Қойдың жұқпалы маститі: патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және күресу шаралары


Slide 1

Қойдың жұқпалы маститін балау және індетке қарсы шаралар.

Орындаған:Тоғызбай А. ВС-414

Тексерген:Алиев А. Б.

Slide 2

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Індеттік ерекшеліктері мен дерттенуі

2. 2. Өтуі мен симптомдары

2. 3. Балау және емі

2. 4. Дауалау мен күресу шаралары

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

І Кіріспе

Қойдың жұқпалы маститі-желіннің гангреналық қабынуы мен бүкіл дененің улануы арқылы байқалатын, жіті өтетін жұғымтал ауру. Алғашқы деректер 1823 жылы Францияда мәлім болды. 1887 жылы Конор бөліп алды.

Slide 4

Қоздырушысы:

Staphylococus aureus ovins және Pasteurella haemolytica бактериясының А және Т биотиптері болып табылады. Сонымен, жұқпалы маститтің негізгі қоздырушылары мастит микрококтары мен мастит бактериясы деп есептеледі. Микрококтың сыртқы ортадағы төзімділігі едәуір. Қой қорасында, қорадан тыс жерде 60-70 күн сақталады. Мастит бактериясы мал жазылғаннан кейін организмде ұзақ уақыт 8-10 ай сақталады.

Slide 5

2. 1. Індеттік ерекшеліктері мен дерттенуі.

Жұқпалы маститпен лактациядағы саулық қой ауырады. Сауылған қысыр және буаз қойлар ауырмайды. Ауру енесінен қозыға жұғуы мүмкін. Қозылардың тыныс жолдары зақымданып, пневмониямен өтеді. Ауру алғаш шыққанда қоздырушының бастауы- микроб алып жүретін қойлар мен пневмониямен ауырған қозылар болады. Микробтың ену жолдары желіннің зақымдалған терісі. Қоздырушы ластанған төсеніштен, көңнен денеге түседі. Микроб сыртқы ортаға қойдың сүтімен, қозының танауынан аққан сорамен бөлінеді.

Slide 6

Дерттенуі:

Маститтің қоздырушылары желін ұлпасына үш түрлі жолмен енеді:

Лактогендік-емшектін үрпі, яғни сүт шығатын канал арқылы.

Лимфогендік-зақымдалған немесе сызатталған тері арқылы.

Гемотогендік-жатырдағы іріңді немесе гангреналық процесстер кезінде.

Slide 7

2. 2. Өтуі мен симптомдары.

Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін. Маститтің үш клиникалық түрі болады:гангренаға ұласатын геморрагиялық, сулы және сулы катарлы, абсцессаға айналған.

Slide 8

Ауырған саулық қатты куйзеліп, ыстығы көтеріліп 40-42 градусс болады, тыныс алуы және тамыр соғысы жиілейді. Зорға қозғалып, жүргенде артқы аяқтарын алшақ ұстайды. Желіні ісініп, санына шабады. Желін сөл туйіндері ұлғайып, ауырсынады. Жануар тез арықтайды.

Slide 9

2. 3. Балау және емі

Ауруға диагноз қою үшін індеттанулық дерктер, клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріліп барып қойылады.

Емі. Ауырған қойларды бөліп алып, күтімін жақсартады. Ең алғаш маститтін белгілері біліне бастағанда ауырған қойға 1-2 ӘБ пенициллинді күніне үш рет бұлшық етіне жібереді. Емдеу малдың денсаулығана байланысты 3-4 күнге созылады.

Slide 10

2. 4. Дауалау мен күресу шаралары:

Жұқпалы мастит байқалған отарда әр саулыққа қоздай салысымен бұлшық етіне 1 кг массасына 15000-2 ӘБ дозасында бициллин-5 жіберіледі. Осылай ай сайын қозыны бөліп алғанша егіп отырады. Ауырған малдарды бөліп алып жеке емдейді, ал қораға дезинфекция жүргізеді.

Slide 11

ІІІ Қорытынды

Қойдың жұқпалы маститі-желіннің гангреналық қабынуы мен бүкіл дененің улануы арқылы байқалатын, жіті өтетін жұғымтал ауру. Ауруға диагноз қою үшін індеттанулық дерктер, клиникалық белгілері, патологиялық-анатомиялық өзгерістер ескеріліп барып қойылады.

Slide 12

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары.

2. Қасымов Е. И. Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары.

Slide 13

Назарларынызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Паратуберкулез (солма): этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері және күресу шаралары
Канаван ауруы: генетикасы, патогенезі, клиникалық белгілері және диагностикасы
Акабане ауруы: қоздырғышы, эпидемиологиясы, клиникалық және патологоанатомиялық ерекшеліктері, диагностикасы және күресу шаралары
Бронхообструктивті синдром: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және фармакотерапиясы
Лейкоплакия: этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері мен дифференциалды диагностикасы
Цианокобаламин (В12) тапшылығы жануарларда: патогенезі, клиникалық белгілері, диагностикасы және емі
Қойдың жұқпалы энтеротоксемиясы: этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагнозы және профилактикасы
Тауықтардың жұқпалы бронхиті: сипаттамасы, диагностикасы және алдын алу шаралары
Ауыл шаруашылық малдарының пестицидтік улануы: патогенезі, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары
Тауық шешегі вирусы: қоздырғышы, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz