ЖАЗА ҰҒЫМЫ


Slide 1

Жаза ұғымы

Slide 2

ЖОСПАР

1 - Жаза ұғымы 2 - Түрлері

Slide 3

Жаза ұғымы

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б. т.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. (ҚР ҚК 38-бап)

Slide 4

Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Slide 5

Жазаның түрлері

1. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негiзгi жазалар:

1) айыппұл;

2) түзеу жұмыстары;

3) қоғамдық жұмыстарға тарту;

4) қамаққа алу қолданылуы мүмкiн.

Slide 6

2. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:

1) айыппұл;

2) түзеу жұмыстары;

3) бас бостандығын шектеу;

4) бас бостандығынан айыру;

5) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

Slide 7

3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:

1) мүлкін тәркілеу;

2) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;

3) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

4) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу қолданылуы мүмкін.

Slide 8

1. Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде не пара сомасына немесе құнына еселенген мөлшерде тағайындалатын ақшалай өндiрiп алу.

Slide 9

Түзеу жұмыстары 1. Түзеу жұмыстары дегеніміз - сотталған адамның жалақысынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген және қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес келетiн мөлшерде мемлекет кірісіне ақша өндiрiп ала отырып, оны негізгі жұмыс орны бойынша еңбекке тарту және ол сотталған адамның жалақысының (ақшалай үлесінің) жиырмадан қырық пайызға дейінгісін ай сайын мемлекет кірісіне аударып отыру арқылы орындалады. Түзеу жұмыстары қылмыстық теріс қылықтар үшін - айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен бес жүзге дейінгі шегінде, қылмыстар үшін айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден он мыңға дейінгі шегінде белгіленеді.

Slide 10

Қоғамдық жұмыстарға тарту

1. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегiн қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Slide 11

Бас бостандығын шектеу

1. Бас бостандығын шектеу сотталған адамға бiр жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгілеуден тұрады. Бас бостандығын шектеу сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша қоғамнан оқшауланбай өтеледі. Тұрақты жұмыс орны жоқ және оқуда жоқ бас бостандығын шектеуге сотталғандар жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, бірақ жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылуға жатады. Бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар, жүктi әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балалары бар әйелдер, үш жасқа дейiнгi жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектер мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Өзге жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін, бұл ретте сотталған адам мәжбүрлі еңбекке тартылмайды. Мәжбүрлі еңбекке тарту күніне сегіз сағатқа дейін, бірақ аптасына қырық сағаттан асырылмай өтеледi.

Slide 12

Қамаққа алу

1. Қамаққа алу сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайларында ұстауды білдіреді.

2. Қамаққа алу отыз тәуліктен тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.

3. Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.

4. Әскери қызметшілер қамақта болуды гауптвахтада өтейді.

Slide 13

Өлiм жазасы

1. Өлім жазасы - ату жазасы адамдардың қаза табуымен ұштасқан террористік қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы өтінішхат беру құқығы беріледі.

2. Өлiм жазасы он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды.


Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық жане әкімшілік жауаптылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Қылмыстық заң
Қазіргі кезде әкімшілік құқықта жаңадан енгізілген жазаның түрі
Құжаттар тарихы
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
қылмыстық құқық пәні және әдістері
Құқықтық терминдер топтамасы
ШЕТ ЕЛДЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz