Иттің тыныс алу мүшесінің морфологиясы




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Университеті
Иттің тыныс
алу
мүшесінің
морфология
сы
Тыныс алу
жүйесі
Ит мұрнының негізін құрайтын шеміршек
жақсы жетілген. Ол тұмсық сүйектің
жоғарғы жағынан сәл шығып
тұрады.Осының нәтижесінде мұрын
қозғалмалы болып келеді.Мұрын
тесіктерінің айналасында пигменттелген
қаңсар болады.Оның орта тұсында қаңсар
сайы жатады.Мұрын тесігінің пішіні
дөңгелектеніп келген.Танаудың
дорсальды қабырғасының негізін
дорсальды бүйірлік мұрын шеміршегі,ал
вентральды қабырғасын латеральды
қосымша шеміршек түзеді.Мұрын
қуысының қабырғасында ұзынша танау
қатпарларымен қатар,қиғаш және
параллельді қатпарлар
Иттің мұрын қуысы
Ит көмекейінің тұрқы қысқа,кіреберіс тесігі кең
болады.Онша көлемді емес ожауша
шеміршектер мен сақинаша шеміршек
тақташасының арасында қосымша шеміршек
болады.Бөбешік шеміршектің пішіні
төртбұрышты болып келеді.Оның негізінен
ожауша шеміршекпен байлам арқылы
жалғасқан сынаша өсінді шығып
тұрады.Көмекей қарыншасы жақсы
жетілген.Дыбыс қатпарлары алға және төмен
қиғаш орналасады.
Көмекей
Кеңірдек және
бронхы
Кеңірдек- көмекейді өкпе
бронхтарымен
байланыстыратын түтікше
мүше.
Ит кеңірдегінде 42-46
дөңгелек пішінді шеміршек
сақиналар болады.Олардың
шеміршек ұштары бір-біріне
түйісіп жатады.Оларды
жалғастырып тұрған көлденең
бұлшық ет шеміршектің
жоғарғы бетінде орналасады.
Кеңірдек
тің
құрылыс
ы
Кеңірдектен ажырайтын негізгі
бронхтар өз кезегімен:
ірі,орта,кіші бронхтарға және
бронхиоларға таралады.Олар
бронхтар тарамын
құрайды.Бронхтар тарамында газ
алмасу процесі
жүрмейді.Бронхтар тыныс
жолдарына жатады.Бұлардың
қуыстарында ауа тазаланып,
ылғалданып, жылып, һөкпенің
газ алмасу бөліміне өтеді.
Бронхиолар
Өкпе
Өкпе-пішіні конус тәрізді, құрылысы
қомақты көкірек қуысында
орналасқан паренхималы газ алмасу
мүшесі.Ит өкпесінің сыртқы бетінде
бөліктердің бір-бірінен ажырауы
нашар байқалады.
Өкпе екі бөлімнен құралған:
бронхтар және альвеолалар
тарамдар.Бронх тарамы мен
альвеолалар тарамдары өкпенің
паренхимасын құрайды.Ал өкпенің
стромасын өкпе паренхимасын
біріктіріп дәнекерлеп, біртұтас ететін
және қоректендіруші қан,лимфа
тамырлары мен жүйкелер өтетін
борпылдақ дәнекер ұлпалық
аралықтар түзеді.
Өкпе
альвеоласы
Өкпе
гистологиясы
Өкпенің гистологиялық құрылысы.
Өкпе құрылысы жағынан
паренхималы мүше.Оның стромасын
эластин талшықтарына бай
борпылдақ дәнекер ұлпалық
аралықтар құрайды.Строма арқылы
өкпеге қоректендіретін және газ
алмасуға қан әкелетін қан әкелетін
қан тамырлары,лимфа тамырлары
мен тыныс алу процесін реттейтін
жүйкелер өтеді.Ал оның
паренхимасын өкпенің тыныс
жолдары мен газ алмасу бөлімі
құрайды.
Өкпелік құрылымдық
және қызметтік
бірлігі-өкпе бөлікшесі
(ацинусы).Ацинусты
қан және лимфа
тамырлары мен
жүйкелерін қоса
дәнекер ұлпалық
аралықтар арқылы
байланысқан бір
альвеолалы
бронхиоланың
тармақтары құрайды
Өкпе
Өкпе
биопсиясы
Назарларыңызға

рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Иттердің анатомиясы мен физиологиясы
Alfortia edentatus жұмыр құртының балаусасы
Бас көкіректің аяқ - қолдарының қалған басқа төрт жұбы жүру аяқтары
Өкпенің жедел қабыну аурулары
Етқоректілер обасы
Оба қоздырғышы
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАССЫ
Ингаляциялық наркоз
Адам басының құрылысы
Қызылша вирусы
Пәндер