Мұғалімнің сабаққа дайындығы


Slide 1

Тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа дайындығы

Қабылдаған:Дауылбай А

Тобы: ХТ-16-5К3

Орындаған: Артыков Н

Slide 2

Жоспар

1. Кіріпе

1. 1. Сабақ дегеніміз не ?

2. Негізгі бөлім

2. 1. Сабақ мақсаты мен компоненттері

2. 2. Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз

2. 3. Сабақты жоспарлау мен Қазіргі сабақтың негізгі этаптары

2. 4. Сабаққа қойылатын талаптар

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Сабақ

Сабақ - логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандармен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамында күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.

Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір жағынан оқытудың психологиялық - педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.

Slide 4

Сабақтың үш мақсаты:

Білімділік: оқушыларды білім, білік, дағды жүйесімен қаруландыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру.

Дамытушылық: оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, көңіл-күйін, тілі, жадысы, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту

Slide 5

Сабақтың негізгі компоненттері

1. Ұйымдастырушылық- сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру, оқушылардың сабаққа дайындығы, тәртіп.

2. Мақсаттылық- оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3. Ынталандырушылық - оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да, жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.

4. Коммуникативтілік - мұғалімнің сыныппен қарым-қатынас деңгейі.

5. Мазмұндық - оқылатын, бекітілетін, қайталанатын, өзіндік жұмыстар және т. с. с. материалдарды таңдау.

6. Технологиялық - сабақ типіне, берілген тақырыпқа, берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін, әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7. Бақылау - бағалаушылық - сабақтағы оқушы іс-әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру, танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану, қолдану.

8. Аналитикалық (талдау) - сабақты қорытындылау, сабақтағы оқушылар іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау

Slide 6

Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау) ;

• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

• қарама - қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;

• оқушы мен мұғалімнің қарым - қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету

Slide 7

Мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз

Тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалымен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т. б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте солғұрлым аз болады.

Slide 8

Сабақты жоспарлау және мұғалімнің оны дайындау кезеңдері

1. Бөлім немесе тақырып бойынша сабақтар жүйесін жасау, құрастыру;

2. Бағдарлама негізінде, әдістемелік құралдар, оқулық және қосымша әдебиеттер бойынша сабақтың үш мақсатын анықтау;

3. Сабақтағы оқу материалының тиімді мазмұнын анықтау, оны бірқатар тірек бөлімге бөлу, дидактикалық өңдеу;

4. Сабақта оқушы түсініп, есте сақтауы тиіс негізгі материалды бөліп алу;

5. Сабақтың оқу міндеттерін тұжырымдау;

6. Сабақ құрылымын жасау, оның типін, тиімді әдістер мен тәсілдерін анықтау;

7. Пәнаралық байланыс пен сабақта оны пайдалану әдістерін анықтау;

8. Сабақтың барлық кезеңдеріндегі, әсіресе стандартты емес жағдайларындағы оқушы мен мұғалімнің барлық іс-әрекетін жоспарлау;

9. Сабақтың дидактикалық құралдарын таңдау;

10. Техникалық оқу құралдары мен құрал-жабдықтарды тексеру;

11. Мұғалімнің тақтаға сызып, жазатындары мен оқушылардың тақтада немесе дәптерлерінде орындайтын ұқсас жұмыстарын жоспарлау;

12. Сабақтағы оқушылардың өзіндік жұмысының түрі мен тиімді көлемін анықтау;

13. Үйде және сыныпта алған білімді бекіту, білімді жинақтау және жүйелеу түрі мен әдісін таңдау;

Slide 9

. . . Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады:

Slide 10

Бір сабақты жоспарлау

Мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.

Slide 11

Қазіргі сабақтың негізгі этаптары

Ұйымдастыру бөлiмi

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты меңгеру алдындағы бiлiм мен бiлiгiн тексеру

Оқушылар алдында сабақ мақсатын қою

Жаңа ақпаратты қабылдау мен тұжырымдауды ұйымдастыру

Түсiнiктi алғаш тексеру

Ақпаратты қайта айту және оның қолданылатын жаттығулары арқылы iс-әрекеттің түрлерiн меңгертудi ұйымдастыру

Алдында алған бiлiм мен бiлiкке сәйкес бiлiмнiң шығармашылыј түрде қолданылуы мен меңгерiлуiн проблемалық тақырыптарды шешу арқылы ұйымдастыру

Сабақта алғанды меңгеру және оны алдында алған бiлiм жүйесiне қосу

Оқушы мен мұғалiмнiң оқу әрекетiнiң нәтижесiн бақылау.

Келесi сабаққа үй тапсырмасын беру

Сабақты қорытындылау

Slide 12

Сабақ талдау түрлері мен типтері

Сабақ талдау типтері

1. - толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу - тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады.

2. - қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды;

3. - кешенді - сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлінін жан - жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақытыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.

Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.

Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене тырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т. б. ) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.

Slide 13

Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады

Пәнді оқытуға жалпы дайындық

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын - оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т. б. реттеуден тұрады (құралады) . Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

.

Әрбір сабаққа дайындық

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру - сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады.

Slide 14

Әр түрлі үлгіде көрсетілген сабақ талаптары

Аралас сабақ

Үй тапсырмасы бойынша нұсқаулық және тәжірибеде оларды қолдану, жаңа сабақты бірінші бекіту, жаңа материалды баяндау, үй тапсырмасының орындалуы және ертерек оқылған материалдармен білімдерін тексеру, ұйымдастыру бөлімі: өзіне келесі элементтерді қосу, күрделі құрылымдағы сабақтар осы үлгіде болады.

Оқушыларды жаңа материалды қабылдауға дайындау, үй тапсырмаларының орындалуын; оқушылардың дағдыларын және іскерлігін; өткен материалдармен білім деңгейін сұрау жолымен бағалау және әшкереленген білім нәтижесін тексеру. Тексеруде және білім бағасына қабылданады:

Жеке ауызша жауап алу;

карточкамен жауап алу;

жазбаша жауап алу;

тақтада жауап алу;

басқа да жауап алу жолдары және тапсырма шешімі

Slide 15

Сабаққа қойылатын талаптар


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Сабақты талдау түрлері
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Қазіргі заманғы сабақты талдау
Болжау іскерлігі
Мұғалімнің теориялық дайындығы
Сабақты мақсатты талдау
Педагогтың кәсіби өзін- өзі тануы мен өзіндік дамуы туралы ақпарат
МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz