АДАМНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ. МЕЙІРГЕРЛІК КҮТІМ СТАНДАРТТАРЫ ҰҒЫМЫ


Slide 1

Адамның негізгі қажеттіліктері. Мейіргерлік күтім стандарттары ұғымы

Қабылдаған: Бабажанова. О Орындаған: Әмзе. А Тобы:ҚБ-103

“Түркістан ” көпсалалы жоғары медициналық колледжі

Slide 2

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

1. Адамның негізгі қажеттіліктері.

2. Адамның негізгі қажеттіліктері. Мейіргерлік күтім стандарттары ұғымы

III Қорытынды

Slide 3

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Slide 4

Қажеттіліктер - адам тұлғасының, қоғамның жалпы өмір сүруін және дамуын қолдау үшін объективті кажетті нәрселерді кажетсіну. Қажеттіліктер биологиялық және әлеуметтік болып бөлінеді, олар экономика мен мәдениет дәрежесіне байланысты. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың орталық міндеттердің бірі болып табылады

Slide 5

1943 жылы орыс тегінен шыққан американдық психофизиолог А. Маслоу ұсынған қажеттіліктің иерархия теориясы кең таралды. Маслоу адамның 14 негізгі қажеттіліктерін көрсетіп, оны бес сатыға бөлді. Пирамиданың негізін фундаментті қажеттілік құрайды

Slide 6

Маслоудың қажеттілік пирамидасы

Бұл теорияға сәйкес адамның қажетттілігі төменнен жоғары қарай дамиды, адам алдымен төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, одан соң жоғары деңгейдегі қажеттіліктер туындайды.

Адамның бірінші деңгейдегі қажеттіліктері - физиологиялық қажеттіліктер:

1. тыныс алу

2. жеу

3. ішу

4. шығару

5. ұйықтау, дем алу.

Физиологиялық қажеттіліктер өмір сүруге қажет және оған тамақ, су, тұратын жер, дем алу және жыныстық қажеттіліктер жатады.

Slide 7

Екінші деңгей- сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі:

6. таза болу

7. киіну, шешіну

8. температураны ұстап тұру

9. дені сау болу

10. қатерден, аурудан, күйзелістен қашу

11. қозғалу.

Сенімділік және қауіпсіздік қажеттілігі болашақта сыртқы ортадан келетін қатерден физикалық және моралды қорғау қажеттілігін туындатады және болашақта физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыратынына сенеді.

Slide 8

Үшіншідеңгей - әлеуметтікқажеттілігі:

12. сөйлесу

біреуге тәуелді болу немесе басқалардың сені қабылдау сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас сезімі, бауыр басу және қолдау сезімдері кіреді.

Төртіншідеңгей - сыйлау және өзіңді сыйлау қажеттілігі:

13. жеңіске жету

Slide 9

Оттегі қажеттілігі - дұрыс дем алу адамның ең негізі физиологиялық қажеттілігі. Оттегі жетіспегенде тыныс жиі және беткей болады, ентігу мен жөтел пайда болады. Ұзақ уақыт болған гипоксия көгеруге әкеледі, терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгереді. Бұл қажеттілікті ұстап тұру мейірбикеге басты мақсат болып табылады. Адам осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өміріне қажетті қандағы газ құрамын қалыпты деңгейде ұстайды.

Тамақ сақтауға және көңіл-күйдің жақсы болуына аса маңызы бар. Дұрыс және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмектеседі. Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы мал майына және холестеринге бай тағамдарды үнемі қабылдағанда пайда болады. Жарма және өсімдік жасұнығына бай тағамдар тоқ ішектің қатерлі ісігі дамуы каупін төмендетеді. Тағамда ақуыздың көп болуы жараның тез жазылуына көмектеседі.

Slide 10

Сұйықтық қажеттілігі - бұл күнде 1, 5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын, бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен, термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін, 2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.

Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар қажеттіліктерді қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет

Slide 11

Ұйықтау және демалу қажеттілігі- ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз, иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.

Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл белсенді жағдай болып табылады.

Slide 12

Мейірбикенің мақсаттары:

1. Жағдайын бағалау, пациенттің психоэмоциалдық жағдайының өзгеру себебін анықтау.

1. Пациенттің мәселесін табу немесе мейірбикелік тексеріс жүргізу.

2. Керекті көмекті жоспарлау.

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Мейірбикелік көмектің сапасын бақылау жүйесі
Науқастың қажеттіліктері
Карневалидің мейірбикелік күтімді жоспарлау теориясы
Қажеттілік теориялары
Онкологиялық науқастарға мейірбикелік күтім
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы
Күтімді жоспарлау
Гинекологиядағы мейіргерлік күтім
Мейірбикелік күтім
Буын ауруларына мейірбикелік күтім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz