Эмбриондарды трансплантациялау әдістері


Slide 1

Эмбриондарды трансплантациялау әдістері

Орындаған:Ибрагимова Г

Тобы:хт-16-5к3

Қабылдаған:Лесбекова С

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

1. 1. Трансплантация дегеніміз

2. Негізгі бөлім

2. 1. Алғашқы эмбриондарды трансплантациялау

2. 2. Эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты

2. 3. Эмбриондарды тасымалдау биотехнологиясы кезеңдері

2. 4. Эмбриондарды үш тәсіл арқылы шығаруға болады:

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Трансплантация (көшіру, тасымалдау) деп генетикалық тұрғыдан жоғары бағалы аналық малдың(донордың) бірнеше эмбриондарын басқа аналық малдардың(реципиенттердің) жыныс жолына тасымалдауды түсінеді.

Slide 4

Алғаш рет эмбриондарды трансплантациялау туралы хабар 1890 жылы Хип қояндарға ұрықтанған аналық жыныс клетканы тасымалдап, көжектер алғаннан кейін алынды. Алайда бұдан кейінгі көп жылдар бойында эмбриондарды тасымалдау идеясын мал тұқымын жақсарту мақсатына қолдануға оншалықты мән берілмеді. Сондықтан біздің ғасырымыздың 70-ші жылдарына дейін эмбриондарды трансплантациялау әдісі тек зерттеу мақсатына ғана қолданылды. 70-ші жылдардың бас кезінен бастап мал эмбриондарын трансплантациялау проблемасы ғалымдар мен малшаруашылық мамандарын қызықтырды. Қазіргі кезде ғылыми дамыған елдерде мал эмбриондарын трансплантациялау арқылыжыл сайын жүздеген мың бұзау, бірнеше мың қозы алынуда.

Slide 5

Эмбриондарды тасымалдаудың негізгі мақсаты болып генетикалық құндылығы өте жоғары ұрғашы малдың жылына барынша көп ұрпақтар арқылы мал тұқымын асылдандыру жұмысының тиімділігін арттыру болып саналады. Әдетте, біз, мысалы, бір сиырдан 3-6 бұзау алатын болсақ, онда эмбриогенетикада биотехнология көмегімен алынатын ұрпақтың санын ондаған және жүздеген есе көбейтуге болады. Теориялық есеп бойынша жалғыз донор сиырдан 500-ден астам бұзау алуға болады.

Slide 6

Эмбриондарды тасымалдау биотехнологиясы кезеңдері:

Slide 7

Трансплантация тәжірибесінде донор- сиырларды таңдау екі сатыдан тұрады:1-ші, донордың қасиеті оның өзінің басты белгілері- сүттілігі және сүтінің майлылығы бойынша бағаланады. Бағалаудың келесі кезеңінде желіннің және емшектің пішіні, сүт беру қасиеті, төзімділігі, сүйек және тұяғының беріктілігі және көбею функциясы бойынша бағаланады.

Slide 8 Slide 9

Қазіргі уақытта негізінен соңғы екі тәсіл қолданылуда. Көпшілік жағдайда эмбрионды донордан шығарудың нақты тәсілінің қолданылуы мал түріне байланысты болып келеді. Ірі қара мен жылқыда негізінен хирургиялық емес тәсіл, ал қой мен шошқада арнайы операция өткізу арқылы эмбриондарды аналық жыныс жолынан жуып шығарады. Кейінгі кезде қой эмбриондарын хирургиялық емес тәсіл арқылы бөлуге болатын мүмкіндіктер пайда болды. Жалпы бұл тәсілдің артықшылығы донор малды бірнеше рет қолдану мүмкіндігін туғызуынан тұрады.

Slide 10

Мал эмбриондарын сақтау

Мал эмбриондарын сүтқоректі аналықтардың жыныс түтігіне тасымалдау арқылы сақтауға болады. Бұл мақсатпен үй қояндарын пайдалану өте ыңғайлы. Ұрғашы қоянның жыныс түтігіндегі сиыр эмбриондары реципиенттерге тасымалдауға жарамды сатыға дейін морула және бластоцистаға шейін өсе алатынын ғалымдар дәлелдеді. Р. Лаусон және т. б. (1972) ұрғашы қоян жыныс түтігінде 3-4 тәулік бойы сақталған ірі қара эмбриондарын реципиент -сиырларға тасымалдағанда транспланттардың шығуы 73% екендігін көрсетті. Әрі қоян организмінде яғни in vivo жағдайында сақталатын эмбриондарды тым ұзақ қашықтыққа жеткізі қиынға соқпайды.

Slide 11 Slide 12

Эмбриондарды трансплантациялау негізінен мынадай мақсаттарды шешу үшін қолданылады: -ерте эмбриондарды бөлу арқылы бір-бірінен ешқандай айнымайтын малдар(монозиготалы) алу; -генетикалық тұрғыдан бағалы мутантты малдарды сақтап, олардың санын көбейту; -шағын популяцияны және жойылуға жақын тұқымның генофондын сақтау; -генотипі бойынша генетикалық бағалы бірақ табиғи жағдайда тұқым бере алмайтын малдан ұрпақтар алу; -генетикалық кемістіктерді тарататын малды табу; -климаты басқа-шетелден әкелінген малды жерсіндіру; -эмбрионның кариотипін зерттеу арқылы жыныс проблемасын реттеу; -эмбриондарды түрлер арасында тасымалдау; -химерлі(аллофенді) және трансгенді малдар алу үшін.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Аубакиров Х. Ә. Биотехнология. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - 368 бет.

2. Аубакиров Х. Ә., Әділбаев Н. Н., Кенжеходжаев М. Жануарлар биотехнологиясы. - Алматы: 2014. - 504 бет.

3. Әбилаев С. Ә. «Молекулалық биология және генетика». Шымкент - «Асқаралы», 2008 ж. - 424 бет.

4. Әлмағамбетов Қ. Х., Мұхаметжанов Қ. М., Махамбетов К. О., Досмағамбетов М. Ө. Биотехнология. - Алматы, «Эверо», 2015. - 316 бет.

5. Тұрашева С. Қ. Клеткалық биотехнология: Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 - 260 бет.


Ұқсас жұмыстар
Донор мен реципиентті анықтау және оны дайындау
Малшаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық әдістер
Эмбрионды трансплантация жасаудың маңызы
Донорлардың күйге келгенін анықтау
Эмбрионды реципиентке қондыру
Эмбриондарды витрификаттау
Көбейту биотехнологиясының әдістері
Жануарлар репродукциялық аппаратының мәні
Тәжірибелерге тоқталу
Жасанды ұрықтандырудың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz