Малдарды генотипі бойынша сұрыптау және оның негізгі көрсеткіштері




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Малдарды генотипі бойынша
сұрыптау және оның негізгі көрсеткіштері

Орындаған:
Тексерген:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Малды генотипі бойынша бағалау және сұрыптау
2. Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау
3. Мал шежіресін жасау
4. Мал шежіресін жасау
5. Малды жанама туыстары бойынша бағалау немесе сұрыптау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын,
микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және
биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны
білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым
қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән
қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы
заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке
негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық,
түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы
орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына
жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның басты мақсаты мен міндеті — адам баласына қажетті мол өнім
беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және
микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту
1. Малды генотипі бойынша бағалау және сұрыптау
Жануарлар селекциясы тәжербиесінде малдың генотипін анықтау,
бағалау, әдістері оның ең жақын ұяластарының, ата-тегінің, аталас-
енелес туыстарының ұрпағының өнімділік қасиеттерін зерттеуге,
тексеруге негізделген.
Малдың генотипіне қарап баға беру оның жақын туыстарының
өнімділік көрсеткіштері туралы мәліметтің түсу мерзіміне байланысты
екі кезеңнен тұрады:
1) Алдын ала болжау кезеңі – малдың ата тегі мен жанама аталас –
енелес туыстарының сапасына қарай болжамды,ықтимал тұқымдық
құндылығын анықтау .
2) Қорытынды кезең – ұрпағының сапасына қарай нақтылы тұқымдық
қасиетін анықтау
2. Малды ата-тегіне қарай бағалау және сұрыптау
Әрбір организм ұрықтанған жұмыртқа тордан дамиды,мұнда ата-
енелік организмдердің генетикалық информациялары арқылы лоардың
алдыңғы ұрпақтарында болған даму ерекшеліктері қалыптасқан.
Сондықтан жануарларды ата-тегіне қарай бағалау мен сұрыптаудың асыл
тұқымды мал өсіру жұмысында айтарлықтай маңызы зор.
Ата-тегі бойынша сұрыптаудың малды мүмкіндігінше ерте бағалау
тұрғысынан сұрыптау әдістерінің басқа түрлерінен көп айырмашылығы
бар.Тұқымдық құндылығы жоғары төлді дер кезінде асыл тұқымдық мал
тобына шығарып оларды өсіруге арналған шығынды да тиімді жұмсауға
мүмкіндік береді.
Тұқыммал кітаптары,асыл тұқымды мал карточкалар,куәліктер және
жануарлардың шежіресі жазылатын өзгеде зоотехникалық журналдар
оларды ата-тегі бойынша бағалау мен сұрыптаудағы негізгі құжат болып
табылады.Жануарлардың шежіресінде олардың ата-тегінің аты ғана
емес ,сондайақ олардың өздері жөніндегі мәліметтері де жазылады.Мұндай
мәліметтерге малдың жеке нөмері,малдың тұқымы,өнімділік
көрсеткіші,тірідей салмағы,асыл тұқымдық құндылық класы сияқты
көрсеткіштер жатады.
3. Мал шежіресін жасау
Мал шежіресі деп оның ата-тегі туралы мәліметтері толық және
белгілі бір тәртіппен жазылған құжатты айтады. Малдың
шаруашылықтық және тұқымдық құңдылығын алдын ала және ерте, жас
кезінде анықтауға мүмкіншілік береді. Мұның экономикалық маңызы
бар. Сонымен қатар мал шежіресін туыстас малдарды ұтымды
пайдалануға және олардың кездейсоқ шағылысуына жол бермеуге
пайдаланады. Асыл тұқымды малдың міндетті түрде кем дегенде екі
ұрпақ ата-тегі келтірілген мал шежіресі болуы керек.
Шежіре жасап ,бағаланатын мал пробанд деп аталады.
Зертханалық тәжербиеде шежіре жасаудың бірнеше түрі кездеседі:
Көлденең
Жанама қабырғалас
Тізбекті және т.б.
Ең көп қолданылатын әдіс бұл – қөлденең шежіре кестесі.
4. Көлденең шежіре кестесін жасау тәртібі
Бірінші үлкен төрт бұрышты тік бұрыш сызылып ,оның үстіне
шежіресі жасалатын малдың аты,нөмері,туған жылы,өнімі туралы
деректер жазылады.Бұдан кейін оны көлденең қатарларға
бөледі.Қатарлардың саны шежірені неше атаға дейін жасауға
байланысты.
Ата – тектердің кестеде орналысу тәртібі ,олардың әрқайсысының
пробандқа жақындығына байланысты.Жақындығы бірдей ата тектер бір
қатарда орналасады.
Бірінші қатарда – әкесі мен енесі
Екінші қатарда – аталары
Үшінші қатарда – үшінші атадан қосылатын арғы ата-әжелері
жазылады.Сосын ары қарай тағысын тағылар кете береді.
Есте болатын жайт – кестеде әрбір малдың енесі өзі орналасқан
қатардағы сол жақтағы шаршыда,ал әкесі оның оң жағындағы шаршыда
жазылады. Кез келген шежіре кестесі екі бөліктен тұрады – енесі жағынан
және әкесі жағынан тұрады.
Шежіре кестесі
Оған мысал ретінде орыстың желісті жылқысының биесі
Глицинияның (1600 метрге шапқандағы жылдамдығы 2.00.7)
Жанама қабырғалас шежіре кестесі
Шежіренің бұл түрі үйірдегі малдың ата – тегін талдау үшін ыңғайлы.
Тізбекті шежіре
Шежіренің бұл түрі малдың тегі арқылы оның қай аталық ізге
немесе аналық ұяға жататындығын,шежіредегі жұптау принциптеріне
дұрыс талдау жасау үшін ыңғайлы
Өрнекті шежіре
Өрнекті шежіренің ерекшелігі ,мұнда ұрғашы мал кішігірім
шеңбермен ,аталық мал шаршамен ,ал олардың туымтық байланыстары
араларын қосқан түзу сызықпен белгіленіп ,пробандтан бастап
жоғарыдан төмен ,оның арғы ата-тектері белгілі бір тәртіппен орналасқан
сызба жасалады.Мұндай шежіреде белгілі бір өзіндік ерекшелігі бар мал
топтарын аса құнда ,мол өнімді малдың өзара туыстық байлынысын
айқын көрсете алады.
Топтық шежіре
Табынға ,топқа тұқымға генеалогиялық талдау жасауда
құрастырылады.Мұндай топтық шежірені тікелей атасына немесе
тікелей енесінен шығу тегіне қарай жасайды.Тікелей аналық із бойынша
топтың шығу тегін жазудың ең жақсы формасы – айқаспалы шежіре
жасау әдісі.
5. Малды жанама туыстары бойынша бағалау
немесе сұрыптау
Жануарларды ата – тегіне қарай сұрыптағанда малды шежіресі
бойынша бағалаумен қатар ,оның жанама туыстары жөніндегі
мағлұматтары да пайдаланған жөн.
Пробандтың жанама туыстарына бір ата – енеден туғандар мен аталас
не енелес мал жатады.Зоотехникалық әдебиеттерде сибстер,ал тек аталас
не енелес малды жартылай сибстер деп атайды.Жануарларды ата – тегі
бойынша бағалау оның жанама туыстарына берілген бағамен толығатын
болса ,сенімдірек болады.
Бұл әдістің малды тікелей ата – тегі бойынша сұрыптауға қарағанда
төмендегідей айырмашылықтары бар:
1. Сұрыпталатын мал мен оның жанама туымтарын бағалау мерзімінің
жағдайының сәйкес келу мүмкіндігі
2. Жанама туыстары бойынша берілетін бағаның көп өлшемге сүйену
сипаты.Көп өлшемнен туған тұжырым шындыққа жақын болатыны
белгілі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Селекцияның негізгі мақсаты – малдың адамға тиімді қасиеттерін
ұрпақтан ұрпаққа жақсарту ,осыған орай сұрыптау нәтижесінде таңдап
алынған малдың өнімі мол,сапалы болумен қатар ,тұқымдық қасиеті
де жақсы болу керек.Малдың тұқымдық қасиеті деп оның өнімі артық
болмаса кем емес,сапалы ұрпақ беру қабілетін айтады.Малдың бұл
қабілеті, сайып келгенде ,оның генотипіне , яғни тұқым қуалаушылық
- нәсілдік қасиетіне байланысты.Мәне осының бәрі малды тікелей
генотипі бойынша бағалау арқылы сұрыптау қажеттігін туғызды.
Генотип бойынша сұрыптау шежіре құруды талап етеді. Генотип
бойынша бағалай нақтылы нәтиже көрсетеді десекте болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қ.Н. Бегімбеков , А.Ә. Төреханов , Ә.Б. Байжұманов <<Мал өсіру
және селекция >> Алматы 2006 жыл. 287 – 305 бет.
Тапсырмалар:
1) Селекцияның негізгі мақсаты ?
2) Генотип ұғымы ?
3) Мал шежіресі дегеніміз не ?
4) Пробанд дегеніміз?
5) Ең жиі қолданылатын шежірелік кесте ?
6) Қандай шежірелік кестеде ұрғашы мал кішігірім шеңбермен, ал
аталық мал шаршымен белгіленеді ?
7) Малды жанама туыстары бойынша бағалаудың артықшылықтары ?
8) Жануарларды ата – тегіне қарай бағалау мен сұрыптаудың мал өсіру
жұмысында қандай маңызы бар ?
9) Жануарларлың шежіресінде қандай мәліметтер жазылады ?
10) Мал шежіресін жасау кезінде бірінші қатарда қандай мәліметтер
жазылады?
,,,,,, Ребус , ,, ,,,,

,,,, , ,, ,,,,,

,,,,,,,,,,,
Назарларыңызға
рахмет

Ұқсас жұмыстар
Қолдан сұрыптау
Табиғи сұрыптау
1. Селекция 2. Жасушалық селекция 3. Жасушалық селекцияның әдістері
Генотип. Фенотип. Анализдеуші будандастыру
Белгілердің тұқым қуалаушылығы
Өсімдіктер мен жануарларды сұрыптау әдістері
Харди - Вайнберг заңы
Ірі қара малдарының гигиенасы
Ірі қара малының гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру кезіндегі сұрыптау жұмыстары
Пәндер