Араларды қысқа дайындау
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
«ВЕТЕРИНАРИЯ ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» ФАКУЛЬТЕТІ
«МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Араларды қысқа дайындау
Орындаған:
Тексерген
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Араларды қысқа дайындау
2. Ұяларды қыстаққа дайындау
3. Араны қыста күтіп - бағу
4. Араларды қыстаққа қыстату
5. Араларды далада қыстату
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ара шаруашылығына күннен күнге көптеп мән берілуде. Бұл, ең алдымен, ара
шаруашылығының өнімдерін пайдалану саласының кеңеюімен байланысты. Сонымен
қатар, бал арасы аса сенімді және көп жағдайда этномофильді дақылдардың ең жақсы
тозаңдандырушысы болып табылады. Арамен тозаңдандырусыз беде, жоңышқа,
эспарцет пен басқа да жемшөптердің сапалы тұқымдарын алу мүмкін емес. Арамен
тозаңдануға көптеген жеміс жидек пен техникалық дақылдар, сондай ақ, жабық алаң
өсімдіктері мұқтаж. Ара – өте көне қоғамдық жәндік. Бал арасы (Аріs mellifera L.) –
бал, балауыз өндіру үшін және ауыл шаруашылық дақылдарын тозаңдандыру үшін
өсірілетін аса кең таралған тұқым, тірі табиғаттың таңғажайып жаратылысы.
Аралармен өндірілетін бал және барлық бал өнімдері тәтті, пайдалы, емдейтін өнім
болып табылады. Бал бұрыннан бері адам қоректенуіндегі қуат көзі және оның
сырқаттарының шипагері болып келеді.
Ара семиясы жақсы қыстап шыққанда күшті,қуатты болады.Мұндай семьяда
аналық көктемде жұмыртқа салуын тез көбейтеді, аралар ұрықтарды көптеп
өсіреді.Жақсы қыстап шыққан аралар көктемде ұзақ уақыт тіршілік етеді және мол
жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.Сондықтан аралардың қыстатуға ерекше көңіл
бөліп, жақсы қыстатуды жақсы ұйымдастыру керек.
Араларды қысқа дайындау
Араларды қысқа дайындауды жаз бойы жүргізген дұрыс. Алдын ала
қыстақты құрғатып,қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп,жылыту
материалдары мен азық қорын дайындап,күзде ұядағы ара санын көбейтіп
ұяны қысқа дайындайды.
Араларды қысқа дайындау келесі жұмыстардан тұрады :
Алымнан кейінгі тексеріс
Ара санын көбейту
Қордағы аналықтарымен нуклеусті қысқа дайындау
Азық қорының сапасын тексеру
Араларды қант шырынымен қоректендіру
Алымнан кейінгі тексеріс
Оның мақсаты – семьялардың жалпы жағдайын көру.Бұл жұмысты
кешіктіруге болмайды.Семьяларды тексергенде оның күшін ,ұрпақтардың
сапасын,ұядағы азық қорынының мөлшерін ,кәрездердің пайдалануға
жарамдылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ара санын көбейту
Күзде күшті,жас аралары көп семья өсіруге тырысу керек.Мұндай
семьялар қыстан жақсы шығады,өлім – жітім аз болады. Семья күшті болса
азық қорын аз жұмсайды,іш өту ауруына аз шалдығады.Әлсіз семьяларға
ұядағы қажетті температураны қалыпты ұстап тұру қиынға соғады.
Күзде ара санын көбейту үшін ең алдымен сапалы аналық қажет.Осы
жылы шыққан аналық күзде ,екі жастағы аналықпен салыстырғанда ,10 күн
көбірек жұмыртқа салатындағы анықталған.сондықтан аналықты
уақытысында ауыстырып отыру керек.
Қордағы аналықтарымен нуклеусті қысқа дайындау
Омарталарда қор ретінде қыста жас аналықтарды нуклеустерде
қалдырады.Олар көктемде аналығы болмай қалған семьяларға телуге және
нашар аналықтарды ауыстыру үшін керк.Кейде нуклеусте аналықтарды
көктемде көмекші аналық ретінде пайдалану үшінде қалдырады.
Ұяны қысқа дайындау кезінде нуклеус аралары 3 – 4 раманы түгелдей
жабатындай болуы керек .Әрбір нуклеуске қысқа 6 – 8 кг бал
қалдырылады.Бұл рамаларда пергада болуы керек.
Қысқа қалдырылған нуклеустерді көктемде шығарып , 2 – 3 бөлікке
бөлінген ұяларға ,ұшақтарын әр жаққа қаратып отырғызады.Аналықтары
ұрықтанған соң әр нуклеус өз бетімен дамиды,күнднлікті тұтыну үшін шірне
жинайды ,кейде қажетті азық қорында жинап алады.
Азық қорының сапасын тексеру
Арашы аралардың қысқы азық қорына шіре балы түсіп кетпеуін қадағалап
барлық шараларды қолдану керек.Шіре балы араларға зиянды.Шіре балының
ұяшықтарының бетін аралар балауызбен жаппайды.Ол бал отырғанда ұсақ
түйіршікті сабын тәріздес массаға айналады.Шіре балы ылғалды өзіне
тартып,тез арада ашып кетеді.
Шіренің шірнеден айырмашылығы ,құрамында фитонцидтер мен
антибиотиктер болмайды,сондықтан онда микроорганизмдердің дамуына
кедергі жасалмайды.Шіре балының құрамында декстриндер мен минералды
тұздар бар.Декстриндер қыста аралардың асқортуына ауыр болады,ал
минералды тұздар араларға да ұрпақтарына да улы. Сондықтан ,шіре балын
араларға азық қоры ретінде қалдыруға болмайды .
Аралар қыста шіре балымен қоректенбеу үшін ,оны қант шырынымен
алмастырады.
Араларды қант шырынымен қоректендіру
Араларды күзде қант шырынымен 3 жағдайда қоректендіреді:
1) Ұяда бал жеткіліксіз болса
2) Шіре балын ауыстырғанда
3) Бал құрамында химиялық ул зат табылғанда
Қайта өңделген қант шырыны толық қорытылады,қорытылмайтын
қалдығы 0,6%.Мұндай азықпен қоректенген самьялар қыстан жақсы қыстап
шығады,ұялары таза болады.
Қант шырынын дайындау үшін жұмсақ өзен немесе жауын суын алады.1,5
кг қантқа 1 л су алынады.Осы мөлшердегі шырынның құрамындағы күрделі
қантты қарапайым қанттарға жақсы ыдыратады.Оны қайта өңдегенде 6 кг
қанттан 6 кг қант балы алынады. Аралардың қысқы азығына қазылша қанты
да ,қамыс қантыда жарамды
Ұяларды қыстаққа дайындау
Араларды табиға қорекпен қыстауға қалдырғанда төмендегідей жұмыстарды
істеу керек:
Ұяларға екінші рет күзгі тексеру жұмыстарын жүргізу керек
Балы аз рамаларды алып тастайды
Балды рамаларды, балы аз рамалардың орнына қояды
Балы аз рамаларды ұяда қалдыруға болмайды,өйткені ,аралар оның блын
тауысқасын басқа рамалрға ауысады ,семьяны қатты мазасыздандырады.
Сондықтан ұяда жартысынан кем емес балы бар рамаларды қалдыру керек .
Ұяны қысқа дайындағанда ұя араларын перга балымен қамтамасыз етуді
естен шығармау керек .Әрбір балды рамада перганыңда ұяшықтарыда болуы
керек.Ұялардың ішін қысқа дайындап болғасын ,тышқаннан сақтану
мақсатында кедергі шегедейді.Кәрездерді сорттап ,тышқан бара алмайтын
жерге орналастырады.Жарамсыз кәрездерді кесіп,балауызғы ерітеді де ,күзден
бастап көктемде қажет жасанды балауыз қорын жасайды.
