Жүн ақаулары



Жүн ақаулары
Орындаған: Әлжан Сымбат
410ТППЖ

Жүн сапасын кемітіп, құнын төмендететін ақаулы кемістіктерге: жүн талшығының жіңішкеруі; қылдырықтанып жүннің тікенек өсімдікпен; жемшөп қалдығымен қоқымдануы; қи, несеп, топырақ және құммен ластануы; қойды өшпейтін қара маймен немесе майлы бояулармен белгілеулері; ақ жүнге түсті қылшықтардың немесе жіп сияқты заттардың араласуы; қойды дұрыс қырықпағандықтан болатын т. б. кемшіліктер жатады.
Ақаулы және ластанған жүннің бағасы қалыпты таза жүнге қарағанда едәуір төмен болады және олардан аз мөлшерде сапасыз мата тоқылады. Орталық жүн өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтының деректеріне қарағанда, ластанған жүннің иірім шығымы қалыпты таза жүнге қарағанда 77%, ал лас жүндікі 85% болған. Сондықтан жүн ақаулығын, ластануын мейілінше азайтып, оның алдын алу шараларының халық шаруашылығы үшін маңызы зор.

Ақаулар
Топтар
Бірінші
екінші
Ажыраған, жараланған, қажалған, мүйізденген жерлері жекелеген учаскелерде немесе жалпы көлемі, см
5, 1-20, 0
20, 1-40, 0
Пышақтың ізі түскен, жыртылған жерлері, тесіктер, қажалған, жуылмайтын бояғыштардан жасалған таңбалар, жалпы көлемі, %
1, 1-3, 0
3, 1-15, 0
Тері жегіш құрт зақымдаған, мүйізденген жерлері жекелеген учаскелерде немесе жалпы көлемі, см
10 аспауы
1, 1-5, 0
Теріні сыпырғанда дұрыс тілінбеген іштің орта сызығынан оңға не солға қарай ауытқуы, см
2, 1-4, 0
4, 0-көп
Алғашқы өңдеудің бұрмалануы
-
қатқан
Терінің толық болмауы
Басы мойнымен
-

Жүн талшығының жіңішкеруі, қылдырықтанып, қырқылуы - қойды дұрыс азықтандырмағандықтан болатын ақау. Ағзаның басқа жасушалары сияқты жүн жасушаларының да құралып, өсіп-жетілуі үшін қоректік заттардың белгілі бір мөлшері керек. Әдетте буаздығының екінші жартысындағы саулық қойды дұрыс азықтандырмағанда, қоректік заттар жетіспей жататынының салдарынан жүннің өсуі баяулап, кейде тіпті тоқтап қалады. Мықты және сапасы жақсы жүнді көп қырқудың шарты қойды жыл бойы тиісті дәрежеде азықтандырып, бағып күту. Қойды дұрыс азықтандыру жүн сапасына, мөлшеріне және қасиетіне жақсы әсер етеді. Қой азыққа жарымаса немесе, сапасы нашар азық берілсе, одан қырқылған жүн қысқа, жіңішке, осал және бос болады. Қой жүнінің өсуі теріге қоректік заттардың жеткілікті баруына байланысты, сондықтан қойды азықтандырудағы түрлі өзгерістер жүн талшықтарына, әсіресе оның жуан-жіңішкелігіне әсер етеді. Егер қоректік заттар ұзақ уақыт жетіспесе, сол кезде өскен жүн сапасы төмен, талшығы жіңішке, буылтық келеді.

Жүннің тікенек өсімдікпен, жемшөп қалдығымен ластануы қойды дұрыс жайып, азықтандырмағандықтан болады. Оны болдырмау үшін қойды жазда, әсіресе жаздың екінші жартысынан бастап қурайлы және бұтасы бар зиянды өсімдіктер қылқан боз, ақселеу, көкнар, шалқан, ошаған, тағы басқа жабысқақ, тікенекті өсімдіктер өсетін жайылымдарға шығармау қажет. Осы өсімдіктердің ұрығы, қылтаны араласқан жүнді лас, шөңгелі жүн деп атайды. Бұл шөптердің бүршіктері қой жүнінің арасына шырмалып, ұйысып қалады және оны машинамен тазарту қиынға түседі. Тікенекті шөптен тазартқан кезде жүн талшықтарының бірқатары үзіледі, ұзындығы кемиді, жарамды жүн сапасы бұзылады, оның үстіне тікенекпен бірге біраз жүн шығын болады.

Жүннің топырақпен және құммен ластануы. Топырақ пен құм жүнге араласып, жүннің арасына кіріп, талшығының сыртын қажап бүлдіреді, соның салдарынан олардың беріктігі, серпімділігі және тағы басқа пайдалы қасиеттері төмендейді. Мұндай қолайсыз жағдайларды болдырмау үшін, қойды күндіз және түнде тынықтырғанда (жусатқанда) көк орайлы, қыртысы қатты жерлерді таңдап алу керек, қатты жел тұрған кезде қойды ықтасын жерде ұстау керек, сонымен қатар жайылымның шаңын шығармай, жер қыртысын қатайтатын көп жылдық шөптерді өсіру пайдалы және жайылымды тоздырмау үшін жыл сайын екі өрісті мал жаймай қалдырып отыру керек. Қойды шаңды жолмен айдамаған жөн.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz