Халық денсаулығыр сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
Презентация қосу
Халық денсаулығыр сақтаудың негізі ретінде
қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту
Қабылдаған: Бабажанова.У
Орындаған:Рүстем.К
Тобы:ҚБ-103
Жоспар
• I Кіріспе
• II Негізгі бөлім
• 1. Денсаулық – адам организмінің
қалыпты жағдайы.
2. Қоғамдық денсаулық сақтауды
дамыту
III Қорытынды
Денсаулық сақтау
• Адамның денсаулығын биологиялық (іштен туа
біткен және жүре пайда болған сырқат
белгілеріне қарап) және әлеуметтік
факторларды ескере отырып, кешенді түрде
анықтайды. Денсаулықты
жеке адамның денсаулығы және
жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке
адамның денсаулығын, яғни оның
организмінің клиникалық, физиологиялық және
биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын
адамның жынысына, жасына, сондай-ақ
климаттық және географиялық жағдайларына
байланыстыра отырып анықтайды.
• Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық
кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі,
өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның
дұрыс өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы
анықталады. Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы
– жеке адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс
уақытының ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына,
дұрыс тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына,
елдің жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам
денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл
бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға,
дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының
«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны
саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын
күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге
дейін жойған жоқ.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
ұйымдарында медициналық көмек көрсету сапасын
басқару жүйесін жетілдіру бойынша ережелері
• 1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
субъектілерінде медициналық көмектің сапасын басқару іс-шар
аларын ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
2. Медициналық көмектің сапасын басқару мақсаты -
пациенттердің қажетті көлемде уақтылы, сапалы және қауіпсіз
медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
3. Медициналық көмектің сапасын басқару денсаулық сақтау
ұйымы (бұдан әрі - ұйым) қызмет нәтижелерін жақсартуға
бағытталған шараларды әзірлеу арқылы өз жүйелерін, процедуралары
мен жұмыстарын, олардың сәйкестілігін және тиімділігін бағалауды
талдау арқылы қамтамасыз етіледі.
4. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі іс-
шараларды қызметкерлер, бөлімше жетекшілері, әкімшілік, аурухана
ішіндегі комиссиялар, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын
басқару бойынша арнайы құрылған қызмет жүзеге асырады.
5. Денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының
штаттан тыс бас мамандары олардың қызмет саласына сәйкес
медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын ұйымдастыруда
және оны қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру бойынша
қажетті әдістемелік көмек көрсетеді.
• 6. Осы ережелерде келесі анықтамалар қолданылды:
1) медициналық көмектің сапасын басқару – денсаулық
сақтау ұйымы деңгейінде жоспарлауды, ұйымдастыруды,
ынталандыру, өз жұмысына ішкі аудит өткізуді, басқа да
медициналық көмектің сапасын қамтитын және өз
жұмысындағы кемшіліктерді жоюға бағытталған
шараларды қосатын жүйелі, тәуелсіз, үзбей, өзара байланыс
әрекеттердің құжатталған процес;
2) медициналық көмектің сапасын басқару қызметі -
қызметкерлер арасынан алынған денсаулық сақтау ұйымы
деңгейінде медициналық көмектің сапасын басқару
қызметін атқаратын және сәйкес өкілетік берілген қызмет;
3) қуаты аз мемлекеттік медициналық ұйымдар –
жанұялық-дәрігерлік амбулаториялар, ауылдық учаскелік
ауруханалар, 100 орыннан аз төсекті стационарлар;
4) аурухана ішіндегі комиссиялар – медициналық ұйым
аясында медициналық қызметтің түрлі бағыттары бойынша
құрылатын комиссиялар;
5) қызметкер – медициналық ұйымның қызметшісі.
Қоғамдық денсаулық сақтауды
дамыту
• Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы
жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына,
“Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау
туралы” Заңға, “Халық денсаулығы”
атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес
жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарыны
денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына
принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық
сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық,
дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің
мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын
қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан
айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген
дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес
дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.
• Республикадағы барлық мамандық бойынша
дәрігер саны 50,6 мың немесе әрбір 10 мың
тұрғынға 33,9 дәрігерден келеді. Орта буын
медицина қызметкерлерінің саны 104,4
мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74,1).
Жоғары білімді медицина кадрларын
мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары
даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен
ірі қалаларда орта буынды медицина
қызметкерлері даярланады.
• Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық
қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша
тарамдалған нысандары арқылы жүзеге
асырылады. Халыққаамбулаторлық-емханалық
көмек көрсететін мекемелер саны 1999
жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар
емханалары мен жеке амбулатория саны 1738
болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек
көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990
жылы республикада 88 жеке
стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар
3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті.
Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті
1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.
•НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz