ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҒАЛЫМ


Slide 1

Ғылым және ғалым.

Орындаған: Сабырова З. Ғ.

Slide 2

Жоспар

1. Ғылым. Ғылымның шығуы.

2. Ғалым деген кім?

Slide 3

ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы - ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды.

Slide 4

Бе́ртран А́ртур Уи́льям Ра́ссел

Ғылым - ол ең алдымен, көптеген бөлек мәліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға ұмтылатын жалпы заң. Ғылым ақиқатты іздестіретін өнермен тең, бірақ ол өнерде жоқ практикалық манызға ие.

Slide 5

Расселдің пікірінше: «Ғылым адамы (мен түгелдей бәрін атап тұрғаным жоқ, яғни ғылым адамдарының көбі ғалым емес, - мен ғылым адамы туралы, оның қандай болуы туралы айтып тұрмын) - бұл ықыласты, абайлы, бірізгілікті, ол тек өз тәжірибесіндегі қорытындыларға сүйенеді және түгел жалпылауға дайын емес, ол теорияны тамаша, симметриялы және синтетикалық сипатта болғандығына қарап қабылдамайды; ол оңы бөлшектеп және қосымша зерттейді».

Slide 6

Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи - мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

Slide 7

Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы - ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н. Коперник, И. Кеплер, Г. Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені классификациялауының арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін түсінді.

Slide 8

Неміс философы К. Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:

1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы;

2 кезең - қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды.

Slide 9

Қазіргі заманғы ғылымда батыс мәдениетінің өзіне ғана тән ерекшелігі ғылымның іс - әрекеттік бағытталуы. Себебі, егер де жасалынып жатқан жұмыстың нәтижелілігіне көзі жетпесе, бір де бір капиталист ғылыми зерттеулерге қаражат бөлмейді. Алайда барлық ғылыми жаңалықтар мен пікірлер бірдей оң көзқараспен қабылданған жоқ.

Мысалы, Бартелеми Тимоньенің иненің құлағын, әдеттегідей иненің соңына емес басына орналастаруы (1830 ж. ) тігін машинасын жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бірақ тігін машиналары жасалып шығарыла бастаған кезде, тігіншілер жұмыссыз қалудан қорқып, 80-ге тарта тігін машинасын қиратып тастағандығы белгілі. Осыған ұқсас кітап басып шығарудағы Гутенбергтің жетістіктеріне саудагер Иоганн Фуст назар аударып, Гутенбергке алғашында қаржылай көмек көрсеткенімен, кейін 1455 жылы тез пайда табу мақсатында Гутенбергке қарсы сот ісін бастаған. Сот ісін жеңген ол барлық әріп теретін станоктарды тәркілеп тартып алып, Гутенбергтің көмекшісі болып жұмыс істеген күйеу баласымен бірге жаңа іс ашқандығы да тарихта белгілі. Жыл сайын пайда болып жатқан дәлелдемелерге, сондай - ақ 1967 және 1982 жылдары Ватиканның эволюцияның глобальдік сипатқа ие болғандығын ресми түрде мойындағаның танығандығына қарамастан, эволюциялық теория діни қайраткерлер тарапынан сенімсіздікке, түрлі сын мен тіпті оны жоққа шығарушылыққа ұшырауда.

Slide 10

Ғылыми-білімнің құрылымымен ғылым атқаратын функциялар тығыз байланысты. Олар бірнешеу:

Slide 11 Slide 12 Slide 13

ҒЫЛЫМҒА ҚОЙЫЛАТЫН КРИТЕРИЙЛЕР

Slide 14

Ғалым деген кім?

Slide 15

Абай

«Жамандық көрсен нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз,

Жақсылық керсен ғибрәтлі,

Оны ойға жисаңыз,

Ғалым болмай немене

Балалықты қисаңыз?. . »

Slide 16

Tегiнде, адам баласы адамнан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектiң бәрi бекершiлiк

Ғалым бейнесін, ғылым көкжиегін дана Абай дәл айтқан. Хакім сөзімен айтар болсақ, ғаділет, махаббат сезім кімде көп болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз: жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақыл мен біліп аламыз - деп толғанысқа түседі. Мұнда Абай табиғат пен қоғам болмысындағы мәңгі бірге жасасып келе жатқан объективті заңдылықтардың мән-мағынасы адам санасында сәулеленуі арқылы сыры ашылып, мәні танылған құбылыстарды «жарасып, жасалып қойған нәрселер» деп өте жақсы пайымдайды. Ғылым, Абай пікірінше, ғайыптан пайда болатын кездейсоқ құбылыс емес, ол шын дүниенің бойындағы объективті шыңдықтардың біртіндеп ашылып танылуы арқылы жиналып бірте-бірте қорланатын рухани қазына. Мұның иесі - ғалым. Кімде-кім талмай еңбектеніп, сарыла ізденіп санасын мәні ашылған шындықтармен толықтырып, қорландырып отырса, ғылымның бір саласын жете меңгерген ғалым болуы қиын емес. Ғалым болу әрбір адамның өзіне тікелей байланысты құбылыс»

Slide 17

Айнұр Кәріпжанова

Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Досмұхамедов және қазақ терминологиясы
Қазақстанда ғылымның қандай салалары дамығын
Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
Ғалым жазған Қазақ тілі грамматикасының арнаулы фонетика бөлімі - осыған айқын дәлел
Қан клеткалары
Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының директоры
Екінші ұстаздың шығармашылығы
ХVII-XVIII ғасырлардағы мәдениет және ғылым
Фарабидің энциклопедиясы
Микробиология аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz