ТОПАЛАҢ ОНЫ БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Презентация қосу
ТОПАЛАҢ ОНЫ
БАЛАУ ӘДІСТЕРІ
Жоспар
1. Топалаң туралы түсінік
2. Қоздырушысы
3. Індеттік ерекшеліктері
4. Паталогоанатомиялық
*
өзгерістер
5. Балау
Топалаң
Топалаң – жіті өтетін , өлі тиіп , күйдіргі
тектес қабыну ретінде байқалатын жұқпалы
ауру. Бұл ауру малдың әр түлігіне өзінше
аталып келді. Топалаң атауы негізінде қой
мен ешкіге тән.Жылқыда- жамандат, талақ
немесе қарабез, сиырда – қарасан немесе
қарабез, түйеде –шелек немесе ақ шелек,
адамда- күйдіргі немесе түйнеме.
Қоздырушысы – Bacillus anthracis ірі (3-10*1-1,5
мкм) қозғалмайтын грам оң спора түзетін
ауасыбағалы таяқша.
O Жануар организмінде және
табиғи белогі мол қоректік ортада
қауашақ түзеді және бұл қасиет
уытты штамдарына тән. Өсуіне
қолайсыз жағдайда, ауадағы
оттегінің қатысуымен, 15...42 С
температура аралығында спора
түзеді.Сойылмаған өлекседе
спора түзілмейді де, өлексе
шірігенде микроб өліп қалады.
Қоздырушы.
OПаталогиялық материалдан
алынған жағындыда бациллалар
жеке – жеке немесе жұптанып ,
сирек жағдайда қысқа тізбек
ретінде орналасады.Боялған
жағындыда тізбектегі
таяқшалардың шеті шорт
кесілгендей, болмаса тіпті аздап
тдөңестеніп бітеді, ал тізбектің
өзі бамбук таяғы сияқты
бунақтанып тұрады.
*Топалаң
қоздырушысы -
Топалаңға шошқа біршама төзімді де,
бұл аурумен созылмалы түрде
ауырады. Ет қоректілер (ит,мысық)
басқалардан төзімді. Мысалы,
топалаңмен ауырту үшін үй қоянына
қоздырушысының 2 спорасын тері
астына жіберу жеткілікті, ал итке ол
үшін 1 млн спора енгізу қажет.
Індеттік ерекшеліктері
* Топалаң қоздырушысының бастауы –
ауырған жануарлар. Олар бациллаларды
нәжіс, несеп, сілекей арқылы бөліп
шығарады. Микроб әсіресе өлер алдында
жануардың табиғи тесіктерінен аққан қанды
сұйықтықта көп болады.Қоздырушының ең
басты берілу факторы – топалаңнан өлген
малдың өлексесі.Оның барлық мүшелері мен
ұлпаларында бациллалар мейлінше көп.
Індеттік ерекшеліктері
• Топалаң негізінен алиментарлық жолмен
жұғады. Қоздырушы микроб жануар
организміне ауру жайлаған жайылымда жем-
шөп немесе су арқылы түседі. Оның денеге
бойлай енуіне ауыз бен жұтқыншақтың кілегей
қабығының зақымдануы, тістің тісеуі, гастрит,
гастроэнтерит жағдай туғызады. Организмнің
төзімділігі жүдеген, ыстыққа ұрынған,
авитаминозға шалдыққан кезде күрт
төмендейді. Аурудың аэрогендік жолмен жұғуын
ескермесе болмайды.
* Қан сорғыш жәндіктер
(сона, маса, көк шыбын)
көп болған жағдайда
трансмиссиялық жолмен
де жұғуы мүмкін.
Соналардың қоздырушы
микробты ауру малдан
ғана емес өлекседен,
ластанған су мен
топырақтан да
алатындығы дәлелденді.
* Өтуі мен симптомдары
Әдетте жасырын кезеңінің
ұзақтығы 1-3 күн. Аурудың негізгі
екі түрі бар: өлі тиген және
күйдіргілі
(карбункулездік).Күйдіргі түрінде
байқалған дерт процесінің
орналасуына байланысты
топалаңның тері, ішек, өкпе,
Патологоанатомиялық өзгерістер.
Топалаңға күдіктенгенде өлексені
союға тыйым салынады.
• Бірақ кей жағдайда жануардың тірі кезінде
мұндай күдік тумайды да, ауруға тән
патанатомиялық өзгерістердің көзге түсуі
өлексені жаруды тоқтатып, сыртқы ортаның
ауру қоздырушысымен ластануын
болдырмайтын шаралар қолдануға негіз
болады.
Көкбауыр шектен тыс ұлғайып, оның
пульпасы жұмсарады, кесілген
жерінен қарамай тәрізді мол
қырынды алуға болады. Бауыры
әдетте болбырап, бүйрек қанталап
тұрады.Жүрек ұйымаған қара
қошқыл қанға толы, эндокард
қанталаған.Өкпелері домбығып,
плевралары қанталаған.
*
Топалаң бойынша
С қауіпті болып есептелетін
А территорияға (оған
Қ Қазақстанның басым
Т бөлігі жатады) жыл
А сайын барлық бейім
Н жануарлар
Д вакциналанады. Ал қауіп
Ы жоғары деңгейде деп
Р есептелетін аймақта
у вакциналау жылына екі
мәрте
жүргізіледі.Топалаң
Балау
Сиырда қарасаннан, қойда брадзот пен
энтеротоксемиядан, барлық
жануарларда қатерлі домбығудан,
пастереллезден, пироплазмоздарда,
лейкоздан, уланудан, тышқаншықтан,
тимпаниядан, күн өтуден және ыстық
өтуден ажырату қажет.
Қорытынды
Диагнозы қойылғаннан соң ауырған
малды жедел оқшаулап, емдеуге
кіріседі. Емдеу үшін топалаңға қарсы
қан сарысуы мен иммуноглобулин
қолданылады. Бұл дәрмектерді тері
астына бір орынға 25-30 мл, жылқы
мен ірі қараға 100-200 мл, қой, ешкі,
шошқаға 50-100 мл жібереді.
Аурудың қатты болған кезінде көк
тамырға жібереді. Қолданылар
алдында дәрмектерді су қобдиында
37-38 С дейін жылытады.
Анафилаксия болмау үшін алдымен
тері астына 0,5-1 мл жіберіліп, 15-30
мин соң қалғанын жібереді.
Назар аударғандарыңызға
рахмет !
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz