Қан жасау. Эмбрионалдық қан түзу. Жасқа байланысты гистологиясы



Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
ШЫМКЕНТ 2018
Қан жасау. Эмбрионалдық қан түзу. Жасқа байланысты гистологиясы.
Дайындаған :Ордабек. А
Тобы: В-ЖМҚА-02-18
Қабылдаған: Шалқарова. Д. М

Жоспар:
Кіріспе:
Негізгі бөлім:
a) Қан.
b) Қан жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Қан
Қан - қан тамырларының ішінде болатын сұйық тін. Қан плазмасы мен қанның формальды элементтерінен тұрады. Адам ағзасының 5 - 9%-ы қаннан тұрады (5-6 литрдей) .

Адамның қан жасау мүшелеріне: сүйектің қызыл кемігі, тимус, лимфа түйіндері, көкбауыр, ас қорыту, тыныс алу мүшелерінің шырышты қабаты, лимфоидты тіндер жатады.

Қан жасау мүшелерінің классификациясы
Барлық қанжасау ағзалары екі топқа бөлінеді:
-қан түзудің орталық ағзалары, оларға сүйек кемігі мен тимус жатады. Бұл топ біріншілікті деп аталады.
- қан түзудің шеткі ағзалары, оларға лимфа тіндері және көкбауыр жатады . Бұл топ екіншілікті деп аталады.

Сүйек кемігі:
Нәрестелерде барлық сүйектерде тек қана сүйектің қызыл кемігі болады, бұл жерлерде қан түзілу процесі жүреді. Уақыт өте келе сүйектің қызыл кемігі май тінімен алмастырылады, қызыл кемік өмір бойы қабырғаларда, төсте, ми сүйектерінде, жамбаста, омыртқаларда, түтікті сүйектердің эпифиздерінде сақталады.

Сүйек кемігінің ересек адамдағы жалпы массасы 2, 5-3кг. Мұның жартысына жуығы қызыл кемік. Ол негізінен құрамына ретикулярлы тін мен гемопоэтикалық элементтерден тұратын миелойдты тіннен қалыптасқан. Онда бағаналы клеткалар мен қан элементтерінің жетілмеген бласты түрлері болады. Ал сары кемікте негізінен май тіні болады. Қалыпты жағдайда мұнда қан түзілмейді, тек көп қан жоғалтқан жағдайда қан жасау элементтері сары кемікте табылады.

Сүйек кемігінің дамуы. Сүйек кемігі эмбрион сүйегінде екінші айдың аяғында қалыптаса бастайды. 12- аптадан бастап мұнда қан тамырлары мен синусоидтар дамиды. 20-аптаға таман сүйек кемігінің массасы тез өсе бастайды

Тимус (айырша без)
Адам организмдеріндегі иммундық жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без. Айырша без иммундық жүйенің орталық мүшесіне жатады. Екі бөліктен тұрады.
1. Қыртысты зат.
2. Милы зат.

Тимустың дамуы. Тимус адамда 1-айдың аяғы мен 2-айдың басында 3-4 желбезек қалталарынан жұп ағза түрінде пайда болады. Кейін ол тек 3-сінен дамиды, ал 4-сі руднимент түрінде болады. Тимус иммунды жүйенің басқа ағзаларына қарағанда ерте дамиды. Ол нәрестеде 13, 3г болады.

Көкбауыр: Көкбауыр lien қан түзудің шеткі ағзасы. Ол негізінен іш қуысының 9-11 сол жақ қабырға аралығында орналасады. Ересек адамдағы салмағы ерлерде-192г, әйелдерде 153г болады, ұзындығы 10-14см, ені 6-10см, қалыңдығы 3-4см. Көкбауыр жұмсақ, қою қызыл түсті болады. Оның екі бетін ажыратады: диафрагмальды, висцеральды. Висцеральды бетінде көкбауыр қақпасы бар, қақпа арқылы нерв, қан тамырлары өтеді. Көкбауырдың шырышты қабатының астында дәнекер тінді трабекулалар trabeculae lienis бар. Трабекула астында көкбауыр паренхимасы пульпа pulpa lienis орналасқан. Пульпаның екі түрін ажыратады қызыл және ақ. Қызылының құрамында эритроциттер, лейкоциттер, лимфоциттер, макрофагтар бар, ал ақ пульпа лимфойдты түйіндерден, лимфоциттерден тұрады.

Көкбауырдың қан тамырлары мен нервтері. Дамуы. Көкбауыр бірнеше тармаққа бөлінген көкбауырлық артериямен қоректенеді. Вена қаны пульпарлы, трабекулалы тамырлардан қақпа венасы арқылы көкбауыр қақпасынан шығады. Нервтенуі симпатикалық талшықтар арқылы жүреді. Көкбауырдың қалыптасуы эмбрионалды дамудың 5-6 аптасында жүреді. 2-4 айында веналық синустармен қатар трабекулалар қалыптасады, 4-5 айында алғашқы лимфоциттер шоғыры пайда болады.

Миндалина. Миндалина тілдік, жұтқыншақтық, таңдайлық, түтікті болады. Олар лимфойдты тіннің диффузды жинақталуынан түзілген. Тілдік миндалина тілдің түбірінде тегіс эпителидің астында орналасады. Оның ұзындығы 18-25мм, ені 18-25мм. болмайды. Таңдайлық миндалина жұп болады, ол миндалиналық ұяда орналасады. Ұзындығы 13-28мм. Жұтқыншақтық миндалина тақ мүше, ол жұтқыншақтың арт жағында орналасады. Ұзындығы 13-21мм, ені 10-15мм. Түтікті миндалина жұп орган, есту түтігінің жұтқыншақ бөлімінде орналасқан. Бұл да басқалары тәріздес лимфоидты тіннің диффузды жинақталуынан қалыптасқан.

Лимфа түйіндері. Лимфа түйіндері nobi lymphatici -бұл иммунды жүйенің ең саны көп мүшесі болып табылады. Лимфа түйіндері лимфа тамырларын, лимфа бағандарын бойлай дене мүшелерінің барлық аймақтарында орналасады. Олар негізінен топтасып немесе жұптасып орналасады. Сыртынан әрбір лимфа түйіні дәнекер тінді капсуламен қапталған, мұннан ішке қарай капсулалық трабекула тарайды.

Лимфа түйінінен лимфа тамыры шығатын жерінде лимфа қақпасы hilus бар. Соматикалық лимфа түйіндерінде бір ғана қақпа, ал висцералдыларда 3-4 қақпаға дейін болады. Бұл қақпа арқылы артерия, вена, нервтер де түйінге өтеді. Капсуланың ішінде ретикулярлы тіннен түзілген строма мен екі түрлі заттан тұратын паренхима бар. Паренхима милы medula және қыртысты cortex заттан тұрады.

Алғашқы лимфа түйіндері эмбрионалды дамудың 5-6 аптасында мезенхимадан түзіледі. Осыдан бастап нәресте дүниеге келгенше біртіндеп дене аймақтарының барлық жерінде дамиды. Біртіндеп жылдар өте келе лимфа түйіндері өзгеріске ұшырай бастайды, яғни жас ұлғайғанда ұсақ түйіндер дәнекер тінденіп, қызмет атқармайтын болады, кейбір жақын орналасқандары бірігіп, бір үлкен түйін құрайды. Олар сегментті немесе лента тәрізді болады.

Ұрықтық қан түзілу - қанның ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Қан мен қан тамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып дамиды. Аралшықтардың орталығында орналасқан мезенхима жасушалары дөңгеленіп, қан жасушаларының діңгекті клеткаларына айналады. Ал аралшықтардың шеткі жағындағы мезенхима жасушалары жалпақтанып бір-бірімен байланыса жалғасып, алғашқы қан тамырларының эндотелий қабаттарын түзеді. Қан тамырлары қуысындағы біріншілік қан жасушалары қатарларынан, өздерінің цитоплазмасында гемоглобин жинақтаған жасушалардан - біріншілік эритробласттар жетіледі. Олардың біраз бөлігі мөлшері әртүрлі ядролы және ядросыз ірі біріншілік эритроциттерге (мегалобласттар мен мегалоциттерге) айналады.

Бұл процесті мегалобласттық қантүзілу деп атайды. Мегалобласттық қантүзілу адам мен жануарлардың эмбриондық кезеңіне тән процесс. Ал қалған біріншілік эритробласттардан ұзақ даму процесінің нәтижесінде есейген адамдар мен жануарлар эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі. Сарыуыз қапшығы қан тамырларының сыртқы жағындағы мезенхима клеткаларынан қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан дәншелі лейкоциттердің (гранулоциттердің) діңгекті жасушалары дамиды. Бұл процесс миелопоэз деп аталады. Бұдан кейінгі кезендерде сарыуыз қапшығы қабырғасында қалыптасқан діңгекті қан жасушалары қанның ағысымен ұрықтың қан жасау мүшелеріне барып қоныстанып орналасады да, ұрық организміндегі қантүзілу процесінің бастамасын жасайды. Ұрық организміндегі алғашқы қан жасушаларының түзілу процесі бауырда жүреді. Іштөлінің (іштегі нәрестенің) туу мерзіміне қарай бауырдағы қантүзілу процесі тоқтап, қанның түзілу процесі сүйектің қызыл кемігі майына ауысады. Қанның діңгекті жасушаларынан тимуста Т-лимфациттер жетіліп, одан соң көкбауыр мен лимфа түйіндерінде көбейіп маманданады. Эритроциттердің, гранулациттердің, қан табақшаларының түзілу процестері сүйектің қызыл кемігі майында, ал В-лимфоциттердің бастама жасушалары алдымен сүйектің қызьш кемігі майында түзіліп, онан соң жетілу, көбею, мамандану процестері көкбауыр мен лимфа түйіндерінде жүреді.

Эмбрион кезінде қан түзу бауырда, көк бауырда, барлық сүйектердің жілік майында өтеді.
Туғанан кейін қан түзу барлық сүйектердің жілік майында өтеді, ал 4 жастан кейін, тек жалпақ сүйектерде ғана: төс сүйегі, қабырғалар, омыртқалардың денесі және түтік тәрізді сүйектердің эпифиздерінде.
Гематологиялық көрсеткіштеріне байланысты балалық шақ 3 кезеңге бөлінеді.
Баланың қанының құрамы оның жасына және денсаулығына байланысты.

Әр түрлі жастағы балалардың қанының негізгі
көрсеткіштері:
№
Көрсеткіші
Жаңа туылған бала
Емшек жасындағы бала
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz