаған
ортаның температурасы жоғарылағанда
немесе қызу дене еңбегі кезінде тер бөліну
күшейеді.
Тердің химиялық құрылысы
Шаш-түктер – бұл тері түзінділері. Олар
алақанда табанда және кілегейлі қабықша-
дан басқа адамның бүкіл терісін жауып
жатады. Олар терінің бетінде көлбеу орна-
ласқан. Әрбір шаш-түктің түбірі мен өзегі
болады. Түбір түк қалтасында орналасқан.
Кез-келген шаш-түкте бірыңғай салалы
бұлшықет талшығы, эфференттік жүйке
ұштары және қан тамырлары болады.

Тырнақ тері түзінділері. Ол жұқа мүйізденген
пластинка болып табылады. Ол тырнақ
ернеуінде орналасқан және дәнекер ұлпаны
талшықтар арқылы саусақтың тырнақ
буынымен тығыз байланысқан.Тырнақ саусақ
басын зақымданудан сақтайды.
Қорғаныштық

Жылу реттеу
Қорғаныштық Тері барлық ұлпалар мен мүшелерді
механикалық зақымданудан сақтандырып, ағзаға
бөгде заттардың, ауру тудыратын микроағзалардың енуіне жол
бермейді. Тірі ағзаны өтпе сәулелердің артық мөлшерінің зиянды
әсері-
нен қорғайтын қоңыр пигмент жасап шығарады. Теріде
балалардың мешел ауруының дамуына кедергі жасайтын Д
дәрумені түзіледі.
Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуды қабылдайтын
әртүрлі рецепторлар болады. Олар адамды жарақаттанудан,
күюден, үсуден сақтайды.Тері сезімталдығы ағзаның қоршаған
ортамен өзара байланысында маңызды роль атқарады. Тері
сезімталдығынан айырылса, адам көп жарақаттанады, себебі
ешнәрсені сезбейді. Сонымен қатар терінің бактерияны жою
қабілеті бар. Таза тері микроағзаларды жоятын зат –лизоцим жасап
шығарады.
Жылу реттеу Тыныс алу
Терминдермен
жұмыс

Эпидермис – терінің сыртқы өлі
жасушалар жиынтығынан тұратын қабаты.

Эпителий – терінің сыртқы эпидермис
қабатын құрайтын ұлпа.
Дерма - (грек. derma – тері) тері деген
мағынаны білдіреді.

Дерматология (грек. derma – тері
және logos – ілім) – терінің анатомиясын,
гистологиясын, физиологиясын, тері
ауруларының себептерін, оларды
анықтау, емдеу және алдын алу
тәсілдерін зерттейтін медицинаның бір
бөлімі.
Дерматолог- тері ауруларын
емдеумен айналысатын дәрігер.

Лизоцим- терінің микроағзаларды
жоятын ерекше заты.
Туганова Жумазия Байбактиевна

Орал қалалық тері-венерологиялық диспансерінің
маманы
Ауру
түрлері
Ауру тудыратын

микроағзалар
аллергия
генитальді герпес
Белдеулі герпес

Сау тері
Жазық терінің
экзема
теміреткісі

Терінің саңырауқұлақ
фотодерматит Қабыршақты теміреткі ауруы
Гигиенасы
Жарақат түрлері

Күйік Ыстықтың
Үсік өтуі
Күйік ыстықтан, қайнаған су мен қызған
темірден, оттан және химиялық заттардан
болады. Күю таралу дәрежесі мен зақым-
дану тереңдігіне байланысты төртке
бөлінеді.
І дәрежелі күюде зақымданған жердің
терісі қызарып, онда ептеген домбығулар
пайда болады.

ІІ дәрежелі күюде қызарған жерлерде
сарғыштау мөлдір сұйықтыққа толған
көпіршіктер пайда болады.

ІІІ дәрежелі күю кезінде күйген жер
жансызданып, бетін қабыршақ басады.

ІV дәрежелі күюде күйген жердің ұлпа
аймақтары көмірленіп кетеді.
Шынығу дегеніміз- бұл жылу реттеуші
механизмдерді жаттықтыру және
жетілдіру, ағзаның қоршаған орта жағдайларына
бейімделу және
төзімділік қасиетін арттыру.
Шынығу түрлері

Ауамен шынығу

Күн сәулесімен шынығу

Сумен шынығу
Кестемен жұмыс

Тері қабаттары Құрылысы Қызметі
Үй тапсырмасын тексеру

Ұқсас жұмыстар
Тырнақ тері түзінділері
Спецификалық тері аурулары. Тері туберкулезі. Алапес. Тері лейшманиозы. Қоздырғышының сипаттамасы,эпидемиялогиясы,жіктелесі,клиникасы,диагностикасы, емдеуі
Балалардың терісі
Жануардағы тері және олардың туындылары
Терінің жұқпалы аурулары
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Бағалы аң терісінің жартылай өнімдерінің тауарлық қасиеттері
Тері астындағы май
Үсік шалу
Жүн және тері, ішіктік шикізаттардың микрофлорасы. Ет және тері – ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау
Пәндер