Араны қыста күтіп бағу
Қыстақ ішінде
қыстату
Араны
қыстатудың екі
жолы бар
Далада қыстату
Қаңтар айының орташа температурасы -9 °с төмен болатын жерлерде
қыстақта қыстату көзделген . Ал қаңтардың орташа температурасы -4°с төмен
болмайтын аймақтарда далада қыстатуға болады.Араны қыстату жолын
таңдағанда жергілікті жердің ерекшеліктерінің, арашының тәжербиесін
,шаруашылықтың мүмкіндігін ескеру керек.Мысалы: Солтүстікте араларды
қардың астында,егер қар қалың болған жағдайда.Ал Алматы облысында
араларды далада қыстату жақсы нәтиже береді.
Араларды қыстақта қыстату
Араларды қыстаққа ерте кіргізгеннен ,аздап кешіктіріп кіргізген
дұрыс.Ұяны қыстаққа кіргізерден бұрын осы күзде шыққан аралардың
тазалық үшін ұшып қайтуы маңызды.Бұл аралардың ішегінде әдетте көп нәжіс
болады,егер күзде ішіктерін тазалап алмаса қыста өліп қалады.
Қыстаққа қатты жел өтінен жасырын, сәл атмосфералық жауын-қар
сулары жиналмайтындай, су ағары бар дөңестеу, жер асты сулары төмен
орналасқан (2 м жақын емес) құрғақ участок таңдалады. Қыстаққа
кеміргіштер кіре алмайтын, күндізгі жарық түсіп және әртүрлі шулар
мазаларын алмайтын болуы керек.
Қыстақта температура мен ылғалдық тұрақты болуға тиіс. Аралар
ортаның температурасы мен ылғалдықтарының жиі-жиі ауытқуларына
сезімтал келеді. Сондықтан қыстақтың ішкі ауа температурасы бір қалыпты 0-
2С болып, минус 2С дан плюс 4С дейін ауытқуы рұқсат етіледі. Жоғары
температура кезінде аралар мазасызданып, олардың қыстауына зиянды әсерін
тигізеді.
Салыстырмалы ылғалдылық қыстама қорасының ауасында 75-85 %
аралығында болуы керек. Жоғарғы ылғалдық болғанда ұядағы бал ауа буын
бойына сіңіріп алып, ашып кетеді. Аралардың сұйыған балды жегеннен соң
іші өтіп, әлсірейді. Ұялар дым тартып, қабырғаларының, төбелерінің ішкі
беттеріне су буы жиналып, олардың көгеріп кетуіне апарып соғады.
Қыстаманың ауасының температурасы мен ылғалдылығын қалыптау үшін,
ондағы желдету жүйесінің жұмысын жақсарту қажет. Неғұрлым қыстамада
аралдардың ұялары көп болса, солғұрлым онда желдету құбырларының
размерлері үлкен немесе тесіктері болуы керек.
Ара қыстағына кіргенде қолға қызыл сәулелі шам ұстайды, себебі оған
аралардың реакциясы төмен болады және аралардың ызыңын есту үшін
резинка түтікше алып, ұядан өлген араларды жиып алатын сым көсеу,
үсігендерді жекелеп (семья бойынша) салу үшін қағаз немесе целлофан
пакетиктер керек болады.
Аралар сол сияқты варроа кенелері мен немесе басқа зиянды жәндіктер
мен зақымдалғанда да, және ауа өте құрғап кеткенде де, шуылдайды. Аралар
ұяларын қыстақтан шығарғаннан кейін, қораны мұқият тазалап, кептіріп және
жаңа сөндірілген хлорлы әкінің 10-20 % ертіндісімен ақтайды.
Аралардың қыстақтарын, жаз айларында қойма т.б. мақсаттарға
пайдалануға рұқсат етілмейді.
Араларды далада қыстату
Араны далада қыстатудың көп артықшылықтары бар. Ара семьялары
қажетті мөлшерде таза ауамен қамтамасыз етіледі,ерте көктемде , тыныш
және ашық күндері тазалану үшін ұшып шыға алады , арашының еңбегі
жеңілдейді. Қымбатңа түсетін қыстақ салудың қажетті жоқ. Далада қыстаған
аралар жұмыртқа салуын ерте бастайды, көктемде тез өсіп жетіліп дамиды.
Бірақ далада қыстағанда сыртқы жіне ішкі температураның
алшақтығынан ұяда шамадан тыс ылғал болатындығы анықталған.Артық
ылғал ұяны көгертіп жібереді. Далада қыстағанда әр ара ұясы 5 – 6 кг балды
көп жұмсайды.Суықта қоректі көп жұмсайтындықтан ішекте нәжіс көбейіп
кетеді де аралардың амалсыздан іші өтеді.
Қар астында
Қалқасыз қыстату қыстату
Араларды далада
қыстатудың түрлері
Ұя сыртын қаптау Қоста қыстату
арқылы қыстату
Араларды қалқасыз қыстату
Бұл әдіс жылы және қоңыржай салқын табиға аймақтарда таралаған. Бұл
әдісті Алматы және оңтүстік облыстарда қолдануға болады.
Аралардың қыстық тұрағына күн сәулесі мол түсетін және жел соқпайтын
орын таңдалынып алынады.Түбін жылылау мақсатында сабан немесе мүк
толтырылған қорап қояды.Мүк жоқ болғанда құрғақ жапырақ,шөп, киіз
қалдықтарын қоюға болады.
Араларды қар астында қыстату
Солтүстік,Қарағанды,Шығыс Қазақстан облыстарында қолданылады.
Қыста бұл аймақтарды қалың қар тұрақты жатады,жылымық күндер аз
болады.
Қар астында қыстатқанда мүк жамылғысымен мұқият жылылайды және
қармен көміп тастайды.Сыртқы температура -40°с кезінде қардың астындағы
температура -4°с кем болмайды.Ара ұясының жылу жоғалтуы ,қардың үстінде
тұрған ұяларға қарағанда 8 – 10 есе кем.Сыртқы температура төмендеген
сайын ,қардың жылу сақтағыштығы арта түседі.
Көктемде қар ери бастағанда қард күреп алып тастайды.Қысы тым ұзақ, 5
– 6 айға созылатын аудардарда қары қалың болмаса сыртынан сабанмен
,құрғақ жапырақтермен орап тастайды.
Ұяның сыртынан қаптап қыстату
Көптеген қысы суық аудандарда қысты табысты өткізуге жарамды әдіс
болып табылады.Тұрақты суық түсер алдында 4-6 ұяда ұшақтарын теріс
қаратып жамылғық абына қояды.Ұя сыртын жылытқыш материалдармен
құрғақ шөппен ,сабанмен, мүкпен, ағаш үгіндісімен орап ұя сыртын
қаптайды.Қыста жамылғы қабын 50 см етіп қармен көміп тастайды.
Араларды қоста қыстату
Бұл әдісті көп жылдан бері озат омарташы Н.И.Лаврентьев Шығыс
Қазақстанның Зырян ауданың биік таулы аймақтарында қолданып келеді.Бұл
әдіс көбіне қар өте кқп түсетін аймақтарда қолданылады.
Қосты орнату үшін су көлшігі пайда болмайтын биіктеу жер таңдап
алынады.Жердің беткі қабатан алып тастап ,ағаш бөренелерден еден
төсейді.Оның үстіне 2 қабат етіп ара қяларын қояды. Сыртынан қос тігіп
қалыңдап құрғақ шөппен жауып тастайды.Қосты қалың қар басып қаладыда
аралар қыстан қиналмай қыстап шығады.Көктемде барынша араларды ұядан
ертерек шығарады.
Араларды қоста қыстатуды барлық таулы аудандарда қолдануға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ара шаруашылығының сапалық бағыттары табиғи аймақтардың климат
жағдайларын ескере отырып дамуы керек.Жергілікті жердің климат
жағдайлары шаруашылықтың қай саласын дамытуға қолайлы екені ескерілуі
керек.
Араларды дұрыс жағдайда қыстатып шығу арадан мол өнім алуға,ара
басының санын көбейтуді маңызды фактор болып табылады.Сондықтан
араларды қыстатуды дұрыс ұйымдастыру керек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Р.Д.Риб . Ара шаруашылығы. Өскемен , 2006 жыл. 244 – 257 бет.
2. http://g.engime.org/jekeleme-gigiena-zoogigiena.html?page=8
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz