МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІ ДАМЫТУ


Slide 1

МЕЙІРБИКЕЛІК ІСТЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУШІЛІКТІ ДАМЫТУ

Қабылдаған: Бабажанова. О Орындаған: Закарияқызы. Д Тобы:ҚБ-103

“Түркістан” көпсалалы жоғары медициналық колледжі

Slide 2

ЖОСПАР

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Мейірбике - мерейлі мамандық.

2. Дәрежелері

3. Мейірбикелік білім беруді нығайту үшін ғылыми негіз жасау және мейірбике ісі жүйесін дамыту.

III Қорытынды

Slide 3

Кез келген басқа саладағыдай, мейірбикелік істегі ғылыми зерттеулердің олардың негізінде кәсіптік қызметті жүзеге асыру мен жетілдіруге мүмкіндік беретін дұрыс мәліметтер алу тәсілі болып табылатындығы жалпыға мәлім. Бикелік істегі ғылыми зерттеулер пациентке күтім жасаудың үздік тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Кіріспе

Slide 4

Мейірбике дегеніміз кім?

Науқастарды емдеуде мед­бикелердің орны ерекше. Яғни, ол емделушінің жай-күйін дер кезінде бағалап, жалпы жағдайын жақсартуға, асқыну қауіптерін мейлінше азайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, тиісті ұлттық стандарттың талаптарын орындайды. Стандарттың басты талабы - пациенттің күтіміне, жағдайының жақсаруына назар аудару, аурудың асқынбауын болдырмау. Егер дәрігер патологияны, ауруды зерттесе, мейірбике науқастың емделу барысындағы жай-күйін бақылайды. Сондықтан да мейірбикелік күтім маманның кәсіби дайындығын, оның пациентке қамқоршы болуын міндеттейді. Бұған қоса медбике азаматтың басты қажеттілігін (әдет, кәсібі, т. б. ), мінез-құлық ерекшелігін естен шығармағаны жөн. Бұл дегеніміз жұмысынан қателік жібермеуге талпыну, медициналық қызмет көрсету үрдісінде асқынуды болдырмау.

Slide 5

Мейірбикелер медициналық ұйымның құры­лымдық бөлімшерін дәрі-дәрмекпен қамтиды. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетудің сапасы көбінесе мейірбикелердің жұмысына байланысты бағаланады. Себебі, емдеу барысында мейірбикелер емделушілермен тығыз байланыста болады. Дәл осы деңгейде емделушінің медициналық қызмет көрсету туралы ойы қалыптасады. Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнату, емделушінің пікірін сыйлау медициналық кө­мек көрсету үрдісінде ма­ңыз­ды рөл атқарады, әрі науқас жайлы жеке ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Демек, аккредиттеу медициналық сапаны көтерудегі басты құралдардың бірі.

Slide 6

Батыс елдерінің тәжіри­бесінде мейірбике азаматтарды қабылдап, науқасты қайда жіберетінін анықтайды. Денсаулық сақтау саласында мейірбике беделін үнемі көтеруге көп көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам мейірбике денсаулық күзетінде қажырлы еңбек етуде. Орта медициналық қыз­меткерлерді даярлаумен елімізде 28 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық колледж айналысады. Бір сөзбен айтқанда, мейірбике - мерейлі мамандық.

Slide 7

Дәрежелері

Медициналық ұйымдардың ұйымдық құрылымында мейірбикенің мейірбикелік күтім тұжырымдамасын білмейтін дәрігерге бағынуы

байқалады (бас мейірбике бас дәрігерге, аға мейірбикелер дәрігерлерге-бөлімше меңгерушілеріне бағынады) .

Slide 8

Бас мейірбике

Бас мейірбике (бас дәрігердің мейірбикелік іс жөніндегі орынбасары) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасына сәйкес басшылар лауазымдарына жатады. Бірақ біліктілік сипаттамаларына сәйкес бас мейірбике ісінің бакалавры болуы міндетті емес, ол жоғары немесе бірінші санаты бар техникалық және кәсіби білімге ие болуы мүмкін, сонымен қатар халықаралық практикада бас мейірбикелер әдетте бакалавр ғана емес, магистр дәрежесіне де ие болады. Қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесінде басшының мейірбикелік іс бойынша орынбасары басшы орынбасарының лауазымынан бір санатқа төмен.

Slide 9

Аға мейірбике

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасына сәйкес басшы лауазымына жатпайды, ол техникалық және кәсіби білімі бар мамандар лауазымдарының тізімінде тұр, сонымен қатар дүниежүзілік практикада аға мейірбикелер бөлімше меңгерушілерімен қатар басшылар лауазымдарына жатады және ең кемінде бакалавр дәрежесіне ие.

Slide 10

Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің лауазымдар номенклатурасында жоғары медициналық білімі бар лауазымдар құрылымында жоғары білімі бар клиникалық мейірбикелер үшін лауазымдар қарастырылмаған; олар мейірбикелік күтім бойынша клиникалық шешімді тәуелсіз қабылдауға өкілеттілік пен жауапкершілікке ие емес және мейірбикелік құжаттаманы жүргізбейді; сондай-ақ бізде жоғары білімді мейірбикелердің тіркелімі жоқ, ал ол халықаралық практикада қабылданған.

Slide 11

Жергілікті жердегі ақиқат мейірбикелік практика, мейірбикелік амал-әрекеттер бойынша операциялық емшаралардың стандарттары, стандарттарды әзірлеу және сараптау процестері және ұсынымдар дәлелдермен негізделмеген және ғылыми негізі жоқ. Дәлелді мейірбике нұсқаулықтары жоқ, дәлелдерге негізделген мейірбике практикасын әзірлеу және енгізу бойынша құзыретке ие сарапшылар да жоқ

Slide 12

ЖОО-нан кейінгі және үздіксіз білім берудің ғылыми-зерттеу траекториясының дамымағандығы; мейірбике ісі, дәлелді мейірбике практикасын зерттеу саласында оқыту курстарының, қолданбалы мейірбике зерттеулері негізінде мейірбике қызметін дамыту жобаларының болмауы.

Slide 13

2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер:

Мейірбике ісінде зерттеулер жүргізу бойынша Сараптау Комитеті құрылады.

Қазақстан Республикасында жыл сайын мейірбике ісі бойынша жиынтық қаржыландыру көлемі 20 млн теңгеден кем емес, ең кемі 10 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылады.

Мейірбике ісі бойынша қазақстандық зерттеушілер тарапынан кемінде 20 жарияланым дүниежүзілік Scopus базасында басылатын боады.

Дәлелді мейірбике ісі бойынша дәлелді мейірбике ақпаратты және мейірбике ісіндегі зерттеулердің нәтижелерін жариялайтын Ұлттық журналдың негізі қаланады.

Дәлелді мейірбике нұсқаулықтарын әзірлеу, енгізу, пайдалануды бақылау және қайта қарау шаралары нақтыланатын болады.

2020 жылға қарай күтілетін нәтижелер:

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Мейіргер ісінің эволюциясы, теориясы және философиясы
Мейірбике ісіндегі ғылыми зерттеулерді салыстыру
Дәлелді тәжірибеге шолу
Қажеттілік теориялары
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Аурухана ішіндегі инфекция мәселелері
Мейірбикелік көмек сапасын басқару. Мейірбикелік көмектің сапасын басқару жүйесі. Мейірбике жұмысы сапасының критерилері. Медициналық көмек стандарттары
Мейіргерлік істегі өзгерістер, Жаңа мейіргер концепция туралы
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау жүйесі
МЕЙІРБИКЕ ІСІ ҒЫЛЫМЫ МЕН ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz