Клондау – тірі ағзаны немесе аймақты көбейту, клондау
Презентация қосу
Жоспар:
Кіріспе:
Клондау – тірі ағзаны немесе аймақты
көбейту, клондау
Негізгі бөлім:
1. Молекулалық клондау
2. Көп клеткалы ағзаларды клондау
3. Адам клоны дегеніміз не?
Қорытынды:
Клондаудың адам өміріндегі маңызы
Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту
арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында
кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете
зерттелді. Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ)
профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті
қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын
өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек Ұлыбританияның
Оксфорд университетінің ғалымы Д.Гердон (1933 ж. т.) алғаш рет жануар
омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала
ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек
клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан
сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек
дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық
ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы
организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау
арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға
болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды
мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің
де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму
сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы
ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.
Ағзалады клондау туралы көптеген қарама-қайшылықтар мен дискуссиялар
болып,сонымен қоймай бұл тақырып туралы әртүрлі кинолар үлгі бола
алады(«Парк Юрского периода» «Секретные материалы» «Пришельцы»
«Клон»және т.б).Клондау туралы әртүрлі ғалымдар өз ойын айтып кеткен :
Клондау термині орыс тіліне ағылшын тілінен
енген. Ағылшын тілінің өзінде бұл сөз биологиялық
термин ретінде 100 жылдан астам уақыттан бері
қолданылып келеді. Бірақ та осындай көп емес уақыт
ішінде бұл сөздің мағынасы бірнеше рет өзгерістерге
ұшырап үлгерді.
Көбеюге қабілеттілік – тірі организмдерге тән негізгі
қасиеттердің бірі. Көбеюге байланысты генетикалық
материалдың ата-аналарынан ұрпақтарына берілетіні
айтылды. Бұл кезде сол түр особьтарына тән белгілер
ғана емес, сондай–ақ тек ата-аналарының өздеріне тән
айқын белгілер де жарыққа шығады. Көбеюдің үлкен
биологиялық мәні бар. Ол белгілі бір организм түрінің
ұрпақ алмастыруын жүзеге асыруымен қатар,ұрпақтар
арасындағы сабақтастықты, жалпы тіршіліктің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Тірі табиғатта көбеюдің
негізгі екі әдісін ажыратады: жынысты және
жыныссыз.
Жынысты көбею дегеніміз – аналық жұмыртқа
клеткасы мен аталық сперматозоидтың қосылуынан
болатын көбею түрі.Соның нәтижесінде зигота пайда
болады.
Жыныссыз көбею. Жыныссыз көбею кезінде ұрпақ
тек бір особьтың бір немесе бірнеше соматикалық
клеткаларынан дамып жетіледі. Мұның нәтижесінде
бір-біріне айна-қатесіз ұқсас, біркелкі особьтар
түзіледі. Оларды клон деп атайды. Кездейсоқ
мутациялардың әсерінен бір клондағы особьтар әр-
түрлі генетикалық өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Мұндай өзгерістердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым
қуалауы түрдің өзгергіштігіне және эволюцияға сәйкес
Алғашқы кезде клон сөзі вегетативті сұрыптау тәсілімен
алынатын жаратушы өсімдік топтары үшін қолданылған.
Кейінірек клон деп жалпы топты ғана емес,сонымен бірге
клондау арқылы алынған бөлек өсімдіктерді атай бастады.
Уақыт өте келе терминнің маңыздылығы жоғарылап оларды
бактерияларды өсіру шаруашылығында қолдана бастады.
ХХ ғасырдың 1990-шы жылдарының соңында
адамның генетикалық ұқсас екіншісін тудыру
яғни, адамды клондау мүмкіншіліктерін
қолдану сөз бола бастады. Сонымен бірге бұл
термин мәдениет, ақпарат, әдебиет,
компьютерлік ойындарды ойлап шығарушылар
арқасында оның арнайы мағынасы, маңызы
жалпы қолданыс сөзі болып қалды.
МОЛЕКУЛАЛЫҚ КЛОНДАУ
XIX-XX ғасырда молекулалық клондауға
мүмкіндік туды. Ол биологиялық жаңа
ашылулармен,яғни микроскоптың пайда
болуы,жасушаның ядролық құрылымының
ашылуы,гендердің,хромасомалардың,
ДНҚ,ұлпалардың жасушалық
құрылымдарының ашылуларымен
байланысты болды.
Ағзаларды толығымен және жартылай клондау
деп екіге бөледі:
Жартылай клондауда ағзаның белгілі бір бөлігі
ғана қалыптасады, яғни қандай да бір
ұлпалар.
Толығымен клондауда ағза толығымен
қалыптасады.
Медицинадағы жасушалық терапия-
ұлпаларды клондаудағы ең бір
дамыған,перспективалы клондау түрі болып
табылады.Бұл клондау репродуктивті және
терапевтикалық атқа ие.
Репродуктивті клондау нәтижесінде
жалпы бүтін ағза пайда
болады.Ғылыми мақсаттар бойынша
мұндай әдіс бұрын жойылып
кеткен,зерттелмеген немесе сирек
кездесетін ағзаларды қайта қалпына
келтіруде қолданылған
Терапевтикалық клондау
нәтижесінде жалпы бүтін ағзаны
белгілі бір мақсаттарға
байланысты алмайды. Алынған
жасушалар керекті ұлпалар мен
биологиялық құрылымдар алуда
қолданады. Жүргізілген тәжірибелер
кезінде жазылмайтын ауру деп
есептелген аурулардың
терапевтикалық клондаудың
нәтижесінде емдеуге болатындығын
көрсетті.
Клондау әдістері:
Аталып өткендей ,
клондау деп
жыныссыз көбею
арқылы біртипті ұрпақ
алуды айтамыз. Неміс
эмбриологы Г.Дриш ең
алғашқы болып
жасанды жолмен
егіздерді алуға
болатынын дәлелдеді.
Теңіз кірпісінің
клеткасын екіге бөліп,
екі біртипті ағза алды.
АҚШ-та адамды клондау
заңмен шектелмегенмен,
профессор Клинтон адамды
клондауды зерттеуге ақша
беруге рұқсат бермей, Ұлттық
біріккен комиссияға осыны
қолға алуды айтты.
Комиссияның шешімімен
баланың соматикалық
клеткасындағы ядроны
алмастыруды кейінге (3-5
жылға) қалдырылды. Тағы да
комиссия :
Баланы клондауға ақша бермеу
мораториін жалғастырды
Барлық фирмаға, клиникаларға,
зерттеушілер мен
профессияналдық қоғамға,
секторларға осы мораториге
қосылуға шақырды.
1997 жылы шотландиялық
ғалым Я.Уилмут хирургиялық
жолмен атақты Долли қойын
алады. Ол үшін оның
клекасының ядросын басқа
қойдың жұмыртқа жасушасына
салады. Ян Уилмут 277 ядролық
трансплантация жасады:
нәтижесінде 277 эмбрион алды,
оның 29 –ы алты күн өмір сүрді,
бірақ олардың тек қана біреуі
жетілді. Осылай Долли қойы
пайда болды. Бір қойды клондау
үшін 1000 пісіп жетілген ооцит
қолданылып, ядролық
материалдан 50% ооцит –
рецилеонт өшірілді. Сонымен
Доллиді алу жұмысының
нәтижелігі 0,1% құрады.Егер
адамды клондауда Уилмуттің
тәжірибесіндей нәтиже шықса,
онда кіші сәбиді клондау үшін
100 циклді гормондық
стимуляция мен 30 персонды
эмбрион қажет. Осындай үлкен
көлемді ооцит қажет
Клондаудың ең көрнекілік мысалы- ол
баласыз отбасыларына өз баласының
болуына мүмкіншілік береді.
Клондау ауыр генетикалық аурулармен
ауыратын адамдарға көмектесе алады.
Адамды клондау не үшін қажет?
1) атақты, танымал адамдардың
ұрықтарын көбейту
2) баласы жоқ отбасыларын балалы
болу мақсаты.
Клондаудың адам өміріндегі
маңызы
Адамды клондау бүкіл әлемде кереғар пікір
тудырып отыр дегенмен келісуге болмас. Бұл
әдісті кейбір елдер ғылыми жобаларына
енгізіп те үлгерді. Клондау әдісінің адамзатқа
берер тиімділігін екі сатыға бөліп қарастыруға
болады.Пайдалы жағы: осы әдіс арқылы
ағзаның кейбір мүшелерін өсіріп,оны ісік,
коллагенез, күйік және Альцгеймер ауруларын
емдеуге жағдай туғызуға болар еді. Ал енді
зиянды жағына келер болсақ,ол бірінші,
этикалық жағы. Қазіргі кезде христиан және
котолик шіркеулері адамды клондауды
айыптауда.
Қорытынды
Табиғатта дамыған ағзалар арасында клондау- тірі
табиғатта көбеюдің бірден-бір әдісі болып табылады.
Қазіргі кезде аталық пен аналықтың қосылуын талап
етпейтін қызыл от құмырсқасын табиғи клондау белгілі.
Әлемдік зерттеуде адамның эмбрионының клондау
туралы көп рет тәсілдер жасалынған.Ұлыбританияда тек
терапивтикалық клондауға ғана рұқсат берілген.Олар
адамның ағзасындағы мүшелерді өсіру үшін қолданылып
келеді.Мердоктың ойынша осындай жетістіктерді
тәжірибелік күйде қолдану әлі ерте.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Аубакиров Х.Ә. Биотехнология. – Алматы: ЖШС РПБК
«Дәуір», 2011. – 368 бет.
2. Аубакиров Х.Ә., Әділбаев Н.Н., Кенжеходжаев М.
Жануарлар биотехнологиясы. - Алматы: 2014. – 504 бет.
3. Әбилаев С.Ә. «Молекулалық биология және генетика».
Шымкент – «Асқаралы» , 2008 ж. - 424 бет.
4. Әлмағамбетов Қ.Х., Мұхаметжанов Қ.М., Махамбетов
К.О., Досмағамбетов М.Ө. Биотехнология. – Алматы,
«Эверо», 2015. - 316 бет.
5.Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық.
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 – 260 бет.
‘‘‘‘‘‘
‘‘‘‘‘
’’ ’’’’’’
‘‘‘
‘‘ ’’’’’’’
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz