Рекомбинантты ДНҚ - ны құрастыру




Презентация қосу
Жоспар:

ДНҚ рекомбинанттарын алу үшін қолданылатын
ферменттер
Рекомбинантты ДНҚ-ны құрастыру
Рекомбинантты ДНҚ-ны клеткаға енгізу
Алғашқы рекомбинанттық ДНҚ
Гендік
инженерия-
функционалдық
активті генетикалық
құрылымдарды
рекомбинанттық
(будан) ДНҚ
молекулалары
түрінде қолдан
құрастыру. Гендік
инженерияның мәні
жеке гендерді бір
организмнен алып
басқа организмге
көшіріп орналастыру.
Гендік
инженерияда
рекомбинантты
ДНҚ алу үшін
рестриктаза және
лигаза ферменттері
қолданылады.
Рестриктаза
(рестрикциялық
эндонуклеазалар)
ДНҚ молекуласын
белгілі жерлерден
жеке үзінділерге қиып
бөлшектейтін
ыдыратушы фермент.
.
Алынған полинуклеотид бөлшектерінің (ДНҚ
фрагменттерінің) комплементарлық немесе “жабысқыш”
ұштарын ДНҚ лигазасы бір-біріне “желімдеп” реттеп
жалғастырып қосады.
Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан
қажетті ген бөлініп алынып басқа ДНҚ молекуласының
үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа
будан ДНҚ жасалады
Рекомбинантты ДНҚ-ны құрастыру
Рекомбинанттық ДНҚ бірнеше
әдістермен тірі клеткаға енгізіледі. Жаңа
геннің экспрессиясы өтеді де, клетка сол
ген белгілейтін белокты синтездей
бастайды. Клеткаға рекомбинанттық
ДНҚ молекуласы түрінде жаңа
генетикалық информацияны енгізіп,
жаңа белгісі бар организмді алуға
болады. Мұндай организмді трансгендік
немесе трансформацияланған
организм деп атайды, себебі, бір
организмнің өзгеріп басқа қасиетке ие
блуын трансформация деп атайды.
Алғашқы рет рекомбинанттық ДНҚ 1972 жылы
АҚШ-та Стэнфорд университетінде П.Бергтың
зертханасында жасалды. Онда пробирка ішінде 3
түрлі микроорганизмнің ДНҚ-лары –лямбда фагтың
және ішек таяқшасы бактериясының ДНҚ
фрагменттері мен маймылдың онкогендік
вирусының толық геномы қосылған еді.
Өсімдіктердің гендік инженериясы саласында
бірінші жұмыстар in vitro өсірілетін клеткалармен
1980 жылы жүргізілген. 1983 жылы алдымен,
күнбағыстың трансгендік каллусы, кейін сол
каллустан табиғатта мүлдем болмаған санбин
өсімдігі алынды. Санбин деген ол геномында
бұршақтың белогы фазеолинді кодтайтын гендері
бар күнбағыс өсімдігі еді.
Гендерді тасымалдайтын векторлар

Бөтен генді клетка ішінде тасымалдап алып баратын арнаулы ДНҚ
молекуласын вектор деп атайды. Векторлар ретінде көбінесе ішек
таяқшасы E.coli және басқа да бактерия плазмидалары қолданылады.
Өсімдіктер үшін ең лайықты вектор Agrobacteria деген топырақ
бактерияларының плазмидалары.
Құрамына қажетті ген тіркестірілген Т-ДНҚ-ны
(рекомбинанттық ДНҚ) өсімдік клеткасына енгізудің
2 әдісі бар:
1. Екі аралық векторлар әдісі- ішек таяқшасы
бактериясының (E.coli) pBR 322 плазмидасын
қолдануға негізделген.
2. Бинарлық векторлар жүйесін қалыптастыруға
негізделген. Өсімдіктерге ісік ауруын жұқтырып,
оларды трансформациялау үшін бүтін Ti-плазмида
емес, оның екі бөлшегі ғана жеткілікті. Біріншісі- Т-
ДНҚ-ның екі жағындағы тек шекаралық бөліктері,
басқасы- Ti-плазмиданың вируленттілік (vir) бөлігі.
Пайдланығлан әдебиеттер
1. Аубакиров Х.Ә. Биотехнология. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір»,
2011. – 368 бет.
2. Аубакиров Х.Ә., Әділбаев Н.Н., Кенжеходжаев М. Жануарлар
биотехнологиясы. - Алматы: 2014. – 504 бет.
3. Әбилаев С.Ә. «Молекулалық биология және генетика». Шымкент –
«Асқаралы» , 2008 ж. - 424 бет.
4. Әлмағамбетов Қ.Х., Мұхаметжанов Қ.М., Махамбетов К.О.,
Досмағамбетов М.Ө. Биотехнология. – Алматы, «Эверо», 2015. - 316
бет.
5.Тұрашева С.Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС
РПБК «Дәуір», 2011 – 260 бет.
‘‘‘‘‘‘ ‘‘ ’’’’

‘‘‘ ’’’ ’’’’
’’’’’’’’’ ’’’’’’’’’

’’’ ‘‘‘‘‘ ’’

‘‘‘‘‘‘
’’’’’’’ ’
‘‘‘‘‘‘

‘‘‘‘‘‘ ’’
‘‘ ’’’ ‘‘‘‘

‘‘‘‘‘‘ ’’
’’’’’
Ребус жауаптары

1.Трансген
2.Трансформация
3.Вектор
4.Каллус

Ұқсас жұмыстар
Рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру технологиясы
Өсімдіктердің гендік инженериясының негіздері
Гендік инженерия түсінігі
Трансгенді жануарлар алу әдісі
Гендік инженерия негіздері
Генетикалық инженерия негізі. Ағзаларды клондау
Сүткоректілердің клеткалармен жұмыс істеу
Бактериялардың плазмидалары
Вирустардың нәсілдік қасиеттері,олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері
Вирустардың нәсілдік қасиеттері, олардың өзгергіштігі.Мутация түрлері.Гендік инженерия. Вирустардың лабораториялық жағдайда өсіру ерекшеліктері
Пәндер