Өлі тілдер, олардың пайда болуының негізгі себептері


Slide 1

Жоба тақырыбы:

“Өлі тілдер”, олардың пайда болуының негізгі себептері

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Орындаған:Ермекбаева М. А,

Маннап Ф. Р,

Мизамбекова Н. С,

Байысхан А,

Рахимова Д. Б,

Сабырова З. Ғ.

Slide 2

Жоспар

1 Кіріспе. Дүние жүзі тілдері

1. 1 Өлі тіл сипаты

1. 2 Әмбебап тілдер

1. 3 Тіл тағдыры туралы пайымдар

2 Негізгі бөлім. Тілдің өміршеңдігі

2. 1 Тілдің өлі тілдердің санатына ену себептері

2. 2 Тіл тағдыры

3 Қорытынды

4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Дүние жүзі тілдері - Жер шары халықтары тілдерінің жиынтық атауы. «Халықаралық лингвистикалық энциклопедияның» (1992) дерегі бойынша, дүние жүзінде 1970-80 жылы 6604 тіл (оның ішінде 300 өлі тіл) болса, ал «Әлем тілдерінің атласы» (1994) әлемде 6796 тіл бар деп мәлімдеген. 20 ғасырдың 90-жылдарында дүние жүзінде 6 мыңдай тіл бар деу шындыққа неғұрлым сай келеді. Дегенмен, ғылымда Дүние жүзі тілдердінің ұзын саны 3000-нан 1-ға дейінгі аралықта деген тұжырым да жоқ емес.

Соңғы жылдары Дүние жүзі тілдерінің төрттен бірі 1000 сөйлеушіге, тең жартысы 10 000 сөйлеушіге азайған (лингвистердің болжамы бойынша, бұл тілдер жақын арадағы 50 жылда жойылады), сонымен қатар 455 тілді ана тілім деп есептейтіндер саны 100 адамнан аспаса, 310 тіл өлі тіл ретінде танылып отыр;

Slide 4

Өлі тілдер - қолданыстан шыққан тілдер. Өлі тілдер жазба ескерткіштер арқылы ғана белгілі болып отыр. Ерте заманда тілдердің жоғалуы үлкен империяның құрылуымен байланысты болған, мысалы: Көне Парсы, Эллин, Араб, Рим империялары. Отар болған халықтың қырғынға ұшырауы, тілінің жоғалуы даусыз.

Анықтамалық ақпарат

Өлі тіл. линг. Тарихи даму барысында қолданыстан шығып қалған тілдер. Өлі тілдер туралы мәлімет сол тілде сақталған жазба ескерткіштер негізінде белгілі болды Санскрит қазір латын тілі сияқты “өлі тілдің” қатарына жатады.

Дүние жүзінде халық та, соған орай тіл де көп. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда, дүние жүзінде 5661 тіл бар. Бірақ олардың ішінде 1400-ден астамы не мүлдем дами алмай қалған, не бұл күнде көне, өлі тілге айналып кеткен.

Slide 5

Әлемде әмбебап тілдердің қатарына кіретін, кеңінен таралған 40 шақты тіл бар. Жер шарының 3-тен 2 бөлігіне жуығы осы тілдерде сөйлейтін көрінеді. Ал қалған 1 бөлігі алты мыңға жуық тілдердің маңдайына бұйырған.

Кең таралған тілдер:

қытай тілі (1млрд-тан астам),

ағылшын тілі (420млн),

хинди тілі (320 млн),

испан тілі (300 млн),

орыс тілі (250 млн),

индонезия тілі (170 млн),

араб тілі (170 млн),

португал тілі (150 млн),

Бұлардың әрқайсысы өз елдерінің аумағында және өзге де құрлықтарда қолданылады.

Slide 6

Әлем лингвистері айтыуынша, әлемдегі 7000-ға жуық тілдің тең жартысы жүз жылдың ішінде құмға сіңген судай жер бетінен жоқ болуы мүмкін. Ал әрбір екі апта сайын бір тіл тіршілігін тоқтатып отырады екен.

«Тілдің аман қалуы немесе жоғалып кетуі, алты жасар баланың қолында. Алты жасар баланың тілді үйрену талабын тілді күнделікті қолдану қажеттілігі ғана тудырады»

Дэвид Харрисон.

Slide 7

Венгрияның тіл маманы Янош Пустаидың пікірі бұл үрейді күшейте түспек. Ғалымның болжамынша, ХХІ ғасырдың аяғына қарай әлемдегі тілдердің 80 пайызға жуығы жер бетінен мәңгіге жоғалып кетуі мүмкін. Бірінші орында фин-угорлық тілдер тұр. Бұл тілдердің ішінен мемлекеттік мәртебеге ие болғаны небары 3-ақ тіл екен. Олар - эстон, венгр жән фин тілдері. Ал қалғандары тіршілік етуге қауқарсыз көрінеді. Янош Пустаидың пікірінше, тілдің осындай жағдайға түсуіне жаһандану мен адамдардың көшуі әсер еткен.

Ресей ғалымы Владимир Плунгян тіл жұтаса, лингвистиканың зерттеу аясы да тарылады деген ойда. «Тілінен айырылған ұлттың дүниетанымы, мәдениеті сол күйі жабық есіктердің ар жағында қалып қояды. Ғалымдар қанша зерттеп, өз болжамдарын айтқанымен, сол тілдің төл өкілі болмаған соң, бұл ұлттың танымына терең бойлай алмайды»

Slide 8

«Тілдердің өлуі - бүгінгі күннің ең көкейкесті проблемасы, Қызыл кітапқа жер жаһандағы тілдердің 40 пайызын кіргізуге болады. Ал сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің көрсеткіші бұдан төмен. Тілдердің жоғалуының жылдамдығы сондай, тіл сирек кездесетін өсімдіктер мен жәндіктерден бұрын өліп жатыр.

…Иә, бұл заман - жедел ақпараттың заманы. Яғни, қаншалықты ақпаратқа қанық болсаң, соншалықты білімді саналасың. Бірақ біз осы ақпараттарды қабылдаймыз деп мыңжылдықтармен келген, санаға сіңген ұлттық құнды­лықтарымызды қоқысқа тастағандай боламыз»

Дэвид Хариссон

2001 жылы «Жоғалудың алдында тұрған және жоғалған тілдердің атласы» жарық көрген. 2009 жылы жаңартылған бұл құжат арадағы 8 жылдың ішінде біраз өзгеріске ұшыраған. 2001 жылы шыққан атласта 6900 тілдің 900-і жоғалудың алдында тұр деп берілсе, 2009 жылы шыққан еңбекте бұл көрсеткіш үш есеге артқан екен. Яғни, сол кезде тірі болған тілдер бірнеше жылдың ішінде өлі тілдердің қатарына кірген. Мамандар қазір де тіршілігіне қауіп төніп тұрған тілдердің көп екенін айтады.

Slide 9

Егер қандай да бір ұлттың тіл иеленушілері бір адамнан аспаса, оның тілі өлі тілдер санатында қалып қояды. Әлемде осындай жалғыз жарым жаны бар тілдер 50-ге жуық. Егер сол жалғыз өкіл өлсе, өзімен бірге сол кішкентай ұлт туралы түсінікті де алып кетеді. Мысалы, 1898 жылы далмат тілінің соңғы иеленушісі көз жұмған. Ал Қытайда 400 жылға жуық сақталған әйелдердің құпия нюй-шу атты тілінің өкілі 2004 жылы қайтыс болған. 2008 жылы Оңтүстік Аляскада эякс тілінің соңғы иеленушісі дүние салған. Санай берсек, өзінің иеленушісімен бірге тіршілігін тоқтатқан мұндай тілдер көптеп кездеседі.

Мысалы, 2009 жылы ЮНЕСКО бір Ресей аумағының өзінен жоғалудың аз алдында тұрған 136 тілді анықтаған. Оның бүгінге дейін тең жартысына жуығы жоқ болған шығар. Егер екі аптада бір тіл өліп отыратынын ескер­сек, бұл болжамымыз шындыққа саяды. Ал Африкадағы Сенегалда жоғалудың аз алдында тұрған бандиал тілі бар. Ондағы жастар да өз тілін білуге құлықсыз көрінеді. Олар француз және жаңа пайда болған хип-хопқа қатысы бар тілдерде сөйлегенді жөн көреді. Мамандардың пікірінше, екі ұрпақ жаңарған соң, бұл тіл туралы да ешкім білмейтін болады.

Slide 10

Тілдің өміршеңдігі (лат. vitalis - өміршең; орыс. витальность языка) - тілдің өмір сүруге, дамуға құштарлығы, табандылығы, икемділігі. Тілдің өміршеңдігі мынадай обьективті және субьективті көрсеткіштер жиынтығымен өлшенеді:

1. Әлеуметтік-саяси көрсеткіш, оның ішінде тілді мәртебелік жоспарлау мен тілді кешенді жоспарлаудағы мақсаты бағытталған тіл саясатының жүргізілуі, тіл дамыту мен оған қамқорлық

жасаудың нақтылы Мемлекеттік бағдарламасының болуы, тілдің толық мәнде қызмет ететін әлеуметтік инфрақұрылымдарының дамуы, (білім беру мекемелері, баспасөз органы, радио желі, телекомпаниялар мен телебағдарламалар, кітап басу ісі т. б. )

2. Әлеуметтік демографиялық көрсеткіш, оның ішінде мемлекет шегінде өзге тілдік ұғымдарға қарағанда сол тілдегі сөйлеушілер саны, сол этникалық топтың жалпы санының ішіндегі

тіл тұтынушылардың (ана тілі ретінде білетіндер саны) жастар арасындағы, ол тілдегі монолингвистер мен билингвистер саны, сол тілдегі қостілді білетіндер дәрежесі т. б.

3. Таза лингвистикалық көрсеткіштер, оның ішінде әдеби тілдің болуы, тілдік норманың жасалуы мен тұрақтылығы, тілдік инновациялардың таралу жылдамдығы, шетелдік әсер етушілікке табандылығы, салалық терминдердің барлығы, сөздік қордың даму динамикасы т. б.

4. Әлеуметтік - қызметтік көрсеткіштер - бұл тілдің әлеуметтік қызметінің қоғамдағы біршама маңызды өмір салаларында, оның ішінде алдымен ағарту саласында (тілдік құзіреттіліктің

негізгі салаларында қалыптасуы), ғылымда (гуманитарлық және жаратылыс-техникалық), бұқаралық ақпарат құралдары тілі, әкімшілік қызметте және іс қағаздарын жүргізуде, сот ісін жүргізуде өнеркәсіп органдарында және өндірістің өзге салаларында

қолданылуымен өлшенеді.

5. Ұлттық-мәдени көрсеткіштер, оның ішінде ұлттық өнерде, театр, кино, дінде, әдебиеттің аралуан түрлерінің (көркем әдебиет, лексиокография, діни-сезім іскерлік, оқулық, терминонологиялық т. б. ) ғұрыптық дәстүрдің барлығы т. б. (қар. : Стандартты тіл, Жоғалушы тіл, Миноритарлы тіл, Өлі тіл, Тіл ауыстыру, Тілдің жаңғыруы) .

Slide 11

СЕБЕПТЕРІ

Байырғы тілдерде сөйлеушілердің көпшілігі оқшауланған аймақтарға ығыстырылған (АҚШ, үндістер) . Олар елдің жалпы өміріне қатысуы үшін оның негізгі тілінде сөйлеуге міндеттелді.

Белгілі бір тілде сөйлеушілердің өліп бітуі (тамбор тілі, Оңтүстік Индонезия, 1815)

Қуатты мемлекеттердің ұсақ халықтарды түгел қырып жіберуі (латын, Рим империясы)

Тілдің ұдайы дамып отыруына байланысты, басқа тілге айналуы, тіпті басқа тілдер тобына еніп кетуі (латын тілі, санскрит, көне славян тілі)

Slide 12

көбінесе ұсақ мәтіндерге негізделуге тура келеді.

көбінесе, деректердің аздығынан, олардың (мәселен, сөз формаларының) тірі тілдерден айырмашылығын түгел көрсетудің мүмкіндігі бола бермейді.

ең қиын мәселе - өлі тіл дыдыстарының айтылу, сөздерінің оқылу ерекшеліктерін айқындау. Бұл сол тілдің сөздерінің әртүрлі жазбалардағы қолданылуын салыстыру арқылы жүргізіледі.

өлі тілге туыстық жақындығы бар тірі тілдер болса, солармен салыстыру арқылы фонетикасын айқындауға болады.

өлі тілді қалпына келтіруге оның құрамдас бөліктерінің басқа бір өлі немесе тірі тілдің құрамынан табылуы айтарлықтай септігін тигізеді.

Қалпына келтіру

Slide 13

Қанша өлі тіл бар екенін дәл айту қиын

Тіл ғұмырының соңғы деңгейінде тек белгілі жас ерекшелігіне байланысты және әлеуметтік топтарға ғана тән сипатта болады ( көбінесе тілді жасы үлкен адамдар тобы сақтайды)

ХХ ғасырға қарай тілдің жойылуына БАҚ түрткі болды

Тектік-топтық (касталық) және әдеби (ежелгі және орта ғасырлық Үндістандағы санскрит) бағытта қолданылуы мүмкін

Шіркеу, әдебиет және ғылым (латын) тілі болуы мүмкін

ТІЛДЕР ТАҒДЫРЫ

Slide 14

Латын

Роман тілдері, катологтық шіркеу, ғылым

Ежелгі орыс

Шығыс славян тілдері

Ежелгі грек

Заманауи жаңа грек тілдері мен диалектілері

Шіркеулік славян


Ұқсас жұмыстар
Тілдердің генеологиялық классификациясы
Жазу туралы
Испаниядағы аударма нарығын зерттеу
Тілдің сөз
Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Тілдердің классификациясы
Қайта сақтандырудың пайда болу себептері және қайта сақтандырудың экономикалық мәні
Орал тілдері шоғыры
Астения
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz