ЖЫЛҚЫ ДЕЛБЕСІ


Slide 1

Тақырыбы: Жылқы делбесі Орындаған:Кеңесбек Назерке Тексерген: Алиев А. Б

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

Slide 2

Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит - орталық жүйке жүйесі мен ішек қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру.

Slide 3 Slide 4

Тарихи деректер.

Қазақстанда 1932 жылы делбемен ауырған жылқыдан С. Н Вышелесский мен К. Н Бучнев қоздырушы вирксты бөліп, оның биологиялық қасиетерін анықтады. Біздің елде бұл ауру 1930-40 жылдары етек алды.

Slide 5

Қоздырушысы.

Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар тұқымдастығына жататын арбовирустар. Бұлар жеткілікті зерттелмеген. Көлемі 8-130нм, дөңгелек, сопақша, сирегірек таяқша тәрізді болады. Антигендік құрамы жағынан делбе вирусы А және В топтарына бөлінеді.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Төзімділігі.

Кептірілген днлбе вирусы тоңазытқышта 2-4C та 4-12 жыл, 30% глицеринде 14-18С та 3-6 ай, қараңғы қорада 10C та бір жыл бойы сақталады. Күн сәулесінде 4-8 сағат, қайнатқанда бірнеше секундта, кәдімгі дезинфектанттар 10 мин ішінде вирустың белсенділігін жояды.

Slide 10

Індеттік ерекшелігі. Жылқының арасында ауру қан сорушы вирус таратушы жәндіктердің тіршілігіне байланысты. Індет жазғытұрым басталып, жаздың соңында шегіне жетіп, салқын түсе бәсеңдейді. Ауру әсіресе масасы көп ылғалды, сазды жерде, мал жайылымда болғанда жиі байқалады. Делбенің ерекшелігі оның бір жерде энзоотия ретінде тұрақты орын тебуі. Індет ошағында ауру қатарынан бірнеше жыл байқалады. адам бұл ауруға шалдықпайды.

Slide 11

Дерттенуі. Вирус жылқының денесіне қан сорғыш жәндіктер арқылы енеді, қан мен сөл арқылы әртүрлі ағзаларға түседі. Миға өткен вирус мидың қыртысы мен қыртыс астындағы қабыну процесстерін тудырыды. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің қызметі бұзылып, рефлекторлық қозу күшейіп, нәтижесінде жануар шектен тыс мазасызданып, тер басып, организм сусызданады. Ішкі мұшелерде дистрофиялық өзгерістер өрбиді. аурудан жазылған малда мықты иммунитет қалыптасады.

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі табиғи жағдайда 15-40 күн, қолдан жұқтырғанда 4-5 күн. Дененің ыстығы көтеріліп, жылқы жемге қарамай, мінезі күрт өзгеріп жасқаншақтық пайда болады. Біртіндеп терісінің сезімталдығы төмендеп, бұлшық еттері дірілдейді, еріндерін қайшылайды. Кілегейлі қабықтары сарғыш тартып, уақыт өткен сайын күшейе түседі. Ауру әбден білінгенде жылқы жүргенде теңселіп, шайқалады. Басын шайқап, тістерін шықырлатады. Күрт арықтайды, салдану байқалады.

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Теріасты шелі, ішек қуыстардың шелі және кілегейлі қабықтары сарғайып, үлпершек ағзалар мен жүректе ұсақ және жолақты қанталаулар болады. Қарын құрғақ, тығыз жынға толып, керіліп тұрады, қабырғасы жұқарады. Бауыр кішірейіп, босаңсып, шеті жұқарады. Тіліп қарағанда алабұртып, түрі сарғыш кейде қоңыртым тартады. Көбінесе бауырда атрофиялық өзгерістер кездеседі.

Slide 20 Slide 21

Ішкі мүшелерде ауруға тән гистологиялық өзгерістер кездеседі. Көк бауырда гемосидирин азаяды. Бүйректерде қан тоқырып, иір түтікшелерінің эпителийі бұлдырып ісінеді. Мида қан тамырларын қан кернеп, кейде домбығу байқалады, ноқатты қанталаулар кездеседі, жүйке жүйесіндегі өзгерістер дегенеративті бағытта болады. Жүрек аздап ұлғайып, босаңсиды. Бұлшық еттері де босаңсып, сіңірлері де сарғыш тартады.

Slide 22

Балау. Індеттанулық, клиникалық, гематологиялық және патологиялық-анатомиялық деректерге және гистологиялық знрттеудің нәтижесіне негізделеді. Жылқының жаз-күз мезгілінде жүйке жүйесінің зақымдану белгілерінің білінуі, кілегейлі қабықтарының сарғайып, ішек қарынынң салдануы, бұл белгілер делбеге диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұл ауруды құтырықтан, ринопневмониядан, Ауэски ауруынан, ботулизмнен, жеи шөптен уланудан ажырату қажет.

Slide 23

Емі. Ауру жылқыны оқшаулап, қараңғы кең қорада, мол төсеніште ұстайды. Жануардың тік ішегін тазалап, қуығына катетр жіберіп, босатып, массаж жасайды. Зонд арқылы қарнына тәулігіне 2рет 100-150 гр натрий сульфатын суға езіп жібереді, тері астына 4-6 сағат сайын 20мл камфора майын, көк тамырына 25г уротропин, 20г кальций гидрохлоридін 400 мл физиологиялық ерітіндіде ерітіп жібреді.

Slide 24

Иммунитет. Ауырып жазылған жылқыда күшті иммунитет қалыптасады. Энцефалиттің әр түріне қарсы вакциналар қолданылады. Венесуэла энцефалитіне аттенуацияланған вирустың ТС-83 штамынан даярланған вакцина, шығыс және батыс энцефалиттеріне қарсы бивалентті өлтірілген вакцина, жапон энцефалитіне тышқанның миынан алынған фармоловакцина қолданылады. Біздің аймақта энцефалитке қарсы вакцина даярланған жоқ.

Slide 25

Дауалау және күресу шаралары. Аурудың ошағын ескеріп, делбенің алдын алу үшін кешенді шаралар жүргізіледі. Жылқыны маса, сонасы көп, сулы сазды жерге, әсіресе, ауру қаупі бар аймақтарға жаймау керек. Ауру шыға қалса сау малды жәндіктерден қорғау үшінинсектициттер қолданылады. Ауру шыққан пункте карантин қойылады.

Slide 26

Барлық жылқыны клиникалық тексеруден өткізіп, әсіресе, кілегейлі қабықтарына көңіл аударып, температурасын өлшейді. Ауырған және күдікті жануарларды оқшаулап, емдейді. Жазылған жылқыны бір ай бойы мінуден, жегуден босатады. Карантинді ең соңғы ауырған мал жазылғаннан немесе өлгеннен кейін 40 күн өткенде қорытынды дезинфекция жасаған соң алады.

Slide 27 Slide 28 Slide 29 Slide 30
Ұқсас жұмыстар
Морфологиялық стилистика
Жылқының энцефалитін балау және індетке қарсы шаралар
Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы, құрылымы, түрлері және олардың шекарасын анықтау
Жылқының қасиеті
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқы етіне түсініктеме беру
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Жылқының тұқымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz