Қылмыстарды саралау және олардың қылмыстық-құқықтық санаттары


Slide 1

Қылмыстарды саралау және оның санаттары Орындаған: Уркинбаев Д.

Slide 2

Жоспар:

Қылмыстық құқық.

Қылмыстық құқықтың жүйесі.

Қылмыстық құқықтың қағидалары.

Қылмыстың құрамы.

Кінә және оның түрлері.

Slide 3

Қылмыс.

Бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын анықтау қажеттілігі туындайды.

Slide 4

Қылмыстық құқық

Қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстық түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатудың негіздерін аңықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Slide 5 Slide 6

Жалпы бөлімі.

Ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп қолданудың жалпы ережелері мен институттары.

Тұлғанның қылмыстық жауапкершілігі.

Қылмыстық заңаманың міндеті.

Қылмыстық заңның әрекеттік шегі.

Жаза тағайындау.

Жазамен қылмыстық жауапкершіліктен босату.

Slide 7

Ерекше бөлімі.

Қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекетерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.

Slide 8 Slide 9

Қылмыстың құрамы.

Slide 10

Қылмыстың объектісі.

Қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар.

Олар мыналар болуы мүмкін:

1. Саяси және экономикалық құрылымдар.

2. Меншік

3. Адам және оның құқықтары мен бостандықтары.

4. Құқықтық тәртіп.

5. Сот төрелігі.

6. Әскери қызмет.

Slide 11

Қылмыстық объективтік жағы

Ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:

-Қылмыскердің қоғамға қауіпті іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.

-Әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже.

-Әрекет пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.

-

Slide 12

Қылмыстың субъектісі.

Ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонаую, қорқытып тартып алу және т. б) қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Slide 13

Қылмыстың субъективтік жағы.

Бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Slide 14 Slide 15

Қылмыс құрамының белгілері

Қажетті

белгілері.

Факультативті

белгілері

1. Қылмыс объектісі.

Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар

Қосымша объектіге байланысты қорғалатын қоғамдық қатынастар; қылмыс заты.

2. Қылмыстың объективтік жағы.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздік.

Қоғамға қауіпті зардап, әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; қылмыс жасау жолы, уақыты, орны, жағдайы, құралы мен қаруы.

3. Қылмыс субъектісі

Есі дұрыс, жаcы 14 толған адам.

Арнайы субъектіні сиппаттайтын белгілер:лауазым адам, туыстық қатынасы бар адам, тек ер адам, тек әйел адам, тек ҚР азаматы және т. б.

4. Қылмыстың субъективтік жағы.

Кінә(абайсыздық және қасақаналық)

Мотив, мақсат, эмоциялық жағдай.

Slide 16

ҚК 10-бабында көрсетілгендей, қылмыс 4 сипатқа бөлінеді.

Slide 17

Онша ауыр емес қылмыс

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза 2 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет.

Slide 18

Ауырлығы орташа

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 5 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін 5 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет.

Slide 19

Ауыр қылмыс

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза 12 жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет.

Slide 20

Аса ауыр қылмыс

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте 12 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет.

Slide 21

Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар:

Slide 22

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері бар.

Slide 23

Кінә

Бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген қозқарастарының жиынтығының көрсеткіші. Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы-объективті ақиқат. Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды.

Slide 24 Slide 25

Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.

Slide 26

Пайдаланылған әдебиеттер:

Қ. И. Оспанов, Құқық негіздері. Алматы “Жеті жарғы”2007ж.

Е. Баянов, Мемлекет және құқық негіздері. Алматы “Жеті жарғы”2001ж.

Ғ. Сапарғалиев, ҚР Конституциялық құқығы. Алматы “Жеті жарғы”2004ж.

ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы:Норма-К, 2004ж.


Ұқсас жұмыстар
Жекелеген қылмыстарды ашу және алдын-алудың құқықтық-теориялық негіздері
Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі, санаттары және ҚР ҚК баптары бойынша жіктелуі
Фармацевтикалық қызмет саласындағы қылмыстық жауапкершілік және медициналық тәуекелдің қылмыстық-құқықтық шарттары
Жеке қылмыс: қылмыстық-құқықтық принциптер, белгілері және қылмыскер тұлғасы
Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық нысандары және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
Қылмыстардың көптігі мен қылмыстық жауаптылықтың құқықтық және методологиялық негіздері
Қылмысты саралау процесінің теориялық негіздері мен кезеңдері
Құқықбұзушылықтың түрлері және құқықтық жауапкершілік: азаматтық, әкімшілік және қылмыстық аспектілер
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық жауапкершілігі
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және тәрбиелік ықпалды мәжбүрлеу шаралары: Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz