КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ




Презентация қосу
КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ
ПАЙДА БОЛУЫ
Күн жүйесінің пайда болуы
жөніндегі алғашқы шындыққа
саятын ғаламтанулық болжамды
1755 жылы неміс философы
И. Кант (1724— 1804)
айтқан және жариялағанды,
ол Күн мен ғаламшарларды
өзара тартылыс
күшінің әсерінен
бір-біріне жақындап, қосылған
үлкен бұлттың қатты
бөлшектерінен
түзілген деп санады.
Екінші ғаламтанулық болжамды
1796 жылы француз астрономы
П. Лаплас (1749—1827) . айтты. Лаплас Сатурнның
сақинасын ғаламшардан өз осінде айналуы
кезінде бөлініп шыққан газ деп жорамалдап,
Күн өзінің сығылуы кезінде жылдамдығы
артқан газ тұмандықтан түзілді, осының
салдарынан Күннен ғаламшарлар
тудырған газ затының (Сатурнның сақинасына ұқсас)
сақинасы бөлінді. Бұл болжам 100 жылдан
аса уақыт айтылып келді. Дегенмен, Канттың
болжамы сияқты бұл да жоққа шығарылады,
өйткені ол Күн жүйесінің зандылығын түсіндірмеді.
Кант пен Лапластың болжамдары бұл заңдылықтарды түсіндіре
алмады, сондықтан жоққа шығарылды.
Сонымен, мысалы, Нептун Күннен (d = 30 а. б.
орташа қашықтыққа алыстаған және оның орбита
бойындағы сызықтық жылдамдығы v = 5,5 км/с.
Демек, оның сақинасын тудырған Күн
онан болінген кезде сондай радиус пен өзінің экваторының
сондай сызықтық жылдамдығын алуы керек.
Күн онан әрі сығыла бере басқа ғаламшарларды
бөліп шығарды, және қазіргі кезде оның радиусы R=. 0,01 а.б.
Физика заңына сәйкес Күн экваторының
сызықтық жылдамдығы мынадай болуы тиісті еді.
d 30a.б
vЭ v * 5.5км \ с 16500км \ .с (!)
R 0.01а..б.

яғни жылдамдығы 2 км/с-тан асып түседі. Осы мысалдың өзі-ак
Лаплас болжамының дәйексіздігін корсетеді.
XX ғасырдың басында басқа да болжамдар айтылды,
бірақ олардың бәрі дәйексіз болып шықты,
өйткені Күн жүйесінің барлық негізгі заңдылықтарын түсіндіре алмады.
Бүгінгі козқарас бойынша, Күн жүйесінің пайда болуы Күннін
газ-тозанды ортадан түзілуімен байланысты.
5 млрд жылға жуық бұрын Күн пайда болған
газ-тозаңды бұлт баяу айналды деп саналады.
Сығылуына қарай бұлттың айналуы артты және
ол табақ тәрізді пішінге келді. Табақтың орталык
бөлігінен Күн, ал сыртқы аймақтарынан
ғаламшарлар түзіледі. Бұл сызбанұсқамен
Жер тобындағы және алып ғаламшарлардың химиялық
құрылымдары мен массалары анық түсіндіріледі.
Шынында да, Күннің қызуына қарай жеңіл
элементтер (сутек, гелий) сәуле қысымының
әсерінен бұлттың орталық аймағын тастап,
оның шет жағына кетіп отырды.
Сондықтан Жер тобындағы ғаламшарлар жеңіл
элементтердің аз қосындысы бар ауыр
элементтерден түзілді және өлшемдері шағын болды.
Бүл ғаламтанулық болжам Күн жүйесінің
басқа да бірқатар заңдылықтарын,
атап айтқанда, оның массасының Күн (99, 87%)
және барлык ғаламшарлар (0,13%) арасында тарауын,
ғаламшарлардың Күннен қазіргі қашықтықтарын,
олардың айналуын т. б. түсіндіреді. Оны 1944—1949
жылдары академик О. Ю. Шмидт (1891 — 1956)
талдап жасады, кейін оның ізбасарлары әрі карай дамытты.
Бұл болжам бойынша ғаламшарлардың түзілуін былай түсіндіреді.
Табак тәрізді газ-тозанды бұлттағы бөлшектердің
өзара соқтығысуы нәтижесінде көптеген жиынтықтар
пайда болады. Көптеген майда жиынтықтар өзара
соқтығысудан күйреді, ал басқалары ірі
жиынтықтарға түсіп жатты, нәтижесінде ол көлемі
жағынан ұлғайды және бірте-бірте ғаламшарлардың
бастамасын тудыра отырып, тығыздала берді.
Осы бастамалардан жүздеген миллион
жыл бойында ірі ғаламшарлар түзілді.
Жиынтықтың өсуіне Юпитер елеулі тартылыстық кедергі жасаған
жэне олардың орбиталарының тұрақтылығын бүзған
Юпитер мен Марс орбиталарының аралығында, бүгінгі заманымызда
да бір-бірімен және ғаламшарлармен жиі соқтығысатын
шағын ғаламшарлар-астероидтар түзілді.
Басқа кездегі тозанды бүлттың ең шекарасында жеңіл
газдар мен тозандардың мардымсыз санынан
ұзак периодты көптеген құйрықты жүлдыздар пайда болды.
Бүл акиқатқа жуық болжамды әзірге тексеру қиын,
өйткені өзіміздікіне ұқсаған жүйені біз бақыламаймыз
және оны ештемемен салыстыра алмаймыз.
Дегенмен, тұрақты жасалып келе жатқан ізденіс
бізді үміттендіреді. Жердің жасанды серігінен Вегаға
(Лирадағы а) және Фомальгаутқа (Оңтүстік Балықтағы)
жүргізілген зерттеулер олардың төңіректерінде әр
түрлі көлемдегі қатты бөлшектердің сәулеленуіне
тән болып отырған инфрақызыл сәулелену бар екенін тіркеді.
Әзірге өмірдің, әсіресе саналы өмірдің қайда және қандай
болып кездесетінін айту қиын, өйткені оның жалғыз
белгілі мысалы — Жердегі өмір. Оның айрықшалығы
мен Ғаламдағы басты орны, Жердің Күн жүйесіндегі орны,
Күннің — Галактикадағы, Галактиканың — басқа галактикалардағы
орнынан Ғаламдағы Жер өркениетінің қатардағы орнына дейін мегзейді.
Астрономдар радиоастрономияның әдістерін
пайдалана отырып, Жерден тыс өркениетті
дамуды іздеуге тырысады. Оның алғашқы әрекеті
1960 жылы басталды, айнасының диаметрі
25 м радиотелескоптың көмегімен Күнге ұксас екі жұлдыз
— Киттегі мен Эридандагыа төңіректерінен мүмкін
болатын жасанды радиодабыл іздеді. Диаметрі
15 метр радиотелескоп жэне сезгіш ра-диокабылдағыштармен
30 пк-тен кем емес кашықтықтағы бірнеше жұлдыздарға
осындай зерттеулер жүргізілді.
Анағұрлым алыс жұлдыздардан «тың тыңдау» эрекеті де болды.
Мұнымен қатар кейбір жұлдыздар мен жұлдыз
шоғырлары бағытына карай белгіленгсн радиодабылдар жіберілді.
Әзірге бұл зерттеулер нэтижесі белгілі бір қорытындыға келе қойған жоқ.
Мейлінше эр түрлі аспан денелері мен жұлдызаралық орталарды
астрономиялык зерттеулер Ғаламның
тұтастығын жэне оны танып-білудің мүмкіндігін дэлелдейді.

Ұқсас жұмыстар
Өмірдің басталуының моральдық - құқықтық мәселелері
Планетаның пайда болуының алғашқы теориялары
Бірінші жұлдыздардың пайда болуы
Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуының клиникалық жіктелуі
Жұлдыздың пайда болуы және олардың эволюциясы
Аспан денелері
Көбіне күн сәулесінің жетіспеушілігінде мешел ауруы
ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ
Жылу реттеу патологиясы
Жарықпен емдеу
Пәндер