Омыртқалылар




Презентация қосу
Сыныбы 7а
Тақырыбы: Омыртқалылар
Сабақтың мақсаты: Омыртқалы жануарлардың құстар, қосмекенділер, жорғалаушылар, сүтқоректілер кластары туралы
білімдерін қайталау, қорытындылау.
Дамытушылығы:
1.Сайыс сабағы арқылы оқушылардың білімдерін қайталау, жинақтау, іздену және пәнге қызығуын арттырып, білім
сапасын көтеру
2.Оқушыларды шығармашылық тұрғыда ойлануы мен ақыл-ой, ұжымдық ойлау, интелектуалдық қабілеттерін дамыту,
таным біліктіліктерін арттыру.
Тәрбиелігі:
Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар
омыртқалыларды омыртқасыздардан күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, айыра білуге, омыртқалыларды санат
бойынша айыра білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, слайд.
Әдісі:
Сұрақ-жауап, басқатырғылар, жұмбақтар шешу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
ІІ.Үй тапсырмасын тест түрінде қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу
V. Ой сергіту (жұмбақ, сөз жұмбақ, ребус)
VІ. Сабақты қорытындылау
VІІ.Үйге тапсырма

І.Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеу. Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныстыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тест түрінде қайталау
Тест
1.Ботаника ғылымы нені зерттейді?
А)жануарларды
Ә)өсімдіктерді
Б)тірі табиғатты
В)балықтарды
2.Жасушадағы хлорофилл қайда болады?
А)пластид
Ә)ядро
Б)цитоплазма
В)вакуоль
3)Жеміс нешеге бөлінеді?
А)2
Ә)4
Б)3
В)5
4)Шырынды жемістер ..... болады
А)қатты
Ә)тәтті
Б)мол, жұмсақ
В)қатты, тәтті
5)Жидек тәрізді жемістер?
А)көп ұялы, көп тұқымды
Ә)қос ұялы, бір тұқымды
Б)бір ұялы
В)ұясы жоқ
6.Жидек тәрізді жемістер
А)апельсин,лимон,мандарин
Ә)алма,алмұрт,анар
Б)алма,лимон,жүзім
В)апельсин,лимон,банан
7.Құрғақ жемістер........
А)қатты,сүректенген,құрғақ
Ә)жұмсақ,құрғақ
Б)сүректенген,құрғақ,жұмсақ
В)жұмсақ,кебу,құрғақ
8.Бір ұялы,тұқым саны біреу болатын құрғақ жеміс?
А)Бұршаққын
Ә)Бұршаққап
Б)Қауашақ
В)Дәнек
9.Қос ұялы,ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар?
А)Бұршаққап
Ә)Бұршаққын
Б)Дәнек
В)Жаңғақ
10.Сүйекті жемістілер?
А)Шие,өрік,алхоры,шабдалы
Ә)Бүлдірген,алма,алмұрт
Б)Жүзім,шие,алма,алмұрт
В)Жүзім,көкөніс,алма
Тесттің жауабы
1)Ә
2)А
3)А
4)Б
5)А
6)А
7)А
8)Ә
9)Ә
10)А
Тарихы
Омыртқалылардың арғы тегі теңізде тіршілік еткен төменгі сатыдағы хордалылар (қабықтылар, бассүйексіздер).
Нағыз Омыртқалылар тұщы суларда пайда болып, олардың эволюциялық дамуының алғашқы сатылары сонда өткен.
Жақсы жетілген қозғалу органдарының нәтижесінде су Омыртқалылары (негізінен балықтар) су қоймаларында тіршілік
етіп, кейіннен теңіздерге таралған. Тіршілік еткен су қоймаларында оттектің жеткіліксіз болуы девонда олардың
құрлыққа шығуына себепші болды. Алғашқы құрлыққа шыққан Омыртқалылар – ихтиостегилер. Бұлар саусаққанатты
балықтардан шығып, қосмекенділердің; ал мезозойда жақсы дамыған бауырымен жорғалаушылардың, триаста
сүтқоректілердің, юра кезеңінде құстардың арғы тегі болып саналады. Барлық Омыртқалылардың эволюциялық дамуы
олардың дене құрылысының күрделенуімен сипатталады. Дене тірегі – хорда, эволюциялық даму процесінің барысында
ересек жануарларда (төменгі сатыдағы балықтардан басқасында) хорда, көбінесе омыртқаға айналады (тип тармағының
аты осыдан шыққан). Омыртқалылардың судан құрлыққа шығуына байланысты дене құрылысы күрделілене түсті.
Төменгі сатыдағы Омыртқалылардың жүрегі екі камералы болса, жоғары сатыдағы Омыртқалылардың бұлшық етті төрт
камералы жүрегі көптеген негізгі (құлақшалар мен жүрекшелер) және қосымша бөліктерден (венозды синус, артериальды
конус) тұрады. Қан айналыс жүйесі тұйық біткен. Су Омыртқалыларының (бассүйексіздер, балықтар) тыныс алу органы –
желбезек, ал құрлықтағы Омыртқалыларда қос өкпе болады. Көру, есту, сезім және иіс сезу органдары жақсы
дамыған. Жүйке жүйесі ми, жұлын және шеткі жүйке түйіндерінен (ганглиялардан) тұрады. Зәр шығару органы – қос
бүйрек. Омыртқалылардың барлығы да даражыныстылар, жыныс безі екеу, бірақ балықтарда гермафродитизм байқалады.
Кейбіреулері жұмыртқа салып, екіншілері ұрпақтарын тірідей туып көбейеді.
Түрлері
Омыртқалылардың 40 – 45 мыңдай түрі белгілі. Омыртқалылар жер бетінде кең тараған, оларды әлемдік мұхиттардың
түбінен бастап, биік таулы аймақтар мен сусыз шөлді жерлерден кездестіруге болады.
Омыртқалылардың биосферада алатын орны зор, әдетте бұлар биоценоздағы трофиктік (қоректік) тізбекті аяқтайды.
Омыртқалылардың адам өмірі үшін маңызы зор. Өйткені Омыртқалыларға кәсіптік аң және ауыл
шаруашылығы жануарларының негізгі көпшілігі жатады. Омыртқалылардың арасында ауыл шаруашылығы, орман
шаруашылығы зиянкестері, ауру тарататын түрлері де жетерлік. Қоректік заттарды іздеп табу, онымен
қоректенуі сезім мүшелері, әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және
аяқтарының болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы сезім
мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге тірек болып желбезек
аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми
сауытымен висцеральдық қаңқалар және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам
тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты
тіршілік ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне байланысты
денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп
шығаратын органдар жетіледі.
Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады:
Архозаврлар (2санатша)
Балықтар (Pisces) (6санатша)
Қосмекенділер (Amphibia) (5санатша)
Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia) (5санатша)
Құстар (Aves) (31 санатша)
Сүтқоректілер (Mammalia) (23 санатша)
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін омыртқалылардың ішіндегі
өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық
паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі
әрекеттеріне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды
омыртқалылардын ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының
қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа
ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда болган жапырақшалары бар желбезек
қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды.
Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі
болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері
болады, терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады.
Омыртқалылар
О

М

Ы

Р

Т

Қ

А

Л

Ы

Л

А

Р
Сөзжұмбақтың жауабы
Орман
Қосмекенділер
Балық
Жүрек
Сүтқоректілер
Қолтырауын
Алты
Биология
Омыртқа
Желбезек
Адам
Құстар
1. Бір-біріне жақын өскен аумақтың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен
2. Құрлықтада, тіршіліктеде өмір сүретін жануарлар
3.Судағы тіршілікке бейімделген омыртқалылар
4.Іші қуыс төрт камералыы бұлшық етті мүше
5.Мамалогия ғылымы нені зерттейді
6.Бауырмен жорғалаушылардың архозаврлар классының тармағының отряды
7.Омыртқалылардың неше классы бар
8.Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен ара-қатынасын зерттейтін ғылым
9.Тірек қаңқасын құрайтын сүйектердің бірі
10.Шеміршекті балықтардың тыныс алу мүшесі
11.Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі
12.Жылықанды омыртқалы жануарлардың бір типі, оларды зерттейтін ғылым түрі
орнитология
’’ ‘‘ ’’

‘‘‘ ’’’’’
Балық
’’’’’’ ’’’’

’’’’’’’ ’’’’’
Құстар
’ ’’’’’’’

‘‘‘‘

’’’’
’’ ’
‘‘
Адамдар
Жұмбақтың жауаптары
1)Зебра
2)Қоян
3)Тасбақа
4)Ит
5)Қаз
6)Қарлығаш
7)Сауысқан
8)Бұғы
9)Бұлбұл
10)Кірпі
11)Балық
12)Тоқылдақ
13)Көз
14)Шегіртке
15)Шыбын
Уйге тапсырма:Жаңа сабақты оқып,конспектілеу. Омыртқасыз жануарларға өз
беттерінше дайындалып келу(сөзжұмбақ,ребус).

Ұқсас жұмыстар
Омыртқалы жануарларға сипаттама
Омыртқалылар тип тармағы
Макроэвалюция,жолдары:конвергенция,параллелизм.Бұл процестердің биологиялық маңызы
Бақалар - қосмекенділер класы құйрықсыздар отрядына жататын тұқымдастар тобы
Қосмекенділер құрылысы
Психологиялық дайындық
Макроэволюция жолдары: дивергенция,конвергенция, параллелизм
ҚҰЙРЫҚ ҚАУЫРСЫНДАРЫ
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері
Топырақ ағзаларының көптүрлілігі жəне топырақтағы топтар құрамы
Пәндер