ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
Презентация қосу
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
ШАРАЛАРДЫ
ЖОСПАРЛАУ
ОРЫНДАҒАН: КҮМІСБЕКҚЫЗЫ Н ВС414
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың
ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын
дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу
әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу
шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал
мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық
еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі.
Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар,
иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын
себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді.
Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп
себептері бар аурулардың қатарына жатады. Індетке қарсы
алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді
және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам
денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.
Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариялық-
санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция
қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне,
ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар.
Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы
және мал фермаларындағы санитариялық
бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және
олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы
ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық,
патологоанатомиялық, микробиологиялық,
серологиялық, аллергиялық балау әдістері.
Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.
Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың
шығуына және олардың таралуына жол бермеуге
бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін
дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал
ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру)
шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы
шаралар дауалау шаралары және сауықтыру
шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-
қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған
кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін
шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы
бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция
қоздырушысының бастауына, инфекция
қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім
жануарларға қатысты жүргізіледі.
Індетке қарсы шаралар кешенінде
ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері
маңызды орын алады. Өйткені, малды
дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым
өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-
жайын тиісті талаптарға сай жолға
қойғанда ғана аурудың шығуына және
таралуына жол бермеуге болады. Малды
өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру
ветеринариялық талаптарға сай
жүргізілуі керек.
Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері.
Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың
кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда
көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне
қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық,
ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар
ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі
бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір
шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке
қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру
шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар
еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге
тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың
мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан
белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен
іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда
карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті
әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы
шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары
(полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан
жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу
қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы
деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы
ауруларымен күрес шаралары медициналық
мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.
Індетке қарсы шаралар кешенінде
ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды
орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-
күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру
мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай
жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және
таралуына жол бермеуге болады. Малды өз
төлінен өсіру, мал басын толықтыру
ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек.
Аталған шаралар - мал шаруашылығын дұрыс
жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы,
қораны мал қиынан тазарту, мал
шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру
және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен
иммундеу, барлығы да ұйымдық-шаруашылық
мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды
бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы
төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау,
мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың
шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық
және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы
керек.
* Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған
жас-өспірімдер, екі қабат және емшекте баласы бар әйелдер
жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше
жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал
бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен жабдықтау, жеке
басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау
шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық
білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен
шаруашылық басшыларына олардың жауапкершіліктеріне сай
мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп
отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде
көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, дәрістер өткізу
арқылы жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық
тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының
экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру)
қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән
ретінде оқытылады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы
аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет
елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса
зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық,
теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада
және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды
және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді
қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден
тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен
шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген
сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі.
Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік
тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық
шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі.
Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен
қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын
мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң
секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын
аурудан ол жердің сау болуы шарт. Жұқпалы ауру фермаға басқа
мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал
фермаларын әр түрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай
ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жұқпалы
аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және
құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады.
Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен
шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты,
т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі
транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған
дұрыс.
Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан
мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар
қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке
қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен
ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске
асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы
тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның
биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан
ені 1м, тереңдігі 1,5м ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына қатынайтын көлік, егер
мал тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса
(мысалы, жем-шөп әкелгенде), дез-тосқауыл арқылы өтеді.
Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар
ветсан өткелек арқылы өткізіледі.
Назар аударғандарыңызға
рахмет !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz