Вирустық транмисивтік гастроэнтеритті балау және індетке қарсы шаралар




Презентация қосу
Қ А З А Қ Ұ Л Т Т Ы Қ А Г РАРЛЫ Қ У Н И В Е Р С И Т Е Т І
Б И О Л О Г И Я Л Ы Қ Қ А У І П С І З Д І К К А Ф Е Д Р АС Ы

Тақырыбы: «Вирустық транмисивтік
гастроэнтеритті балау және індетке
қарсы шаралар»

Орындаған: Кенесбай А.
ВС 414
Тексерген: Отарбаев Б.К
Шошқаның вирустық гастроэнтериті
(Gastroenteritis infektiosa suum, вирусный
гастроэнтерит свиней, ВГЭС) – аса жұғымтал қатарлы-
геморрагиялық гастроэнтерит, құсу, іші өту,
сусызданумен ерекшеленетін, әсіресе 10 күнге дейінгі
торайларды көп шығынға ұшырататын ауру.
Бұл індетті алғаш 1946 ж. АҚШ ғалымдары Доиль
мен Хатчингс шошқаның трансмиссивті (яғни берілетін
деген мағынада) вирустық гастроэнтериті деген атпен
анықтап, жазды. Кейіннен оның 1956 ж, Жапонияда,
1957 ж. Англия мен Данияда, одан кейінгі жылдары
барлық Европа елдерінде кездесетіні анықталды.
Қоздырушысы – Transmissible gastroenteritis
virus кұрамында РНҚ
бар Согоnаvіridae тұкымдастығыньің Согоnаvirus туыст
астығына жататын полиморфты вирус.
Ауруға негізінен шошқа бейім келеді. Әсіресе туғаннан
кейінгі алғашқы 10 күндік торайлар өте сезімтал.
Ауру коздырушысының бастауы – ауру және аурудан
айыққан шошқалар.
Аурудың берілу факторларына ауырып жазылған
шошқаларды сойғандағы салқындатылған ет, сойыс
қалдықтары, ластанған жем-су, көлік, кұрал-сайман, қи
сияқты сыртқы ортаның объектілері жатады. Ауру сау
малға негізінен қорек жолы арқылы жұғады, бірақ
сондай-ақ ауа-тамшы жолымен де зардаптануы мүмкін.
Қоректік жолмен енген вирус негізінен аш ішектің
кілегейлі қабығына орналасады. Әсіресе вирус аш
ішектің кілегейлі кабығын қаптаған цилиндр тәрізді
эпителийге еніп, олар вирустың әсірінен 3-4 сағаттың
ішіңде бұзылады. Вирус 12 сағаттан кейін қанға еніп,
денеге тарап, жайылып, әсіресе өкпе ұлпасында өсіп-
өнуі мүмкін. Бірақ негізгі өзгерістер аш ішекте болады.
Аш ішектің кілегейлі қабығының цилиңдр тәрізді
эпителиі вирустың әсерінен жаппай бұзылып, оның
орнына куб тәрізді немесе аласа эпителий торшалары
түзіледі, соның әсерінен зарарланғаннан кейінгі 36
сағаттың ішіңде ішек бүртіктері семіп, аласарады.
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан 1-3 күнге
дейін созылады. Індеттік жағдайға, иммунитеттің
деңгейіне қоздырушының уыттылығына,
шошқалардың жас мөлшеріне карай аурудың өтуі
мен клиникалық белгілері әртүрлі болады.
Ауру алғашында мегежіндердің арасында
байқалып, кейіннен торайларға ауысады. Ауру
мегежіндердің аздап дене қызуы көтеріліп 40-
40,7°С, іші өтіп, жем-шөпке карамай, кұсып,
салмағын жоғалтады, сүті азайып, кейде сүт
бөлмеуі де мүмкін (агалактия). Қалыпты жағдайда,
қосалкы инфекциялар мен асқынулардан сау
болғанда, ауру мегежіндердің көпшілігі 3-5 күннен
сауығады. Өлім сиректеу болады, ал асқынған
жағдайда шығын 2-4 %-ке жетеді.
Өлекседегі негізгі өзгерістер ас қорыту
жүйесінде кездеседі. Торайлардың өлексесі
сусызданған, қарын қуысы көбінесе ұйыған
сүтке толы болады. Қарынның кілегейлі
қабығы кілегейлі немесе геморрагиялық
қабынып, ойық жаралар кездеседі. Аш ішектің
қабырғасы жұқарып, кілегейлі қабығында
кілегейлі не геморрагиялық қабынулар
кездесіп, бүртіктері ісініп, өліеттенеді. Аш
ішектің қуысында қорытылмаған сүттің
іріміктері, көпіршіктенген қоймалжың сұйык, газ
кездеседі.
Балау. Ауруды індеттанулық, клиникалық,
патологиялық-анатомиялық деректерге,
гистологиялық, вирусологиялық, серологиялық
зерттеулерге сүйеніп аныктайды.
Ауырып жазылған шошқаларда екі жылға
созылатын иммунитет түзіледі. Қазіргі кезде
белсенді иммундеу мақсатында әр елдерде
вакциналар шығарыла бастады. Өлтірілген
вакцинаның иммундік қасиеті төмендеу болып
шықты. Сондыктан көбінесе әлсіретілген тірі
вакциналар пайдаланылады. Бұрынғы КСРО-
да ВГНКИ штаммынан торша өсіндісінде
алынған құрғақ вирус вакцина колданылады.
Арнайы емдік дәрі-дәрмектер жоқ. Қосалқы бактериялық
инфекциялардан қорғау үшін антибиотиктер,
сулъфаниламидтер, нитрофуран дәрмектері
пайдаланыдады.
Сау шаруашылықтарда жалпы ветеринариялық қорғау,
шектеу шараларын ережеге сай, уақытында жүргізу керек.
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылықты сау емес де,
анықтап, онда қатал түрде шектеу шараларынн енгізеді.
Аур шыққан шошқа қораны бөлектеп, оған арнайы көлік
және қызметкерлер бекітеді. Оларды ауыстыратын (кем
дегенде 2 дана) жүмыс киімімен, аяқ киімімен камтамасыз
етеді. аруашылык вирустық гастроэнтеритпен соңғы
ауырған шошқа өлгесін, не айыққасын, не етке өткізгесін
21 күн өткеннен кейін, тиісті ветсанитариялық шараларды
жүргізгеннен кейін, індеттен ада деп есептелініп, шектеу
алынады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Жылқының энцефалитін балау және індетке қарсы шаралар
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
ИТ ОБАСЫ
Листериоз жіктелуі
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Акабане ауруы
Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
КҮЗЕННІҢ АЛЕУТ АУРУЫН БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
Пәндер