Дезинфекция туралы


Slide 1 Slide 2

Жоспары

l Кіріспе

ll Негізі бөлім

2. Дезинфекция жүргізу тәсілдері

2. 2 Химиялық жуғыш заттар және оларға қойылатын талаптар

lll Қорытынды

Slide 3

Дезинфекция (француз тілінде des- инфекциялық бастаманы жою, алу) - микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін

Slide 4

Дезинфекциялаудың мақсаты - көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.

Slide 5 Slide 6

Физикалық дезинфекциялық заттар

1 Механикалық тазарту

2 Күн сәулесі

3 Жоғарғы температура

4Ыстық бу

5 Кептіру

6 Қайнату

Дезинфекциялық әдістері

Slide 7

Химиялық дезифекциялық заттар

1 Галоидты заттар

2 Оттекті заттар

3 Беткейлі белсенді заттар

4 Альдегидті заттар

5 Гуанидиндер

6 Спирттер

7 Фенолдар

8 Сілтілер

Дезинфекциялының әдістері

Slide 8

Аэрозольдік дезинфекция әдісі. Аэрозоль - және онда қалқып жүретін дисперсиялық фаза аталатын көлемі 0, 01 - 100 мкм ұсақ бөлшектерден тұратын жүйе. Егер дисперсиялық фаза құрғақ түйіршіктерден тұрса, ондай аэрозоль түтін болып есептеледі, ал ұсақ бөлшектер сұйық тамшылары болса, ондай аэрозоль тұман болып саналады. 1. Аэрозольдік бөлшектердің көлемі. Олар көлеміне қарай дисперсиялық немесе шөкпейтін (мөлшері 0, 1-5 мкм) және шөгетін (мөлшері 5-25 мкм) болып бөлінеді. Ветеринарияда қолданылатын аэрозоль генераторларының көпшілігі 10 - 15 мкм аэрозоль береді. Аэрозоль неғұрлым ұсақ болса, соғұрлым баяу шөгеді де дезинфекциялық әсері күшті болады

Slide 9

2. Термофорез және фотофорез құбылыстары. Бұлар аэрозоль бөлшектерінің жылу және жарық бөлетін заттардан кері қарай тебілуі. Термофорездің әсері фотофорезден күштірек болады. Аэрозольмен әсер еткенде жылу (батарея, пеш) және жарық көздері ойдағыдай зарарсызданбайды. 3. Аэрозольмен дезинфекцияланатын қора - жай саңылаусыз жақсылап белгілеп, жабылуы керек. 4. Аэрозольдік дезинфекция жүргізгенде бөлмеден ауаның температурасы 150С - тен төмен блмауы керек, ең тиімдісі 17 - 220С. Ауаның ылғалдылығы 60 -95% болуы керек. Ылғалдылық жоғарылаған сайын зарарсыздандыру жақсы нәтиже береді.

Slide 10

Аэрозольдік генераторлар. Әр түрлі ерітіндіні аэрозольге айналдыру үшін негізінен өте жылдам ауа ағысы пайдаланылады. Ауа үрлейтін компрессор 0, 2 - 0, 5 МПа мөлшеріндегі қысыммен ауа ағысын тудырып, аэрозоль генераторында ауа мен сұйықтық араласқан кезде сұйықтық өте ұсақ тамшыларға айналып, ауа ағысымен бірге қозғалысқа келеді. Аэрозоль генераторына екі трубамен жеке - жеке келген сұйық пен ауа одан шыққанда бір - бірімен толық араласып, тұманға айналады. Қазіргі өнеркәсіп шығарып жатқан АГ-УД-2, ТАН, ПАК, ПВАН т. б. аэрозоль генераторларынан басқа бұлардан гөрі жетілдірілген көптеген аэрозоль бүріккіштерін әр түрлі ұсақ кәсіпорындар мен жеке шеберханалар шығара бастады

Slide 11 Slide 12

1

Йод, бром негізінде галлоидтан тұратын препараттар:хлордан тұратын: хлор ерітіндісі, кальций гипохлориді, хлорамин Б, диохлор, пантоцид; йод негізінде: спиртті йод ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, йодинол, йодокам, йодоформ, йодонат; бром негізінде: аквабор.

Айқын бактерицидті, спороцидті, фунгицидті және дезодорирлеуші әсерге ие, бірақ респираторлы жүйені, көзді тітіркендіреді, токсикалы, утилизацияны дұрыс жасамаса қоршаған ортаға зиян, коррозия шақырады, иісі тұрақты. Кемшіліктеріне қарамастан, бұл топ заттарын медициналық мекемелерде кеңінен қолданады. Олар қол жетімді, тиімді, бірақ қолдану және утилизация ережелерін қатал қадағалауды талап етеді.

Химиялық дезинфекцилық препараттар

Slide 13

Хлор сарғыш-жасыл түсті газ, ауадан 2, 5 есе ауыр. Хлор иісі өте өткір, тыныс алу жүйесін тітіркендіреді. Температура 0+150С градуста суда жақсы ериді. Газ түріндегі хлорды металдан жасалған баллондарда, жоғары қысымда сақтайды, оны ауыз суын және қалдық суларды залалсыздау үшін қолданады. Хлордың көлемі судың органикалық заттармен ластауына байланысты болады, ауыз су үшін 1-5 мг, қалдық суларды залалсыздау үшін 1 литрге 5-100 мг алынады.

Slide 14

Хлорлы әк- ақ-сарғыш түсті құрғақ ұнтақ, күшті хлор иісі бар, дезинфекциялық тәжірибеде қолданған кезде вегетативтік және споралы микроорганизмдерді тиімді өлтіреді. Хлор әгінің құрамында кальций тұзы, хлор қышқылы, әк қоспасы және кальций гипохлориті (аса маңызды бөлігі) бар. Ерітінді жасағанда кальций гипохлориті суға өтіп белсенді хлор болып бөлінеді. Хлорлы әк суда толығымен ерімейді, суспензия және тұнба пайда болады. Хлор әгі 3 сорт болып шығарылады: 26, 32, 35% белсенді хлормен. Белсенді хлор дегеніміз - ерітінді құрамындағы микробтарға әсер етуші белсенді хлордың мөлшері, хлор әгіне тұз, күкірт қышқылдары әсер еткенде бөлініп шығады, пайызбен көрсетіледі.

Slide 15

Хлор әгіндегі белсенді хлор 15% кем болса, оны дезинфекциялау үшін қолдануға болмайды, өндірісте шығарылатын хлор әгінің құрамында белсенді хлор 25% кем болмауы қажет. Хлорлы әк суды жақсы тартады, сондықтан оны дұрыс сақтау керек; дұрыс сақталмаса хлордың белсенділігі азаяды, түйіршіктенеді. Сонымен қатар, күн сәулесі, жоғары жылу мен ылғалдылық та хлордың белсенділігін төмендетеді.

Slide 16

Сондықтан сақтау ережесін орындау қажет: - қараңғы жерде;

- бірқалыпты суық жерде;

- құрғақ жерде, жабық ыдыста сақталады.

Дұрыс сақталған жағдайда да хлордың белсенділігі айына 1-3% төмендейді. Хлор әгінің белсенділігін 3 айда 1 рет тексеру қажет. Хлор әгінің кемшіліктері: хлор белсенділігі азаяды, сақталуы қиын, суда толық, жақсы ерімейді, маталдарға коррозия береді, заттың сапасын төмендетеді, мақта матасын ыдыратады. Ұзақ уақыт сақталса өздігінен өртеніп, жануы да мүмкін

Slide 17

Құрасында галоидты бар микробтарға белсенді әсер ететін заттар

Slide 18

Глутар альдегиді25% ерітінді дезинфекциялау және медициналық аспаптарды стерилизациялау үшін қолданады.

Этил спирті 50, 70%- ота жасағанда, ине егу алдында қолды залалсыздау үшін қолданады.

Йод қосындылары - суда жақсы ерімейтін қара кристалдар, спирт, эфирде жақсы ериді. 5% - 10% спирт ерітіндісі, 5% йод ерітіндісі түрінде қолданылады. қолғап, кетгут, қол, теріні залалсыздау үшін қолданады.

Бром кеміргіштерге қарсы қолданылады.

Озон- суды залалсыздандыру үшін қолданылады.

Slide 19

Гуаниндер бар дезинфекциялық зат

Slide 20

Формалин. Бұл 40% формальдегидтің сулы ерітіндісі, мөлдір, тітіркендіргіш иісті сұйықтық. Көбіне камералық дезинфекцияда қолданылады және шаштаразда қырынатын щеткалар 2-4% сулы ерітіндісімен залалсыздандырылады.


Ұқсас жұмыстар
Дезинфекция жұмыстарын жүргізу
Дезинфектанттардың сапасын саралау
Жұқпалы аурулардан таза емес шаруашылықтың мекеніндегі ветеринарлық санитарлық шаралар
1)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2)Дезинфекция тиімділігін бақылау
Дезинфекция түрлері, әдістері
Дезинфекцияның мақсаты
ГОСТ және ОСТ
Дезинфекция жүргізу тәртібі
Дезинфекциялық ерітінділер
Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz