Қойлардың жұқпалы ауруларын (брадзот, жұқпалы энтеротоксемиясы) дауалау, індет ошағынан арылу шаралары
Презентация қосу
Қойлардың жұқпалы
ауруларын (брадзот,
жұқпалы энтеротоксемиясы)
дауалау, індет ошағынан
арылу шаралары
Қойдың брадзоты
Қойдың брадзоты
(секіртпе)
(секіртпе)
Ұлтабар мен ұлтабар
ұшы ішегінің кілегейлі
қабықтарының
қанталап қабынуы
және ішкі үлпершек
ағзалардың азғындауы
арқылы
ерекшеленетін, жіті
өтетін жұғымтал емес
жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Брадзоттың тұңғыш рет Пастер
мен Жубер 1874ж сипаттады, таза өсінін 1888ж
И.Нильсон, 1892ж Арлуэн бөліп алды.
Қоздырушысы – Clostridium septicum –
полиморфты, грам оң, қозғалатын ірі таяқша,
қауашағы жоқ, спорасы шеткерірек
орналасады.Анаэорбты микробтарға арналған
орталардың барлығында жақсы өседі. Китт-
Тароцци сорпасында өте жылдам өсіп, 16-24сағ.
қоректік орта лайланып, газ бөлінеді, 48сағ
өткенде микробтар пробирканың түбіне шөгіп,
сорпа тұнады.
Төзімділігі – химиялық және физикалық әсерлерге
төзімді. Олар топырақта жылдар бойы сақталады.
Қайнатқан кезде 60мин өледі.
Індеттік ерекшелік
Секіртпемен қойдан басқа үй жануарларынан
ешкі ауырады. Табиғи жағдайда қой жынысы мен
жасына қарамай ауырғанымен көбінесе екі жасқа
дейінгі, әдетте қоңдылығы жоғары малдар
шалдығады. Ауру жыл мезгілдің кез келген
маусымында шығуы мүмкін. Бірақ та, көбінесе
қыста, немесе жазда құрғақ айларында
байқалады.
Инфекция қоздырушысының бастауы – ауырған
қой. Өлген қойдың өлексесі жайылым мен суатты
брадзоттың қоздырушысымен ластайды. Ауру
алиментарлы және су арқылы жұғады.
Өтуі мен белгілері
Аса жіті өткенде мал кенеттен өледі.
Алдында ғана сау жүрген қой кенеттен
тыпыршып, бір орында секіріп барып
құлайды.
Жіті өткен ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп,
жем-шөпке қарамайды. Тынысы, тамыр
соғысы жиілеп, ауызы мен тануынан көбік
ағады. Кейде қан аралас іш өтеде.
Ауырған мал демігіп, әлсіреп барып, бір
күнге жетпей өледі. Ауру бәсеңдеу
өткенде 3-5күнге дейін созылып өледі.
Емі. Ауру өте қауырт өтетіндіктен ем әдетте нәтиже
бермейді. Созылмалы өткенде антибиотиктер
қолданады. Биомицин, синтомицин, террамицин ересек
жануарларға 0,5-1г, қозыларға 0,2г , 1кг массасына
биоветинді жемге қосып, тәулігіне 1басқа 0,5-0,75г
береді.
Иммунитет. Қазіргі уақытта вакцинадан аллюминий
гидрототықты поливалентті брадзотқа, жұқпалы
энтеротоксемияға, қатерлі домбығу, қозының
дезентериясына қарсы вакцина. Онымен аурудың
алндын алу үшін қозыны 3 айдан бастап, буаз саулықты
1-2айлығына егеді. Иммунитет 12-14күннен кейін
қалыптасып, 6 ай сақталады.
Дауалау және үресу шаралары. Секіртпені
болдырмау үшін жайылымдар мен суаттардың
санитариялық жағдайын жеткілікті дәрежеде ұстау
керек. Ауру шыққан жерді мұхият тіркеуге алып,
ондағы қойларды уақытылы вакцина егіп отырады. Ауру
шыққан шаруашылыққа шектеу қойып, малды әкелуге
Ажыратып балау
Брадзотты топалаңнан,
жұқпалы энтеротоксемиядан,
пастереллезден, қарасаннан,
пироплазмоздан және у
қорғасын шөбінен уланудан
ажырату керек.
Қойдың жұқпалы
Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы
энтеротоксемиясы –
геморрагиялық энтеритпен, жіті,
жұғымтал емес, микроб уы денеге
тарайтын, ішектің қанталауымен,
жүйкенің бұзылуымен, ағзаның
жалпы улануымен және бүйректің
зардап шегуімен сипатталады.
Бұл ауру Қазақстанда “жыбырлақ”
деген атпен ертеден белгілі.
Арнайы басылымда “жұмсақ
бүйрек” аталып 1910ж
Тасманияда сипатталады.
Аурудың қоздырғышы С және Д типтеріндегі
микроорганизм - Clostridium perfringens болып
табылады. Bac.ovitoxicu аталатын Д-типті,
Bac.paludis аталатын С-типі. Bac.ovitoxicu қойдың
энтеротоксемиясының негізгі қоздырушысы болып
табылады, сонымен қатар ешкінің. Bac.paludis
қоймен қатар түйенің, ешкінің, торайларда да ауру
қоздырады. Инфекция қоздырғыштарының
споралары топырақта, ақпайтын суларда, мал
азығында, мал қораларында, көңде сонымен қатар
жануаралардың ішек-қарындарында сақталады.
Індеттік ерекшелігі. Табиғи жағдайда қойдан
басқа сиыр, ешкі, түйе, жылқы, шошқа ауырады.
Індеттің бастауы ерекшелігі аурудың бір жерде
тұрақтанып орын тебуі. Құрғақшылық жылдары
ауру бәсеңдеп, жауын – шашын көп болғанда жиі
байқалады.
Өтуі мен симптомдары
Аурудың ажасырын кезеңі өте қысқа, бірнеше сағат қана,
клиникалық байқалуы кенеттен басталады. Ең басты
көзге түсетін белгісі – ауырған малдың қозғалыс
координациясы бұзылып, денесі құрысып, аяғын басып
тұра алмай қалады. Құлағаннан кейін аяқтарын белгілері,
аурудың “жыбырлақ” атауына себеп болған. Бұндай
құрыстанумен қатар ауырған малдың мәңгіріп, есеңгіреп
қалуы мүмкін.Малдың іші кеуіп, аяқ астынан тәлтіректеп
құлайды, дірілдеп, тісін қышырлатып, ентігіп, аузынан
көбік ағып, іші өтеді. Көп ұзамай өліп қалады. Кейде
отардағы қойдың 40пайызы қырылады.
Емі. Қойда ауру өте жіті өткендіктен ем қолданып
үлгермейді.
Қой мен ешкінің жұқпалы энтеротоксемиясын
алдын-алу және күресу шаралары
1) барлық ауру және ауруға күдікті жануарларды
оқшаулап, қозының анаэробтық дизентериясы мен қой
және ешкінің жұқпалы энтеротоксемиясына қарсы
антитоксиндік гипериммунды сарысумен,
симптоматикалық, витаминдік препараттарды,
антибиотиктерді қоса егіп емдеу жүргізеді, сауыққан
малдарды әдеттегі бағу, азықтандыру жағдайына
ауыстырады;
2) барлық бейім малдарды тиісті вакцинамен қолдану
нұсқаулығына сәйкес иммунизацияға тартады;
3) бірінші вацинациядан кейін 15 күн өткен соң,
малдың өлгені мен ауырғаны аты аталған аурудан
тоқтағаннан кейін азықтандыру мен күтуді күнделікті
қалыпты жағдайға ауыстырады.
Аурудан таза емес кезеңде рұқсат
етілмейді:
1) қой мен ешкілерді шаруашылық ішінде
әкелуге, әкетуге және орындарын ауыстыруға,
қайта топтастыруға;
2) жұқпалы энтеротоксемиямен ауырған
қой мен ешкіні союға және етін тағамға
пайдалануға;
3) ауру қой мен ешкінің сүтін саууға және
тағамға пайдалануға.
Жұқпалы энтеротоксемиядан өлген қой,
ешкінің өлексесі терісімен, жүнін алмастан
жойылады. Өлекселерді диагностикалық
мақсатпен жарып тексеруге арнаулы
жабдықталған жерде рұқсат етіледі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz