Дәрумендер туралы ұғым




Презентация қосу
ЖОСПАР
1. Кіріспе.
Дәрумендер туралы ұғым
2. Негізгі бөлім.
2.1. Д витамині ( кальциферолдар)
2.2. Эргостерин
2.3. Өндірістік масштабта эргостеринді
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрумен — адам мен
жануарлардың тіршілігіне, олардың
ағзасындағы зат алмасудың
бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде
өте қажетті биологиялық активті
органикалық қоспалар. Дәрумен
(латынша vіta – тіршілік) туралы
ілімнің негізін 1880 жылы орыс
дәрігері Николай Лунин салды. 1912
жылы поляк дәрігері Казимеж Функ
сол кезге дейін жасалған тәжірибелер
нәтижесін қорытындылап, ғылымға
дәрумен терминін енгізді.
•Дәрумендердің көпшілігі ферменттердің негізгі
құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп
жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен
тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы,
ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның
құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, адам әр түрлі
ауруға шалдығады. Ал дәруменді (әсіресе, А және D
дәрумендерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның
улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе,
жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық дәрумендерді
суда еритін дәрумен, майда еритін дәрумен және
дәрумен тектес заттар деп бөледі.
Д витамині ( кальциферолдар).
Кальциферолдар- антирахиттік витаминдер. Химиялық табиғаты бойынша
олар стериндер тобына жататын циклды қанықпаған бір атомды екіншілік
спирттер болып табылады. Бұл заттар жіңішке ішекте өт қышқылдарының
көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, сонон соң
қанға түсіп, бауырға жеткізіледі. Балалар үшін Д витаминнің тәуліктік қажеттілігі
12-25 мкг, ересектер үшін ондаған есе аз. Д вит. көптеген жануар текетес
тағамдарда (бауырда, сары май, сүт), өсімдік майларында, ашытқыда кездеседі.
Балықтың бауырында Д витамні өте көп. Балаларда Д витамині жетіспеген кезде
Д гиповитаминозы- рахит дамиды. Бұл аурудың негізгі белгісі- сәйкес симптондар
арқылы көрінетін сүйек тканнің кальцификация пройестерінің зақымдалуы б.т..
Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік- бұлшық
еттік қозудың зақымдалуы орын алады.
Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интокскация
дамуы мүмкін, ол нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы,
краниостеноз белгілерінің дамуы, ал ересектерде- сүйек тканінің
деминерализациясы белгілірімен және сынғыштығымен және қанда кальций мен
фосфаттардың деігейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде
кальцинаттардың түзілуімен сипатталады.
Д витамині майда
еритін витаминдер
тобына жатады
Д витамині ( кальциферолдар).

1. Эргостерин
2. D2
(эргокальциферол
)
3. 7-
Дегидрохолестери
н
4. D3
(холекальциферол
)
Балаларда Д дәрумені жетіспегенде рахит пайда
болады. Рахит кезінде кальций мен фосфордың алмасуы
бұзылады.Остеомаляция дамиды.Рахит кезінде сүйектің
түзілу процесінің бұзылуы тістің өсуіне,алғашқы тістің
пайда болуы мен дентиннің дамуы,тістері дұрыс
пішінді болмай өсуіне зиянын тигізеді. Тәуліктік
қажеттілігі балалар үшін 12-25мкг, ересек адамдар үшін
12 мкг жеткілікті. Жануар текті өнімдерде, Д3 дәрумені,
сары майда, бауырда болады.
Эргостерин – (эргост-5,7,22-триен-3 -ол) – D2
витаминнің өндірісі бастапқы өнімі және ашытқының
азықтық препараты, D2 витаминімен байытылған.
Витамин (эргокальциферол) эргострин ультракүлгін
сәулесімен шағылыстырудан кейін пайда болады, олар
біраз мөлшерде балдырларды, ашытқыны, зең
саңырауқұлағын синтездейді. Эргостериннің активтілігі
жоғары продуценті – Saccharomyces, Rhodotoryla,
Candida саналады.
Өндірістік масштабта эргостеринді ашытқыны және
мицелиалы саңырауқұлақты азот тапшы қанты мол
ортада өсіреді, жоғарғы температурада және аэрациялау
жағдайында жақсысымен культивирлеп алады.
Эргостериннің қарқындылығы жоғарылауы, ашытқының
Candida туысынан көмірсутегі бар ортада пайда болады.
D2 витаминінің кристалл препаратын (Penicillium,
Aspergillus) зең саңырауқұлағын культивирлеумен алады.
Азықтық препарат алу үшін суспензияны немесе (Candida)
құрғақ ашытқыны ультракүлгін сәулесімен
шағылыстырады.
Қорыта келе, дәрумендер дегеніміз-азық-түлік
өнімдерінде,жем-шөпте шағын мөлшерде ғана
кездесетін, ал адам мен жануарлар организімінде
бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі
молекулалы заттар.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.С.О. Тапбергенов “Медициналық
биохимия” 2007ж. 119-126 бет.
2.Ішкі аурулар. Қалимұрзина. II том.
Алматы 2010.
3.Биология:Жалпы білім беретін
мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
Алматы: Атамұра, 2008.
4.Салауаттану оқулық 2010ж
5.Биология оқулық 2013ж

Ұқсас жұмыстар
Майда еритін витаминдер. А, D,E,K витаминдері туралы
Белсенді оқыту
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
ВИТАМИНДЕР. Дәрумендердің топтары мен түрлері
Тағамдық өсімдіктер- дәрумендер көзі. Майда және суда еритін дәрумендер
Дәрумендер туралы түсінік
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Суда еритін витамин
Биологиялық белсенді заттар
Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы
Пәндер