Қаржылық жоспарлау мәні, мақсаттары, принциптері және әдістері
Презентация қосу
Қаржылық жоспарлау мәні,
мақсаттары, принциптері және
әдістері.
Қаржылық механизм – экономикалық
және әлеуметтік даму үшін жағдайлар
жасау мақсатында қоғам қолданатын
қаржы қатынастарын ұйымдастыру
нысандарының, қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалану әдістерінің
жиынтығы.
Қаржылық жоспарлау- бұл қаржылық
механизмнің ішкі жүйесі және
әлеуметтік- экономикалық
жоспарлаудың маңызды құрамдас
бөлігі.
Қаржылық жоспарлау ерекшелігі өндірістің
материалдық- заттық элементтеріне қарағанда
ақшалай қаржылар қозғалыстың салыстырмалы
ерекшелігіне негізделген құндық формада іске
асырылады. Қаржылық жоспарлаудың тікелей
обьектісі болып табыстарды және жинақтарды
тарату, қалыптастыру, орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақшалай қаржылар
қорларын қалыптастыру және пайдалану табылады.
Сонымен қаржылық жоспарлау- ақшалай
табыстарды қалыптастыру, тарату және қайта
тарату, экономикалық процестерді жоспарлы басқару
болып табылады.
Қаржылық жоспарлау мақсаты келесілер:
1 қаржы ресурстарын қалыптастыру қайнар
көздерін анықтау;
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
2 арасында,халық шаруашылық және әкімшілік территориялық
бөлімшелер арасында қаржыларды таратудың тиімді
пропорцияларын бекіту;
ресурстарды нақты бағытта
пайдалануды анықтау және қажетті
резервтерді құру.
Қаржылық жоспарлау халық шаруашылығын
басқарудың маңызды функциясы болып
табылады. Ол мемлекеттік үкімет және
басқару органдарымен,сонымен қатар барлық
кәсіпорындармен, бірлестіктермен,
ұйымдармен, мекемелермен іске асырылады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық
жоспарлау көпшілік мөлшерде шаруашылық жүргізудің соңғы
нәтижесіне әсер ететін факторлардың
анықталмағандығымен байланысты болжау ретінде
жүргізіледі.Индикативтік, яғни нұсқаушы жоспарлау
қолданылады.Ол ақпараттық, координациялық роль
атқарады және экономикалық ретттеушілер арқылы
қаржылық қызмет субъектілеріне жанама әсер етеді.Халық
шаруашылығын болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау
маңызды роль атқарады.
Қаржылық жоспарлау принциптері:
1 орталықтандырылған және орталықтандарылмаған
қатынастардың үйлесуі;
2 біртұтастық;
үздіксіздік;
Бірніші принцип екі негіздің органикалық үйлесуін
білдіреді, яғни орталықтандырылған қаржылық
жоспарды құру кезінде жергілікті инициативаны
максималды дамыту. Орталықтандырылған
қаржылық жоспар мемлекеттік біртұтас
қаржылық саясатты жүргізуге мемлекеттік
масштабта қаржылық ресурстарды тарату,
қайта таратуды мақсатты басқаруға мүмкіндік
береді.
Біртұтастық принципіне қаржылық жоспарлаудың
экономикалық және әлеуметтік жоспарлануымен тығыз
байланыста және өзара тәуелділікте айқындалады. Мұндай
қаржылық жоспарлар негізінде экономикалық және әлеуметтік
дамудың жоспарлары мен болжаулар көрсеткіштері жатады.
Сонымен бірге қаржылық жоспарлау барысында халық
шаруашылығы дамуының белгіленген параметрлері
нақтыланады, экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарының жекеленген элементтері және бөлімдерінің
баланстық байланыстары тексеріледі.Қаржылық
жоспарлаудың біртұтастығы қаржылық жоспарлаудың барлық
түрлерінің тығыз байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың
қаржылық жоспарларының көрсеткіштері ішкі ведомствалық
кәсіпорындардың жоспарлық жобалануынан тұрады. Ал
мемлекеттік деңгейде құрылатын қаржылық жоспарлар
жергілікті басқару органдары кәсіпорындарының және
ұйымдардың қаржылық жоспарларында базаланады.
Жоспарлаудың үздіксіздік принципі
перспективалық және жылдық қаржылық
жоспарлардың тығыз байланысын көрсетеді.
Қаржылық жоспарлаудың үздіксіздігі ағымдағы
және перспективалық жоспарлар арасындағы
үзілісті жоюға, шаруашылық ұйымдарды
дымытудың нақты перспективаларын анықтай
отырып оларды неғұрлым жақсы ориентирлеуге,
реттеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық жоспарлауда келесідей әдістер қолданылады:
1.экстрополяциялық (коэффициенттік) әдіс-
қаржылық көрсеткіштерді, олардың динамикасын
белгілеу негізінде анықтаудан тұрады. Есептер, есептік
жетістіктер және оларды салыстырмалы тұрақты өсу
қарқынына корректировкалау базасында жүргізіледі.
Мұндай реттің келесідей жетіспеушіліктері болады.
Ішкі шаруашылық резервтерді айқындауды
ынталандырмайды. Өйткені жоспарлы тапсырмалардың
артық орындалуы жоспарланатын периодта олардың
автомматты түрде ұлғаюына әкеледі. Материалдық
және ақшалай ресурстардың пайдалануына кері әсер
етеді.
2. Нормативтік әдіс.Бұл әдістің көмегімен
жоспарлық қаржылық көрсеткіштер
бекітілген нормалар мен нормативтер
негізінде анықталады.
3.Баланстық әдіс-шығындардың оларды жабу
қайнар көздерімен байланысына қаржылық
жоспардың барлық бөлімшелерінің, сонымен
қатар өндірістік және қаржылық
көрсеткіштердің өзара байланысына негізделген.
Қаржылық баланс талаптарын сақтау шығындар
мен кәсіпорын, ұйым, барлық халық шаруашылығы
арасындағы диспропорцияны болдырмауға халық
шаруашылығын дамыту пропорцияларын және
қажетті темптерін анықтауға мүмкіндік
жасайды.
4.Бағдарлама-мақсаттық әдіс-әртүрлі
деңгейде іске асырылатын ғылыми-
техникалық бағдарлама базасында
қаржылық болжаудың әдістерінің бірі
ретінде іске асырылады.
5.Экономикалық-математикалық
әдіс. Мұнда ұзақ периодқа болжаулар
жасау үшін ЭВМ және әртүрлі
есептеу варианттары қолданылады.
Қаржылық жоспарды құру этаптар бойынша
іске асырылады.
1.жоспарлаудың бірінші этапыпда есептік
мерзімге қаржылық көрсеткіштерді орындаудың
экономикалық талдауы жүргізіледі. Қаржылық
көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен байланыста өткізіледі.
Жоспарлық түсімдерді және шығындарды іс
жүзіндегі өндірістік көрсеткіштермен
салыстыру қаржылардың толық пайдаланылмау
себептерін айқындауға, оларды пайдалану
тиімділігі деңгейін анықтауға ішкі шаруашылық
резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.
2-ші этапта әлеуметтік және
экономикалық даму жоспарлары,
көрсеткіштері негізінде жоспарланатын
жылға табыстар мен шығындардың
нақты түрлерінің есептері жүргізіледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz