Ветеринариялық санитариялық сараптау ережелеріне сәйкес сүтке міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер


Slide 1

Қош келдіңіздер

Slide 2

Тақырыбы: Ветеринариялық санитариялық сараптау ережелеріне сәйкес сүтке міндетті түрде жүргізілетін зерттеулер

Slide 3

Сүттің құрамы

87% судан

13 % құрғақ заттан:

Сүт майының негізін триглицеридтер құрайды \ үш атомды глицери спирті және май қышқылдары\. Сүт ақзатында 18 амин қышқылдары анықталды, оның 8 ауыспайтын амин қышқылдары. Ақзаттың негізгі бөлігін казеин 82% құрайды. Сүтте көмірсулар 40% құрап оның 90% лактоза, галактоза, глюкозадан тұрады. Сүттің негізгі ферменттері амилаза, каталаза, липаза, протеаза, лизоцим, пероксидаза, редуктаза, фосфатаза болып табылады. Сүтте адамға қажетті барлық витаминдер \ майда және суда еритін\ бар. Мысалы, каротин, В2, С және т. б. сонымен иқатар, онда 0, 7-0, 8% минералды заттар \Ca, P, K, Na, Mg, S, CL\ бар.

Slide 4

Сүт сапасына қойылатын талаптар

Технологиялық өңдеуге арналған сүт сапасы МС 13264 «Сиыр сүті. Сатуға түскен сүтке қойылатын талаптар» талаптарына сай болуы керек. Осы МТ сәйкес сүт жұқпалы аурулардан таза шаруашалықтарда өндірілуі керек. Сүт зауыттарына өткізген кезде сүттің температурасы 10оС аспауы керек, ал шаруашылықта 6оС аспауы керек.

Slide 5

Сүтті өңдеу әдістері ---Сүтті алғашқы өңдеу ---Сүтті механикалық өңдеу --- Сүтті сепаратордан өткізу --- Сүтті жүйелеу (нормализациялау) --- Сүтті жылумен өңдеу --- Сүтті пастеризациялау және стерилизациялау

Slide 6

Сүтті алғашқы өңдеу

Сүтті қабылдау

Сүтті тазалау

Сүтті мұздату

Сүтті жинау

Сапасын бақылау

Сақтау

Көлемін анықтау

Slide 7

Сүттің органолептикалық көрсеткіштері

Slide 8

Сүттін түсінің өзгеруі әртүрлі себептерге байланысты. Сүттің қызылдау түсі сүттің құрамындағы қанды (малдың желінінің ауруы) немесе жемімен (қызылша, сәбіз т. б. ), дәрі заттарымен (ревень) байланысты сүтте пигмент түзуші түсін береді. Су қосылған және қаймағын алған сүттің түсі көкшілдеу болады. Жаңа сауған сүт болмашы ғана білінетін сарғыштау болады немесе ақ.

Slide 9

Сүттің қоюлығын анықтау үшін шыны ыдысқа құйылған сүтті аздап шайқайды. Қоюлығын ыдыстың қабырғасында қалған ізі бойынша анықтайды. Сұйық сүт, із қалдырмай, ыдыстың қабырғасынан тез ағып кетеді. Құрамы бұзылмаған (цельное) сүт ыдыстың қабырғасында ақ із қалдырады. Кілегей тәрізді және созылып ағатын сүттің уыз, сүтке кілегей (слизистое) бактериялар түскенде тұтқырлығы едәуір болады, ыдыстың қабырғасымен созылып ағады

Slide 10

Сүттің иісін конус тәрізді колбаға құйып таза тығынмен жабады да, су моншасында шамалы жылытады. Жаңадан сауылған сүттің шамалы ғана білінетін спецификалық иісі болады. Ашыған сүтте қышқыл иіс пайда болады; сүтте шіріткіш бактериялар пайда болғаны

Slide 11

Сүттің дәмі жағымды, шамалы тәттілеу дәмі болады. Сүттің ащы, тұздылау ашыған, сабын және балық татуы, нашар жем-шөбімен, алдың ауруымен, сүт беретін кезеңімен (уыз, сулар кезіндегі сүті), сүттің күшті ластануымен құрамындағы қалдық-қоспалармен т. б. байланысты болуы мүмкін. Қышқыл және шірік иісі мен дәмі сүтте сүт қышқылы және шіріткіш микроорганизмдердің дамуы нәтижесінде пайда болады.

Slide 12

Сүттің тығыздығы қалыпты жағдайда 1, 027 - 1, 034 г/дм3 құрайды. Ол сүтті сумен сұйылтқанда төмендейді, бірақ ауру жануарлардан алынған сүтте де нормадан төмен болуы мүмкін. Майын алғанда немесе құрамы бұзылмаған сүтке майсыздандырылған сүтті қосқанда тығыздығы, керісінше, артады, өйткені сүттің ең жеңіл фракциясы болатын сол майлар тығыздықтың төменірек көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Тығыздығын анықтау үшін сүт ареометрі - лактоденсиметрді қолданады.

Slide 13

.

Сүт жайлы қызықты деректер

Slide 14

ЗЕБРА СҮТІНІҢ ТҮСІ ҚАНДАЙ? Зебраның төлі туыла сала бар болғаны жарты сағаттың ішінде алғашқы қадамын басып, анасын еме бастайды. Ал зебраның анасының сүті дәстүрлі ақ түсті емес, қызғылт түске ие. Зебра хайунаттар әлеміндегі таза жануарлар сапына кіреді. Олар бір-бірінің арқасын үйкелеп, иық қағыстырғанды ұнатады. Осы күнге дейін зебра малын адамдар үй жануарларына қосуды қалағанымен ешқандай оң нәтиже берген емес.

Slide 15

ӘЛЕМДЕГІ «ЕҢ ҚЫМБАТ» СҮТ - ТЫШҚАННЫҢ СҮТІ . . . Біле білсеңіз, тышқанның ұрғашысы өз сүтінен адамның ақуызын синтездеп шығарады, ал ол - фармокология саласында бірегей дәрі-дәрмектер жасап шығару үшін қолданылады. Тышқанның сүтінен жасалған дәрілер - науқастарға қан құйып болғаннан кейінгі қанның түзілу үрдісін ынталандыру үшін қолданылады. Тышқандарды өте шағын түтіктер арқылы арнайы электрондық құрылғылардың көмегімен сауады. 1 литр тышқан сүтін алу үшін шамамен 4000 тышқан сауу қажет. 1 литр тышқан сүтінің нарықтағы бағасы 22 500 АҚШ долларын құрайды.

Slide 16

Назар

аударғандарыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУҒА ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫ
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ пәні
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
БАЛДЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ - САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАМАСЫ
Сүттің бактериялармен ластануын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz