Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі


Slide 1

Пән: Кәсіби педагогика және психология негіздері СӨЖ сағатының көлемі : 45 1 семестрде СӨЖ №1 қыркүйек - 15 сағат №1 СӨЖ 20 қыркүйектен -10 қазаннан - 15 сағат

Slide 2

Слайд тақырыптары:

Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі.

Тұлға психологиясы мен іс- әрекеті, тұлғаның психотиптік және жеке психологиялық ерекшеліктері.

Slide 3

СӨЖ №1: Психологияның теориялық - әдіснамалық негіздері.

Проблемалық сұрақтар

1. Мұғалім - оқу тәрбие процесін ұйымдастырушы ретінде тұрақты сапаларының психологиялық - педагогикалық жете білудің маңызы қандай?

2. Адам психикасының рефлекторлық табиғаты, ол нерв жүйесі және ми қасиеті - психика ретінде, бүгінгі психологиялық теорияға сәйкестігі.

3. Қазіргі психология ғылымының методологиялық принциптерінің үйлесімділігі.

4. Адам психикасы тек іс - әрекет және қарым - қатынас игеру арқылы даму жүйесінің теориялық және ғылыми негізі.

5. Педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері.

Біртұтас педагогикалық процесс болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың негізі ретінде.

Slide 4

- СӨЖ №1:Психологияның теориялық әдіснамалық негіздері.

Slide 5

СӨЖ №1

Slide 6

Лекция тезистері

1-тақырып. Педагогика пәні, оның негізгі категориялары. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

Педагогика ғылымының адам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны, өзіндік ерекшеліктері: пәндік, ғылыми-терминологиялық аппараты, ғылыми әдістері. Педагогика - тәрбие туралы ғылым.

Педагогика пәні және оның категориялары: тәрбие, оқыту, білім беру және олардың өзара байланысы. Педагогика ғылымының пәнаралақ ұғымдарды пайдалану ерекшеліктері: тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, даму, қалыптасу.

Педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы. Педагогика ғылымының жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет, таным, басқару, құндылық теориясы. Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірін қайта құру кезеңіндегі педагогиканың міндеттері.

2-тақырып. Жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы және оны тәрбиелеу, олардың өзара байланысы.

Жеке тұлға туралы ұғым. “Адам”, “индивид”, “даралық”, “жеке тұлға” ұғымдары туралы түсінік. Жеке тұлғаның құрылымы: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік, олардың өзара байланысы.

Жеке тұлғаның “дамуы”, “тәрбиесі”, “қалыптасуы” ұғымдарына сипаттама.

Жеке тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуы, олардың өзара бірлігі. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының заңдылықтары және қозғаушы күштері, ықпал ететін негізгі факторлары: тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие. Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, белсенділіктің рөлі. Жеке тұлғаның дамуындағы педагогикалық басшылықтың маңызы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы жайындағы әртүрлі теориялық көзқарастар. Қазіргі педагогика ғылымында тұлғаны дамыту және қалыптастырудың негізгі заңдылықтары және қозғаушы күші жөніндегі көзқарас. Тұлға - тәрбиенің объектісі және субъектісі ретінде. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы.

Slide 7

Лекция тезистері

Бала дамуының жастық кезеңдері, оларды оқу-тәрбие процесінде ескеру.

Оқушы тұлғасы дамуының жастық кезеңдері, оларға сипаттама. Аристотель, Я. А. Коменский және т. б. балаларды жас кезеңдерге бөлу туралы көзқарастары. Тұлғаның табиғы күш-жігері. Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.

Баланы оқыту және тәрбиелеуде жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы. Оқушының қабілеті мен дара ерекшеліктеріне сипаттама. Қазіргі мектепте оқытуды саралау (дифференциация) .

Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік есею мәселелері.

3-тақырып. Педагогика ғылымында тәрбие мен оқытудың мақсат, міндеттері.

Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту және білім берудегі мақсат пен міндеттер, олардың әлеуметтік, педагогикалық негіздері. Қоғам дамуындағы тәрбиенің рөлі. Тәрбиенің тарихи және таптық сипаты. Қазіргі қоғам дамуында оның ерекшелігі.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы туралы ұғым, олардың құралдары мен құрамды бөліктері. Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихында тәрбие мақсаты туралы әртүрлі көзқарастар, олардың қоғамдық-тарихи сипаты. Жеке тұлғаның үйлесімді дамуы - әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамытудың мақсат, міндеттері мен мазмұнының диалектикалық өзара байланыста болуы.

Ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек тәрбиесінің бірлігі.

Slide 8

Лекция тезистері

4-тақырып. Біртұтас педагогикалық процесс - педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі.

Біртұтас педагогикалық процесс, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Біртұтас педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастар.

Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның объектісі. Педагогикалық процестің құрылымы: мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, нәтижесі. Педагогикалық процестің заңдылықтары және ұстанымдары. Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары. Қарама - қайшылық - педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру.

Педагогикалық процесс басқарылатын “Ұстаздар-Оқушылар” жүйесі ретінде. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мазмұны. Педагогикалық процестегі мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті.

1-тақырып. Тәрбие процесінің мәні мен адам өміріндегі қызметі. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың адам өміріндегі тәрбиенің қызметі жайында пікірлері. Тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары. Қазіргі кезде білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңа көзқарастар жүйесін басшылыққа алу маңыздылығы.

Тәрбие заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы. 1-тақырып. Тәрбие процесінің мәні мен адам өміріндегі қызметі. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері.

Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың адам өміріндегі тәрбиенің қызметі жайында пікірлері. Тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері.

Жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің маңызы. Өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары. Қазіргі кезде білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері. Бүгінгі таңда тәрбие жұмысын ұйымдастыруда жаңа көзқарастар жүйесін басшылыққа алу маңыздылығы.

Тәрбие заңдылықтары мен принциптері, олардың өзара байланысы.

Slide 9

Лекция тезистері

2-тақырып. Тәрбие салалары мен мазмұны.

Ақыл-ой тәрбиесі.

Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Көрнекті ағартушылар мен педагогтардың еңбектерінде ақыл-ой тәрбиесі туралы көзқарастар. Ақыл-ой тәрбиесі және білім беру. Жеке тұлғаның парасат (интеллект) мәдениетін қалыптастыру.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Балалардың ақыл-ой күші мен қабілеттерінің дамуы. Зейін, түйсік, ойлау, сөйлеуді қалыптастыру және дамыту. Ақыл-ой әрекетінің амалдары мен біліктерін қолдануды үйрету. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Балалардың ақыл-ой тәрбиесінде халық дәстүрлері мен құралдарын қолдану. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруда жаңашыл педагогтардың тәжірибесі.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Дүниетаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде. Дүниетанымның философиялық негіздері. Дүниетаным және діни тәрбие мәселесі. Діннің имандылық-тәрбиелік қызметі.

Ғылыми дүниетаным туралы ұғым. Ғылыми дүниетанымның мәні мен негізгі құрамды бөліктері. Азаматтардың діни сенім бостандығы. Жеке тұлғаның құндылық бағыттары. Оқушылардың дүниетанымын оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүйесінде қалыптастыру. Оқушыларда ғылыми дүниетанымды қалыптастырудың педагогикалық алғы шарттары.

Slide 10

Лекция тезистері

Азаматтық тәрбие.

Азаматтық тәрбие туралы ұғым. Қоғамдық өмірде жастардың азаматтық тәрбиесінің мәні. Азаматтық тәрбиеде оқушылардың қоғамдық-саяси сенімдерін қалыптастырудың маңыздылығы. Саяси тәрбие жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің идеялық негізі ретінде. Егемен Қазақстанда жас өспірімдерді елжандылыққа, бейбітшілікті сүюге, ұлтаралық келісімге, барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін танып білу және оны силауға тәрбиелеуде азаматтық тәрбиенің атқаратын қызметі. Жалпы адамзаттық құндылықтарын қалыптастыру.

Азаматтық тәрбиенің міндеттері, мазмұны, формалары мен құралдары. Оқушы жастардың азаматтық тәрбиесінде олардың саяси тәрбиесін жетілдірудің маңыздылығы. Мектепте оқушылардың саяси сенімдерін қалыптастыру жолдары.

Оқушылардың қоғамдық-саяси және азаматтық сенімдері мен мұраттарын қалыптастыруда адамгершілік және құқықтық тәрбиенің ерекшеліктері. Мемлекеттік рәміздердің азаматтық тәрбиедегі рөлі.

Адамгершілік тәрбиесі.

Адамгершілік тәрбиесі туралы ұғым. Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда адамгершілік тәрбиесінің жетекші рөлі. Адамгершілікке тәрбиелеу - адамгершілік сана, сезім және мінез-құлықты қалыптастыру процесі. Тұлғаның адамгершілік ұстанымы - азаматтық борышы мен жауапкершілігінің және қоғамдық белсенділігінің көрінісі. Адамгершілік және қоғамдық мораль мәселесі. М. Жұмабаев адамның құлық сезімдерін тәрбиелеу жайында пікірі.

Қазіргі кезде жас өспірімдердің адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуде адамгершілік мұраттар мен құндылықтарын сақтауды қалыптастырудың маңыздылығы (ізгілік, елжандылық, достық, ұлтаралық қарым-қатынас) . Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесінің ерекшеліктері.

Мектепте адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру. Этикалық әңгімелер. Адамгершілік тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі.

Жыныстық тәрбие. Оқушылардың қаталдыққа, озбырлыққа, жыныстық және басқада адамгершілік қасиеттерге қайшы келетін әрекеттерге және түрлі насихат жұмыстарына (кино, баспасөз құралдары, көгілдір экран т. б. ) қарсы сезімдерін тәрбиелеу.

Slide 11

Лекция тезистері

Эстетикалық тәрбие.

Эстетикалық тәрбие туралы ұғым. Тұлғаны жан-жақты дамытуда эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері. Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко және Аль-Фараби, Сайф Сараи, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтың эстетикалық тәрбие жайында айтқан пікірлері. Оқушылардың көркемөнер-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Өскелең жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру жүйесі. Эстетикалық тәрбиенің мазмұны мен құралдары. Оқушылардың эстетикалық санасы мен сезімін, мұраты мен талғамын, көркемөнер шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу және дамытудың маңыздылығы. Оқу және оқудан тыс жұмыстардағы эстетикалық тәрбиенің құралдары. Сабақта оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мүмкіншіліктері.

Қазіргі кезде адамдарда ізгілік пен адамгершілік қасиеттерінің тапшылық жағдайында эстетикалық тәрбиені жетілдірудің маңыздылығы. Жастардың эстетикалық тәрбиесінде Қазақстан Республикасындағы көпұлтты мәдени ортаның жетістігін пайдалану. Тұлғаның ақиқат өмірді эстетикалық тұрғыдан қабылдауында табиғат пен заттық құндылықтарды пайдалану.

Эстетикалық тәрбие және халықтық тәрбиенің өзара бірлікте болуы. Отбасында балаға эстетикалық тәрбие беру қажеттілігі. Өнерде және өмірде сұлулықты жасай білу, оған қажетсіну сезімін қалыптастыру. Оқушылардың эстетикалық жағынан өзін-өзі тәрбиелеуі, оларды ынталандыру жолдары.

Дене тәрбиесі

Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы. Өскелең жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту - педагогикалық-әлеуметтік маңызды мәселе. М. И. Калинин, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, П. Ф. Лесгафт балалардың дене тәрбиесі жайында. Жеке тұлғаны дамытуда дене тәрбиесінің жүйесі.

Орта мектепте оқушыларға дене тәрбиесін берудегі мақсат пен міндеттер. Оқу және оқудан тыс дене тәрбиесі. Дене шынықтыру сабағы. Спорттық үйірмелердің жұмыстары. Жарыс. Туризм. Шынығу. Дене тәрбиесінің ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысы.

Қазіргі кездегі дене тәрбиесінің міндеттері. Валеологиялық тәрбиенің адам ағзасын шынықтырудағы рөлі. Ұлттық ойындар - тәрбие құралы ретінде. Мектептен тыс мекемелерде дене тәрбиесіне сай атқарылатын жұмыстардың мазмұны. Спорт мектептері жұмыстарының ерекшеліктері.

Баланың отбасындағы дене тәрбиесі. Оқушылардың дене тәрбиесімен өздігінен шұғылдануын ынталандыру. Салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу.

Slide 12

Лекция тезистері

Еңбек тәрбиесі.

Еңбек тәрбиесі туралы ұғым. Еңбек - жеке тұлғаны дамытудың негізгі құралы ретінде. М. И. Калинин, Н. К. Крупская еңбек тәрбиесі туралы. А. С. Макаренко мен В. А. Сухомлинскийдің балалар ұжымын қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің маңызы туралы пікірлері. Кеңес педагогтары мен психологтары П. Р. Атутов, И. Ф. Свадковский, М. Н. Скаткин, С. М. Шабалов, С. Г. Шаповаленко, А. И. Шибановтардың еңбек тәрбиесіне қатысты зерттеулері.

Баланы отбасы мен мектепте еңбеке етуге тәрбиелеудің педагогикалық негіздері. Оқушылардың еңбек әрекетінің түрлері: тұрмыстық, қоғамдық пайдалы, оқу-танымдық. Еңбек әрекетінде білім, біліктілік пен дағдыларды меңгеру. Ақыл-ой мен дене еңбегінің мәдениетіне баулу маңыздылығы. Оқушылардың өндірістік еңбегі. Еңбекті сүюге және оған жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Оқушылардың кәсіптік бағдар беру жұмысының жүйесі. Қазіргі кездегі еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар беру мәселесі. Еңбек тәрбиесінде жастарды кәсіпкерлік әретке баулу. Еңбек тәрбиесінде ұлттық дәстүрлерді қолдану.

Құқықтық тәрбие.

Құқықтық тәрбие туралы ұғым. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру жан-жақты тәрбиенің маңызды саласы.

Жастарға құқықтық тәрбие беру мақсат-міндеттері. Жалпы білім беретін мектепте оқушыларға замана талабына сай құқықтық тәрбие беру жүйесі. Құқықтық білім беруде құқықтық сана-сезімді қалыптастырудың маңызы. Мектеп жасындағы оқушы жастарда құқық нормаларын бұзу факторлары. Құқықтық тәрбие беруде саналы тәртіп пен мінез-құлық нормаларын қалыптастыру қажеттілігі.

Демократиялық қоғамда тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында қоғамдық құбылыстарды танып білу және оған сын көзбен қарауда еркіндіктің болуы, соған сәйкес нақты сенімді қалыптастырудың маңыздылығы. Құқықтық тәрбиенің адамгершілік және халықтық тәлім-тәрбиемен байланысы.

Slide 13

Лекция тезистері

Экологиялық тәрбие

Экологиялық тәрбие туралы ұғым. Экологиялық тәрбие жалпы білім берудің негізгі бір саласы ретінде. Табиғат, адам, қоғамның өзара қарым-қатынасының маңыздылығы. Экологиялық тәрбиенің әлеуметтік, педагогикалық мәні. Экологиялық сана мен мінез-құлықты қалыптастыру.

Оқушылардың экологиялық тәрбиесінің мақсат, міндеттері. Мектепте экологиялық тәрбие беру жүйесі. Экологиялық тәрбиеде жеке пәндердің және сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны.

Қазіргі кезде оқушы жастарға экологиялық тәрбие беру жағдайы. Табиғатты қорғау мәселесі.

Slide 14

Лекция тезистері

3-тақырып. Тәрбиенің формалары мен әдістері.

Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы ұғым. Тәрбие процесінде оның формалары мен әдістерінің мәні және қызметі. Тәрбие формаларының түрлері және оларды сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану маңыздылығы.

А. С. Макаренко тәрбие әдістері туралы. Тәрбие әдістерінің түрлері. Тәрбие әдістерін топтастыру, ол туралы педагогикалық еңбектердегі әртүрлі көзқарастар.

Тәрбиенің мақсаты және мазмұнына сай әдістерді негізінен 3 топқа бөліп қарастыру. Жеке тұлғаның қоғамдық санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Оқыту процесінде және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарда жеке тұлғаның өмірлік позициясын, көзқарасын, сенімін тәрбиелеуде әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекция әдістері мен үлгі-өнегенің маңызы. Этикалық әңгімелер.

Іс-әрекетті ұйымдастыру, қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру немесе жаттығу әдісі. Оқушылардың өмірін және қызметін қоғамның талабына сай дұрыс ұйымдастыру тәсілдері: талап қою, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, тапсырмалар беру т. б.

Тәлімгерлердің санасына жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру. Әдеттер мен дағдыларды үйрету ерекшелігі.

Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру және жағымды мінез-құлықты қалыптастырудың белсенділігін арттыруда мадақтау және жазалау әдістерінің маңызы. Мадақтау мен жазалаудың психологиялық негіздері. Мадақтау мен жазалаудың тәсілдері.

Жарыс - оқушылар ұжымының жауапкершілігін, белсенділігін арттыруда ынталандыру әдісі. Тәрбиеде жарыстың ұжымдық және дара түрінің маңызы.

Бақылау, өзін-өзі бақылау және өзіне-өзі баға беру әдістері. Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары және олардың өзара байланысы, оларға қойылатын педагогикалық талаптар.

Slide 15

Лекция тезистері

4-тақырып. Оқушылар ұжымын қалыптастыру.

Ұжым туралы ұғым. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру және оны дамытуда ұжымның маңызы. Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомилинский балалар ұжымы және оның тәрбиелік қызметі туралы пікірлері. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П. П. Блонский, Л. С. Выготский, П. Н. Лепешинский, В. И. Сорока-Росинский, С. Т. Шацкий және т. б. қосқан үлестерінің маңызы.

Әлеуметтік ұжымдардың түрлері, оларың белгілері мен құрылымы.

Мектептегі ұжымның түрлері. Ресми және бейресми топтар. Оқушылар ұжымы, олардың қалыптасу және даму кезеңдері. Оқушылардың өзін-өзі басқару мәселелері. Оқушылар комитеті. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеудің негізгі жолдары. Ұжымда қоғамдық пікірдің қалыптастырудың маңызы. Оқушылар ұжымына педагогикалық басшылық. Тұтас педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара қарым-қатынасы және байланысы (оқушылар ұжымы “педагогтар-оқушылар” жүйесінде) . Балалар ұжымын ұйымдастыруда мұғалімнің кәсіби маңызды сапалары.

Қазіргі мектептердегі балалар ұйымдарының түрлері, міндеттері мен жұмыстарының мазмұны.

Slide 16

Лекция тезистері

5-тақырып. Отбасындағы тәрбие.

Отбасындағы тәрбие, оның ерекшеліктері. Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие. Отбасы тәрбиесінің құқықтық негізі. БӘӘ Бас ассамблеясы қабылдаған “Бала құқығы туралы конвенцияның” отбасында бала тәрбесіндегі маңызы.

Отбасындағы тәрбиенің міндеттері мен мазмұны. Отбасында балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, тәсілдері мен құралдары. К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, П. Ф. Лесгафт, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, М. Ғабдуллин еңбектерінде отбасында балаларды тәрбиелеуге қатысты құнды ой-пікірлері. Ата-аналар беделі. Отбасында бала тәрбиесіне ықпал ететін келеңсіз факторларды болдырмау жағдайы.

Балаларды тәрбиелеуде отбасы, мектеп және жұртшылықтың өзара байланыстары. Мектеп пен отбасының қарым-қатынасы. Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастық әрекетінің негізгі формалары.

Қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері. Отбасы тәрбиесінде ұлттық идея, тарихи-мәдени және халықтық дәстүрлерді қолдану.

Slide 17

Лекция тезистері

Біртұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы. Оқыту теориясы.

1-тақырып. Дидактика: оқыту және білім беру теориясы. Оқыту процесінің мәні мен қызметі.

Дидактика пәні, оның негізгі категориялары. Оқытудың педагогикалық, психологиялық және әдіснамалық негіздері. Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо. И. Т. Песталоций, А. Дистервег, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсариннің дидактиканы дамытудағы қосқан үлестері.

Қазақстан дидактикасының дамуында А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Р. Г. Лемберг, А. И. Сембаеттардың дидактикалық көзқарастары.

Оқыту процесі, оның мәні, мақсаты мен міндеттері. Оқытудың ерекшеліктері, қызметі мен құрылымы. Оқытудағы таным әрекетінің кезеңдері. Білім, білік, дағдыларды үйрету. Оқытудың қозғаушы күштері. Оқытудың психологиялық теориялары: ассоциативті - рефлекторлық, ақыл-ой әрекетінің қалыптасу сатылары теориясы т. б. Оқыту барысында жеке тұлғаның дамуы. Л. В. Занков, В. В. Давыдов, Д. В. Элькониннің еңбектеріндегі дамыта оқыту идеясы. Оқытуды ізгілендіру.

Оқытудың түрлері. Оқушылардың өздігінен білім алу жұмыстарын қалыптастыру маңыздылығы мен оның жолдары. Оқыту заңдылықтары мен ұстанымдары, олардың өзара бірлігі.

Slide 18

Лекция тезистері

2-тақырып. Оқытуда білім беру мазмұны.

Білім беру - дидактикалық категория, оның мәні мен атқаратын қызметі. Білім мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Білім мазмұнының негізгі компоненттері: табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам, іс-әрекет жайындағы білімдер негіздері. Педагогика тарихында білім мазмұнындағы негізгі мәселелер және педагогикалық көзқарастар. Бүкіл адамзаттық мәдениет, әлеуметтік тәжірибе білім мазмұнын анықтаудың негізі ретінде. Қазақстан Республикасындағы “Білім туралы” заңы.

Білім беру мазмұнының құрылымына сипаттама, оның мазмұнын жаңарту, оған әсер ететін факторлар. Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім беру, олардың өзара байланысы. Ғылыми техникалық революция және білім берудің даму мәселелері. Білім беруде шығармашылық әрекет түрлерін меңгеру, игерілген білімдерге құндылық-сезімдік қатынастарын тәрбиелеу. Білім берудің тұлғалық-бағдарлық тұжырымдамасы.

Білім берудегі жеке пәндердің мазмұнын анықтау ұстанымдары. “Жаңа буын” оқулықтарға сипаттама. Оқытудағы пәнаралық байланыс мәселесі.

Білім беру мазмұнын анықтайтын негізгі құжаттар. Білім беру және оқыту процесінде оқу жоспары, бағдарламалар және оқулықтардың маңызы, оларға сипаттама. Оларды үнемі жетілдіріп отыру - қоғам талабы.

Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандарты, оның мәні. Вариативтік білім берудің даму стратегиясы.

Slide 19

Лекция тезистері

3-тақырып. Оқыту әдістері.

Оқыту әдістері туралы ұғым. Оқыту әдістері, амал-тәсілдері және құралдары. Оқыту процесінде әдістердің маңызы мен қызметі. Р. Г. Лемберг оқыту әдістері туралы.

Оқыту әдістерінің көп түрлігі, оларды топтастыру мәселесінің маңыздылығы. Әдістерді “білім алу көзіне” сай топтастырудың маңыздылығы. Сөзге негізделген немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдістері. Көрнекілікке негізделген оқыту әдістері. Практикалық әдістер. Оларға сипаттама.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектептегі
Педагогика ғылымы
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Психологияның негізгі салалары
Саяси институттар
Арнайы педагогика мен арнайы психологияның теориялық және әдіснамалық негіздері
Педагогикалық психология
Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы. Ғылыми танымның деңгейлері, формалары және әдістері
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ТУРАЛЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz