ҚАЗАҚСТАН МЕН АЗИЯ-ТЫНЫҚ МҰХИТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ҰЙЫМЫ: АЙМАҚТЫҚ ӘРІПТЕСТІКТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ




Презентация қосу
Мазмұны

Кіріспе
1 тарау. Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының
(АТЭЫ) дамуы
1.1 АТЭЫ: құрылуы мен даму кезеңдері
1.2 АТЭЫ шеңберіндегі интеграцияның қазіргі әлемдік экономика мен
халықаралық қатынастар жүйесіндегі маңызы

2 тарау. Қазақстан мен АТЭЫ: әріптестіктің дамуы мен келешегі
2.1 Азия-Тынық мұхиты аймағының Қазақстан сыртқы саясатындағы алатын
орны
2.2 Қазақстан және БҰҰ –ң арнайы мамандандырылған ұйымдарының АТА –
ғы қызметі
2.3 Қазақстан мен АТЭЫ арасындағы саяси-экономикалық
ынтымақтастықтың қазіргі мәселелері мен даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыптың өзектілігі.

Президент өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясында,
Қазақстанның, сонымен қатар, жалпы аймақтың болашақ
дамуында ескерілуі тиіс ХХІ ғасырдың он негізгі сын-қатерлерін
атап көрсетті. Сын-қатерлер арасында ғаламдық экономикалық
жүйенің «жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі» де қарастырылған.
Дамудың заманауи сатысының ерекшелігі әлемдік
экономиканың өспелі жаһандық айқынсыздығы аясында
аймақтық интеграциялық үдерістердің күшеюінде. Әлемдік
экономиканың жаһандану үдерісі әртүрлі және қайшылықты
үдеріс бола тұра, жаңа интеграциялық одақтар мен блоктар
құрылуына жол ашады. Қазіргі таңда, Азия-Тынық мұхиты
аймағы әлемнің экономикалық және саяси орталықтардың
біріне саналады. Аталған қарқынды дамып келе жатқан аймақ
қандай мемлекеттер мен құрлықтарды қамтиды және
Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының бастаулары неде жатыр
деген сұрақтар туындауы мүмкін.
Қазақстан АТЭЫ қатысушы елдерінің
қатарына енбейтіндігіне қарамастан,
оның жұмысы барысында жарияланған
бастамалар мен қабылданған
қорытынды шешімдер біздің елімізге
де тікелей әсерін тигізеді. Бұл ретте
АТЭЫ-ң 21 экономикасы, соның ішінде
ҚР аса ірі әріптестері - ҚХР, РФ және
АҚШ көшбасшылары көтеріп отырған
өңірлік және жаһандық даму
мәселелері (инфрақұрылымдық
құрылысты және бірінші кезекте көлік
қатынастарын жандандыру, бизнес
жүргізу жағдайларын жақсарту
қажеттігі және т.б.) іс жүзінде ҚР
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына «Нұрлы жол -
болашаққа бастар жол» атты
Жолдауында мазмұндалған идеялармен
және бағдарлармен өзара сабақтасады
Курстық жұмыстың пәні

ретінде Қазақстан мен АТА арасындағы қазіргі таңда
қалыптасып келе жатқан өзара экономикалық
ынтымақтастық пен саяси серіктестік байланыстары және
оның келешектегі даму мәселелері қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты

Қазақстан мен Азия-Тынық мұхиты Экономикалық
Ынтымақтастығы ұйымы арасындағы қалыптасқан саяси-
экономикалық байланыстардың барысын талдау және даму
преспективалары мен мәселелерін айқындау.
Жұмыс барысында алға қойылған
мақсатқа жету үшін келесідегідей
міндеттерді қарастырды:

Азия-тынық мұхиты аймағы экономикалық
ынтымақтастығы ұйымының құрылуы мен даму
кезеңдерін ашып көрсету;
АТЭЫ саяси-экономикалық интеграциясының
қазіргі әлемдік экономика мен халықаралық
қатынастар жүйесіндегі маңыздылығы айқындау;
АТЭЫ шеңберіндегі аймақтық саяси-экономикалық
басымдыққа ұмтылу амбицияларына қысқаша
талдау жасау;
Азия-тынық мұхиты аймағының Қазақстан
сыртқы саясатындағы алатын орнын көрсету;
Қазақстан мен АТЭЫ арасындағы саяси-
экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі
мәселелері мен даму перспективаларын барынша
толық топтастыра саралау.
Еңбектің теориялық және
әдістемелік негізі

ретінде аталмыш зерттеу тақырыбы бойынша қазақстандық
және шет елдік ғылыми еңбектердің кешендік талдамасы, сондай-
ақ, дәйекті және статистикалық материалдардың жинағы алынды.
Жұмыстың тарихнамалық сараптамасы отандық және шетелдік
зерттеушілердің жұмыстарын қарастыру негізінде жасалды.
Курс жұмысын жазу барысында отандық, шет елдік, соның
ішінде, ресейлік зерттеушілердің, жекелей алғанда, әлемдік
экономика, халықаралық экономикалық қатынастар, Қазақстанның
сыртқы экономикалық байланыстары салаларындағы жектекші
мамандар әзірлеген еңбектер пайдаланылды. Алайда, басты айта
кететін жері – тақырып бойынша еңбектердің өте аздығы. Әрине,
аталған дерек көздері тақырыпты толықтай қамти алмайды және
ол еңбектердегі келтірілген қорытындылар мен пікірлердің
барлығымен толық келісе беруге келмейді, әйтсе де, солардың
көмегімен зерттеудің әдістемесін құрастырып, тақырыпты
бағдарлауға болады.
Азия-Тынық мұхиты
аймағы халықаралық сауда,
қаржы ресурстары мен
қазіргі заманғы өндірістің,
алдыңғы қатарлы
технологиялардың ірі
әлемдік орталығы. Тынық
мұхиты бассейнінде қазіргі
әлемдік экономикада және
саяси қарым-қатынастарда
өзіндік салмағы бар елдер
тобының мүдделері
тоғысқан. Аймақта АҚШ,
Қытай, Жапония, Ресей
секілді әлемнің жетекші
елдері, сонымен қатар,
аймақтық интеграцияны
бағытын айқындаушы
елдер орналасқан.
Бүгінде Қазақстан Республикасының көпвекторлық сыртқы саясатындағы
маңызды басым бағыттардың бірі болып тұрақты экономикалық өсім мен
жаһандық экономикалық даму орталығына ұмтылып отырған Азия-
Тынық мұхиты аймағымен ынтымақтастық табылып отыр. Бұл бағыттағы
Қазақстанның сыртқы саяси әрі сыртқы экономикалық мүдделері әсіресе,
Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы, АСЕАН ұйымдары
елдерімен ынтымақтастықты құра отырып, әрбір елмен екі-жақтық
байланыс арқылы экономикалық даму тәжірибелері мен дамыған
технология алмасу саласын кеңейту болуда.
Қазақстанның геосаяси орналасуы оны әлемдік және аймақаралық
кеңістіктердегі интеграциялық үрдістердің маңызды құрылымдық
элементіне айналдыра алады. Қытай, Еуропа елдері, Ресейді қосқандағы
Азия-Тынық мұхиты аймағының ірі өнеркәсіптік дамыған елдерінің
қызығушылықтары Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатын
белсендіруге негіздейді. Мұндай факторлардың жиынтығы өз кезегінде,
Қазақстан жиегінде континентальдық және трансконтинентальдық
экономикалық түрленулердің қалыптасуымен түсіндіріледі.
Қазақстан өркениеттер тоғысында орналаса отырып, батыс пен
шығысты жалғаушы транзиттік маңызы бар ел ретінде осы аймақтағы
интеграциялық топпен де өзінің мүдделерін толықтырып қана қоймай,
аймақ елдері үшін де болашақта стратегиялық жағынан шешуші елге
айналу мүмкіндігіне ие.
Ең алдымен оған жоғары дамыған
елдермен қазақстандық тауарлар
бәсекелес бола алмайтын салаларда
байланыс орнатқаны жөн. Бұл
жағдайда Қазақстан өз қызметін
алдымен шикізат тауарларын
жеткізуші ел ретінде бастай алады.
Азия елдері техникалық-
экономикалық дамудың әр түрлі
деңгейінде келе жатыр және кейбірі
қазақстандық тауарлардың кең
ассортиментін, соның ішінде дайын
машина жасау, химия өнеркәсібі,
әскери-өндірістік кешендердің кейбір
бұйымдарын сатып алуға дайын.
Қазақстан Қытайдың, Кореяның,
Жапонияның көлік және
энергетикалық инфрақұрылымы ірі
даму бағдарламаларына қатысу
мүмкіндігіне ие және шығыс-азиялық
энергетикалық жобада өзінің
мүдделілігін таныта алады.
Қазақстанның Азия-Тынық мұхитынан тікелей шет елдік
инвестицияларды тарту мүмкіндіктері жеткілікті. Және соның негізінде
тауар экспорты құрылымын диверсификациялау, өңдеу өнеркәсіптері
салаларын жандандырудың оңтайлы тұстары бар. Ал Азия-Тынық
мұхиты аймағы елдері үшін де Қазақстан ішкі нарығы, жеткілікті
ғылыми-өндірістік потенциалы және әрине, бірегей әрі әр алуан табиғи
ресурстарымен таптырмас тартымды серіктес. Яғни, қазіргі таңда осы
мүмкіндіктер мен арадағы кейбір географиялық және т.б. кедергілерді
азайта отырып екі жақтың өзара ынтымақтастық перспективасын
айқындау Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі.

Ұқсас жұмыстар
Қатысушы аймақтар
Қазақстан Республикасының халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы
Моңғолия мен Ресей Федерациясының қатынастары ( 1992-2008 )
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
Қазақстан –әлем мойындаған ел
Деривативтер нарығы
Орталық Азиядағы Қауіпсіздік мәселес
Оңтүстік - Шығыс Азия халықтарының қауымдастығы
Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Пәндер