Негізгі балды табиғи өсімдіктер
Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық
Университеті
Негізгі балды табиғи өсімдіктер
1. Манго
2. Шұбаршөп
3.Түймебас
4.Шашыратқы
Орындаған:ВС-215 Күмісбекқызы Н
Қабылдаған: Жумагалиева Г
Алматы 2016 ж
Жоспары:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған
әдебиеттер
Манго (mango) (Mangifera indica), сумах (қараң.
СУМАХ) тұқымдастарының МӘҢГІ ЖАСЫЛ
ағашы, тропикалық әлемнің ең маңызды және
молынан егілетін дәнді дақылдарының бірі.[1].
Сары және сарғылт түсті, шырынды, өзіне тән дәмі
бар жемісте А, С және D дәрумендері көп. Манго
жемісі пішіні жағынан домалақтан сопаққа дейін,
түсі жағынан ашық қызыл және сарыдан көмескі
жасылға дейін, көлемі қараөрік немесе қауын сияқты
болып түрленуі мүмкін.
Жемісі буддалық Тхеравад салтанаты кезінде
пайдаланылады. Ұзақ уақыт тіршілік ететін
ағаштың биіктігі 15-18 м дейін жетеді, қияқ
жапырақтары әрі ұсақ, қызғылт, хош иісті гүлдері
бар.
Манго
Шұбаршөп , соссюрея (лат. Saussurea) –
астралылар тұқымдасына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. 300 түрі
белгілі.
Қатпарлы шұбаршөп , орамалы соссюрея – астралылар тұқымдасына
жататын өте сирек кездесетін, үштік дәуір қалдығы. Жоңғар Алатауының
орталық бөлігінде, Іле және Күнгей Алатауында, сонымен қатар Теріскей
Алатауында кездеседі. Қазақстаннан тыс Қырғызстанда және Батыс
Қытайда таралған. Бұрын бұл түрдің таралу аймағына Сібірдің оңтүстігі
мен Монғолияны да кіргізген. Бірақ ол жерлерде екі жақын түрлері
кездеседі - Дорогостайский шұбаршөбі, 1928 жылдан белгілі және
оргаадай шұбаршөбі, белгілі Новосибирск флористері В. М. Ханминчун
мен И. М. Красноборов сипаттап жазған. Біздің түріміз жартастарда, тасты
беткейлерде және ежелгі тау жынысы қалдықтарында өседі. Өте ерекше
және көп жағынан құпия көпжылдық өсімдік, көбіне альпинистерге таныс.
Жуан қуыс сабағымен және шоғырланған оншақты себеттен тұратын
күрделі гүл шоғырын көптеген ақсары-жасыл жалпақ жапырақтар орап
тұрады. Осы кезде өсімдік керемет әдемі болып көрінеді. Барлық жерде
саны төмен, жекелеп немесе шағын топ болып кездеседі. Тек гүл шоғырын
жинаудан зардап шегеді. Мәдени түрде өсірілмеген.Алматы қорығы
және Іле-Алатау ұлттық паркінде қорғалады.
1928 жылдан белгілі және оргаадай шұбаршөбі, белгілі
Новосибирск флористері В. М. Ханминчун мен И. М.
Красноборов сипаттап жазған. Біздің түріміз жартастарда,
тасты беткейлерде және ежелгі тау жынысы
қалдықтарында өседі. Өте ерекше және көп жағынан
құпия көпжылдық өсімдік, көбіне альпинистерге таныс.
Жуан қуыс сабағымен және шоғырланған оншақты
себеттен тұратын күрделі гүл шоғырын көптеген ақсары-
жасыл жалпақ жапырақтар орап тұрады. Осы кезде
өсімдік керемет әдемі болып көрінеді. Барлық жерде саны
төмен, жекелеп немесе шағын топ болып кездеседі. Тек гүл
шоғырын жинаудан зардап шегеді. Мәдени түрде
өсірілмеген.Алматы қорығы және Іле-Алатау ұлттық
паркінде қорғалады.
Шұбаршөп
Түймебас (лат. Serratula) – астралылар тұқымдасына жататын көп
жылдық шөптесін өсімдік.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы тау етегінде, тастақты
беткейлерде, жазық жерлерде, сортаңды шабындықтар мен
қияқөлең өскен батпақты жерлерде өсетін 16 түрі бар. Ішінде жиі
кездесетіні – тәжілік түймебас(S. coronata). Оның биіктігі 35 – 150
см. Тамыры жуан, сүректенген, бірнеше бөлікке тарамданған.
Сабақтары бұтақты, қауырсын жапырақтарының шеті тілімделген.
Қошқыл күлгін түсті гүлінің шеткілерінде аналық гүлдері
орналасады, қалған бөлігіндегі гүлдері – қосжынысты, себет
гүлшоғырына топталған. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп,
шілде – қыркүйекте жеміс салады.
Жемісі– қоңыр түсті, тықыр дәнек, айдары бар. Тәжілік Түймебас –
дәрілік, шірнелі өсімдік және одан бояу
алынады. Жетісу (Жоңғар), Теріскей және Іле Алатауларында
өсетін жоңғар түймебасы (S. dshungarіca) – өте сирек кездесетін
эндемикті түр ретінде қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген.
Жемісі– қоңыр түсті, тықыр
дәнек, айдары бар. Тәжілік
Түймебас – дәрілік, шірнелі
өсімдік және одан бояу
алынады. Жетісу (Жоңғар),
Теріскей және Іле
Алатауларында өсетін жоңғар
түймебасы (S. dshungarіca) – өте
сирек кездесетін эндемикті түр
ретінде қорғауға алынып,
Қазақстанның “Қызыл
кітабына” енгізілген.
Шашыратқы (лат. Cichorium) – аст
ралылар тұқымдасына жататын
бір, екі және көп жылдық
шөптесін өсімдіктер тегі. Дүние
жүзінде қоңыржай және
субтропиктік аймақтарда өсетін 8
— 10 түрі белгілі.
Табиғатта таралуы.
Шашыратқының отаны болып Жерорта теңізі
аймақтары болып есептеледі. Өсімдік Еуразии,
Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада,
Аустралияда, Солтүстік Америка және Жаңа
Зеландияда кездеседі. Қазақстанда барлық
облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың
жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен
егістік жерлерде өсетін 1 түрі.
Ботаникалық сипаттамасы.
Шашыратқы тегінің өсімдіктері – көп жылдық
немесе екі жыфлдық, сабағының бойы 1,4 метрге
дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Сабақтары тік
өседі, оның әр жерін түк басып тұрады. Тамыры
жерге терең бойлайды. Оның ұзындығы 90 – 100
сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары
сопақша, ал шеттерінде малдың құлағына
салатын сырға секілді ойықтары болады. Сабақ –
жапырақтары жіңішке, отырмалы, шеттері –
тегіс. Жапырақтарының қуысында екі – үштен
орналасқан гүлдерінің түсі көк және көкшілдеу
болады. Өсімдік мауысым айынан қыркүйек
айына дейін біртіндеп гүлдеп тұрады.
Химиялық құрамы.
Шашыратқы тамырының құрамында ащы илік заттар, нәруіз, май,
инсулин, аскорбин қышқылы, қант, В дәрумені болады.
Пайдалануы Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде
өсіріледі. Шашыратқы тамырын кептіріл, қуырып және ұнтақтап
үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады. Бұл сусын
түнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.
Шашыратқыны кофеге де қосады (бір стақан суға 2 шай қасық кофе,
1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).
Жапырақты ( салаттық) шашыратқы ашқылтым салат өсімдігіне
жатады; сәл ашқылтымдау, сүйкімді дәмі бар. Жапырағын көк салат
жасауға пайдаланылады.
Дәрілік шикізат ретінде шашыратқының тек тамыры ғана
пайдаланылады. Оны күз айларында жауын – шашынсыз күндері
қазып алады да, топырақтан, жапырақтарынан тазалап, көлеңке
жерде кептіреді. Ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға
салып, құрғақ жерде сақтайды.
Тамыр тұнбасының малды азыққа деген тәбетін ашатының , өт
жүргізетін, қатты ауырсынуды басатын және зиянды микробтарды
өлтіретін қасиеттері бар.Мал дәрігерлік практикасында оны ірі қара,
жылқы, қойлардың ас қорыту бездерінің бірқалыпты жұмыс істеуін
қалыптастыру үшін, асқазан мен тоқ ішектің қабынуын, бауыр ауруларын
емдеу үшін пайдаланады. Мал терісінде пайда болған іріңді бөртпелерді
тамыр тұнбасымен емдейді. Ал медицинада қант диабетімен ауыратын
адамдарға осы өсімдік тамырының тұнбасы ішкізіледі. Мал дәрігерлігі
практикасында малдың тері қотырын , ұзақ уақыттан бері жазылмай
жүрген экземаларды, есекжемді шашыратқының тамыр тұнбасы
дайындалады: 40 грамм ұнтақталған тамырды қайнатылған жарты литр
суға салып 25 – 30 минут тұндырады да, ірі қараға – 100 – 120 мл,
жылқыға 90 – 100 мл, қойға – 20 – 30 мл, бұзауға 30 – 40 мл, қозыға 5 –
10 мл мөлшерінде күніне 3 – 4 рет ішкізеді.
Шашыратқының спирттік тұнбасын жасау үшін оның тамырының 40
грамы 200 мл спиртке салынып, 8 – 10 күн қараңғы жерде тұндырылады.
Бұзауға күніне 3 рет 150 мл суға араластырылған бір ас қасық спирттік
тұнба ішкізіледі
Шашыратқының емдік қасиеттері
Барлық елдерге дерлік шашыратқының(цикорий) тамыры адамды
көрінбейтіндей(невидимка) жасай алады деген наным болған. Негіздеме жоқ. Тағы
бір қызық жәйт — егер осы шөпті 25 июльде қазып алып таяққа тағып сапарға
шыққан жолаушыны ол, пышақтан және оқтан қыйын қыстауларда сақтайды
дегенде ұғым болған. Қазып алудың өзі ырым шарамен жасалған екен.
Бұл күндері оны күз айларында айырмен немесе күрекпен еш ырымсызақ қазып ала
беретін болса керек. Айта кететін бір жәйт, Ресей бірінші дүние жүзілік соғыстың
алдында шетелдерге кептірілген емдік тамырды 400 пудқа шейін тасымалдаған
екен. Тамырды жинап кептіру орталығы Ярослав губерниясы болыпты.
Шашыратқы(Цикорий) осы күні кофені алмастырғыш ретінде белгілі. Егер, таңғы
асыңызды ашқарынға балмен лимон қосылған шашыратқы ішсеңіз — ағзаңызда
гипертнония дамымайды екен (ауруға бейім болған күннің өзінде).
Халықтық емшара ретінде тамырының қайнатындысы мен шөбінің тұнбасын күш-
қуат кеміп әлсірегенде, гепатит пен сары ауру кезінде, өт жолдарына тас
байланғанда, асқазан және тоқішек жараларына(язваларына), аллергияға, экземаға,
фурункулезға, көп бауыр ісінгенде, нефритке және шыжыңдыққа қарсы ем ретінде
қолданады. Гүлдерінен жасалған тұнба орталық нерв жүйесн тыныштандырып,
жүрек қызыметін күшейтеді, соғу жиілігін ретке келтіреді.
Шөбінің тұнбасы мен тамыр қайнатпалары қандағы қант мөлшерін төмендетіп қант
ауруымен ауыратындарға табиғи дәрумен ретінде қолданады.
Шашыратқы
Кәдімгі шашыратқы - тамыры етті, сабағы тіп-тік, биіктігі
30-120 см, болып келетін, күрделігүлділер тұқымдасына
жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жақсы бал
береді.Шірнесі мен тозаңы мол. Ресейдің еуропалық
бөлігінде, Батыс Сібірден Алтайға дейін, Орта Азияда,
Кавказда таралған. Азық-түліктік өсімдік ретінде қолдан
өсіріледі. Жабайы өсетін шашыратқы нәрсуының микробты
өлтіретін, жара бетін бырыстыратын және
тыныштандырушылық қасиеті бар. Гүлшоғыры мен
тамырының тұнбасы орталық жүйке жүйесін
тыныштандырады және жүректің жұмысын жақсартады.
Авиценна шашыратқыны безгекте, асқазан-ішек жұмысы
бұзылғанда, жүрек айну, көз қабынуында пайдаланылған.
Тамыр нәрсуына шыланған дәкені тұз байланған кезде
буындарға және сарышаян, ара, жылан мен кесіртке шаққан
жерге таңуға көмектеседі
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz