Нарық ұғымы, құрылымы, түрлері




Презентация қосу
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Тақырыбы: Нарық ұғымы, құрылымы,
түрлері

Орындаған:Күмісбекқызы Н
ВС- 215
Қабылдаған: Қарымсакова Ж.
Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру
мен дамыту экономикалық қатынастарға
түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен
қамтамасыз ету, жан – жақты талдау
қызметтерін жүргізу, экономикалық талдау
қызметкерлердің қызметін жүргізу,
экономикалық тиімді шешім қабылдау
үрдісінде.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты –
экономиканы тұрақтандыру мақсатында
Республика Үкіметі нарыққа өтудің
тұжырымдамасын жасап
шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және
экономикалық егемендіктің қағидаларына
негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас
бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес
көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын
таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не
бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге
барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе
мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші
біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық
экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси
демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең
жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін
экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін
ұсынады.
Нарық пен демократия дамуға батыл
бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді
жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты
ашық нарықты қалыптастыру –
бүгінгі таңда өте актуалды
мәселе.Осы тақырыпты таңдау
себебім де осында.
Нарықтық экономиканы алғаш рет
А.Смит қарастырған.Оның «Халық
байлығы» атты еңбегі 1776 жылы
шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың
басты байлығы алтын немесе күміс
қорын жинауда емес,ол еңбек түрін
атқаратын және нарықта сауда
жасайтын қарапайым адамдар
әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің
пікірінше,нарықтық экономика –
көптеген адамдар өздерінің жеке
мүддесін қамтамасыз ету үшін
мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық
негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен
тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін
шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға
болады.
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі
тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын
ретінде түсіндірді.Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да
өзгеріп отырды.Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген
міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар
кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда
саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып
алушылармен тікелей байланыспай–ақ, олардың
тапсырыстарын телефонмен жинап, тауарларды пошта
арқылы жібере алады. Нарық – қоғамдық еңбек бөлінісі
негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы
үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде
көрінеді.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның
нәтижелері мен шарттарын айырбастауға
байланысты болатын өндірістік қатынастардың
белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П.
Социалистік экономикадағы нарық. – «Вопросы
экономики»,1990 ж.№1,143 бет)
Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі
бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының
саласы (Чалбаев К.К. Өндірісті
интенсификациялау және нарықтық
қатынастар.М,1990 ж.204 бет)
Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен
байланысты орын алатын экономикалық
қатынастар жиынтығы (Саяси
экономия.Алматы,Ана тілі,1991ж,169 бет)
Келтірілген анықтамалар дәлелді
болғанымен,олар проблеманың бір жағын ғана
қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол
нарықты өндірістің емес,айырбастың
категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі -
өндірушілер мен тұтынушылар деп
көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық
байланыстар экономикалық қатынастардың
барлық жүйесін және барлық субъектілерін
қамтиды.Нарық құрамына өз жұмыс күшін
сатушы.
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:
1.Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2.Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3.Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету
бостандығын қамтамасыз етеді;
4.ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа
технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
5.Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар
мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін,еңбек
ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен
пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін
оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге
асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды
қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің
стратегиялық ғылыми – техникалық саясаты мен
экономикалық көмегінсіз,ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің
қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне
мыналар жатады:
табыс алуға кепілдік бермейді;
толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз
ынталадырады;
ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді
өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық механизмнің элементі – бәсеке. Ол пайданы мол
табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол
ашады.Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу
механизмінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді.Бәсекенің
негізгі қызметі пайда,процент нормасы,баға т.б. экономикалық
реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Нарықтық экономика қызмет етуінің механизмі үш басты
принципке негізделеді:
маржиналдық талдау принципі негізінде нарықтық субъектілер
мінез – құлқы құрылады,оған орташа емес,шекті шамалар шешуші
әсер етеді.Нарықтық талаптарға толуы,нарықтық бағалардың
өзгеруі нәтижесінде нарықтық экономиканың бір қалыптан
екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді.Бұл жаңа,шекті субъектінің
сұраныс немесе ұсыныс түрінде нарықтық экономикаға әсер
етпеуінен болып отыр.Жетілген нарық жағдайында,үлкен және
тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргіуші субъектілердің
шексіз саны болғанда,осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес
салмағына ие болады.Маржиналды жол нарықтық кеңістіктің
үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып,сұраныс пен
ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін
болдырмайды,тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы
тепе-теңдікі ұстап отырады.
Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты
әлеуметтік – экономикалық жағдайларда өмір сүреді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:
шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;
өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос
жұмыскерлердің болуы;
нарық инфроқұрылымын жасау;
тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
(бәсекелестік)
контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:
ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;
ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және
оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;
бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы
сауықтыру (санациялау),тазалау;
экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен
тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі
деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға
тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.
Территориялық белгілеріне қарай нарық:
дүниежүзілік,еларалық бірлестіктер, ұлттық, аймақтық,
оқшауланған немесе жергілікті нарықтар деп бөлінеді.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде
көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі.Ол
халықаралық еңбек бөлінісінің,валюталық-несие,қаржы
қатынастарының негізінде құрылды.Дүниежүзілік нарық өндірістік
кооперация және интергация,сыртқы сауда,тауар-айырбас
операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп экономикалық айырбастың
ерекше формалары мен шарттары,терең еңбек бөлінісі арқылы
байланысқа,бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған
нарықты айтады.
Ұлттық нарық -бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен
шектелген жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда
экономикалық қатынастар дамиды.Бұл қатынастар,нарық
қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуының
анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық – бөлек территориялық бөлімше нарығы
(республика,облыс,аймақ,аудан).
«Жергілікті оқшауланған» нарық деп негізінен,халық
тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты
айтылады.
Нарық инфрақұрылымның тиімділігі көбінесе
экономикалық коньюнктураға байланысты, яғни
нарықтық белгілі мерзімдегі уақытша жағдайы.
Коньюнктура туралы мына көрсеткіштер жүйесі
мәлімдейді:
өндіріс пен құрылыс динамикасы,тауар запастарының
мөлшері,баға,процент,бағалы қағаздар курсының
қозғалысы;
пайда,еңбек ақы,өндіріс шығындары дәрежесінің
өзгеруі;
еңбектегі және жұмыссыздар саны арасындағы қарым-
қатынас.
Экономикалық коньюнктураға әсер ететін факторлар:
А) циклдық факторлар әдетте негізгі капиталдың кезекті
жаппай жаңаруына байланысты;
ә) циклдық емес факторлар экономикаға тұрақты түрде
әсер етуі (оған ҒМР жатады);
б) кездейсоқ (уақытша,тез
өтетін)құрғақшылық,аурулар,мода.
Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі –
инфрақұрылым. Ол институттар
(ұйымдар,фирма,мекемелер) жиынтығынан тұрады,оның
мәні – нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты
жағдай қалыптастырады және қызмет көрсетеді.Нарықтың
инфрақұрылымының элементіне – тауарлық,қор
биржасы,еңбек биржасы,делдалдық және маркетингтік
қызметтер,ақпараттық жүйелер, банктер, көтерме сауда
орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер,т.б. жатады.

Дамыған нарықтық инфрақұрылым кәсіпкерліктің
пайдалы бағыттары мен нысандарын іздеуді жеңілдетеді.

Нарықтың инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен
тұтыну арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл
ұдайы өндіріс прцесінің дамуының объективті
заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық
саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін
өзекті маңызы бар.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Әлемдік нарық
Нарықтың мәні
Бәсеке туралы түсінік, оның түрлері
Қаржы нарығының құрамдас бөліктері
Мемлекет белгілері
Нарық қатынасы жүйесіндегі инвестициялар
Меншік ұғымы, түрлері, және ҚР меншік қатынастың дамуы
Қоғамдық ұйымдастыру формалары
Көлеңкелі нарық
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу, ол адамның еркін
Пәндер