Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
Презентация қосу
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы:“Жұқпалы аурулардың
табиғи ошағы, құрылымы,
түрлері
және олардың шекарасын анықтау”
Індет процесінің негізгі қозғаушы
күштері
Инфекциялық процесс нақтылы бiр жануар
организмiнде байқалатын құбылыс болса,
iндет процесiнiң ауқымы одан анағұрлым
кең. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмдi
зақымдауы емес, оның ауру малдан сау
малға жұғып, тұтас бiр аумақты жайлауы.
Яғни індет процесі белгiлi бiр территория
шеңберiнде өтедi.
Iндет процесi
1-сурет. Iндет процесiнің бұғауы, байқалу формалары
Бірінші тарауда инфекция патологиясындағы сұрақтар микрожүйе
(антиген, антидене, серологиялық, бактериологиялық диагностика,
т.б.), мезожүйе (мал организмі, т.б.) деңгейінде, яғни инфекциялық
процесс тұрғысынан қарастырылса, бұл тарауда жұқпалы
ауыруларға байланысты құбылыстар макрожүйе (мал табыны, тобы,
індеттің таралу қарқынына байланысты белгілі бір кеңістік)
шеңберінде қарастырылады.
Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан.
Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық
немесе әкімшілік территория есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген
ұғымның мағынасы оншама нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік
территорияға сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та
әртүрлі. Мысалы, бір үлкен шаруашылықтың 3 мал фермасы болып оның
біреуінде аусыл шыға қалса, шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп
саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алмай, індет ошағы
бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ
өлкеде бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі
кездесетін жағдай («Індеттану», Т.Сайдолдаұлы, 1993).
Инфекциялық аурулардың табиғи ошақтылығы.
Табиғи індет ошағы деп белгілі бір жұқпалы ауру
қоздырушысының жабайы жануарлар, кемірушілер, насекомдар
арасында немесе түрлі факторлар (топырақ, су) арқылы
айналымда болатын территорияны атайды. Мысалы құтырық,
туляремия, лептоспироз, листериоз, т.б. ауырулардың табиғи
ошақтары болады.
Жұқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафтта
табиғи ошақ тудыру қасиетін – табиғи ошақтылық деп атайды.
Жұқпалы трансмиссивті аурулардың табиғи ошақтылығы туралы
ілімнің негізін қалаған – академик Е.Н.Павловский (1884-1965).
Кейіннен академиктің шәкірттері Қазақстандық ғалымдар
И.Г.Галузо мен П.А.Петрищева, т.б. трансмиссивтік емес аурулар-
дың да табиғи ошақтары болатынын дәлелдеді. Олар жабайы
жануарлардың, кемірушілердің тікелей немесе жанама жанасуы
арқылы беріледі. Мысалы құтырық вирусы құтырған қасқыр, түлкі,
қарсақ, т.б. арқылы берілсе, лепто-спироз, листериоз
қоздырушылары ауру таратушы кемірушілер ластаған факторлар
(мал азықтары, т.б.) арқылы жұғады.
Қазіргі кезде табиғи ошақты аурулар қатарына жататын
зооантропо-ноздар саны тұрақты көбеюде. Мысалы табиғи ошақты
зооантропоноздарға көптеген риккетсиоздар (Кулихорадка, тиф,
т.б.), вироздар (құтырық, жылқының жұқпалы энцефаломиелиті,
Аурудың табиғи ошағының
құрылымын, шекарасын анықтау.
Табиғи ошақ ретінде сол аурудың
қоздырушысы айналымда болатын ең
шағын территорияны қабылдайды. Бұл
территорияда ауру қоздырушысы ұзақ
уақыт өніп-өсіп, өзінің тіршілігін сақтай
алады.
Табиғи ошақтың құрамына кіретін
территория 3 түрлі алқапқа бөлінеді:
а) тұрақты түрде аурудан таза емес алқап
(онда ауру қоздырушысы өзінің өніп-өсуіне
қажетті жануарларға беріліп, табиғи
айналымда болады);
ә) ауру қоздырушысының уақытша, оқтын-
оқтын таралуына мүмкіндігі бар алқап;
Аурудан тұрақты таза емес аумақ – аурудың
табиғи ошағының ядро-сы (мәйегі) деп
аталады. Аурудың өршіген сәттерінде
патогенді микроб ошақ ядросынан оның
маңындағы алқапқа берілуі ықтимал.
Нәтижесінде табиғи ошақтың шекарасы да
өзгеріп, мөлтек ошақтар пайда болады.
Ветеринариялық практикада табиғи
ошақтың ядросын анықтау індетке қарсы күрес
шаралар жүйесінде маңызды. Мысалы кең
далада кеміруші жануарлар арқылы
қалыптасқан табиғи ошақтардың ядросы сол
өңірдегі су көзі болып табылады. Ауру
қоздырушысының тасымалдаушылары сол көл-
шіктің маңында шоғырланады. Яғни
кеміргіштерге қарсы күресті нақтылы сол
Листериоздың табиғи ошағының ауысуы жыл
маусымдарына байланысты. Жылдың суық
мерзімдерінде листерилерді тасымалдаушы
кемірушілер даладан мал обьектілеріне (қора-
жайға, сүрлем қоймаларына, т.б.) қарай көшеді.
Практикалық жағдайда індет процесінің
бұғауларына үй жануарлары қатысады. Бұл
құбылысқа көктемнің алғашқы айларында қой
отарларына сүрлем берген кезде листериоз
ауруының энзоотия түрінде байқалуы дәлел бола
алады.
Жұқпалы аурудың табиғи ошағы белгілі бір
ландшафқа баланысты болады. Бірінікі жазық
дала болса, басқа бірінікі таулы-қырат немесе
ылғалды жерлерде болады. Мысалы, түйе
обасының ошағы құрғақ даламен байланысты
болса, лептоспироздікі жасанды көлшіктермен
2 сурет Листериоздың жұғу жолдары
Синантропты
жануарлар
(ауылдық елді мекенде , қалада тіршілік ететін кемірушілер) мен
құстар ауыл шаруашылық жануарлар арасында инфекцияны
таратады. Олар тек қана өздері ауырып қоймай, инфекция
қоздырушысының қорламасы ретінде індеттің тұрақты ошағын сыртқы
ортада сақтайды.
Тышқан тектес кемірушілер аса қауіпті инфекциялық аурулардың
(түйе обасы, туляремия, лептоспироз, листериоз, батулизм, Ауески
ауруы, шошқа обасы, құтырық, трихофитоз, т.б.) табиғаттағы
қорламасы ғана емес, механи-калық тасымалдаушы ретінде де
маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде жабайы жыл құстары мен аңдар аса жұғымтал
ауруларды таратуда маңызды болып отыр. Мысалы құс тұмауының
вирусы маусымдық
жабайы құс арқылы панзоотия түрінде, оқтын-оқтын түрлі
мемлекеттерде таралуда.
Сондықтан, індеттанулық мониторинг жүргізгенде маусымдық
жабайы құстардың түрлерін, уақытша мекендерін, олардың сандық
мөлшерін, сонымен бірге елді мекендегі кемірушілердің, жабайы
аңдардың мөлшерін, миграция жолдарын білу керек.
Қан сорғыш
жәндіктер
(насекомдар):
маса, сона, кене, бүрге, т. б. арқылы жұқпалы ауру
қоздырушыларының сау жануарларға берілу жолын-трансмиссивтік
деп атайды. Егерде тек қана қан сорғыш насекомдар арқылы берілсе –
облигатты трансмиссивті (міндетті), ал трансмиссивтік жолмен қатар
басқада жолдармен берілсе (алиментарлы т. б.) - факультативті
трансмиссивті инфекциялар деп аталады. Біріншісіне жылқы обасы мен
делбесі, ал екіншісіне топалаң, жұқпалы анемия, шошқа обасы жатады.
Ауру қоздырушы микробтың насекомдар арқылы берілуі телімсіз
(механикалық), телімді (биологиялық) деп бөлінеді. Біріншісінде,
зардапты микроб жәндіктер организмінде өсіп-өнбейді, қорланбайды,
аз уақыт қана сақталады. Ал екіншісінде ауру қоздырушысы жәндіктер
организмінде өсіп-өніп, көбейеді. Нәтижесінде ауру қоздырушысының
биологиялық тасымал-даушысы індет процесіне қатысып, зардапты
микробтың берілу механизмін өзгертеді. Мұндай жағдай індеттің
қарқынын және індет ошағының типін айқындайды. Әрине жұқпалы
аурудың жаңадан анықталуы ауру қоздыру-шысының бастауына, оның
берілу факторларына байланысты.
Жұқпалы аурулар берілу жолдарына байланысты мұнымен
бірге алиментарлық (азық, су арқылы), респираторлық (ауа
арқылы), тік және көлденең деп бөлінеді. Берілу жолдарына
байланысты жұқпалы аурулардың басқа да індеттанулық жіктелу
түрлері, факторлары (шөп, топырақ, мал өнімдері, транспорт т.б.)
6-кестеде көрсетілген.
Ауру қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар:
ктеноздар (тек қана үй жануарлары арқылы), терионоздар (тек
қана жабайы аң, арқылы), ктенотерионоздар (үй және жабайы
жануарлар, аңдар арқылы), зооантропоноздар (малдан адамға
жұғады, екеуіне де ортақ), антропо-ноздар (адамнан
жануарларға жұғады) деп жіктеледі. Микробиологиялық
классификация бойынша: бактериоздар, вироздар, хлам
идиоздар, рикетсиоздар, микоплазмалар, микоздар
(микотоксикоздар) деп бөлінеді.
Жұқпалы ауруларға қарсы қолданылатын күрес шараларының
мақсаты:
- мал арасында инфекциялық аурулардың алдын алу (дауалау);
- індет ошағы анықталған жағдайда, одан арылу (індет ошағын
жою, табынды, отарды, т.б. індеттен сауықтыру);
- адамдардың жануарлар мен адамға ортақ (зооантропонозды)
инфек-цияларға шалдығуына жол бермеу.
Індетке қарсы шараларды іске асырудың негізгі принциптері.
Инфекциялық ауруларды дауалау немесе одан арылу шаралары
шаруашылықтың (ұжымдық, жекеменшік) немесе елді мекеннің
(ауыл, ферма, т.б.) осы аурудан індеттік жағдайына байланысты
алдын ала құрылған жоспар бойынша індет процесінің негізгі
қозғаушы күштеріне бағытталып, кешенді түрде жүргізіледі
Яғни жұқпалы ауруларға қарсы күрес шараларының маңызды бір
негіздері олардың: кешенді және жоспарлы түрде жүргізілуі.
Індетке қарсы шаралардың үшінші басты бір негізі - олардың
мемлекет тарапынан белгіленуі және қолдау көрсетілуі, яғни –
мемлекеттік сипаты.
Індет ошағы анықталған жағдайда аудандық (қалалық) әкімшілік
шешімі бойынша карантиндік және шектеу территориясы
белгіленеді.
Адам мен жануарларға ортақ инфекциялық ауруларда бір күн
ішінде территориялық санитариялық-эпидемиология мекемесіне
хабарлануы мін-детті. Аса қауыпты жұқпалы аурулардан (бруцеллез,
туберкулез, т.б.) сау емес пунктті індеттанулық зерттеу, аудандық
ветеринария істерінің эпизо-отологы немесе осындай тексерулер,
сауықтыру шараларын жүргізуге рұқсаты (лицензиясы) бар мал
дәрігерінің жүргізуі шарт. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске
асуына ауылдық округтің әкімшілігі көмек көрсетуі қажет.
Жалпы және арнайы күрес шараларын
ұйымдастыру. Кеңес Одағы кезінде
инфекциялық аурулардың індеттік жағдайын
қадағалау, сауықтыру шараларын орындау, індет
аурулары бойынша есеп беру жүйелері індеттен
сау емес пункт категориясы шеңберінде
жүргізілді. Созылмалы түрде байқалатын
инфекциялық ауруларда (бруцеллез, туберкулез,
лептоспироз, лейкоз, т.б.) аурудан сау емес пункт
ретінде сол кездерде қалыптасқан совхоз, колхоз
және басқа да мемлекеттік шаруашылық
бірліктеріне, кейіннен жеке шаруа қожалығы,
ауылдық округке қарасты әкімшілік
территориясы есептелген. Инфекциялық аурудың
індеттік жағдайы бұрын анықталған және
жаңадан ашылған індеттен сау емес пункт саны
бойынша, ал күрес шараларының тиімділігі
сауықтырылған пункттер негізінде бағаланды.
Қорытынды
Инфекциялық ауруларға қарсы шаралар кешенінде,
ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын
алады. Малды дұрыс бағып-күткенде, жайылымын, суаты
мен азықтанды-рылуын, қора-жайын тиісті талаптарға
сәйкес жолға қойғанда ғана инфекция-лық ауруларды
дауалау және одан арылу шараларын тиімді жүргізуге
болады.
Фермадағы сиырды көктем айларынан бастап лагерге
шығарып, қора-жайды мал қиынан ерте тазартып, оны жаз
айларында тиімді санациялау, мал шаруашылығының
қалдықтарын зарарсыздандыру, малды бруцеллезге,
туберкулезге тексеру мен топалаңға, қарасанға, т.б.
ауруларға қарсы иммундеу де ұйымдастыру-шаруашылық
шараларымен тығыз байланысты. Инфекциялық ауруға
шалдыққан малды табыннан, отардан бөліп алып,
оқшаулау, күту, сою, мал өнімдерін зарарсыздандыру,
карантин мен шектеу шараларын орындау, еңбекақы төлеу,
сонымен қатар аурудың шығуынан туындайтын мәселелер
де ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табу керек.
Адам мен жануарларға ортақ инфекциялық ауру малды күту үшін 18
жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті немесе емшекте баласы бар әйелдер
жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары
болуы тиіс. Ұйымдастыру мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы
жұмыс киімдерімен жабдықтау, еңбекті қорғау т.б. да жатады.
Инфекциялық ауруды дауалаудың басты шарты – малды дұрыс бағып-
күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, мал айдау трассаларында,
суаттарда санитариялық реттіліктерді және зоогигиеналық талаптарды
бұлжытпай орындау болып табылады. Аталған шаралар жануарлардың
ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушысымен
жанасуына жол бермеуге де бағыттталған.
Ұйымдастыру шараларының басқа бір міндетті бөлігі – жұқпалы ауру-
лардың жұғу, таралу және одан сақтану жолдарын насихаттау. Бұл
жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде, ақпарат құралдарын
пайдалана отырып әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізулері қажет.
Фермерлер, жеке сектор-дағы мал өсіретін адамдар малда тез тарайтын
инфекциялар (аусыл, шешек, бруцеллез, т.б.) клиникалық белгілер
байқалғанда немесе індет ошағы деп жарияланған территориядан
малдың сыртқа шығуы т.б. карантиндік шарттар-дың дұрыс
орындалмауын көргенде, бұл жайында ветеринариялық мекеме-лерге
хабарлаулары тиіс. Информацияның құпиялығы ветеринария маман-дары
тарапынан сақталуы шарт. Бұл орайда, экономикасы өркендеген мем-
лекеттерде информацияны нақты, дұрыс берген адамдардың
материалдық жағынан қаржыландырылуы қарастырылған. Хабарламаның
бұндай түрі індеттің таралуын дер уақытында тежеуге себебін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қасымов Е.И. Індеттану және
инфекциялық аурулармен күрес шаралары.
Оқулық. - Алматы: Атамұра, 2009.- 272 бет.
2.Сайдолдаұлы Т. Індеттану. Оқулық.
-Алматы,1993.
3.Ветеринариялық заңдылықтар. 1,2,3- том.-
Астана, 2004
4.Жамансарин Т.М. Кеміргіштерге қарсы
малдәрігерлік-санитариялық шаралар.-
Алматы, 2005, 249 б.
5.Руководства по общей эпизоотологии. Под.
ред. И.А.Бакулова и А.Д.Третьякова.-
М.Колос, 1979. 424 с.
ы з ғ
ы ң
з а р
Н а а
т ! ! !
х м е
ра
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz