Экология және тұрақты даму туралы
Презентация қосу
Дисциплина:
“Экология және тұрақты
даму”
СӨЖ-дің жалпы сағат саны: 45 сағат
СӨЖ –дің 1-ші семестрдегі
сағат саны: 45 сағат
СӨЖ –дің 1-ші семестрдегі
сағат саны: 45 сағат.
№1. СӨЖ мерзімі: 26-шы қыркүйектен
10-шы октябрь аралығы.
Сағат саны:15сағат
№2. СӨЖ мерзімі: 26-шы октябрьден
05-ші қараша аралығы.
Сағат саны: 15 сағат
№3. СӨЖ мерзімі: 26-шы қарашадан
01-ші желтоқсан аралығы.
Сағат саны:15 сағат
№1 СӨЖ «Жалпы экология»
КЕЛЕЛІ СҰРАҚТАР:
• 1. Техногенезден экологиялық тұрақты дамуға
көшу мәселесін шешу жолдары
• 2.Жасанды экосистеманы құрайтын факторлар
және оның биологиялық әртүрлілікке әсерінен
туындайтын қыйыншылықтар
• 3. Популяцияның құрлымы және оның
сыртқы орта әсерінен өзгеруі
• 4. Бірлестіктің тұрақтылық проблемасы
Тезис
1. Технегенезден экологиялық тұрақты дамуға
көшу мәселесіндегігі проблемалар
Технегенезден тұрақты даму типіне көшу қажеттілігі үш түрлі шектеу немесе
«тығырыққа» тірелу дамуына негізделген (Бобылев, Ходжаев, 1997). Эколгиялық
«тығырыққа» тірелу экстенсивті экономикалық өсуді шектейді. Су ресурстарының,
әсіресе ауыз суының ластануы оларға тапшылық тудырды және құрлықта, суда , ауада
қалдықтар, соның ішінде улы заттар деңгейі артты. Көптеген табиғи ресурстардың
таусылу қаупі бар Экономикалық (инвестициялық) шектелу. Техногенді дамуды
қолдау үшін жылдан жылға көп инвестиция бөліуді қажет етеді. Сонымен қатар,
табиғи ресурстардың деградациялануы және таусылуы саддарынан жаңа ресурстарды
жасау үшін де көптеп қаражат бөлуді талап етеді Техногенді, табиғатты пайдалана
отырып дамуды қолдау үшін жылдан жылға табиғатты пайдаланатын комплекстер мен
салалар көп қаражат (инвестиция) бөлінуді қажет етеді. Әлеуметтік шектелу.
Экономикалық дамудың техногенді типі табиғатты көп қолданатын түрі, келешекте,
әлеуметтік жағдайларда «тығырыққа» тіреліп отыр. Осылардың ішіндегі ең негізгісі -
халық денсаулығының әлемдік масштабта төмендеуі. Сонымен қатар, әр түрлі ісік
ауруларының, иммунитет төмендеуінің және генетикалық өзгерістердің тұрақты өсу
тенденциясы байқалады. Әсіресе экологиялық ситуациялардың төмендеуі балалар
арасында көп кездеседі. Қоршаған орта сапасының төмендеуі, маскүнемдік
балалардың генетикалық ауытқуларына әкеп отыр. Биологияның заңы бойынша түрдің
тіршілік ету процесі мезгілінде популяцияда гендік ауытқу 30% жетсе, онда оның
өліміне әкеледі. Егер генофон деградациясы осы қарқынмен өсе берсе, онда
келешекте адам популяциясының жоғалуы мүмкін. Әрине, осы жағдайлардың
барлығы техногенді, табиғатты барынша көп қолданатын даму концепциянын қайта
қарауға талап қояды.
Гипертекст
1. Технегенезден экологиялық тұрақты дамуға
көшу мәселесіндегі проблемалар
1980 жылдың аяғында көптеген әлем мемлекеттері табиғат мен адам арасындағы
қарым - қатынастың жаңа түріне өтудің қажеттілігін мойындады. Техногенез деп
аталатын индустриалды - өнеркәсіптік даму табиғи ортаның тұрақтылығын бұзатынын
тек-қана кедей, жаңа даму жолында тұрған мемлекетер ғана емес, сонымен қатар
экономикасы қуатты бай мемлекеттер де біле бастады. АҚШ-ның вице-призиденті Э. Гор
(1993ж.) «Таразының бір жағында Жер планетасы. Экология және адам жаны» атты
кітабында осы экологиялық жағдайлар туралы жазады. Э.Горд «экономикалық
философияның қоршаған ортаның бұзылуын заңдастыратын және оны мадақтайтын
тұстарын өзгерту қажеттігін» көрсетеді. Табиғи ортаның ары қарай бұзылуын тоқтату
үшін ООН (1987ж.) қоршаған орта саласына байланысты ұзақ мерзімді стратегия жасау
үшін әдейі Халықаралық комиссия құрды. Бұл стратегия ұзақ уақыт тұрақты дамудың
әлемдік экономикасын қамтамасыз ету қажет. Мұнда әлемдік бірлестіктің табиғатты
пайдалану проблемасын тиімді шешудің әдістері қарастырылады Халықаралық
комиссияның председателі Г.Х. Брунтланд көмегімен талапқа сәйкесі стратегия жасалды.
Оның тұжырымдарымен сипаттамаларына, қоршаған орта және даму туралы 1992 жылы
Рио-де-Жанейрода өткен ООН-ның Генралды Ассамлеи конференциясында оң баға
берілді. Осы конференцияда 179 мемлекет өкілдері қолдаған «21 ғасырдың күн тәртібі»
бағдарламасын қабылдады. Бұл концепция «ұзақ мерзімді тұрақты даму» деген атқа ие
болды. «Тұрақты даму» түсінік (sustainable develo pment) эколого-экономикалық өсу атты
жаңа типтің қалыптасуының негізгі болады. Тұрақты даму түсінігінің 60 шақты
анықтамасы ұсынылды. Кеңтараған анықтаманың бірі Брундтланд баяндамасындағы
“Тұрақты даму-бұл қазіргі уақыттың талабын қанағаттандыратын, сонымен бірге
келешек жеткіншектің өз талабтарын қанағаттандыру мүмкіншіліктерін жоққа
шығармайтын даму”. Бұл екі негізгі түсініктентұрады: 1) талап туралы түсінік,
бұлтұрмыс-тіршілігі нашар халықтың талаптары бірінші қатар дағыбасымның
(приоритеттің) негізгі қарастырылатын пәні; 2) шек қою туралы түсінік, бұл қазіргі
және келешектегі талаптарды қанағаттандыратын қоршаған ортаның мүмкіндігіне әсер
ете отырып жұмыс істейтін технологиямен қоғамдық ұйымдардың жағдайы.
Сонымен бірге тұрақты дамудың маңызды экономикалық аспетілерін көрсететін қысқа
анықтамаларыда бар:
1) тұрақты даму, бұл - келер жеткіншекке қосымша қаражат жүктемеу;
2) тұрақты даму, бұл - келешекте тұрақты немесе өнірістік өнім шығарудың
потенциалын көтеру;
3) тұрақты даму, бұл - адамзат табиғаттың өзіне тиіспей, одан түсетін процентпен өмір
сүру ( яғни, табиғатты жеп қоймай, жай ұдайы өндірістен түсетін өніммен қамтамасыз
ету) - бұл банктегі қор, яғни кез келген жетелі адам негізгі капиталды сақтай отырып,
одан түсетін процентпен өмір сүруі қажет.
Жоғарыда келтірілген тұрақты даму анықтамасын, ұрпақтың экономикалық
қатынастар призмасынан өткізіп қарасақ, яғни қазіргі ұрпақтың ішінен (негізінен, әлеуметтік
аспект, кедейлік проблемасы) және әр кезеңдегі ұрпақтар арасынан (эколого-экономикалық
аспект) көруге болады Сонымен, экономикалық және әлеуметтік даму мақсаты оның
тұрақтылығымен, барлық елдердегі - дамыған, даму жолындағы, нарықты немесе
экономиканың өзге түрлері де бар мемлекеттермен экологиялық императивті, яғни бұйрықты
түде сәйкес келу керек. Тұрақты даму түсінігінің негізгі алатын орны, бұл қазіргі
қарастырылып отырған экономикалық шешімдердің ұзақ мерзімді экологиялық зардаптарын
есептеу проблемалары. Негативті экологиялық зардаптарды қысқарту қажет. Табиғи қорды
тек қана өзімізге жұмсамай, келер ұрпақты ойлау қажет. Қай мемелекет болмасын,
экологиялық шектеу проблемасы, қазіргі және келер ұрпақ арасындағы түсіністік, бұл
қоғамдық –экономикалық дамудың негізі болу қажет. Соңғы жылдардағы, ұзақ мерзімді
интервалда, табиғи заңдылықтармен сәйкес орындалатын радикалды экономикалық
өзгерістер, проектілер және шаралардың экономикалық тимділігі адамзат тарыхында
көрсетілді. Керсінше, кейін ұзақ мерзім бойы әкелетін экологиялық зардаптары,
эстерналийлері есептелмейтін, тез және көрнекті пайда әкелетін тиімді проектілер,
келешекте, көбінесе зиянды болып келеді. Сонымен, қарапайым принцип қайсысы
экологиялық таза болса, сол тиімді болады. Ұзақ мерзімді перспективаға тұрақты дамудың
төрт критерийін қарастыруға болады. Бұл әдіс табиғи ресурстарды классификациялауға және
оның ұдайы өндіріс динамикасына негізделген. Біріншіден, қалпына келетін табиғи
ресурстар (жер, орман т.б.) оның саны, биомасса жинақтау қабілеті азаймай ұдайы өндірісті
қанағаттандыру үшінқажет. Екіншіден, қалпына келмейтін табиғи ресурстар (мысалы,
пайдалы қазбалар) қорын мүмкіндігінше аз өндіре отырып келешекте таусылмайтын ресурстар
түрлерімен алмастыру. (Мысалы, мұнайды, газды, көмірді альтернативті энегия қорымен -
күнмен, желмент.б.қорымекүнменжелмет.б.). Үшіншіден, қалдықтарды мүмкіндігінше
азайтып, оның орнына азқалдық беретін ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияны
кіргізу. Төртіншіден, келешекте қоршаған орта ластануы қазіргі заман талаптарының
деңгейінен артпауы тиіс, қоғамдық және экономикалық ластанудың минимальды
мүмкүндіктерін қарастыру қажет. Барлық төрт критерийлер де (одан та көп болуы мүмкін)
тұрақты даму концепциясын жасау процесінде есептелу қажет. Келешек ұрпақтарға қоршаған
ортаның экологиялық жағдайларын төмендетпей, оны сақтап қалу үшін бұл критерийлерді
есепке алу керек. Халықтың тұтыну мәдениеттілігн көтеру, яғни экологиялық тәрбие және
білімнің маңызы зор. Сонымен, қарастырылған тұрақты даму концепциясы негізгі үш түрлі:
экологиялық, экономикалық және әлеуметтік көзқарастың бірігуінің нәтижесі екенін
көреміз. Тұрақты дамуды мынандай формуламен өрнектеуге болады:
Ft (L,K,N,I)= Ft+1 (L,K,N,I);
Ft –тұрақты даму функциясы,
L-еңбек ресурсы,
K-жасанды түрде жасалған капитал,
N-табиғи ресурс,
I-институациалық фактор,
t=0...n
Сонымен ұзақ мерзімді тұрақты даму түсінігіне саяси-құқықтық, әлеәуметтік және
информациялық аймақтарды қамтитын кең көлемдегі проблемалар жатады. Әсіресе қоғам мен
табиғаттың, адам мен биосфераның коэволюциясын қамтитын экологиялық аспекті ерекше
көрінеді.
Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі заман талабын қанағаттандыра отырып, өз
талабының мүмкіндіктерін қанағаттандыратын келешек ұрпақ мүмкіндіктеріне қиындық
түсірмеу.
Тезис
2. Тақырып
Жасанды экосистеманы құрайтын факторлар және оның
биологиялық әртүрлілікке әсерінен туындайтын қыйыншылдықтар
Жасанды экосистема адамның ақыл-ойы күшінің бағытталған әрекетінің
нәтижесі. Табиғи экосистема тірі организмдердің тіршілігі және өнеркәсіп әрекеті үшін
өмір сүру процестеріне қажетті тіршілік ортасы және ресурс көзі. Табиғи экологиялық
системаға, физикалық ортамен әсерлесу нәтижесінде энергия ағымының белгілі бір
биотикалық құрылымын және өлі мен тірі бөліктер арасындағы зат айналымын жасайтын
барлық тірі организм жиынтығы кіретін система жатады.. Табиғи экосистема әр түрлі
климаттық аймақтарда табиғи сұрыпталу әсерімен эволюциялық даму нәтижесінде пайда
болады. Биоәртүрлiлiктi сақтау үшiн Қазақстан Республикасы 1994 жылы
Биоәртүрлiлiк жөнiндегi конвенцияны бекiттi, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және
теңгермелi пайдалану жөнiндегi ұлттық стратегия мен iс-қимыл жоспарын әзiрледi.
Қазақстанның экожүйесi Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте
биологиялық әртүрлiлiк бiрегейлiгiмен ерекшелiнедi. Өсiмдiктер мен жануарлар
түрлерiнiң жоғалуы генетикалық деңгейдегi әртүрлiлiктi жоғалтуға және экожүйелердегi
тиiстi өзгерiстерге әкеледi. Биоәртүрлiлiктi ic жүзiнде жоғалтудың негiзгi себебi өмiр сүру
ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы,
iшкi және теңiз су айдындарының ластануы, өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiн тым көп
тұтыну болып табылады. Таяуда ғана өсiмдiктер мен жануарлардың бөгде түрлердiң
жерсiнуi де биоәртүрлiлiктi жоғалтудың алаңдатар жәйi деп танылды.
Биоәртүрлiлiктi сақтаудың неғұрлым тиiмдi шарасы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
құру болып табылады. Республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының ауданы
13,5 млн. гектарды немесе барлық аумақтың 4,9%-iн құрайды, бұл биологиялық
әртүрлiлiктiң экологиялық теңгерiмiн сақтау үшiн тым жеткiлiксiз және 10%-тi құрайтын
әлемдiк стандарттардан төмен. Қазақстан еспубликасының ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарын дамыту мен орналастыру тұжырымдамасына сәйкес 2030 жылға дейiн
олардың алаңын 17,5 млн. гектарға дейiн ұлғайту, яғни 6,4%- көзделген.
•Г и п е р т е к с т
2. Тақырып
Жасанды экосистеманы құрайтын факторлар және оның биологиялық
әртүрлілікке әсерінен туындайтын қыйыншылдықтар
Биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мақсатында биоәртүрлiлiк объектiлерiнiң жай-
күйiн бағалау және түгендеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желiсiн ұлғайту және
қазiргi табиғи және антропогендiк процестердi ескере отырып, оларды жасанды молықтыру
және бұзылған аумақтарда қалпына келтiру жолымен табиғи популяциялардың сирек түрлерiн
сақтау, елдiң ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк табиғи
және мәдени мұрасы және "Адам және биосфера" бағдарламасы шеңберiндегi биосфералық
аумақтар тiзiмiне енгiзу жөнiндегi шараларды iске асыру қажет. Қазіргі кезеңгі биосфераның
барлық бөліктеріне таралған тірі ағзалар, өздері тіршілік ететін орта жағдайына бейімделе
отырып, ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан. Тірі
ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара
тығыз байланыста болады. Әрбір орта жағдайы түрлі ағзаларға түрліше әсер етеді. Табиғи
ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштерді немесе
жағдайларды фактор деп атайды. 1.Абиотикалық фактор – тірі организмдерге тіке немесе
жанама әсер ететін өлі табиғаттың қасиеті. Бұл факторларға қоршаған ортаның химиялық,
физикалық сипаты, климаттық және табиғаты күрделі географиялық факторлар: жыл
маусымдарының ауысуы, рельеф, желдің немесе ағымның күші мен бағыты т.б.
2.Биотикалық факторлар- тірі организмдердің бір-біріне әсер ету формалары. Әрбір
организм басқа организмдердің тіке немесе жанама әсерін сезінеді, өз өкілдерінің және басқа
өкіл түрлерімен -өсімдік, жануар және микроорганизмдермен өз-ара байланысқа түседі және
өзі де оларға әсер етеді. 3.Антропогендік фактор - адамзат қоғамының іс-әрекеттерінің
формалары. Бұл - адамзаттың экономикалық, әскерлік, рекрациондық, мәдинеттік т.б.
талабтарын қанағатандыра отырып, қоршаған табиғи ортаға физикалық, химиялық,
биологиялық өзгерістер әкелу. Қоршаған органикалық әлем – тірі организмнің тіршілік
ортасының біртұтас бөлігі.
Экологиялық факторлар әртүрлілігіне қарамастан, олардың организге әсер ету сипатына және
тірі организмдердің қайтарған жауабына қарай бірнеше заңдылқтарға бағынады. 1. Оптимум
заңы. 2. Минимум немесе Ю.Либих заңы. 3. Толеранттылық немесе В.Шелфорд заңы.
Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Тіршілік
иелері бейімделу реакцияларына жауап қайыратын (бейімделу қабілеттерінен тысқары өлім
факторы болады) кез келген орта жағдайының ішкі және сыртқы күшін экологиялық фактор
дейді. Эколгиялық факторлар организмдегі және экожүйелердегі процестердің жылдамдығы
мен бағытын реттеп отырады. Абиотикалық факторлар: климаттық (ауаның ылғалдылығы,
жауын-шашынның мөлшері, ауаның температурасы, жарық мөлшері, күн мен түннің
ұзақтығы, желдің әсері,ауа қысымы, ауаның құрамы), эдафиялық (химиялық құрамы,
физикалық және механикалық ерекшелігі) және гидрологиялық (судың тұнығы, күн
сәулесінің түсуі, құрамы, қысымның түсуінің өзгеруі, ластануы т.б.) факторлар жатады. .
Климаттық фактор деп Жердің бетіне Күн энергиясының келу ерекшеліктерін, ауа
массаларының айналысын, жылу мен ылғалдың теңдестігін, атмосфералық қысымның
динамикасын және т.б. Метерологиялық элементтерден тұратын факторларды айтады.
Климаттық факторлардың ішінде өте маңыздысы күн радиациясы. Ол биосфераның
термиялық режимі мен жылулық балансын анықтайтын энергияның негізгі көзі, барлық
организмдердің морфологиясы мен физиологиясы, жалпы алғанда тіршілік осы факторға
тікелей байланысты. Жарық өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде үлкен рол атқаратын
экологиялық маңызды фактор. Жер шарындағы барлық тірі материяның пайда болуы мен
тіршілігі осы космостан келетін күн жарығына байланысты. Физикалық тұрғыдан жарық
энергия түрі, толқынды түрде сәулеленетін электромагниттік табиғаты бар фактор. Күн
сәулесінің жарықтық дәрежесі 100 мың люкс болса, айдың толған кезде жарығынікі не бірі 3
пен 5 люкс аралығында. Энергияның спектрлерге таралуы атмосфераның массасына
байланысты және Күннің биіктігіне қарай өзгеріп отырады. Таралған радиацияның
(қайтарылған сәулелер) мөлшері Күннің тұратын биіктігі төмендеген сайын атмосфераның
көмескіленуі өскеніне байланысты жоғарылайды . Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік
әрекетіне елеулі тікелей немесе жанама әсер тигізетін абиотикалық фактордың бірі
температура. Көптеген организмдердегі белоктардың қызмет атқаратын шегі 00С –ден 500 С–
ге дейін, 00С-ден төмен мағынада ұлпадағы су қатады, ал 500С жоғарыда
белок молекулаларының құрылысы бұзылады. Бірақ-та, ерекше төзімді белоктары бар түрлері
де кездеседі, олар 60 -900С шамасында активтігін жоймай сақтайды. Мысалы: көк-жасыл
балдырлар, көгеретін саңырауқұлақтар, бактерияларды жатқызуға болады. Сонымен, әртүрлі
организмдердің тіршілік ету сипаты мен активтілігі тікелей Жердегі температура режиміне
байланысты келетіні айқын. Организмдердегі зат алмасу процесінің жылдамдығы да олардың
денесінің температурасына байланысты. Көптеген түрлердің ішкі температурасы орта
температурасына қарай өзгеріп отырады. Сыртқы орта температурасы тұрақты
болмағандықтан зат алмасу процесінің жылдамдығы да біресе жоғарылап, бір есе төмендеп
отырады. Өз денесінің температурасын сыртқы орта температурасына тәуелді де оны реттей
алмайтын жануарлар түрлерін пойкилотерімділер деп атайды. Пойкилотермия барлық
микроорганизмдерге, өсімдіктерге, омыртқасыз жануарлар мен көптеген хордалы жануарларға
тән қасиет. Жанды заттардың арасында тек құстар мен сүтқоректілер денелерінің
температурасын тұрақты ұстай алады. Оларды гомойотерімділер дейді. Сүтқоректілердің
денесінің температурасы әдетте 36-370 С құстардікі 400С дейін көтеріледі.
Гомойотерімділердің организмінде зат алмасу процесі өте жоғары жылдамдықпен өзгеріп
отырады. Антропогендік фактор – адамның қызмет қарекеті туындайтын фактор. Адамның
шаруашылық іс әрекеті салдарынан қоршаған ортаның өзгергені соншалық, табиғиғаттың
құрамдық байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер
қалыптасты. Антропогендік факторларға өнеркәсінп индустриясының барлық салалары, көлік
ауылшаруашылығы , орман шаруашылығы, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау-кен
салалары т.б. жатады. Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық,маусымдық
активтілігі біркелкі емес.Кейбір организмдер түнде активті келсе , кейбіреуі керісінше болып
келеді.Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан және сапа жағынан да үнемі ауытқып
отырады.Бұл жағдайлар негізінен жнр шарының климаттық белдеулері мен тебиғат
аймақтарына да көп байланысты.
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен
66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша
жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да
себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-
тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа
жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн. 2004 жылдың
барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және
қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық
базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық
қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен
енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы
мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу
және бекiту қажет. Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және
жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл
шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ. Әр бір фактор организмге белгілі бір
шекте ғана оң әсер ете алады. Факторлар әсерінің нәтижесі оның өзгерту күшінің көрінуіне
байланысты. Фактор әсерінің жетіспеушілігіде немесе шектен тыс көп болуыда особтардың
тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Организмге қолайлы әсер ету күші экологиялық фактордың
оптимум аймақтары деп аталады. Қарастырылған фактор оптимумнан қаншалықты көп
ауытқыса, соншалықты организмге тигізетін кері әсері жақсы байқалады (пессимум
аймақтары), бұл шектеші фактор немесе минимум заңы (Ю.Либих) деп аталады.
Фактордың макимальды немесе минимальды ауысу шамасы – қауіпті аймақтар бұлардан ары
қарай тіршілік ету мүмкін емес.Белгілі бір орта факторларына қатысты болатын өте қиын
аймақтар арасындағы шыдамдылық тірі организмнің экологиялық валенттілігі немесе
толеранттылығы деп аталады. Әр түрдің өкілдерінің экологиялық валенттілігі мен олардың
оптималды орнындарының бір-бірінен үлкен айырмашылықтары болады. Мысалы, тундра
түлкілері ауа температурасының өзгерісін 800 С (+30 дан -550) дейін көтере алса, ал онда
жылы су шаяндары 600 С интервалда ғана тірі қалу мүмкіндігі бар. Табиғатта организмдердің
көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері мен төзімділік
шегіне бағына бермейді. Керісінше, қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тірішілігін
жалғастыра. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал
кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген
арам шөптерді келтіруге болады. Түрдің үлкен диапазонды экологиялық валенттілігінің
қоршаған орта абиотикалық факторларына қатынасын көрсету үшін фактор алдына “эври”
қосымша сөзін жалғайды. Эвритермді түрлер - температураның кең көлемді диапазонындағы
шыдамдылықты көрсетеді. Эврибатты – үлкен қысымға шыдамдылықты және
эври галинді түрлер дегеніміз әр түрлі деңгейдегі ортаның тұздылығын көрсетеді. Факторлар
өзгерісінің үлкен диапазондарына шыдамайтын түрлерің экологиялық валенттілігі төмен
болады. Мұндай түрлер фактор алдына қойылған “стено” жалғауымен сипатталады.
Стенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық
немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен, Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік
ететін ақ тиін үшін шектеуші фактор-қорек. Сол сияқты жеміс-жидегі мол тоғайларда тек
дәнмен қоректенетін құстар басым болады. Әсіресе, сексеуілді ормандардың тұрғыны сексеуіл
жорға торғайы, Іле Алатауының батыс бөлігінде, Ақсу-Жабағылы қорығында кездесетін
жұмсақ торғай, Аласкөлдің реликті шағаласы, шөл-шөлейтті құмды аймақтың сәні-
қарақұйрық, т.б. аң мен құстар таралуы шектелген стенобионтты түрлерге жатады.
Стенобионтты организмдердің эврибионтты организмдерден айырмашылығы таралу
аймағының шектелуіне байланысты морфологиялық және экологиялық жағынан бейімделу
ерекшеліктері басымырақ болады. Оған тән белгілер түсінің ортаға қарай ұласуы түнге қарай
активті тіршілігі, ін қазу, суды үнемдеу, т.б. қасиеттері жатады. Факторлардың организмдерге
әсерінің біртекті болмауы биологиялық көп түрлілігіне әсер етумен бірге олардың
географиялық белдеулер және табиғат белдемдері бойынша таралуына да әсер етеді.
Нәтижесінде, табиғаттың әр түрлі ландшафтарында микроорганизмдер, жануарлар мен
өсімдіктердің белгілі бір бірегей жиынтығы ортақ жағдайда тіршілік етеді. Республика
аумағының небәрi 4,2%-iн алатын Қазақстанның барлық ормандарының ерекше экологиялық,
ғылыми, рекреациялық, эстетикалық және мәдени мәнiн, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң
табиғи резерваттары ретiндегi олардың орасан рөлiн ескере отырып, оларды ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiне көшiру жөнiндегi шұғыл шаралар қабылдау қажет. Бұл
үшiн 2006 жылға дейiн мемлекеттiк биосфералық резерваттардың желiсiн қалыптастыру
бағдарламасын әзiрлеу қажет.
Соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi әкелу
Қазақстан үшiн елеулi сыртқы қатер болып отыр. Бүкiл әлем бойынша генетикалық өзгерген
организмдер мен өнiмдердiң кең таралу қауiптiлiгiн ескере отырып, Биоәртүрлiлiк жөнiндегi
конвенцияның Биоқауiпсiздiк жөнiндегi Картахена хаттамасы қол қоюға алынды.
Қазақстанның Картахена хаттамасына қол қоюы өзге елдердiң бiздiң елiмiздiң аумағында
генетикалық өзгерген организмдер мен өнiмдердi трансшекаралық өткiзуiмен байланысты
қызметтi жүзеге асырудағы жауапкершiлiктерiн арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу
жөнiнде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзiрлемелер iсiнде өзара
көмектi, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз
ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.Сонымен экологиялық факторлардың
топастырылуын талқылауды аяқтай келе, олардың барлығының жиынтығы экожүйенің
қасиеттеріне ғана емес, оның даму процесіне де басшылық жасайтындығына ерекше назар
аудару қажеттігі сөзсіз. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдаланудың
бірде-бір мәселелерін табиғаттың жанды және жансыз компоненетері арасындағы
байланыстардың ғылыми негіздерін ескермей шешуге болмайды.
Адам мен қоршаған орта арсындағы байланыстарды үйлесімді ету проблемасын
шешу үшін әр түрлі бағытта: техникалық, ұйымдастырушылық, әкімшілік, экономикалық,
әлеуметтік – күш жұмсалуына назар аудару қажет. Осы жүйелі проблеманы келісті заңдылық
негізі бар нормаларды қолдана отырып шешуге болады.
•Т е з и с
3. Тақырып
Популяцияның құрлымы және оның сыртқы орта әсерінен өзгеруі
Әр түр (осы түр особьтарының жиынтығы) белгілі бір территорияда -ареалда тіршілік
етеді. Көбіне ареалдың әр жерінде орналасқан особьтар топтары бір-бірімен байланыса да алмай,
шағылыса да алмай бөлектеніп өмір сүреді. Бұл топтардың саны түрдің санына, тарихи
(филогенетикалық) жасына, ареалдың аумағына және басқа да себептерге байланысты. Популяция
- тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері үқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы.
Популяция дегеніміз- эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік
етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін
бір түр дараларының шағын тобы. Популяциялар құрылымы-бір жағынан түрдің биологиялық
қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан - ортаның абиотикалық факторлары мен басқа түрлердің
популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар қүрылымы тұрақты емес.
Популяцияның құрылымдары: кеңістіктік (территориялық), жастық, жыныстық,
генетикалық, мінез-құлықтық болып бөлінеді. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы -
популяция особьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері.Популяция особьтарының кеңістікте
бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып орналасуы мүмкін. Популяцияның жыныстық қурылымы -
особьтардың жыныстары бойынша ара қатынасы. Популяцияның генетикалық қүрылымы -
особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалықәр түрлілігімен сипатталады. Популяцияның жастық
құрылымы особьтардың барлық жас топтарын, оның ішінде организмнің барлық даму стадиялары
мен фазаларын қамтиды. Популяцияның этологиялық (мінез-құлық) құрылымы. Жануарлар
мінез-қүлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зерттейді, яғни бір по-попутщиядағы особьтардың
бір-бірімен қатынасын популяцияның этологияиық немесе мінез-құлық құрылымы деп атайды.
Популяциядағы жануарлардың мінез-құлқы түрдің қалай - жеке тіршілік өте ме, әлде топтанып
тіршілік ете ме соған байланысты.
Популяция ішінде особьтар арасындағы қатынастардың күрделенуі екі бағытта
жүреді: особьтар арасында жыныстық байланыстың күшеюі және ата-аналары мен ұрпақтары
арасындағы байланыстардың пайда болуы. Осының негізінде популяциялар ішінде құрамы және
бірге болу ұзақтығы әртүрлі семьялар құрыла бастайды.
•Г и п е р т е к с т
3. Тақырып
Популяцияның құрлымы және оның сыртқы орта әсерінен өзгеруі
Табиғатта кез келген жануар, өсімдік немесе ұсақ ағза түрлерінің даралары өз
ареалының көлеміндегі аймақты толық иемденбей, тек тіршілігіне қолайлы белгілі
үлескілерді ғана мекендейді. Мысалы, бір түрге жататын бунақденелілердің ағаш
жапырақтарымен қоректенетін даралары орман алқаптарында ғана, ал шөптекті
өсімдіктермен қоректенетін даралары шалғындық үлескілерде мекендейді. Сол себепті түрдің
даралары өз аймағының көлемінде түрлі тіршілік жағдайларына байланысты жиілігі әр түрлі
топтар құрып бытырап кетеді. Олай болса, мұндай жекеленген табиғи топтар популяцияны
түзеді. Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда
барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Сонымен қатар
популяция ішіндегі жынысы әр түрлі даралардың бір-бірімен кездесу мүмкіндігі де едәуір
жоғары болады. Популяцияның араласып кетуіне көптеген кедергілер: тау, өзен, теңіз, құм,
тағы басқа биологиялық кедергілер- жануарлардың ұя, ін салу мерзімдері мен шағылысу
кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, ал өсімдіктерде- гүлдеу, тозаңдану кезіндегі және аталық
пен аналық құрылысындағы ерекшеліктер болып табылады. Популяция- эволюцияның негізгі
өлшем бірлігі. Себебі барлық бастапқы эволюциялық әрекеттер популяция ішінде жүреді.
Мәдени өсімдік іріктемелері, үй хайуанаттарының қолтұқымдары және ұсақ ағзалардың
штамдары- адамның қолымен жасалған популяциялар.
Популяцияны сипаттайтын маңызды критерийлердің бірі - оның ареалы. Түрдің бір
бөлігі болғандықтан, популяция өзіне тән ареалға ие болады. Жаңа аймақтарды тұрақты түрде
пайдалана отырып популяция өз ареалын кеңейте алады. Әдетте бір түрге жататын
популяциялардың әрқайсысының алып жатқан ареалының көлемі біркелгі болмайды.
Мысалы, республикамыздың солтүстік аймағындағы аралас орманды алсақ, оның біркелкі
топырақ ауа райы жағдайларына қарамастан әр жерде шоқтанып орналасқан ағаштар тобын,
бұталарды немесе көпжылдық шөптерді кездестіруге болады. Бұл топтар бір-бірімен
тозаңдана алмайтындай арақашықтықта орналасқандықтан, шағын ареалы бар жеке
популяцияларды құрады. Сол сияқты сұр кесірткенің бір популяциясы 0,1- ден бірнеше гектарға
дейінгі, су тоқалтісі бір гектардан ондаған гектарға дейінгі жерлерді қамтиды.
Популяция ареалының көлемі негізінде даралардың көбею белсенділігінің
радиусына байланысты. Егер радиус кіші болса, популяциялық ареалдың көлемі де аз болады.
Өсімдіктердің көбею белсенділігінің радиусы тозаңның таралу арақашықтығымен анықталады.
Популяциялық ареалдың көлеміне байланысты ондағы даралардың сан мөлшері де айтарлықтай
өзгеріп отырады. Далалы жерлердегі бунақденелілер мен майда өсімдіктер популяцияларының
сан мөлшері көбінесе жүз мыңдаған және миллиондаған даралардан құралады. Егер
популяциядағы дараларын сан мөлшері бірнеше жүзден кем болса, ол популяцияның
эволюциялық ұзақ уақыт тіршілік етуі күмән туғызады. табиғаттағы кездейсоқ жағдайларға
байланысты даралардың сан мөлшері күрт азайып, олардың көбейіп даму мүмкіндігінің
төмендеуі себепті ондай популяциялар бірнеше ұрпақтан кейін толығымен жойылады.
Қазіргі кездегі экологиялық жағдайларға байланысты елімізде жойылып кету қаупі
бар бірқатар жануарлар мен өсімдік түрлері қорғауға алынып, қызыл кітапқа енгізілді.
Популяция әдетте жасы және жынысы әр түрлі даралардан тұрады. Кез келген түр
немесе популяция үшін жасы үлкенді- кішілі топтардың арақатынасыда әр түрлі болады. Бұл
арақатынасқа даралардың жалпы өмір сүру ұзақтығы, жыныстық жетілу мерзімі, көбею
қарқындылығы және белгілі бір тіршілік ортасын бейімделу ерекшелігі әсер етеді. Мысалы,
көктемде жертесердің аналығы балалап, іле-шала аталығымен бірге тіршілігін жояды. Күзге
қарай популяция ішінде жыныстық жетілмеген жас даралар ғана қалады. Олар қыстап шығып,
көктемге салым жыныстық жағынан жетіліп, цикл тағы қайталанады. Бунақденелілер
популяциясында қандайда бір күрделі генетикалық әрекеттердің әсерінен аталықтары толық
жойылып, тек аналық даралар ғана қалатын кезі болады. Сол сияқты партеногенез жолымен
көбейетін. Бунақденелілер мен кейбір жануарлар популяциясы тек аналық немесе аталық
даралардан тұрады. Популяциядағы даралардың жасы мен жыныстық құрамын біле отырып,
олардың өсімталдығын және азаю мөлшерін, даралардың сан мөлшерінің ауытқу себептерін
анықтауға болады және түрлерді тиімді пайдалануға мүмкіндік туады Популяцияғы генотиптер
генетикалық жағынан гетерогенді болып келеді. Популяциядағы генетикалық гетерогенділік
- бұл кез келген түр немесе популяциядағы даралар тіршілік барысында бірнеше ұрпақ бойы
үздіксіз мутантты гендермен толықтырып отырады. Сонымен басқа популяциядан
ауысып келетін даралардың шағылысуы арқылы жаңа генетикалық материалдың популяцияға
енуі байқалады. Мутациялардың көпшілігі әдетте рецессивті болады. Сондықтан сан мөлшері
жоғары популяцияларда мұндай рессесивті мутациялар гетерозиготалық жағдайда тіпті
байқалмайды. Құрамындағы даралардың гетерогендігіне қарамастан, кез келген популяция
динамикалық тепе-теңдікте тұрған күрделі генетикалық жүйе болып табылады.
Популяциядағы гендер артқан сайын гетерозиготалы ағзалардың өзара шағылысу мүмкіндігі
де артады. Соның нәтижесінде даралардың бірқатары гомозиготалы жағдайға көшіп, ұрпақтар
арасында мутациялық өзгерістер айқын көрініс береді. Олардың ішінде ағзаның тіршілік
қабілетін төмендететін мутациялардың да кездесуі ықтимал. Бірақ таиғи популяцияларда
генетикалық гетерогендік жеткілікті дәрежеде болғандықтан, популяцияның қалыпты
тіршілігі ұзақ уақыт бойы сақталады. Популяциялар құрылымы – бір жағынан түрдің
биялогиялық қасиеттерінің негізделіп, екінші жағынан – ортаның абиотикалық факторлары
мен басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасып құрылады. Популяциялар
құрылымы тұрақты емес. Популяцияның кеңістіктегі (территориялық), жастық,
жыныстық, генетикалық, мінез-құлықтық құрылымдары бар.
1. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы – популяция особьтарының кеңістікте
орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілік ортасының және түрдің биологиялық ерекшелігіне
байланысты. Жылдың маусымы, популяцияның сандық мөлшері, уақыт бойынша өзгеруі
мүмкін. Популяция особьтарының кеңістікте бірқалыпты, кездейсоқ және топтанып
орналасуы мүмкін. Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ
(диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, жануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда
(мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар
колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық
береді.
Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына
байланысты жылжып қозғалуы миграция деп аталады. Олар жүйелі (тәуліктік немесе
маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт және т.б. ) болуы мүмкін. Мысалы,
құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграцияға жатады.
2. Популяцияның жыныстық құрылымы – особьтардың жыныстары бойынша ара
қатынасы. Популяциядағы жыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша
анықталады, сосын оларға орта әсер етеді. Көптеген түрлерде болашақ особьтың жынысы
ұрықтану кезінде хромосомдардың комбинацияларының өзгеруі нәтижесінде анықталады.
Жыныстық белгілерімен тіркескен белгілері еркектері мен ұрғашыларының морфологиялық
(өлшемі, түсі), физиологиялық (өсу қарқыны, жыныстық жетілу кезеңі),экологиялық және
мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды. Мысалы Culicidae тұқымдасына жататын
масалардың еркек особьтары имаго кезеңінде ұрғашы особьтары сияқты қанмен емес, тек
өсімдіктердегі шықтарды жалаумен, өсімдіктер шырынымен қоректенеді немесе тіпті
қоректенбейді.
Табиғатта ұрғашы особьтары көп өлетін түрлер де (ондатра, пингвин) және керісінше
еркек особьтары көп өлетін түрлерде(кеміргіштер, қырғауыл) кездеседі. Кейбір
жарқанаттарда қысқы ұйқыдан соң популяциядағы ұрғашы особьтардың үлесі тек 20% ғана
құрайды.
3.Популяцияның генетикалық құрылымы – особьтардың әртүрлілігімен сипатталады.
Популяция особьтарындағы гендердің жиытығын генефонд деп атайды. Ал бір организмнің
хромосомасындағы бүкіл гендердің жиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан,
популяция – генотиптер жиынтығы. Генотип орта жағдайлармен өз ара әрекеттесіп фенотип
түзеді. Фенотип – генотиптің орта жағдайларымен әрекеттесуі арқылы құралатын
особьтардың барлық белгілері мен қасиеттерінің (морфологиялық, физиологиялық және
мінез-құлықтық) жиынтығы. Вирустар мен микроорганизм
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz