Дератизация әдістер




Презентация қосу
Тақырыбы:
Дератизация әдістері мен жабдықтары

Орындаған:Зейнебай Арайлым
Тексерген: Алиев А.К
Топ:ВС -414
Дератизация

Дератизация – кеміргіштерді жою. «Rat» -
кеміргіш «des» – теріс. Дератизация кең
мағынада – эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті
және экономикалық зиянкестік келтіретін
кеміргіштерді жою.
Дератизация

Кеміргіштердің эпидемиологиялық және экономикалық
маңызы. Кеміргіштердің індерінде қансору арқылы жұқпалы
ауруларды таратушы бүрге, кене, масалар кеңінен таралған.
Сарышұнақ, сұртышқандар шөлді аймақтарда оба ауруының
табиғи ошағын сақтаушы және жылдан жылға ауруды таратушы
болып келеді. Қара тышқандар кемелерде мекендеп оба
ауруын порттан портқа таратады. Су тышқандары туляремия
ауруының таратушысы, дала тышқандары Қырым
геморрагиялық қызбасының таратушысы болып табылады.
Сонымен қатар, кеміргіштер риккетсиоз, сальмонеллез, кенелік
энцефалит, Ку қызбасы, түйнеме ауруларының таралуына
қатысады. Дала тышқандары өніп келе жатқан бидайды, өсіп
тұрған жеміс-жидектерді, қоймалардағы астықты жеп,
ормандағы ағаштарды кеміріп, үйдегі заттарды бүлдіріп үлкен
экономикалық зиян келтіреді.
Дератизация егеуқұйрықтар мен тышқандарға,
атжалмандар мен суырларға,
сондайақ саршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге
қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі.
Алдын алу шаралары

Санитарлық- Санитарлық-техникалық
гигиеналық шараларға: шаралардың мақсаты —
тұрғын үйлерді, тұрғын үйлерде, қоймалар
қоймалар мен сауда мен сауда орындарында,
мал қораларында
саттық орындарын, мал кеміргіштердің пайда
қораларын және болуына жол бермеу. Ол
құрылыс маңындағы үшін подвалды үйлердің
жер телімдерін таза есіктері қиюына келтіріліп,
ұстау, тығыз жабылуы тиіс
Дератизация
Кеміргіштерді жою механикалық,
химиялық және биологиялық әдістермен
жасалады.
Механикалық әдісте кемірігіштерді
арнайы құралдармен аулайды немесе улы
жемді пайдаланады. Бұл құралдардың ішінде
кеміргіштер өледі немесе аулап кейінен
өлтіреді. Механикалық әдісті ашық ауада және
бөлмеде қолдануға болады, адамға, малдарға
зиянсыз, тиімділігін дәл анықтауға болады. Бұл
әдісті кеміргіштерді жою үшін және олардың
санын, түрін, таралуын анықтау үшін және
бактериологиялық зерттеулер жасау үшін
қолданады. Кемшілігі: аулау құралдарын
қойып және оны үнемі бақылап тұру қажет,
аулау құралдары шектеліп шығарылады,
сондықтан химиялық әдіспен бірігіп жасау
тиімді.
Дератизациның механикалық әдісі
Кеміргіштерді жою үшін қақпан немесе
бастырғыш қолданылады, онда пружина
кеміргішті басып қалады, кейіннен оны тазалау
керек. Пружеңкелі қақпанды тақтайға немесе
қатты қалың тақтайға орнатады, ортасына 2
спиралды пружеңкені қояды, пружеңкенің ішкі
жағын тақтайға бекітеді, сыртқы жағы
төртбұрышты темірді басып тұрады, ортасындағы
ілмекке улы жемді іледі. Үлкен қақпанның көлемі
20х10см, кіші қақпан – 12х6см.

Пластиналы қақпанда ілмектің орнына
пластина орнатылған, бетіне май жағып қояды,
өте сезімтал. Сеткалы, тірідей аулағыштың
ұзындығы - 7см, ені-10см, биіктігі-18см. Тақтайға
тор орнатылады, бір жағындағы жылжымалы есік
пружеңке арқылы ілмекпен қосылған, ілмек
есіктен 5-7см қашықта қойылған. Кеміргіш сетка
ішіне кіріп ілмектегі еліктіргішке (приманкаға)
ұмтылғанда қақпан жабылып қалады.
Дератизация

• Химиялық әдісте – ратицидтер асқазан-ішек және тыныс алу
жүйесіне әсер ететін заттар қолданылады:
• 1. Уланған жем дайындау (тағам, су)
• 2. Кеміргіштердің індерін, жүретін жерлеріне у себу.
• 3. Газ арқылы кеміргіштердің тыныс алу жүйесіне әсер ету.
• Уланған жем кеміргіштерді тез өлтіреді, адамға, малдарға зиянсыз
және қолдануға ыңғайлы.
• Ішек ратицидтері ретінде цинк фосфиді, зоокумарин, ратиндан,
өсімдіктен жасалған қызыл теңіз пиязы қолданылады. Уланған
жемді індердің тесігіне, қуыстарына салады. Сұйық уланған
жемдерді суға қосып қояды. Репеленттер ретінде нафталин,
меркоптан, керосин, эфирлі майлар қолданылады.
Дератизация

Газдау әдісі тек көліктерді, темір жол вагондарын, порт кемелерін,
ұшақтарды өңдеу үшін қолданылады. Тұрғын елдерде тек бөлек тұрған
элеватор, қойма, диірменді, далада-кеміргіштердің індерін газдайды.
Газдау ІІІ кезеңнен тұрады: дайындау, газдау, дегазациялау.
Дайындау кезеңінде газдайтын жерді адамдардан, су, тағамдар,
малдардан, өсімдіктерден босату керек, есік-терезелерін жақсылап
жауып, қуыс, тесіктерін клейлеп қояды. Газдау кезеңі улы газды сепкен
уақыттан бастап саналады, залалсыздау уақытын қатал сақтау қажет.
Газдау уақыты біткен соң желдету қажет.
Оба ауруы анықталған жағдайда кемені ішіндегі заттарымен бірге толық
газдайды, газдау үшін метилбромид, күкірт ангидриді қолданылады.
Газдау әдісінің тиімділігін бағалау үшін өлген кеміргіштерді 1 тәуліктен
кейін бағалайды, газдау алдында арнайы биобақылау тесттерін қояды.
Дератизацияның химиялық әдісі
Қорытынды
Мал қораларына тышқандар мен егеуқұйрықтар орасан
зор зиян келтіреді.Әрбір егеуқұйрық жылына 20кг, ал
тышқан 1,8 кг дән жейді. Жас төлді тістеп, жаралап,
кейде торайлар мен балапандарды жеп те қояды. Бұл
кемірушілердің келтіретін басты зияндарының бірі –
олардың әр түрлі аурулар таратуы. Ауру қоздырушы
микробтардың бір бөлігі бұл зиянкестердің арасында
ауру тудырады, ал басым көпшілігі ауруды ешқандай
белгісінсіз микроб алып жүруге соқтырады. Инфекция
қоздырушылары кемірушілердің бірінен біріне сыртқа
тоғышарлар арқылы немесе жұғу факторлары арқылы
тарайды. Осы аталған кемірушілермен күресу
шараларын ұйымдастыру керек

Ұқсас жұмыстар
Қазіргі уақытта кемірушілермен күресуде кең қолдау тапқан биологиялық әдіс - бактериялық препараттарды пайдалану
Лас суларды тазалау және зарарсыздандыру
Құстардың ұясы
ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫҢ АЛУ ШАРАЛАРЫ
Жануарлардың тұратын жерін дератизациялау үшін дәрі түрлерін дайындау технологиясы және жалпы сипаттамасы
Дератизация жұмыстарын жүргізу
Жұқпалы аурулар туралы түсінік және алдын алу шаралары, дезинсекция және дератизация жүргізу түрлері мен әдістері. Халықтың карантин және обсервация кезіндегі жүріс-тұрыс тәртібі. Халықтың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Дератизацияның әдістері
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
ФОСФОРОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
Пәндер