Ұлтабаралды қарындары ауырған малды клиникалық-зертханалық әдістермен зерттеу,диагноздарын негіздеу


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Ұлтабаралды қарындары ауырған малды клиникалық-зертханалық әдістермен зерттеу, диагноздарын негіздеу

Орындаған: Сәбит Д

Қабылдаған:Азизов Қ

Slide 2

1) Ұлтабаралды қарындардың жіті гипотониясы және атониясы.

2) Ұлтабаралды қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы

3) Мес қарынның азыққа шектен тыс толуы.

4) Мес қарынның жіті кебуі

5) Мес қарынның созылмауы кебуі

6) Мес қарынның алкалозы

7) Мес қарынның ацидозы.

8) Мес қарын паракератозы

9) Жарақатты ретикулит және ретикулоперитонит

10) Қатпаршақ қарынның бітелуі

11) Ұлтабардың қабынуы

12) Ұлтабардың орнынан ығысуы

ЖОСПАР:

Slide 3

Ұлтабаралды қарындардың жіті гипотониясы және анотонисы- мес, тақия және қатпаршақ қарындардың жиырылуларының бұзылуларымен сипатталалынатын дерт. Гипотонияда олардың жиырылу күші әлсіреп, саны азаяды, ал атонияда жиырылу қызметі тоқтайды.

Slide 4

Себептері

Қарындардың жіті гипотониясы малда құрғақ, сапасыз азықтардан тез арада тек қана шырынды азықтарға ( спирт қойыртпағы, қант қызылшасының қалдығы т. б) көшіріп оларды көп мөлшерде және тоңазытылған не ыстық күйінде бергеннен пайда болады. Азықтың бір түрінен екінші түріне аяқ асты көшірілуіне байланысты пайда болатын қарындардың жіті гипотониясы және атониясы, көбінесе буаз, арық және көп мезгіл серуендетілмеген әлсіз малдар арасында жиі кездеседі.

Slide 5

Азыққа деген зауқы нашарлайды, бұзылады не толық жоғалады. Мес қарын аурудың басында тығыз, кейінірек жұмсарған не сұйылған жынға толады, сол жақ аш бүйірі газға толады, оны қолмен және перкуссиялап оңай анықтауға болады.

Симптомдары

Симптомдары

Симптомдары

Slide 6

Ұлтабаралды қарындардың созылмалы гипотониясы және атониясы- қарындардың жиырылу- созылу қызметтерінің бұзылуының ұзаққа созылып тұрақты өтуімен сипатталынатын, негізгі, көбінесе туындаған түрде дамитын дерт.

Slide 7

Малдың азыққа деген зауқы өзгереді, көбінесе төмендейді немесе бұзылады. Жалпы жабығады, әлсірейді, көп уақыт жатып қалады, арықтайды, сауынды сиырдың сүті күрт кемиді. Түктері тікірейіп, өзі бүкірейіп тұрады. Кекіргенде шыққан газдар жағымсыз сасық иісті болады. Анда-санда сасық иісті жын құсуы мүмкін.

Симптомдары

Slide 8

Негізгі созылмалы гипотонияда ауруды тудырған себептерді, әсіресе ауруды тудырған себептер сапасыз азықтармен азықтандырылғаннан болғанда, оларды жоюға бағыттайды. Мес қарынды, ішіндегі жиналған газдардан зонд арқылы тазартады, 30-32 градусқа дейін жылытылған сумен жуып шаяды. Тереңге боялған салқын клизма жасау арқылы рефлекторды түрде қарындардың күш-қуатын, жиырылу қызметін арттырады. Қарындардың рефлекторлық және жиырылу- созылу қызметтерін қалпына келтіру мақсатымен мес қарынды күніне 10-15 минуттан 2-3 рет уқалайды.

Емі

Slide 9

Мес қарынның азыққа шектен тыс толуы- мес қарынның азық-жынға тығыздалып шектен тыс толып кетуі не мес қарынның бұлшық еттерінің шала салдануы деп атайды.

Slide 10

Малдың дәл күйіндегі астықты (ұқыпсыз сақтағанда) -арпаны, қара бидайды, жүгерінің дәндерін, ұнды сонымен қатар тамыр жемістерін және техникалық өндіріс қалдықтарын көп жеп қоюы, дайындалмаған құрғақ қамыспен көп уақыт азықтануы, аталмыш ауруды тудыруға себепкер болады.

Себептері

Slide 11

Бастапқы белгілері-азыққа зауқы болмайды, аздап тынышсызданады. Мал басын бұрып, бүйірлеріне қарай береді, бүкірейіп тұрады, құйрығын бұлғақтата береді, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді, кейде жатады, тез тұрып кетеді, мазасызданып ыңыранады. Күйіс қайыруы және кекіруі тоқтайды, аузынан сілекей ағады, кейде құсады. Сол жақ аш бүйірі қабыртқа деңгейіне теңеледі.

Симптомдары

Slide 12

Мес қарынның жіті кебуі - мес қарында газдың тез арада және көп мөлшерде жиналуының салдарынан оның шектен тыс кернелуімен сипатталынатын дерт, ірі қара мал және қойлар арасында жиі, ал ешкі мен түйелерде сирегірек кездеседі.

Slide 13

Мес қарынның созылмауы кебуі - мес қарынның қимыл қызметтерінің тұрақты бұзылып, оны жиналған газдар кернеуімен сипатталынатын дерт, ірі қара малда жиі, ұсақ малда сиректеу кездеседі

Slide 14

Мес қарынның алкалозы - мес қарын жынының pH сілтілік жағына өзгергендіктен, онда азық қорыту бұзылуымен сипатталатын патология.

Мес қарынның қимылының төмендеуімен( гипотония, атония) және оның толып кетуімен, зат алмасуының бауыр және басқада ағзалардың қызметінің бұзылуымен жүреді.

Slide 15

Мес қарынның ацидозы. Күйіс малында мес қарынның PH - қышқыл жағына күрт өзгеретін, жиі таралған ауру. Ірі қара мал мен қойларда әсіресе күзде жиі кездеседі.

Slide 16
Ұқсас жұмыстар
Ұлтабаралды қарындардың жіті гипотониясы және анотонисы - мес, тақия және қатпаршақ қарындардың жиырылуларының бұзылуларымен сипатталалынатын дерт
Жануарлардың түрлеріне байланысты құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы
Вирустық аурулардың зертханалық диягностикасының үрдістері
Малды ұрықтандыру
Жарақатты ретикулит, ішек инвагинациясы және ішек странгуляциясы
Биотехнологиялық процестерді модельдеу
Парамфистоматоз, эуритремоз
САРЫПТЫҢ ІНДЕТ ОШАҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ
ҚОЙДЫҢ ЖҰҚПАЛЫ
Клиникалық белгілерінің төрт кезеңң
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz